Главная » Файлы » Әр түрлі тақырыптар |
В разделе материалов: 99 Показано материалов: 1-10 |
Страницы: 1 2 3 ... 9 10 » |
Астана саммиті – Қазақстанның жұлдызды шағы | |
Енгізген: ERbol | күні: 15.08.2011 – ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Саммиті – Қазақстанның жұлдызды шағы болды, – деп
мәлімдеді мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ағымдағы жылдың 15
желтоқсанында Тәуелсіздігіміздің 19 жылдығына арналған салтанатты
жиында сөйлеген сөзінде. «11 жылдың ішінде осынау беделді халықаралық
ұйымның жоғары деңгейдегі басқосуын өткізу ешбір елдің қолынан келмеді.
Қазақстан ғана бұл мақсатты іске асырды. Астана Саммиті ЕҚЫҰ-ның барлық
елдерін біріктірген айтулы оқиға болды. Осыдан 19 жыл бұрын Қазақстанның
бас қаласы – Астана әйгілі «Хельсинки рухының» лайықты ізбасары
болатыны ешкімнің ойына келмеген еді. Бүгінгі күні бұл мақсатты біз
жүзеге асырдық. Біз ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету шеңберіндегі өз
бағдарламамызды орындадық. Алғаш рет тұтастай Еуразияның қауіпсіздігін
қамтамасыз ететін ЕҚЫҰ-ның негізгі бағыттары айқындалды. Бұл – көптеген
жылдарға дейін біздің еліміздің және оның әрбір азаматының қауіпсіздігі
қамтамасыз етілді деген сөз. Астана Саммиті – Қазақстанның жұлдызды
шағы», - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев. «Ортақ жеңісіміз бен
мақтанышымыз үшін мен барлық қазақстандықтарға шын жүрегімнен алғыс
айтамын», – деп түйіндеді сөзін мемлекет басшысы. |
Астана асығы алшысынан түсті | |
Енгізген: ERbol | күні: 15.08.2011 Әрине, өткен жылдың басты жетістігі – Еуропадағы Қауіпсіздік және
ынтымақтастық ұйымына төрағалық еткеніміз және Астанада ұйымның кезекті
қорытынды декларациясын қабылдағанымыз. Егер жаһандық ауқымда ой толғар
болсақ, бұл – жер шары халықтарының аса қауіпсіз әлемге деген үміті мен
сенімін білдіретін жалпыға ортақ тарихи жеңіс. Ал Қазақстан шеңберінде
өзіміздің геосаяси капитал жасап, жаһандық ойыншылардың қатарына
қосылғанымызды танытатын прецедент. |
Астана Саммитінің стратегиялық мәні | |
Енгізген: ERbol | күні: 15.08.2011 Біз Батыстың беделді Ұйымына Азия елдері арасында алғашқы төраға болып,
құрлықтың тұтас қауіпсіздігі жөнінде тұңғыш бастама көтердік. Осы
төрағалық Ұйым тарихында аса маңызды оқиға болды. Еуропаның, Азияның,
АҚШ-тың, Канаданың ЕҚЫҰ-ға кіретін 56 елінің, ынтымақтастық жөндегі 12
әріптес елдің, 6 халықаралық ұйымның делегациялары 2 күн бойы Астанада
қазіргі заманның толғағы жеткен проблемаларын талқылады. БҰҰ Бас хатшысы
Пан Ги Мун және тағы басқа жетекші әлемдік державалардың көшбасшылары
Саммиттің жұмысына ерекше мән берді. Төрткүл дүниенің назары екі күн
бойы біздің елімізге ауып, Астанада адамзаттық ауқымдағы түйткілді
мәселелер талқыға түсті. |
Әлем назарындағы желтоқсанның екі күні | |
Енгізген: ERbol | күні: 15.08.2011 Желтоқсанның екі күні. Әлем назары Астана қаласында өткен ЕҚЫҰ Саммитінде болды. ЕҚЫҰ Саммиті – халықаралық тарихи оқиға. Бүгінде Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық қызметіне жоғары баға берген әлем қауымдастығы желтоқсандағы Астана Саммитін тарихи жеңіске бағалауда. Саммиттің Астанада өтуі – қазақстандықтардың жаһандық табысы. «Бармасаң, келмесең – жат боларсың» дейді қазақта. Әлемнің көшбасшы көсемдері ғасыр тоғысынан асар онжылдықта тағы бір бас қосты. Бұл жолғы басқосуды бірауыздан саммиттік қонақтар он бір жылдан соңғы сағынып жеткен, қауіпсіздік, ынтымақтастық саласындағы сірескен сеңдерге жылу берерлік көз көрісіп, қол алысқан жоғары дәрежелі жиын деп мойындады.Атамыз қазақ сөзге шешен. Ғұлама қазақ ертеңгі күнді көрегендікпен болжамдаған. Стратегтік пайымын жасырмаған. «Іргесі берік елді жау ала алмас, Ауызы бір елді дау ала алмас» деп кеткен. |
