Уақытты босқа өтуі - ең үлкен өкініш! - Мои файлы - Каталог Файлдар - Білім және Ғылым сайты
Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Ақпарат танымдық порталы

Бейсенбі, 08.12.2016
Главная » Файлы » Мои файлы

Уақытты босқа өтуі - ең үлкен өкініш!
09.10.2011, 11:00

   Раббымыз тағы бір аятта: «Ақыры сол күні (дүниеде пайдаланған) нығметтерден әлбетте, есеп бересіңдер» (Тәкәсур сүресі, 8-аят) деп, ақыреттік есепті еске салуда және бұған жауапкер екендігімізді баса айтуда.
Яғни, Аллаһ Тағала берген нығметтеріне қол жеткізуде және оларды қолдануда орындалуы тиіс кейбір ережелер бекіткен. Әрі бұларды «халал» және «харам» деп екіге бөлген. Ал, ысырап – Аллаһтың рақымшылығы мен сүйіспеншілігінен ұзақтататын сонымен қатар, Аллаһтың ашуына ұшырауға себеп болатын харамдардың бірі. Қасиетті аятта: «Ысырап етпеңдер. Өйткені, Аллаһ ысырап етушілерді сүймейді» делінген (Әнғам сүресі, 141-аят).

Уақыт – қымбат, құнды нығмет
Адам баласының немқұрайлылығы мен ұмытшақтығы себепті көп жасайтын қателіктерінің бірі – уақытты ысырап ету.
Өмір – Аллаһ Тағаланың әрбір жаратылыс иесіне тек бір рет қолдану үшін ғана берген және белгілі бір уақытпен шектеген өте құнды нығметі. Сондықтан, уақытты оның құнына сай амалдарға жұмсау шарт. Өйткені, өмірде әрбір мезетте жасалатын бірнеше істер бар. Бірақ, бұлардың ең маңыздысын сол сәтте алдыңғы кезекке жылжыту, ал басқаларын маңыздылық дәрежелеріне қарай одан кейінгі кезекке қою, уақытты дұрыс қолдану үшін назар аударарлық маңызды қағида болмақ.
   Мәселен, ананың баласын емізуі мейірбандылықтан туындаған тамаша әрекет. Бірақ, үйде өрт шыққан кезде баласын емізіп отыруы үлкен қателік. Сол сәтте бір шелек су болса да өртті сөндіруге тырысуы керек. Өйткені, бұл міндет екіншісіне қарағанда, өмірлік маңызы бар іс. Егер бұл турасында жалқаулыққа салынатын болса, өзі де, баласы да өрттің құрбаны болуы мүмкін.
Дәл сол сияқты, қазіргі таңда адамдар үшін басқа дүниелік істерден гөрі Аллаһтың дініне бет бұруға қажыр-қайрат таныту уақытты дұрыс пайдалану тұрғысынан алғанда үлкен жауапкершілік болып табылады.
   Уақытты ең тиімді түрде пайдаланған қадірменді сахабалар үшін өмірдің ең тәтті әрі мағыналы тұстары, адамдарға иман хақында уағыздаған шақтары болатын. Бір сахаба дарға асылар сәтте оған үш минут уақыт берген жауызға рақмет айтып:
   «Демек, саған ақиқатты насихаттауым үшін үш минут уақытым бар. Бәлкім, тура жолға келерсің» деген болатын.
    Қазіргі кезде де кейбір адамдар имансыздық пен арсыздық боданына түсіп жатқанда, оларға жұмсақ тілмен жақындап, Исламның әдеміліктерін, сыпайылығы мен нәзіктігін жеткізу әрбір мүмин үшін үлкен сенім мен ұждан борышы.
    Өте қымбат болған уақытты қалай болса солай жөнсіз, оғаш қылықтарға ысырап ету – ақырет өміріне қауіп төндіру деген сөз. Сол себепті, бейқамдық перделерін ашқандар үшін уақыт – ешбір нәрсемен салыстыруға келмейтін деңгейдегі құнды нығмет. Аллаһ Тағала «Аср» сүресінде:
«Ғасырға (уақытқа) ант етемін. Расында, адам баласы зиянда. Тек иман келтіріп ізгі амал жасағандар мен бір-біріне ақиқат жайында кеңес беріп, сабырға шақырғандар ғана бұдан тыс» (Аср сүресі, 1-3 аяттар) дейді.
    Уақытқа ант етумен басталған бұл сүреде иман, ізгі амал және ақиқат жайында кеңес беріп, сабырға шақырумен көтпеген уақыттың ысырап етілгендігін және қасіретке себеп болатындығын айтады. Уақытты тиімді түрде пайдалағандардың зиянға ұшырамайтындығы туралы айтылуы, адамдар бұл мәселеде көбінесе, алданып қалатындығына ишарат етіліп тұр.
    Аллаһ Тағала құлдарының уақытты тиімді қолдану турасында қасіреттен құтылып, иләһи сыйға бөленуі үшін мынадай кеңес береді:
    «Бір істі бітірген соң, дереу басқа іске кіріс, сонымен шұғылдан! Әрқашан Раббыңа бет бұр! Соған жақында!» (Инширах сүресі, 7-8 аяттар).
    Яғни, құлшылық яки ізгі істердің бірі біткен соң, дереу екіншісіне асығу керек. Сондай-ақ, қандай да бір уақыттың құлшылықтан немесе жақсы істерден қалыс қалуына жол бермеу керек. Өйткені, бұл өмір – бізге ақырет бақытына қол жеткізу үшін берілген нығмет. Өлім болса, әлдебір қарыз келісімінің орындалу уақытын көрсететін атаулы күн іспеттес.
Қандай да бір саудагер қарызын өтеу үшін алашақ адамға келісім-шарт қояды. Мұндағы уәде сол уақыт ішінде төленетін соманы әзірлеуге керек. Дүние өмірі де бізге ақыретте табысқа қол жеткізу үшін және Аллаһтың ризашылығын алу үшін берілген мерзім. Айталық, саудагер төлейтін келісімінің уақытына назар аудармай, өзіне берілген уақыт ішінде әзірлемей, қайтармайтын болса және сөйтіп, қарызды төлейтін күні қатты қиналатын болса, адам баласы да сол сияқты Аллаһтың өзіне берген өмір нығметін дұрыс қолданбаған жағдайда қасіретке ұшыраудан құтыла алмақ емес. Өйткені, әрбір адам дүниеге келген сәттен бастап, қашан іске асатыны беймәлім өлім үкіміне тәуелді. Бұл үкімнің жүзеге асу уақыты болса, Әзірейіл аләйһис сәләммен жолығатын сәт. Тіпті, қарыз келісім-шартында төлеу мерзімі белгіленген. Ал, түбінде таусылатын адам өмірінің ажал мерзімі белгісіз. Бұл да есеп беруге әрқашан да дайын болуды қажет ететін қорқынышты шындық.
    Тасаввуф тәрбиесінің ең маңызды негіздерінің бірі – «Уқуфуз-Заман» (өткізіп жатқан уақытқа мән беру). Бұл дегеніміз, уақыт нығметін өте мұқият қолданудың қажеттілігін білдіреді. Бұл қағида бойынша нәпсіні тәрбиелеп, жүректі тазартқысы келген әрбір мүмин ажалының белгісіздігіне байланысты әр сәт сайын өзін есепке тартуға мәжбүр екендігін түсініп, уақытын ізгі амалдармен өткізуі керек. Қажетсіз істерді тастап, мағынасыз әңгімелерден аулақ болу, яғни Хазірет Мәуләнаның сөзімен айтқанда, тілін «сөздің масқарасы» болудан сақтауы керек. Өйткені, Аллаһ Тағала Құран тілімен «табысқа қол жеткізген (азаптан құтылды)» деп мүмин пенденің сипатын былайша баяндайды:
«Олар бос әрі пайдасыз нәрселерден теріс айналады» (Мүминун сүресі, 3-аят).
«…Бос сөзге әлде бір іске жолыққан кезде ол жерден салмақтылықпен өтіп кетеді» (Фұрқан сүресі, 72-аят).

