Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Ақпарат танымдық порталы

Жұма, 29.03.2024
Главная » Файлы » Білім және ғылым » Экономика, Қаржы, Бухгалтерлік іс, Банктік іс, Салық!

В категории материалов: 215
Показано материалов: 1-10
Страницы: 1 2 3 ... 21 22 »

Сортировать по: Күні
Инфляция туралы түсінік
Енгізген: ERbol | күні: 13.07.2011

Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді. Оны тіпті ақшаның шығуымен бірге пайда болды әрі ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп саналады.
ИНФЛЯЦИЯ термині (латын сөзінен шыққан – кебіну, ісіну) ақша айналысына қатысты XIX ғасырдың орта шенінде пайда болды .
Инфляция дәстүрлі ең жалпы анықтамасы – тауар айналымының қажеттілігімен салыстырғанда айналыс сферасының артық қағаз ақша массасымен лықа толып кетуі, олардың құнсыздануы және соның нәтижесі ретінде – тауарлар мен қызметкерлер бағаның өсуі, ақшаның сатып алуға жарамдылығының төмендеп кетуі. Инфляция кезінде қоғамдық өндіріс процесінің алшақтарына және артық көп ақшаның шығарылуына байланысты ақша айналысының заңы бұзылды.
Инфляция – ақша жүйесінің дағдарысты жай-күйі.
Ақшаның құнсыздануына мына факторлар себепші болады;

Асимметриялық ақпарат нарықтары
Енгізген: ERbol | күні: 13.07.2011

Жетілген бәсекелі нарықты қарастырғанда осы нарыққа сәйкес барлық ақпараттар симметриялы түрде болады, яғни нарық барлық ақпаратпен толық қамтамасыз етіледі. Белгісіздік болмайды, мұндай жағдайда барлық ресурстар аса тиімді түрде қолданылады. Бірақ, нақты өмірде таза жетілген нарықтық бәсекелі механизм болмайды, және ол ақпараттың жетілмегендігінен (асимметриялылығынан) туындайды. Ақпараттың асимметриялылығы дегеніміз нарықтың жекелеген қатысушыларының маңызды ақпараттарға ие болу жағдайы, ал басқа субъектілердің мұндай маңызды ақпараттарға ие болмауы, яғни ақпараттардың субъектілер арасында тең бөлінбеуі немесе дұрыс қамтылмау жағдайы. Белгісіздік құбылысы туындайды – болашақтағы ықтимал оқиғалардың болуы туралы ақпараттардың жетіспеушілігі.

Арнаулы салық режимі
Енгізген: ERbol | күні: 13.07.2011

Зерттелетін тақырыптың өзектілігі. Салық міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады және ол салық заңына сәйкес жүргізіледі.
 2001 жылғы 12 маусымда №209-11 Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (өзгертулермен және толықтырулармен) салық Кодексі қабылданды. Кодекске сәйкес жеке және заңды тұлғалардан алынатың салықтар мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады.
 Салық кодексі республикалық және жергілікті бюджетке түсетін салықтарды, алымдар мен салымдарды және басқа да міндетті төлемдерді белгілейтін Қазақстан Республикасы заңдарымен реттелетін кеден баж салығы, алымы мен төлемдері мәселерін қоспағанда, Қазақстан Республикасындағы барлық салықтық қатынастарды реттейтің бірден-бір заңды құжаты болып табылады. Салық кодексі салықтардың толық тізімін, оларды есептеу тәртібін, салық салу объектілерін, салықтың негізгі түрлері бойынша төлеушілерін анықтайды. Салықтар, алымдар мен басқа да міндетті төлемдер деп Кодексте белгіленген тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасының бюджет жүйесіне төлеушілерден аударылған (бөлінген) қаражаттарды айтамыз .

Акциз туралы
Енгізген: ERbol | күні: 13.07.2011

Президенттің Қазақстан халқына Жолдауына қойған біздің мемлекеттің кең ауқымды мақсаты – тәуелсіз гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды орнату үшін шекті ұзақ мерзімді басымдықтарды жүзеге асыру керек:
 1. Ұлттық қауіпсіздік;
 2. Ішкі саяси тұратылық және қоғамның үйлесімі;
 3. Шетелдік инвестициялар мен ішкі жиналымдардың жоғарғы деңгейімен бірге ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өркендеу;
 4. Республика азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты;
 5. Энергетикалық ресурстар;
 6. Инфрақұрылым;
 7. Көлік пен байланыс;
 8. Кәсіби мемлекет.
 Осынау басымдықтарды іске асыру мемлекеттен орасан зор қаржылық ресурстарды жұмылдыру мен тиімді қолдануды талап етеді, ал ол өз кезегіндегі барлық қаржылық жүйені одан әрі реформалауды көздейді.