ЕЛІМІЗ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТЫҢ ЖАҢА САТЫСЫНА КӨТЕРІЛДІ | |
Енгізген: ERbol | күні: 15.08.2011 Қуаныш СҰЛТАНОВ, ҚР Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы: – Қуаныш Сұлтанұлы, сіз Сенат депутаты
ретінде еліміздің төрағалығына қандай баға берер едіңіз? Еліміздің
әлемдегі беделді халықаралық ұйымға төрағалық етіп жатқанына жыл толғалы
жатыр. Балапандарды санайтын кез келген сықылды… |
ҚАЗАҚСТАН ӘЛЕМГЕ ҮЛГІ БОЛАР МІНЕЗ КӨРСЕТТІ | |
Енгізген: ERbol | күні: 15.08.2011 Әділ АХМЕТОВ, ҚР Парламент сенатының депутаты:
– Әділ Құрманжанұлы, өзіңізге белгілі,
еліміздің ЕҚЫҰ-ға төрағалық етіп жатқанына 11 айдың жүзі болды. Осынау
беделі зор, алып ұйымды басқаруға неліктен Қазақстан таңдап алынды? |
Ел еңсесі биіктей берсін | |
Енгізген: ERbol | күні: 15.08.2011 Қазақтың бір азаматы ретінде елде болып
жатқан оқиғаларға селқос қарай алмаймын. Оларды ой елегінен өткізіп,
өзімше баға беремін. |
Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы: қоғамдық пікір таразысында | |
Енгізген: ERbol | күні: 15.08.2011 Бүгінде Қазақстанның Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі
ұйымына 2010 жылы төрағалық етуі қоғамда кеңінен талқыға түскен
мәселелердің бірі саналады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.
Назарбаев «Қазақстан ЕҚЫҰ барлық институттарының нығаюына, сондай-ақ
елдің саяси жүйесінің демократиялану бағытын жалғастыруға барынша күш
салады» деп атап өткен болатын. Әрине, бұл орайда «Қазақстан қоғамы
халықаралық деңгейде шешуші рөл атқаратын осынау саяси қадамды қалай
бағалауда, осынау үдеріс бұқарадан не күтеді және керісінше, әлеуметтік
қауым бұл қадамға өз үлестерін қосуға дайын ба?» деген сауалдардың да
күн тәртібінде тұрғаны жасырын емес. Қалай десе де, аталмыш құрылым
Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымы құрамына
кіретін 56 мемлекеттің тұрақтылығы, демократиялық дамуы, қауіпсіздігі
және өркендеуі үшін жұмыс істеуде. Ол ортақ құндылықтар мәселелері
бойынша саяси сұхбат жүргізіп, дамуға бағытталған тәжірибені енгізеді. |
ЕҚЫҰ Саммиті бойынша қорытынды құжат - Астана Декларациясы қабылданды | |
Енгізген: ERbol | күні: 31.07.2011 Желтоқсанның 3-і күні екі күнге жалғасқан ЕҚЫҰ Саммитінің қорытынды құжаты - Астана Декларациясы қабылданды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Н. Назарбаев Астанадағы ЕҚЫҰ Саммитінің пленарлық отырысы барысында мәлімдеді. «Құрметті әріптестер, ханымдар мен мырзалар! Ең алдымен барлықтарыңызға 2010 жылғы ЕҚЫҰ Саммитінің қорытынды құжатын әзірлеуге қатысқандарыңыз үшін алғысымды білдіргім келеді. Рәсімдеу ережелеріне сәйкес, Астана Декларациясының жобасы Тұрақты кеңесте «Сам.Д1-10» нөмірі бойынша қалыптасты. Делегация басшыларынан қарсылықтар болған жоқ. Олай болса, консенсустың болғандығына орай, Астана Декларациясының қабылданғаны туралы мәлімдеймін», - деді Н. Назарбаев. |
Мело'Мэн-О Махаббат | |
Енгізген: ERbol | күні: 28.07.2011 |