Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Ақпарат танымдық порталы

Сисенбі, 19.03.2024

Құрметті оқырмандар, ақпарат танымдық порталына қош келдіңіздер! Бұл сайттан сіздер көптеген қызықты мақалалар мен керекті ақпараттарды ала аласыздар!Сайтты пайдалану толықтай тегін!

Главная » Файлы

Всего материалов в каталоге: 817
Показано материалов: 1-10
Страницы: 1 2 3 ... 81 82 »

ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
Енгізген: ERbol | күні: 21.04.2012

Адамнан жасыра алмағаныңды, Алладан жасыра алмайсың: қазақ – өте аңқау, ғұмыры басқалардың алдау-арбауына баладай сенiп, барынан айрылумен келе жатқан ұлт. Оған не орыс, не шүршiт келiп: "Сендер керемет қонақжай халықсыңдар", – деп мақтаса болды, дастарқанындағы ең дәмдiсiн де баласының аузынан жырып соларға бередi. Қазекем Ресейден азаттық алдық деп шәпкесiн аспанға лақтырып жүрген соңғы 20 жылда да бұл аңқаулығынан арылудың орнына бұрынғыдан да аңқауланып, танауы делдие түстi.

Хакерлер деген кімдер?
Енгізген: ERbol | күні: 20.04.2012

  Еліміз жылдан-жылға даму үстінде. Өмірімізге де жаңа ақпараттық технологиялар күннен-күнге дендеп енуде. Соның бірі – компьютерлер. Оларсыз бүгінгі ғасырды көзге елестету мүмкін емес. Елбасымыз да елімізді компьютерлендіру саясатын ұстанып отыр. Онсыз алға басу қиын. Компьютерлендіру жағынан Қазақстан ТМД-ның көптеген елдерінен көш ілгері. Қазір ауданымыздың мектептері онымен түгелдей жабдықталған. Мекемелер арасындағы есептесулер, мемлекеттік сатып алулар, тағы басқалары сол арқылы жүргізілуде. Бүгінде ғаламтор (Интернет) арқылы бәрін жасауға болады. Интернет ең алғаш 1969 жылы АҚШ-та дүниеге келді. Осы жылы АҚШ Қорғаныс министрлігінің (Пентагон) тапсырысы бойынша 4 университеттегі компьютерлер өзара микрожелі арқылы қосылады. Бірте-бірте оған басқа да ақылды машиналар тартыла бастайды. Ал, 1989 жылы ағылшын ғалымы Тим Бернерс Ли желіде жазбалар алмасуды ойлап табады. Міне, содан бастап ғаламтор қарыштап алға аттады.

Ораза туралы
Енгізген: ERbol | күні: 12.10.2011

Оразаның әрбір мүмінге міндетті құлшылық екендігін Хақ тағала: «Уа, иман келтіргендер! Сендерден бұрынғыларға парыз етілгендей, тақуалыққа жетулерің үшін, ораза ұстау сендерге де парыз етілді» («Бақара» сүресі, 183-аят), – деген аят білдіреді. Алла елшісінің (с.ғ.с.): «Ислам бес нәрсеге негiзделген: «Алла тағала-дан басқа тәңiр жоқ, Мұхаммед (с.ғ.с.) Оның құлы, әрi Елшiсi», – деп куәлiк ету, намаз оқу, зекет беру, қажылыққа бару және Рамазан айында ораза ұстау», – деген хадисі оразаның Исламның бес негізгі тірегінің бірі екенін көрсетеді («Сахихүл-Бухари»).

 

Ораза – күнәлардың кешірілуіне бірден-бір себеп.

Расулулла (с.ғ.с.): «Рамазан айында шын иман келтіріп және сауабынан үміттеніп ораза ұстаған адамның бұрын iстеген күнәлары кешiрiледi» («Сахихүл-Бухари»), – деген.

 


Уақытты босқа өтуі - ең үлкен өкініш!
Енгізген: ERbol | күні: 09.10.2011

  «Мал-мүлікке көп құмарланба, уақыты келгенде оңай ғана тастап кете алатын боласың! Әрі жеңіл түрде бересің, әрі сауапқа кенелесің! Сен өзіңді мықтап ұстағанға жабыс, Әуелгі де Ол, Ақырғы да Ол (Аллаһ)»
   «Адамдардың көбі денелерінің өлгенінен қорқады. Нағыз қорқатын нәрсе – жүректің өлуі».

