Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Ақпарат танымдық порталы

Бейсенбі, 28.03.2024
Главная » Файлы » Білім және ғылым » Психология,педагогика

В категории материалов: 165
Показано материалов: 1-10
Страницы: 1 2 3 ... 16 17 »

Сортировать по: Күні
Психологияның ой-пікірле
Енгізген: ERbol | күні: 17.07.2011

Психология — психикалық құбылыстардың (жан қуаттарының”)

пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтiн ғылым. Психикалық құбылыстар бiздi қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы әр түрлi бейнелерi болып табылады. Олар (түйсiк, елес, ой, сезiм, тiлек, қабiлет, қызығу, мiнез, әдет т. б.) көпшiлiгiмiзге өз тәжiрибемiзден жақсы мәлiм, тiлiмiзде жиi кездесетiн ұғымдар. Бiр қарағанда бұлардың мәнiн әрқайсымыз тез ажырататын да, бiлетiн де сияқтымыз. Бiрақ психикалық құбылыстардың мәнiн ғылыми тұрғыдан түсiну арқылы ғана жан-жақты ажыратуға болады. Осы мәселенi ғылыми жолмен баяндауды, олардың өзiндiк заңдылықтарын айқындауды — сөз болып отырған психология ғылымы қарастырады.


Психологиядан қабілет туралы жалпы ұғым
Енгізген: ERbol | күні: 17.07.2011

1. Қабілеттің анықтамасы.
2. Құрылымы.
3. Қабілет деңгейі және түрлері.
4. Қабілеттер концепциялары.

Абай Құнанбаевтың педагогикалық көзқарасы
Енгізген: ERbol | күні: 17.07.2011

Абай Құнанбаевтың педагогикалық көзқарасы.
 (1845-1904)

 Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы классик ақыны, ағартушы демократы, ұлтымыздың рухани мақтанышы. Абай өз ауылында арабша хат танығаннан кейін, он жасында Семей қаласындағы Ахмет Ризаның медресесінде 3 жыл оқиды. Оқуға зерек, ұғымтал Абай діни сабақтармен қоса өз бетінше араб, парсы тілдерін үйреніп, шығыс классиктері: Низами, Сағди, Хафиз, Науан, Физули еңбектерімен танысып, тағылым алады.
 Абай ақыл-ой санасы толысқан шағында ел билеу ісінен аулақтанып, ақындық өнер жолына түседі. Өз бетінше шығыс, батыс, орыс елдері ақындарының, ойшыл оқымыстыларының еңбектерін оқып, білімін толықтырады. 1870 жылдарда Петербургтен айдалып келген революционер Михаэлиспен танысып, дос болады. Михаэлис Петербург университетінің студенті, Чернышевскийдің жолын қуушы, демократ-революционер еді. Михаэлис арқылы Абай айдаудағы орыс демократтары: доктор Долгополовпен, табиғат зерттеушісі, тарихшы Леонтьевпен танысады. Солар арқылы ол орыстың белгілі ақын-жазушылары: Пушкин, Лермонтов, Толстой, Салтыков-Шедрин, Некрасов; сыншыл, ойшыл-демократтары Белинский, Герцен, Чернышевский, Добролюбов; Батыс Еуропа ақындарымен: Гёте, Байрон, философ ойшылдарынан: Спенсор, Спиноза, Дарвин, т.б. еңбектерімен танысып, тәлім-тәрбие алады.

Ерік психологиясы туралы
Енгізген: ERbol | күні: 17.07.2011

Жоспар
1. Еріктің анықтамасы.
2. Таным және ерік.
3. Еріктің физиологиялық негіздері.

Іс-әрекет психологиясы
Енгізген: ERbol | күні: 17.07.2011

С ӘРЕКЕТ ПСИХОЛОГИЯСЫ
 Іс-әрекет ұғымы психология саласындағы басты түсініктердің бірі. Іс-әрекетті психикадан, оның ғылыми зерттеу методологиясынан, психиканың пайда болуы мен эволюциясынан, тұлға ұғымының түсіндірілуі мен оның психологиялық сипатының құрылым бөліктерінен ажырата қарастыру мүмкін емес. Алайда, іс-әрекет ерекше психологиялық шындық ретінде әлдеқейда тереңірек сипаттауды қажет ететін ұғым. Бұл ғылыми категория диалектикалық материализм философиясы негізінде құрылып, алғашқы түсіндірулері Л.С. Выготский (1896-1934), С.Л. Рубинштейн (1889-1960), А.Н. Леонтьев (1903-1979) сынды кеңестік психологтердің есімдерімен байланысты болды. Кейіннен, іс-әрекет ұғымын өз тұрғысынан қарастыруға барлық белгілі психологтер, көптеген әйгілі философтер мен ХХ ғасыр методологтері кірісті. Іс-әрекет категориясы бірқатар теоретикалық пікірталастардың пәніне айналып, «түсіндіру принципі» ретінде танылды. Ол психиканы, мінез-құлықты, тұлғаны зерттеу «бірліктерінің» бірі болып қалыптасты. Іс-әрекет аясындағы жетекші психологтердің методологиялық көз қарастарының көптүрлігіне қарамастан, бүгінгі күнгі іс-әрекет жайлы психологиялық анықтаманы аяқталған, мінсіз деп қабылдауға болмайды.
 Іс-әрекеттің әлдеқайда аяқты психологиялық тұжырымын толықтыра және түрлендіре отырып, 1940 жылдың ортасында А.Н. Леонтьев жасаған. А.Н. Леонтьев бойынша іс-әрекет дегеніміз, белгілі қажеттіліктерге жауап беретін, мотивтерге бағынатын және адамның дүниеге деген өзіндік қатынасын іске асыратын белсенді процестер.

