Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Ақпарат танымдық порталы

Бейсенбі, 25.04.2024
Главная » Файлы » Әр түрлі тақырыптар » ЕҚЫҰ

Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы: қоғамдық пікір таразысында
15.08.2011, 18:35

Бүгінде Қазақстанның Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына 2010 жылы төрағалық етуі қоғамда кеңінен талқыға түскен мәселелердің бірі саналады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан ЕҚЫҰ барлық институттарының нығаюына, сондай-ақ елдің саяси жүйесінің демократиялану бағытын жалғастыруға барынша күш салады» деп атап өткен болатын. Әрине, бұл орайда «Қазақстан қоғамы халықаралық деңгейде шешуші рөл атқаратын осынау саяси қадамды қалай бағалауда, осынау үдеріс бұқарадан не күтеді және керісінше, әлеуметтік қауым бұл қадамға өз үлестерін қосуға дайын ба?» деген сауалдардың да күн тәртібінде тұрғаны жасырын емес. Қалай десе де, аталмыш құрылым Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымы құрамына кіретін 56 мемлекеттің тұрақтылығы, демократиялық дамуы, қауіпсіздігі және өркендеуі үшін жұмыс істеуде. Ол ортақ құндылықтар мәселелері бойынша саяси сұхбат жүргізіп, дамуға бағытталған тәжірибені енгізеді.

Әріден айтар болсақ, бір бұл ғана емес, «әлемдегі Біріккен Ұлт­тар Ұйымымен қатар мүше-мем­ле­кеттердің тұрақтылығы мен қа­уіпсіздігі, демократиялық құнды­лық­тар мен өркениет дамуы жолында белсенді қызмет атқарып келе жатқан ұйымға Қазақстанның төрағалық етуі халықаралық қауымдастыққа қандай өзгерістер әкеледі және еліміздің дамуында қандай ықпалы болмақ» деген сауалдар төңірегінде қызу пікірталас өрбіп отыр.
Қазақстан Республикасы Мәде­ниет және ақпарат министр­лігінің әлеуметтік маңызды жобасы аясында 2008-2009 жылдары аралығында «Әріптес» үкіметтік емес ұйымдардың конфедерациясы қолдауымен «Қа­зақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі: елдегі жүргізіліп жатқан реформалардың азаматтық қоғам институттарының рөлін арттыруда» бағдарламасы жүзеге асты.
Жоба аясындағы әлеуметтік зерттеулер Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Алматы облыстарында жүргізілді. Зерттеуге барлығы 1000 респондент қатысты. Аталған аймақ тұрғындары арасында Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету мемлекеттік саясатын түсіндіру және осы бағытта өткізілетін шаралар жайлы кепілдемелер дайындау көзделген болатын.
Қоғамдық пікірді айқындауға бағытталған әлеуметтік зерттеулер Қазақстанның төрағалық етуі қар­саңында аймақтардың әлеуметтік-саяси дамуын сараптауға бағытталды.
Зерттеу ақпараттық үдерістерді сараптауға, Қазақстан Республи­касындағы демократиялық инсти­туттардың дамуына, құқықтық мемлекеттің қалыптасу және даму мәселелеріне, адам құқын қорғау мәселелеріне, қоғамның түрлі салаларында Қазақстан Республикасы дамуының басым бағыттары бойынша жүргізілді.
Қазақстан Республикасындағы демократиялық институттардың дамуына байланысты қойылған сауалнамаға қазақстандықтардың 61,5%-ы «Бірқатар проблемаларға қарамастан демократиялық жүйе мемлекеттік басқарудың үздік жүйесі саналады» деп атап көрсетеді. Қоғам­дық пікір көрсеткендей, демократия бейнесі былай көрініс тапты: сұрау салғандардың 4/3 астамы демократия қазіргі заманғы Қазақстанның мемлекеттік құрылымының ана­ғұрлым тиімді де бірден-бір жолы екендігін атап өтеді.
Сауалнама нәтижелерінен бай­қалғандай, демократияны оң бағалау сұраудың алғашқы екі нұсқасында тең келіп отыр. Яғни қазақстандықтардың 64,6%-ы демократиялық институт­тар­дың дамуына бағытталған мемлекет­тік бағдарламаларға оң көзқараста екен. Ал сауалнамаға қатысқандардың 2,9%-ы сыни пікір айтпауы азаматтық ұста­нымының әлсіздігі мен демократия және оның ұстанымдары жайлы ха­барсыздығын дәлелдесе керек (кестеде).
Дегенмен бұл аталған көзқарас шешуші рөл атқармайды. Қазақстан тұрғындарының басым көпшілігі «демократия – қазіргі заманғы Қазақ­стан үшін басқарудың бірден-бір не анағұрлым тиімді жолы» деп санайды.
Зерттеу барысында демократия дамуын 10 балдық деңгейде бағалау тәсілі қолданылды. «10» балл – толық демократиядан «1» – диктатураға дейін. Жалпы алғанда, Қазақстандағы демократия деңгейін респонденттер 5,3 балл деп бағалады. Сонымен демократиялық үдерістердің нә­тижелеріне аса разылық таныт­пағанымен, демократия идеалдарына деген аса ерекше көңілтолмаушылық респонденттерден байқала қоймады.
Әдістемелік тұрғыдан алғанда, аталған нәтижелер түпкілікті бір жақ­ты саналмайды әрі алдағы уақытта бұл бағыттағы бағалаудың өзгеру сипа­тын ескеру қажет. 1 – диктатура деңге­йін рес­понденттердің тек 1,8%-ы ұстан­са, ал 10 – демократия ұстанымын 5,1%-ы атап өтеді. Бұл аса үлкен көрсеткіш саналмағанымен, мардымсыз болса да жоғары балдың бағалануы – жағым­­ды үрдіс саналса керек.
Демократияның басты ұстаны­мы – халық не оның басым бөлігі­нің билігі. Қазақстандағы демокра­тия­­лық үдерістердің мәнін ай­қын­дауда қоғамдық пікір маңызды са­налмақ. Сауалнама нәтижесінен ай­­қындалғаны, еліміздегі демокра­тиялық институттардың біртіндеп қалыптасып, нығаюында. Бұған еліміз халық еркіне қарай басқарылады деген жауаптарға оң не осы ұстанымдағы жауаптарды респонденттердің 41%-ы таңдауы дәлел болса керек.
Қоғамның демократиялануы құ­­қықтық қоғам дамуынсыз, аза­мат­тардың құқықтық белсенділігі артуынсыз мүмкін болмасы анық. Құқықтық мемлекет ұстанымының сақталуы – тұрақтылық, қалыпты даму, қоғамның қалыптасуындағы же­тістіктердің нығаюының кепілі. Әлеуметтік тәртіптің тұрақтылығы – әлеуметтік қауымдастықтың қалыпты өмір сүруінің қажетті шарты. Қазіргі заманғы жылдам өзгерістер әлемінде тұрақтылық дербес құндылық саналып қана қоймастан, ұйымдастырушылық сипат алуда. Құқықтық мемлекеттің даму және қалыптасу мәселелері қоғамдық пікірді айқындау зерттеудің екінші бағыты саналды. Зерттеуге қатысқан қазақстандықтардың 69,2%-ы Қазақстанның қазіргі даму кезеңін «құқықтық мемлекет ретінде дамуда» деген көзқараста.
Қазақстан Республикасындағы әре­­­кеттегі құқық қорғауды бағалау сипат­тамасы мынадай: 48,7 % – күн­делікті өмірде құқықтық мемлекеттің дамуына куә; 65,4% – тұрғындардың құқықтық сауаттылығының арту үрдісі байқалуда деп санайды. Ал сауал­намаға қатыс­қан респондент­тердің 3/1-і Қазақстанда әкімшілік еркін­діктің нығаю үрдісі байқалуда деген көзқараста.
Респонденттердің үштен бір бөлі­гі 38,4% оң өзгерістер болуда, ал 42,3%-ы болып жатқан өзгерістер тұрғын­дар­ға кейде оң, кейде теріс әсер ету­де деп бағаласа, қалған 7,6%-ы өзгеріс­тер ха­лықтың басым бөлігін қамтыған жоқ деген пікірде. Олардың 11,5%-ы өзіндік ұстанымын танытпастан жа­уап қатпаған. Дегенмен алдағы уа­қыт­та Қазақстан дамуында құқықтық мемлекеттің өркендеуі жағымды сипат алуы тиіс мәселелер қатарында деген болжамға келуге болады.
Моральдық еркіндік пен адам құқын қорғау қоғам дамуындағы ең қарапайым да күрделі мәселелер қатарында. Жалпы, адам құқын қорғау мәселесі көптеген елдердің Конституциясында, түрлі әлеуметтік-саяси бағдарламаларда, жобаларда, сондай-ақ Қазақстанда да қабылданған бір­қатар халықаралық келісімдер мен декларацияларда бекітілген. Дегенмен адам құқығы мәселесі қашан да күрделі мәселелер қатарында. Азаматтардың құқы мен бостандығы өзара байланыс­ты көптеген әлеуметтік факторларға қатысты айқындалады. Осы проблеманы қоғамдық пікір үде­рісінде қарастыру үшін респонденттерге Қазақстандағы саяси құқық пен азаматтық бостандық деңгейін 1-ден 7-ге дейін бағалау ұсынылды. Са­раптау барысында алынған нәти­же­лер еліміздегі саяси құқық, азаматтық бостандықтың жүзеге асу деңгейі орташа 4,1% балды құрады. Яғни бұл көрсеткіш ортадан жоғары (кестеде).
Адам құқығын қамтамасыз ету мәселесі зерттеуде көрсетілгендей, Қазақстанда аталған құқықтар то­лықтай жүзеге асқанымен, оның дең­гейі әрқилы. Респонденттер елі­мізде адамдардың мәдени құқығы то­лықтай, ал қалған құқықтары ішінара қорғалады деп санайды.
Ақпараттық үдерістерді сарап­тауда маңызды саналатын «сөз бос­тандығы» құқығын айқындау жүр­гізілген зерттеудің басты бағы­тының бірінен саналды. «Сөз бостандығы» құқығы демократиялық қоғам дамуы­ның маңызды параметрі ретінде айқындалады. Еліміздегі «сөз бос­тан­дығы» құқығының жүзеге асу деңгейін респонденттер 74,3% деп бағалады. Бұл Қазақстандағы сөз бос­тандығы құқығының орындалу дең­гейін айқындайды. Адамның сөз бостандығы құқының жүзеге асуы мен азаматтардың бұқаралық ақпарат құралдарына сенім деңгейі арасында нақты тәуелділік бар. Қазақстандық медиакеңістіктегі ақпараттың шына­йылық деңгейін бағалауда сауалнама нәтижелері былай сипат алды:
– сұрау салғандардың 41%-ы БАҚ республика өміріндегі таңдаулы оқиғаларды ғана жариялайды деп санайды;
– респонденттердің 26,9%-ы БАҚ-қа келіп түскен ақпараттарды өз бе­тінше сараптауға және салыстыруға ұмтылады;
– 15,3% – көптеген БАҚ саяси топтардың мүддесіне орай ақпаратты боямалайды деп санайды;
– 12,83% – қазақстандық БАҚ-тағы ақпарат толықтай шынайы деп санайды.
Зерттеу аясында ақпараттық мәсе­­лелерге байланысты пікірді ай­қын­­дауда мемлекеттік телеарналар негізінде қоғамдық телеарна құру мәселесі қарастырылды. Қо­ғамдық телевизия құру мүмкіндігін рес­понденттердің көпшілігі (75,5%) қажет деп санайды. Әрі бұл арна ақпарат­ты алудың балама көзі бола отырып, азаматтардың сенімді, объективтік әрі дер кезінде ақпарат алу құқын қамтамасыз етер еді деп санайды.
Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төраға­лық етуі бұқараға қаншалықты белгілі екендігін айқындау – зерттеудің негізгі бағыты саналды. Зерттеу нәтижесінен байқалғандай, респонденттердің басым бөлігі мәселенің БАҚ-та кеңінен жарияланғанын және мәселеден хабардар болғандығын білдірді. Және де мақсатты аудитория бұл тақырыпқа келгенде аса белсенділік танытып отыр. Тек респонденттердің 16 пайызы бұл туралы алғаш естігенін, БАҚ-та жарияланбағанын, жауап бе­руге қиналғандарын атап өтеді (Б қо­сымшасы, 15 сурет).
Қоғамдық пікір тарапынан Қа­зақ­стандағы азаматтық қоғам мен саяси институттардың дамуын ынталандыру бастамаларының перспективалық бағыттары айқындалды. Азаматтық және саяси институтты дамыту шараларын былайша сипаттауға болады:
– Адам құқығының қорғалуын бақылау күшейді – 41%;
– ҮЕҰ дамуы – 32,1%;
– Жергілікті өзін-өзі басқарудың дамуы – 26,9%;
– Ақпараттық кеңістіктің кеңеюі – 12,8%;
– Ұлттық мәдени орталықтардың дамуы – 7,6%;
– Көші-қон саясаты – 2,5%.
Республикадағы саяси үрдістерде­гі оң өзгерістер адам құқының қор­ғалуын бақылау мен үкіметтік емес ұйымдардың белсенді дамуымен, ке­лесі кезекте ақпараттық кеңістіктің, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі бас­қа­рудың дамуымен айқындалып отыр.
Зерттеу нәтижесінде әлеуметтік-саяси мәселелердің өзектілігі мен оларды қоғамдық пікір тарапынан шешу қажеттілігі айқындалды. Әлеуметтік-экономикалық пробле­ма­лардың басымдықтары былайша сипат алды: алдыңғы үштікте – кедейлікті жою, экологиялық қа­уіпсіздік, есірткі бизнесі мен наркотрафикпен күрес мәселесі аталды. Қалған, шешімі күттірмес әлеуметтік-саяси мәселелер қатарында – тұлғалардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету, демократияның дамуы, жемқорлықпен күрес саналды. Әсіресе, республиканың түрлі аймақтарындағы респонденттер жемқорлық өткір әлеуметтік-саяси проблема әрі оны жедел түрде шешу қажет деп санайды.
ЕҚЫҰ-ның қызметі аясына енетін халықаралық міндеттерінің Қазақстан үшін маңыздысы – адам құқын қорғау, экономикалық және экологиялық қауіпсіздік, қақтығыстардың алдын алу жөніндегі дипломатиялық ұмтылысы, сенімді қарым-қатынастарға жету мен қауіпсіздік жөніндегі шаралар, қаруланудың таралуын бақылау деп нақтылайды қоғамдық пікір.
ЕҚЫҰ жетекшілерінің бірі А.Стубб мырза ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевпен кездесу нәти­же­сіндегі брифингте «Қазақ­станның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі – тарихи және символикалық маңызы бар мүмкін­діктер. Өйткені бұл кезеңде ЕҚЫҰ құрылғанына 35 жыл толады әрі Қазақстан Орталық Азияда­ғы Еуропадағы Қауіпсіздік және ын­тымақтастық ұйымына төрағалық етуші ең алғашқы ел саналып отыр. Бұл – ЕҚЫҰ мен Қазақстан тарихына жазылатын жаңа беттер» деп атап өткен болатын.
ЕҚЫҰ мен Қазақстанның жаңа тарихының жаңа беттері енді басталды. Төрағалық ететін шешуші жыл ағы­нындамыз. Қазақстан үшін де, халықаралық қауымдастық үшін де маңызды жаһандық оқиғалардың қа­тарында орын алған бұл кезең ел ішіндегі қарапайым азаматтардың қоғамдағы азаматтық ұстанымының нығаюына, саяси мәдениеті мен бел­сенділігінің артуына тікелей ықпал етерлік оқиға ретінде өрбуі тиіс.
Қоғамдық пікір демократиялық құндылықтарға жетудің кепілі саналатыны рас. Өйткені демократиялық қоғам қалыптасуында бұқараның билікке ықпалы, саяси шешімдерге қатысуы, саяси үдерістерге белсене қатысуы, азаматтық ұстанымдарын танытуы маңызды.

Категория: ЕҚЫҰ | Добавил: anonim
Просмотров: 3586 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]