   Әрбір жан иесі үшін белгіленген ақтық дем бар. Мұны жою және дүние өмірін белгілі бір уақыт жалғастыру мүмкін емес. Уақыт Аллаһтың заңы бойынша белгіленген арна бойынша аға береді. Дүние өмірінде барлық нәрсені сатып алуға азды-көпті мүмкіндік бар, бірақ өткен уақытты ешқашан… Кішкене алтын бөлшегінің қоқысқа тасталуына ешкім немқұрайды қала алмайтын болса, миллиондаған алтын беріп сатып ала алмайтын уақыттың бос істермен босқа өтуіне көбінесе немқұрайлы қарауымыз қандай өкінішті?!

Дәмештің хаты
Енгізген: ERbol | күні: 24.08.2011

                                                                               Бейімбет Майлин
                                                                                   (1894-1938)
                                                                                  Дәмештің хаты
      «... Қарағым Рақила! Сен тірі екенсің ғой!
  Тірлігіңді, хал-жайыңды бүгін естіп білдім. Көрмегелі көп болды. Біз айрылғалы биыл дәл жеті жыл екен. Сен онда он жасар едің... Есінде ме күзді күні, суға барғанымызда, бір шелек суды көтере алмай тәлтіректеп жардың басында отырып жылап едің, «екі шелек көтеруге әлім жетсе, дүниеде арманым болмас еді!» - деп едің, оның жастық еді, соның артынан-ақ, арман көбейді: ішуге тамақ болмады; әкең қайыр тілеп ел кезіп кетті; шешеңнің басы істі, сақылдаған сары аязда жерден ойып істеген үйшіктерінді мәңгі қалдырып, қол ұстасып кетпек болдыңдар. Сонда ақша қардың үстінде қалтырап тұрып: «бірге өскен, ойнап-күлген замандаспен бірге жүрген адамның арманы бар ма екен» деп тағы айтып едің? Мен сені қимай ауылдып артындағы белеске шейін шығарып салып едім. Жол өтердегі қыраңның басында тұрып, ызғырық өтіп қалтырап құшақтасып жылап едік. Әжең екеуің тәлтіректеп белестен асып кеткенше, мен көз айырмай қараумен болып ем. Үйге келгенде көз жасыммен омырауым сауыс-сауыс болған екен.
   ... Қан жауған қара күннің ол басы ғана болды. Қайғылы тұрмыс сонан былай басталды. Біз де сендердің күніңе ұшырадық. Бірнеше күндей нәр татпай, аштан өлуге жеттік. Әкем неше рет қайыр сұрайын десе де, аштан өлсек те қайыр сұрама деп әжем екеуіміз көнбедік... Бізден бетер Таңсықтың ашыққаны батты; сап-сары болып қатып, құр сүйегі қалды.
   ...Өлетін болдық. Өлеміз ғой дедік. Өлім ауызға жеңіл болғанмен, өлу оңай көрінбейді. Бірер адам жанын қиып өліп те кетер-ау, бірақ үй орманымен өлу қиын екен. Өз басым өлім тілесем де, әке-шешеме, жалғыз інім Таңсыққа өлім тілей алмадым. Өлім тілемек түгіл солардың өлімнен құтылғанын көрсем, арманым болмас еді дегенге келдім.
   ...Бірақ мен өлімге байланғанмен бір есеп болдым. Мен басымды құрбан етіп, әке-шешемді өлімнен кұтқардым.Тілеумағамбетті білесің ғой, әй, тұқымы құрғыр ғой!.. Ұял-май қызармай мені тоқалдыққа алды-ау! Не айтайын, мен бай іздеп тиіппін бе? Көндім, көндім...
   Тілеумағамбет уәдесін орындамады. Тілеумағамбет әке-шешемді қыстан асырап шықпақшы еді. Жаз болса әке-шешем өз бетімен тырбанып, өлмес қамын істер деп ойлаушы едім. Солай ет деп әкеме айттым да. Бірақ бұған Тілеумағамбет керте болды. «Қыстай тамағымды жедің, енді осыны өте!» деді малғұн. Мен өз бетіммен тиген болдым да қалдым! Әкем қой бақты, шешем отын жағып, күлін шығарды. Таңсықты бұзаудың со-ңына салды. Қаныш бәйбіше жыландай ысқырып, «тұқымы жарымаған, қаңғырған!» деп сөккенде, адамның сай-сүйегін сырқырататын болды. Қарсы келер дәрмен жоқ, бар білетініміз кешке жақын қара үйге бас қосып үн шығармай ғана жылаймыз.  Ыстық жас көңілдің шерін ірітіп, жуып, азырақ босатқандай болады...

