Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Ақпарат танымдық порталы

Жұма, 26.04.2024
Главная » Файлы » Білім және ғылым » Физика

В категории материалов: 26
Показано материалов: 1-10
Страницы: 1 2 3 »

Сортировать по: Күні
Физика туралы
Енгізген: ERbol | күні: 20.08.2011

ФИЗИКА (грек. physike, рhуsis—табиғат) — өріс пен заттың жалпы қасиеттерін және олардың қозғалыс заңдарын зерттейтін ғылым. Физика — табиғат жөніндегі жетекші ғылымдардың бірі. Ол басқа да жаратылыс тану ғылымдары сияқты ұзақ тарихи даму жолынан өтті.
Жеке физикалық ілімдердің пайда болу дәуірі. Физика жай-лы алғашқы деректер Ежелгі Вавилон, Египет жазбаларында кездеседі. Зәулім сарайлар мен күрделі құрылыстар (пирамида, қорғандар) салу жұмысында құрылыс механикасы мен статиканың қарапайым заңдылықтары және рычаг, көлбеу жазықтық, тәрізді қарапайым механизмдер пайдаланылды. Практикалық талаптардан туған Ежелгі Вавилон, Египет ғылымының теориялық негізі халық арасына тарамады. Ғылым түгелдей діни абыздар қолында болды. Ежелгі грек ғалымдары табиғат құбылыстарын «табиғаттан тысқары күштің» әсерінсіз-ақ ғылми негізде түсіндіруге ерекше мән берді. Ежелгі грек ғалымдары (Гераклит, Анаксимандр, Анаксимен, Фалес т. б.) табиғат негізінен төрт элементтен (от, топырақ, ауа және су) тұрады десе Демокрит (б.з.б. 5 ғ.)І Эпикур (б.з.б. 341—270), Лукреций (б. з. б. 1 ғ.) дүниенің ең қарапайым кірпіші одан әрі бөлінбейтін бөлшек — атом деп санады. Атом туралы ілім (атомистика) талай ғасырға созылған талас-тартыстан кейін, қазіргі табиғат жайлы ғылымдардың негізіне айналды. Аристо-телъдің табиғат жайлы жазған кітабы «Физика» деп аталған. Осыған орай Аристотельді физиканың «негізін қалаушы» деп те айтады. Архимед гидростатиканың негізгі заңын (қ. Архимед заңы) ашты, қарапайым механизмдерді зерттеді. Ол механикамен қатар оптикамен, астрономиямен де айналысты. Электр мен магнетизмге қатысты кейбір қарапайым қүбылыстар тым ертеден-ақ белгілі болған.

Ғалам эволюциясының моделі
Енгізген: ERbol | күні: 17.07.2011

Ғалам эволюциясының моделі

 1922 жылы А.А.Фридман Эйнштейннің салыстырмалық теориясына сәйкес Әлемнің эволюциялық сипатын ашты. Бұдан кейін В.М.Слайфер галактикалардың көпшілігі (өзінің өлшеген 41 ден 36) 2000 км/с жылдамдықпен алыстап бара жатқандығын және тек, бірнеше галактиканың ғана жақындап келе жатқандығын анықтады. Кейін Күн біздің галактикамызда 250 км/с жылдамдықпен айналатындығы және осы галактикалардың жақындау жылдамдығы Күннің осы объектілерге қарай қозғалатындығына байланысты екендігі анықталды. (Алыстағы объектілердің жақындауымен алыстауын Доплердің эффектісін пайдалану арқылы анықтауға болады. Осы эффектіге сәйкес жақындап келе жатқан күннің сәуле толқындарының ұзындықтары азайтылып, спектрдің көгілдір жағына ығысқан, ал алыстап келе жатқан күн сәулесі толқындары үлкейіп спектрдің қызыл жағына қарай ығысқан.) 1929 жылы америкалық астроном Эдвин П.Хаббл (1889-1953) галактикалардың бастапқы нүктеден жан жаққа шашырайтындығын анықтады. Бұл нүкте ғаламның орталығы деп аталып, осыдан кейін ғалам қалыптаса бастаған бұл оқиға - Үлкен Жарылыс деген атқа ие болды.

Реал жүйелердің құрылысы және күй теңдеуі
Енгізген: ERbol | күні: 08.07.2011

Реал жүйелердің құрылысы және күй теңдеуі
Біз мектепте көбіне идеал жүйелердің заңдылықтарын оқимыз. Ең алдымен идеал газдың заңдылықтарын еске түсірейік. Идеал газ деп молекулаларының арасында алыстан әсерлесу потенциалы жоқ, әсерлесу тек молекулалар өз-ара соқтығысу кезінде ғана болатын газды айтады. Егер біз осындай газдың күй теңдеуін білсек, ол теңдеуден газда болатын процесстердің, және басқада заңдылықтарын шығарып алуға болады.

