Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Ақпарат танымдық порталы

Жұма, 26.04.2024
Главная » Файлы » Әдебиет әлемі » Әңгімелер

Арыз
18.08.2011, 01:01
                                                                           Бейімбет Майлин
                                                                              (1894-1938)   
                                                                                Арыз        
   Жасым 15-те, күйеуге шығу дегенді әзір ойлағандай болғам жоқ еді... Жұлдыздың 10 күні милиция келіп, «сені калаға алып барамын» деді. Ықтиярсыз келдім. Келген соң аныкталды. Мені алдырушы Асылбек Қалақбасұлы екен. Мен Қалақбасұлына тиемін деп еш уақытта сөз берген емеспін. Милицияға менің атымнан беріліп отырған қағазды подлог деп тануларыңыз керек.
   Кеңес өкіметінің әйел бостандығы туралы шығарған заңға сүйеніп, байға тию-тимеуде мен өзімді ерікті деп санаймын.Оның үшін соттан өтінемін: менің сыртымнан подлог арыз берген және мені машақатқа салып, абыройымның ашылуына себепші болған Асылбек Қалақбас баласын заң бойынша жазаласаңыздар екен.
Арыз иесі: Зейнеш Күрдебай қызы».
 
-        Бәрекелді, қалдырмай-ақ жазған екенсің, - деп отырғандар мақтасты. Арыз жазушы көтеріліп, жымындап қойды.
-        Мә, шырағым, арызды өз қолыңнан бер! - деп қағазды Зейнешке ұсынды.
-        Құдай-ау, сәтін бере гөр, қызымды алмақ түгіл, босағамда отырып бір аяк саумал ішуге жарамайтын Қалакбастың баласының-ақ ызасы өтті, - деп бәйбіше шіміркенді.
-        Сәтін сұра, бәйбіше, осы күннің ыстығына шыжып, бәріміз бір намыс үшін келіп отырған жоқпыз ба? Әруақ жар болса, енді, ол бала құтылып кете алмас. Одан да үлкенмен шекісіп көргеміз! - деп шеткі жуан көтеріле сөйлеп, бес батпан кір орамалмен бетінің айғызданған кірін сүртті.
     Зейнеш сұрғылданып, талдырмаш саусағымен бүктелген қағазды ұстап, соттың есігіне қарай майда басып жөнелді...
     1933.
                                                                
Категория: Әңгімелер | Добавил: anonim
Просмотров: 1318 | Загрузок: 0 | Комментарии: 3 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]