Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Ақпарат танымдық порталы

Жұма, 26.04.2024
Главная » Файлы » Әр түрлі тақырыптар » ЕҚЫҰ

Ел еңсесі биіктей берсін
15.08.2011, 18:37

Қазақтың бір азаматы ретінде елде болып жатқан оқиғаларға селқос қарай алмаймын. Оларды ой елегінен өткізіп, өзімше баға беремін.
Оқиға дегенде ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіміздің орны ерекше. Бұл – тағдырдың сыйы. Сөз жоқ, Елбасымыздың ерен еңбегінің нәтижесі. Қазақ бұрын-соңды әлемдік деңгейде мұндай зор сенімге ие болып па еді?

Еліміз ЕҚЫҰ-ға төрағалық еткен бұл ұйым бір жыл ішінде бүкіл әлемнің назарын аудартты. Адам баласына ең қымбат нәрсе тыныштық, бейбіт күн екенін осы қысқа уақытта дәлелдеп берді. Ауғанстандағы, Қыр­ғыз еліндегі және басқа да күр­делі аймақтардағы жағдай­лар­­дың бір қалыпқа түсуі – Қа­зақ­стан дипломатиясының жемісі.
Саммит – бір жылғы жұмыстың қорытындысы, түйін­ді шаруасы іспетті. Көптен басы қосылмаған елуден астам елдің жақсылары мен жайсаңдары кездеспекші. Жүздесу орны – ғайыптан пайда болған дейтіндей ғажап шаһарымыз, жаңа Елордамыз – Астана.
Қазір теледидардан, бас­пасөзден саммитке байланыс­ты Астанамызға келетін шетел қайраткерлерінің біздің ел және Елбасымыз туралы пікірлерін оқып, тыңдай отырып бойымызды мақтаныш сезімі кернейді. Еліміз үшін, Елбасымыз үшін мақтанамыз.
Реті келгенде, игілікті іс­тердің басында жүрген Елба­сымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жөнінде айта кеткен орынды. Ол кісінің айрықша ұйым­дастырушылық, ел басқарудағы қабілетіне төрткүл дүние куә. Осы қасиеттері арқылы әлемдік деңгейдегі үлкен тұлғаға айналып отыр. Ел тарихында қазақтың атын шығарған ұлы тұлғалар болды. Алайда қазақтың басын біріктіріп, елді үлкен мемлекетке айналдыру, сөйтіп, осыншалық биікке көтеру бұған дейін болмады. Елбасымыздың денсаулығы зор болсын. Алла берген қуатынан ажырамасын деп тілеймін.
Әрине, елде әлі де қиындықтар, өзекті мәселелер бар. Дегенмен де Құдайға мың да бір шүкіршілік айтуымыз керек. Тәубе деуіміз керек. Жиырма жыл бұрынғы күніміз қандай, қазіргі күніміз қандай? Оң өзгерістер көп. Еңбек еткен адам аштан өліп, көштен қалып жатқан жоқ. Адам өзінің әрекетсіздігінен, икемсіздігінен көреді нені көрсе де. Әрекеті, талабы бар адам мақсатына жетеді.
Үлкеніміз, кішіміз боп елі­міздің, тіліміздің, дініміздің абыройы артуына қолдан келгенше үлес қоса берсек, мемлекетіміздің мәртебесі үстемелеп өсе береді. Қазақ халқы өзге елдермен иық тірестіріп, қабаттасып, қанат­тасып келе жатыр. Құдай елі­міздің, халқымыздың еңсесін тү­сірмесін. Ынтымақ-бірлігіміз нығая берсін.
Қазақстан халқы Ассам­блея­сының жақында өткен сессиясына мен де қатыстым. Елбасы баяндама жасады. Онда да саммит мәселесін қозғап кетті. Мемлекеттік тіл мәселесін айтты. Елбасының бір ерекшелігі, қажет кезінде түйінді-түйінді ой-пікірлерді саналы азаматтар ойланып-толғансын, ары қарай алып кетсін деп ортаға салатыны бар. Бұл жолы да сөйтті. Осыны азаматтарымыз түсінсе деймін.
Алты жасар баласы атқа мін­се үйіндегі ата-анасы тақымын басып отыратын халықпыз. Сол сияқты ЕҚЫҰ саммиті де абыройлы өтсе екен деген тілек бар. Нәтижелі өтетініне сенім мол. Себебі саммит қарсаңындағы ұйымдастыру шаралары сауатты жүріп жатыр.

Өмірзақ Айтбайұлы,
академик, Халықаралық
«Қазақ тілі» қоғамының төрағасы

Категория: ЕҚЫҰ | Добавил: anonim
Просмотров: 887 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]