Алып планеталар
Енгізген: ERbol | күні: 08.07.2011

Алып планеталар Алып планеталардың (Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун) өлшемдері мен массалары үлкен, ал орташа тығыздығы азщ (ең аз Сатурнда – 0,7г/см3). Барлық алып планеталардың құрылымдары ұқсас. Алып планеталар Күннен өте алыс қашықтықта жатыр. Барлық алып планеталар серіктерімен қоршалған. Отыз жыл бұрын белгілі серіктердің саны отыздан аспап еді. Қазір олардың алпысы белгілі. Серіктердің бір-біріне ұқсамайтындығы таңдандырады. Қазіргі кезде Юпитерде 16, Сатурнда 17, Уранда 15, тек Нептунда ғана 8 серік бар.

Жер тобының планеталары
Енгізген: ERbol | күні: 08.07.2011

Жер тобының планеталары Күн жүйесіндегі планеталар өздерінің физикалық қасиеттеріне қарай екі топқа бөлінеді – жер тобындағы планеталар және алып планеталар. Жер тобындағы планеталарға: Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Плутон да жатады. Жер тобының планеталары, негізінен табиғи тұздар мен темірден тұрады. Жер тобындағы планеталардың атмосфералары өте күрделі эволюцияны бастарынан өткізді: біртіндеп және апатты түрде газсыздану (вулкандар), басиапқы аккреция (бөлініп шығу, өсу) периодында әр түрлі бөлінулер, бірінші планеталық тұмандықтардан газдарды қармап алу. Жер тобындағы планеталарда серіктер аз (Меркурий мен Шолпанда олар тіпті жоқ, Марста – екі кішкене серік, Жерде – біреу). Физикалық сипаттамалар бойынша бұл топтағы планеталарға алыстағы Плутон да жататын болар.

Жұлдыздардың планеталық жүйесі
Енгізген: ERbol | күні: 08.07.2011

Жұлдыздардың планеталық жүйесі Жұлдыздардың пайда болуы және олардың эволюциясы жөнінде жұлдыз эволюциясы туралы теория жасауға қажет бақылау нәтижесінің дәлелдері жеткілікті. Өкінішке орай жұлдыздың планеталық жүйесі, оның пайда болуы және эводюциясы жөнінде жоғарыдағыдай сеніммен айта аламыз. ХҮІ ғасырда Джордано Бруноның ұйғарымы бойынша жұлдыздар Күн сияқты планеталар тобымен қоршалған, ол планеталар үздіксіз пайда болады, өмір сүреді және өледі. Бірақ біз тікелей Күн жүйесіндегі планеталарды ғана зерттей аламыз. Соңғы он жылда жұлдыздар мыңнан 100-ден астам планеталар жүйесі ашылды. Бақылау құралдарының көмегімен жұлдыздардың планеталық жүйелерін іздеп табудың екі үлкен қиыншылығы бар. Біріншіден планетаның массасы, орталық жұлдыздың массасынан әлдеқайда кіші, екіншіден оның жарқырауы орталық жұлдыздың жарқырауына қарағанда ескерусіз.

Планеталардың түрлеріне жалпы сипаттама
Енгізген: ERbol | күні: 08.07.2011

Планеталардың түрлеріне жалпы сипаттама Күннің төңірегінде оның тарту күшінің әсерінен жерді қоса есептегенде 9 ірі аспан денелері болған. Олар: Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Плутон айналып жүреді. Олар – планеталар (грекше – кезбе деген сөз).

Радиоактивтіктің ашылуы
Енгізген: ERbol | күні: 08.07.2011

Радиоактивтіктің ашылуы
Атом ядросы және элементар бөлшектер деген сөз физика курсында әлденеше рет қайталанады. Атом ядросының өзi элементар бөлшектерден тұрады.
Физиканың атом ядроларының кұрылысы мен турленуi зерттелетiн бөлiмi ядролық физика деп аталады.
Радиокактивтіктің ашылуы

Нептун планетасы ғаламшары
Енгізген: ERbol | күні: 08.07.2011

Нептун - Күн жүйесінің сегізінші ғаламшары, Күн Жүйесіндегі күннен ең алыс орналасқан ғаламшар. Диаметрі жөнінен ең үлкені, салмағы бойынша үшінші ғаламшар. Нептун Жер 17 есе ауыр, Жерден 15 есе ауыр Уран ғаламшарынан сәл ауыр. Ғаламшар Римдік теңіз құдайының атымен аталған. Астрономиялық белгісі, Нептун құдайының үшұшты найзасы.

Шолпан планетасы
Енгізген: ERbol | күні: 08.07.2011

Шолпанның бетін Жерден оптикалық құралмен бақылау қиын, өйткені ол бұлтқа оранған. Сондықтан ғаламшардың физикалық сипаттары радиометод және ғарыштық зерттеулермен алынған. Шолпанның массасы Жердің 0,815 массасына тең, ал оның радиусы R = 6050км немесе Жердің 0,950 радиусындай, ғаламшар затының орташа тығыздығы 5,24 г/см3 шамасында.

1-10 11-20 21-26