Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Ақпарат танымдық порталы

Бейсенбі, 25.04.2024
Главная » Файлы » Әдебиет әлемі » Әңгімелер

Айымкүл
18.08.2011, 00:39
                                                                         Бейімбет Майлин
                                                                             (1894-1938)
                                                                             Айымкүл
             Оған көп жыл болды.Ыбырай қызын ұзатайын деп жатыр деген соң тойына бардық. Айымкүл өзі теңдес қыздардың ішіндегі көрікті, ақылдысы еді. Елдегі бозбалалардың ішінде Айымкүлге көңілі кеткендер көп болған. Бірақ Ыбырай бір кісі: «Қызымды жақсы жерге беремін» деп талайдың атының басын қайырып, ақырында Пурабай деген байдың қатыны өлген баласына берген.Айымкүл бұған риза емес, бай баласы Рақымды «жасы 40-тан асып кетті, кәрі» дейді, «өзімнің сүйгеніме тиемін» деп айтатыны соңғы кезде ел арасына шашылып жүрген. Сондықтан тойға баруға кім болса да құмартып еді. Бұрын-соңды қазақ қыздары әке-шешесінің дегенінен шығып кете алмайтын болса да, Айымкүлде өзгеше бір күш бар, Айымкүл көнбейтін секілденуші еді...
    Жалтыр көлдің басы қоралай қонған қалың ауыл. Бір-екі күннен бері Ыбырайдың тойы болып, елдің бозбаласы, қатын-қалаш сол үйдің маңайында топтанумен жүр... Тойтартыс мерекенің ақырғы күні. Енді бірер сағатта Айымкүл Рақым мырзаның некелі қатыны болмақшы. Бірақ жұрт аузына суық сөз бар. «Айымкүл бармаймын деп жылап жатырса, әке-шешесі ұрсыпты....» дегенді естіп, жұрттың көбі жағасын ұстап жүр.
Ыбырайдың отауы шаң-шұң дауыс. Жұрттың бәрі отауды қамап алған. Жас балалар отаудың есігін сығаласып, бермейді. «Сендердікі адамшылық па? Сататын мен мал ма едім?...» деп жіңішке дауыс жылау арасынан құлаққа тиеді. Кемпір-шалдар тобалап жағаларын ұстап жүр... Таутан ақсақал маңызды жөн айтып жатыр.Болмады... Ризалықты тілеген жан жоқ, неке қиылды. Құда-күйеулер атын жегіп жүретін болды... Екі келіншек Айымкүлді қолтықтап далаға алып шықты. Ол кісі өлтірген адамша қан жоқ, сұп-сұр... Ешкіммен көріспеді... Арбаға мініп отырған соң, артына қарады. Екі көзінің жанары толған жас еді. «Хош» деді.Одан бері көп жылдар өткен...Бір күні гүбернелік қаланың көшесінде келе жатсам, қызыл шырайлы бір әйел кетіп бара жатыр. Қашан болса да, қайда болса да бір көрген адамым секілді... Қайда көрдім екен?! Еске түсе қалды.Айымкүл екен. Таныды. Бұрылып келіп амандасты. Таза ғана киінген. Іс басындағы адамдар секілденіп, қолтығына пәпке қысып жүр. Мен қызықсындым. Бұдан бірнеше жыл бұрын әке-шешенің сатуынан құтыла алмай кеткен бір әйелді мына түрде көрген соң не деп ойлауға да білмедім. Жөнін айтты. Байынан қалай құтылғанын, оқуға қалай кіргенін, қай жерде қызмет қылатынын білдірді.
- Бостандық арқасында ерікті адам болдық!..- деді. Шынында солай. Қырық жетіге сатылып кеткен Айымкүлдің бүгін келіп кеңсе қызметкері болып отырғандығы ұлы бостандықтың жемісі еді.
                                                         
Категория: Әңгімелер | Добавил: anonim
Просмотров: 1142 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]