Даудың басы - Дайрабайдың көк сиыры
Енгізген: ERbol | күні: 24.08.2011

                                                                               Бейімбет Майлин
                                                                                   (1894-1938)
                                                                         Даудың басы - Дайрабайдың көк сиыры
  Колхоз басқармасының бастығы Күлзайра дейтін әйел, қара бөкебайды басына тұмшалап орап тымырайып отыратын адам. Сирек сөйлейді. Сөйлегенде дауысы зілді, ашық шығады.
    -    Сізден бір нәрсе сұрайын деп едім,-дейді Күлзайра.
 Не сұрар екен деп құлағынды түре қойсаң:
   -     Осы бізді неге әуре қыласындар, от басында отырып, күл шығарудан басқа, біз неменеге жараймыз?! - дейді.
   -     Олай демеңіз, әйелге теңдік заманы, әйел тендігі қағаз жүзінде болмасын, іс жүзінде болсын. Сіз сияқты әйелдерді жұмысқа баулып үйрете беру керек, - десең:
   -     Тыныш отырғызса, сол «тендігін» сұрамай-ақ қояр едік. Баяғыдан бері асыраған еркектер әлі де болса да асырай берсе болмай ма? - дейді.
  Тендік туралы сөзді айта берсең, Күлзайра шалқалақтап жуымайды. «Мұның себебі не?»десең:
    -    Бұрын мұндайды көрмеген әйел ғой, ел жұмысы оңай ма, біреу іреп, біреу сойып, басын қатырады, сосын, кейігеннен айтып отыр ғой, - деседі.
  Шыны солай: Дайрабайдың көк сиыры, ұлы дауға ұласқан көк сиыр дауы кімнің болса да басын қатыратын...
  ...«Алғабас» артелінің мүшелері мектепке жиналсын деп хабар айтылған. Жұрт бірен-сарандап келіп жатыр. Артельге ұйымдасқан 63 үй, қоныстары төрт бөлек: бір ауыл мен екінші ауылының арасы 8-10 шақырым.
   -     Көлік арық, көбі кетерем, жаяу-жалпы үлгіре алмай жатыр ғой, -деседі.

Бекберген мектебі
Енгізген: ERbol | күні: 24.08.2011

                                                                               Бейімбет Майлин
                                                                                   (1894-1938)
                                                                              Бекберген мектебі
  ..Ауылдың қотанындағы дөңеске ұзыншалау салынған ағаш үй бірден көзге түседі. Ағашы жаңа. Төрт терезесі бар. Маңында қоқырсыған қора-қопсы жоқ. Бірақ, бала көп: бықып жатыр, қайнап жатыр, біреу кіріп, біреуі шығып жатыр. Мәз-мейрам боп ойнап жатыр; өздерінше қуанышты, шаттық тойын тойлап жатыр...
-        Бұл не қылған үй? - деп сұрасаң, сельсовет мүшесі Қали желбейін көтере түсіп, көкірегін жоғары көтеріп:
-        Бұл «Бекберген мектебі!» - дейді.
   Қалиды жаныңа ертіп, қатарласа отырып, мектепке барсаң, жас балалар ойынын тоқтатып, алдыңнан шығады. Көздері жаудырап тесіле қарайды. Кім екеніңді білгісі келген секілденеді. Айтқанынды ынтамен тыңдағысы келген секілденеді. Жан-жағыңнан қаумалаған, жаудыраған көз, өзіңді де ерітпей қоймайды; ерисін, тұла-бойың шалқиды, көңілің көтеріледі, ыржыңдап күле бересің... Әрі-бері тұрған соң, неге айтқаныңды өзің де білмей:

Баянсыз бақ
Енгізген: ERbol | күні: 21.08.2011

                                                                                Бейімбет Майлин
                                                                                   (1894-1938)
                                                                                    Баянсыз бақ
Нұрлыбай көзі кіртиіп, қабағын тыржитып, үстеліне сүйеніп бірсыпыра салбырап тұрды да, барқытпен көмкерілген жұмсақ үстелге сылқ етіп отыра кетті.
     Нұрлыбайдың жазу үстелі қай қызметкердікінен болса да ,артық. Қызметкер дегенің нақа бір шаруашылық орнында істеп,соның бір еңбек сіңіріп кетейін дегені болмаса, көбі жазу үстелін жөндеуді білмейді ғой. Қызметкерлерің былай тұрсын, күндіз-түні жаумен айналысатын жазушылардың көбі де ақсақ үстелден қол үзе алмай жүр. Далада өскен қазақ баласы, нақа бір кент  әйеліне үйленгені болмаса қала тұрмысын бір жөндей қоя ма?
   Нұрлыбайдың өзгешеден бір артықшылығы - осы жазу  үстелін жөндегендігі. Жөндегенде - нағыз оңдысы, сырлап тастаған тартпалы үстел.
   -Үстелің онды екен, - деп кызығушы болса:
   -Осында бір таныс жігіт бар еді, соның істеп бергені... Керек болса, істетіп берейін, - деп жымындайды.
    Сөйтіп, Нұрлыбай аркылы әлгі «шебер жігіт» басқа да қызметкерлермен танысып, араласып кетеді. Шебер жігіттің түпкі тілегі  де осы кызметкерлерге араласу болғандықтан, ол Нұрлыбайға істеп берген үстелінің бәсі толықтанды деп біледі.
   Нұрлыбай сырлы үстелді ұстай да біледі. Үстелдің үсті тап-таза болады. Бір жақ бұрышында - кесілмеген, ұсталмаған бірер кітап пен жазу аспабы тұрады. Оған таяу шылым сауыт, күл салғыш болады. Екінші жақ бұрышында - арам өлген сиырдай болып теңірейіп портфелі жатады. Үстел тұрған үй қабырғасында, бұл енді үстелге отырғанда, кісінің қарсы алдынан тұрады, кіреукеленген кішірек айна болады. Айнаның бір жағында бетіне әжім кіргеніне қарамай, қызша киініп, бір қолымен жағын сүйеп түскен бір әйелдің суреті тұрады; мұны енді сұрамай-ақ осы үйдің «хозәйкәсі» дейсің, екінші жағында - бір қырын отырып түскен қолағаш мұрын, аққұба жігіттің суретін көресің. Бұл енді, Нұрлыбайдың жастау кезінде түскен суреті болады.