1941-1970 жж. Кеңес мектебі мен педагогикасы
Енгізген: ERbol | күні: 17.07.2011

1941-1970 жж. кеңес мектебі мен педагогикасы.

 Ұлы Отан соғысы жылдарындағы мектеп және педагогика.
 Кеңес халқының фашистік Германияға қарсы соғысы көптеген материалдық күшті керек етті. Еңбекке жарайтын миллиондаған адамдарды бейбіт еңбектен бөлді. Соғыстың ауыр зардабы еліміздегі халық ағарту ісіне кеңес мектебінің өміріне әсер етпей қойған жоқ.
 Сан мыңдаған жоғары сынып оқушылары, мұғалімдер мен студенттер Кеңес Армиясы қатарына, халық жасақшыларына, партизандық күреске аттанды. Мұғалімдер мен оқушылар, колхоз бен совхоздағы ауыл шаруашылық жұмыстарына, металл сынықтарын, дәрі-дәрмектер жию ауруханадағы жаралыларға дәрігерлік жәрдем беру, әскер жанұяларына қамқорлық жасау жұмыстарына белсене араласты. Соғысқа жақын жерлердегі балалар тылға көшірілді. Жергілікті жерлерде ол балалар үшін үлкен қамқорлық жасалды. Мектеп-интернаттар ұйымдастырылды. Немістер уақытша басып алған жерлерде ондаған мың мектептер қиратылды және тоналды. Тек ғана РСФСР территориясында неміс басқыншылары 17 мыңдай, Украинада 20 мыңға жуық мектеп үйлерін қиратты. Онымен қатар мектептерде мұғалімдер жетіспеді.
 Соғыстың алғашқы айларында мектеп мұғалімдері мен оқушылар қолына қару алып, өз Отанын қорғауға аттанды, олар өздері тәрбиеленген идеалына беріктігін, соғыста да, тылда да ержүректік пен ұйымшылдықтың және тәртіптің үлгісін көрсете білді.

Адам санасы туралы
Енгізген: ERbol | күні: 17.07.2011

Адамның дене бітімінің қалыптасуы. Адам өте ертедегі адам тектес маймылдан шыққан. Адамның дене бітімінің қазіргі жоғары дамыған маймылдардың дене бітіміне ұқсауы сондықтан. Алайда, адам маймылдардың қазіргі типінен тарады деу жаңсақтық болар еді. Ғылым осыдан шамамен 50 миллион жыл бұрын жар-тылай маймылдар — лемуарлар, одан кейінірек шамамен осыдан 30 миллион жыл бұрын төменгі дәрежеде дамыған маймылдар — парапитектер — адам тәріздес маймылдардың арғы аталарының пайда болғанын дәлелдеп отыр. Одан бертінірек (шамамен осыдан 15 миллион жыл бұрын) ежелгі антропоидтар — дриопитектер өмір сүрген. Соңғыларының өзі екі текке бөлінеді: бірі — қазіргі май-мылдар — горилла мен шимпанзе де екіншісі — жоғары дәрежеде дамыған антропоморфты маймылдар ромапитектер мен австралопитектер.


Бала, педагог, ата-ана балаларды тәрбиелеудегі бірлікті қамтамасыз ету
Енгізген: ERbol | күні: 17.07.2011

Мұғалім мен оқушылардың қатынасуында көптеген жағдайлар бар. Рухани өсімнің үздіксіздігі, кіші мектептер жасындағы оқушының бір қалыпты жетілуден бастап, тез секіріп үзіліп кететін жеткіншек мінезінің қалыптасуы, мұғалімге оқушымен көріп жүрген қатынасудың өзінде өзін тыныш сезіну мүмкіндігін бермейді. Жеткіншек жасөспіріммен қарым-қатынасты жетілуі олардың көңіл-күйінің төмендеуіне байланысты күрделіленеді – ол жеңіл және еркіндіктен бастап, тез жараланатын күйбелектікке дейін өзгеруі мүмкін. Педагог кез-келген нақты жағдайда дұрыс бағытталған оқушының көптеген сапаларын жұмсартуға арналған ерекше жалғыз қатынасу жолын таба білуі қажет. Педагог тәрбиеленушілерін өз сезімдерін басқара алуға, шындықты қабылдай алуға, басқа адамдармен қатынасуын бағалай алуға үйреткені жөн.

Ата-ананың беделі және педагогикалық әдептілік сезімі
Енгізген: ERbol | күні: 17.07.2011

Әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік, қонақжайлылық құндылықтары қалыптасқан халқымыз осы асыл да абыройлы қасиеттерін жас ұрпақтың ақыл- парасатына азық ете білу үшін, әрбір тәрбиеші, ұстаз халық педагогикасын, сан ғасырларда қалыптасқан салт- дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды жан-жақты терең білумен қатар, өзінің бойына адамдық құндылықтарды терең сіңірген, рухани жаны таза адам болуы шарт. Ол рухани адамгершілік тағылымдарды өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде негізге алғаны жөн. Сонда ғана өзінің міндетін айқын сезіне білетін, мінез құлқы жетілген саналы адам қалыптасады.

Қиял туралы жалпы ұғым
Енгізген: ERbol | күні: 17.07.2011

Қиял дегеніміз — сыртқы дүние заттары мен қүбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс: «...барлық жан қуаттарын (рухани күштерді) тек қиял ғана өзіндік сақталатынсөзім

дік заттарды модельдендіре алады» (әл-Фараби). Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бүрын жасалған уақытша байланыстар түрлі комбинацияларға туседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады. Уақытша байланыстарды қайта жасап, өндеу процесінде екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады.
Адамдардың қиялына тән кейбір ерекшеліктерді төмендегіше топтастыруға болады: