Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Ақпарат танымдық порталы

Сенбі, 20.04.2024
Главная » Файлы » Әр түрлі тақырыптар » ЕҚЫҰ

ЕҚЫҰ Саммиті бойынша қорытынды құжат - Астана Декларациясы қабылданды
31.07.2011, 04:57

Желтоқсанның 3-і күні екі күнге жалғасқан ЕҚЫҰ Саммитінің қорытынды құжаты - Астана Декларациясы қабылданды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Н. Назарбаев Астанадағы ЕҚЫҰ Саммитінің пленарлық отырысы барысында мәлімдеді.

«Құрметті әріптестер, ханымдар мен мырзалар! Ең алдымен барлықтарыңызға 2010 жылғы ЕҚЫҰ Саммитінің қорытынды құжатын әзірлеуге қатысқандарыңыз үшін алғысымды білдіргім келеді. Рәсімдеу ережелеріне сәйкес, Астана Декларациясының жобасы Тұрақты кеңесте «Сам.Д1-10» нөмірі бойынша қалыптасты. Делегация басшыларынан қарсылықтар болған жоқ. Олай болса, консенсустың болғандығына орай, Астана Декларациясының қабылданғаны туралы мәлімдеймін», - деді Н. Назарбаев.

Сонымен қатар, ЕҚЫҰ Саммитінің қорытынды мәжілісінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: "ЕҚЫҰ-ның Астана Саммитінде қабылданған қорытынды құжат - Астана Декларациясы ұйым өмірінде жаңа кезеңге бастау болып отыр",- деді.

«Құрметті делегация басшылары, Мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Астана Саммитіндегі сындарлы және жемісті еңбектеріңіз үшін Сіздерге зор алғысымды айтамын. 11 жылдың ішінде алғаш рет ЕҚЫҰ-ның Декларациясы қабылданды. Бұл оқиға біздің ұйымымыздың өмірінде жаңа кезеңге бастау болып отыр. Бұл - біздің халықтарымыздың аса қауіпсіз әлемге деген үміті мен сенімінен шығатын ортақ тарихи жеңісіміз. Осы айтулы оқиғамен Сіздерді шын жүректен құттықтаймын. ЕҚЫҰ-ның Астана Саммитінің Декларациясы Еуроатлантикалық және Еуразиялық қауіпсіздік қоғамдастығын құруға бастау болады деп сенемін», - деді Елбасы.

Категория: ЕҚЫҰ | Добавил: anonim02
Просмотров: 1200 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]