Айыппұл туралы
Енгізген: ERbol | күні: 13.07.2011

Кіріспе
 Салық тексеруі - Қазақстан Республикасы салық заңдамасының орындалуын салық қызметі органдары жүзеге асыратын тексеру түрі.
 Салық төлеушілер қызметін мемлекеттік бақылауда негізгі әдісі болып салық тексерісі табылады. Ұйғарымда көрсетілген салық қызметі органдарының лауазымды адамдары, осы Кодекске сәйкес тексеруді жүргізуге тартылатын өзге де адамдар мен салық төлеуші салық тексерулеріне қатысушылар болып табылады.
 Салық төлеушілері салық тексерісінен өтеді, өйткені осы бақылаудың түрі мемлекет тарапынан жүзеге асырылады.
 Салық қызметі органдары салық кезеңі өткеннен кейін 5 жыл ішіндегі есептелінген салық сомаларын қарауға немесе есептеуге құқылы, ол салық кодексінде айқын көрсетілген. Сонымен, салық төлеуілер қызметінің 5 күнтізбелік жылдан көп емес кезеңді тексере алады.
 Салық қызметі органдары салық тексерістері кезінде келесі жағдайларды ұстану керек:
 - тексерістің мерзімділігін;

Айналымнан тыс активтер
Енгізген: ERbol | күні: 13.07.2011

ЖОСПАР:

 Кіріспе

 І. Айналымнан тыс активтер
 1.1. Материалдық емес активтер есебі
 1.2. Материалдық емес активтердің амортизациясының есебі

 ІІ. Негізгі құралдар
 2.1. Негізгі құралдар есебі
 2.2. Негізгі құралдардың тозуының есебі
 2.3. Инвестициялар есебі

 Қорытынды

Агроөнеркәсіп кешенінің нарықтық экономикасы. Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылық жағдайы.
Енгізген: ERbol | күні: 13.07.2011

Мұнай қырық-елу жылда сарқылатын байлық. Ал жер бетінен алынатын өнім әлімсақтан бері халықты асырап келеді. Жейтін тамақ пен киетін киім жер астында емес, жер бетінде. Синтетикалық киімге қазір сұғына қоятын ешкім жоқ. Сондықтан, табиғи өнімдерге деген сұраным өсе түседі. Демек, Қазақстанның бір жағынан аграрлық ел болғанының болашақта пайдасы тиеді.
 Республикамыздың агроөнеркәсіп кешені экономиканың аса маңызды саласы және экономикалық дағдарысты жою, тамақ және жеңіл өнеркәсіптерін дамыту, саяси-әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында шешуші рөл атқарады. Ауыл шаруашылығы – бұл еліміздің экономикасын биікке асқақтататын маңызды салалардың бірі болып табылады. Ауыл шаруашылығы дегенде еріксіз ойымызға кең байтақ жеріміз, төрт-түлік малымыз, егінді алқаптарымыз оралады. Осы табиғаттың берген сыйын жоғалтпау үшін ауыл шаруашылығының жағдайын жақсартатын бір әдіс-тәсілдер керек сияқты.
 Қазіргі кезде ауыл шаруашылығы жаңа туған нәресте тәрізді нәзік те, әлсіз. Сол нәрестені құшағына қысып, аялап, мәпелеп, аяққа тұрғызатын ананың рөлін атқаратын бұл – мемлекет болып табылады. Мемлекет барынша ауыл шаруашылығына көмегін аямау керек.

Агрегаттар және арқан техникасы бар ұңғы iшiндегi жұмыстарға арналған жабдық
Енгізген: ERbol | күні: 13.07.2011

Жоспары
 1. Қазіргі уақытта ұңғымалардың пайдаланылуы
 2. Түсірмелі-көтермелі арқан техникасы
 3. Арқанды техникада қолданылатын жабдықтар сапасы
 4. Арқан жұмыстарындағы қондырғылар конструциясы

Аграрлық секторда кәсіпкерлікті дамытуды жетілдіру жолдары
Енгізген: ERbol | күні: 13.07.2011

КІРІСПЕ

 Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Аграрлық салада жүргiзiлген реформа нәтижесiне екi тұрғыда баға беруге болады: бiрiншiден, агроөнеркәсiп кешені өндiрiсінде көп укладты экономика қалыптасты, шаруашылық субъектiлерiне толық дербестiк берiлiп, олардың өз қызметтерiн өздерінің жүзеге асыруына және өндiрген өнiмдерiнің бөлуiне мүмкiндiк жасалынды, яғни нарықтық қатынастың, кәсiпкерлiктiң дамуының бiр орталықтан басқару жүйесiн толықтай дерлiк әлсiреттi; екiншiден, асығыс жүргiзiлген институционалдық өзгерiстер, агросектордағы экономикалық қатынастардың салааралық диспаритетін (теңсiздiгін) күшейтті. Агроөнеркәсiп кешенінде интеграция мен кооперативтік жүйенің дамуы үшiн жағдай жасаудың орнына, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өңдеушi және қызмет көрсетушi кәсiпорындарды жекешелендiру, ауылдық тауар өндiрушiлердiң басым бөлiгiн ұсақ, жеке өндiрiске бағыттады.

Автомобиль жолдарын пайдалану кезінде қауіпсіздікке қойылатын талаптар
Енгізген: ERbol | күні: 13.07.2011

Автомобиль жолдарын пайдалану кезінде қауіпсіздікке қойылатын талаптар
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 27 наурыздағы № 294 Қаулысы

 «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
 1. Қоса беріліп отырған «Автомобиль жолдарын пайдалану кезінде қауіпсіздікке қойылатын талаптар» техникалық регламенті бекітілсін.
 2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.