Баймолда
Енгізген: ERbol | күні: 21.08.2011

                                                                                Бейімбет Майлин
                                                                                   (1894-1938)
                                                                                    Баймолда
  Баймолда болыс болғанда жұртта, жұрт болғанда екі түрлі көзқарас болды. Бірсыпырасы -бір кезде жұртты бір шыбықпен айдаған көкжалдар:«бұрын-соңды ел билеп, жұрт ұстаған адамның тұқымы емес, әкімдікке мәз болып, ұлықтар не айтса соны істеп, жұртты қан қақсатар-ақ» десті, ал жастар жағы соңғы әзірде іске араласып, оны-мұны көре бастағандары: «онша ессіз бала емес қой, көбімізден шығып қайда кетер дейсің, және хатшысы да мықты, ауыздықтар» десті.Болыс болып сайланған Баймолданың өзінде тұрақгы пікір шамалы еді. Бірақ кедей табынын жәбірде келе жатқанын, іс басын-дағы адамдардың асы бар, аты бардың ықпалынан шыға алмайтынын бұрыннан сезетін еді. Сондықган іс қолына тисе, нақ аналардай болмаспын-ау деген секілді бір қиял көптен елестейтін еді...
     Баймолда болыстық кеңес төрағасы. Хатшы, іс жүргізуші бір қағаздан соң бір қағазды жазып үсті-үстіне қолды қойғызып жатыр... Түрлі жұмыспен келген ел адамдары ертеден-кешке шейін кеңсесін босатпайды.

Бір адам
Енгізген: ERbol | күні: 21.08.2011

                                                                                Бейімбет Майлин
                                                                                   (1894-1938)
                                                                                    Бір адам
  Күн батып бара жатқан кезде төрт-бес адам бас қосып, Әлекең шомының басына шықты.
Күндізгі салқынның кеші еді. Күн ұзаққа соққан өткір жел кешке қарай баяулап, аздап қана салқын лебі бетті сүйіп өткен секілденді. Ауыл ың-жың дыбырлаған адам, кісінеген жылқы, мөңіреген сиыр, маңыраған қой - бәрі қосылып түбектегі жиырма шақты үйді басына көтеріп барады... Әйелдері сиыр сауып, ересектері өрістен келген қойларын бөліп алысып, қыз келіншектері су тасып сан-сапалақ жүріп жатыр.. Әлдекімдердің «еркенің өспесін, жұлының үзілсін» деп біреуді қарғағаны, жеті атадан козғап біреуді боқтағаны, «әже, нан!» деп бір баланың жылағаны - бәрі де осы ауылда... бәрі де тынышық кеште кайнаған ауылдың ішіне сіңіп жатыр...
    Шом басында тұрғандар,бір қарағанда ауылдың осы күйін тамашалап тұрған адамдар секілді. Ауылдың осы күйін жұмаққа мезгеп, бұдан артық тұрмысты көксемейтін, осы тұрмысын Өскенбай өзіне беріп қойса, ырза болатын адамдар секілді.
   Ақтаяғын кеудесіне тіреп, қара далбайды баса киіп Әлекең тұр. Екі қолын қусырып, бергеніңе шүкір дегендей насыбайын шырт-шырт түкіріп, нарттай жанып Әлекеңнің мырзасы тұр...
    -      Сонымен болысты не қылыпты дедің? - деп Әлекең кеңесін соза берді. Жұмағүл насыбайын түкіріп алып, бастаған әңгімесін аяқтауға кірісті.