    Салих мүмин әр сәт өзінің ішкі дүниесінен хабардар болып, истиғфар, хамд-мадақ, шүкіршілік және ризашылық халінің қай деңгейде екендігін ойлауы керек. Әрбір дене мүшесіндегі сансыз нығметтерді және олардың шүкіршілігін есептеп, ғапылдықпен өткізген уақыттары үшін тәубе етуі тиіс. Бейқамдықтан сақтанып, қорқыныштан құтылып, өз басындағы жағдайды жақсартуға тырысуы қажет. Басқаша айтқанда «Ибнул-Уақыт», яғни өмірінің әсіресе іс жүзінде кешіп жатқан сәтінің қадірін біліп, сол арқылы ең тамаша түрде ақыретке әзірленген кәміл мүмин болу керек. Өйткені, уақыттың босқа өтуі – ең үлкен өкініштің себебі. Сондай-ақ, Аллаһ Расулы саллаллаһу аләйһи уә сәлләм:
    «Жәннәт тұрғындары басқа нәрсеге емес, тек дүниеде Аллаһты зікір етпей өткізген сәттеріне өкінетін болады!» (Хәйсәми Х, 73-74) деп уақыттың мәңгілік өмірдің азығы болып табылатын ізгі амалдармен өткізілу керектігін еске салады. Өйткені, нығмет қолдан шыққан соң, өкінудің пайдасы жоқ. Олай болса, мүмкіндік қолда тұрғанда өмірімізді ізгі амалдармен өткізуге міндеттіміз. Әрбір мүшенің шүкіршілігін лайықты түрде орындауға тырысу қажет. Мәселен, тіл нығметін жүрегімізге шипа болатын зикруллаһпен бағалауға тырысуымыз керек.
    Пайғамбарымыз саллаллаһу аләйһи уә сәлләм Хафса анамызға мынадай кеңес берген: «Ей, Хафса! Көп сөйлегеннен сақтан. Аллаһты зікір етуден тыс көп сөйлеу жүректі өлтіреді. Аллаһты көп зікір ет! Өйткені, ол жүректі тірілтеді» (Әли әл-Мұттақи І, 439/1896).
   Аллаһ Тағала екі нәрсеге мұқият болуға ұйғарады:
«Қайсыбірің өлім келіп «Раббым, мені аз уақытқа кешіктірсең, садақа берсем және ізгілердің қатарына қосылсам!» демей тұрғанда, сендерге берген ризықтан жұмсаңдар» (Мунафиқун сүресі, 10-аят) - деп бұйырады.
    Өмірін босқа жібергендердің өкініштері мен сылтауларының қабылданбайтындығын көрсететін мына аят қандай ғибратқа толы десеңізші:
«Олар сол жерде көмек сұрау үшін «Ей, ұлы Раббымыз, жалынамыз, бізді мына жерден шығарып, дүниеге кері қайтарсаң, бұрын істегендерімізден басқа игі амалдар жасар едік!» деп ойбайлайды. Аллаһ Тағала оларға былай дейді: «Біз сендерге ойланып ғибрат алатын және ақиқатты көретін адам ойлана алатындай өмір берген жоқпыз ба? Әрі сендерге пайғамбар келіп ескертті. Олай болса, азапты татыңдар! Залымдардың ешбір жәрдемшісі жоқ!» (Фатыр сүресі, 37-аят).
   Өмірдегі барлық нығметтер сияқты уақыт нығметіндегі ысыраптың да негізгі себебі, өлімді лайықты түрде түсіне алмағандықтан немесе қорқынышты ақиқатты өзімізден алыс деп білгендіктен туындайды. Хадис шарифте:
«Барлық ләззаттарды тамырынан жоятын өлімді көп еске алыңдар!» делінеді (Тирмизи, Қиямет, 26). Бұл пайғамбар ескертуіне қарамастан жалғаса беретін немқұрайлылықтардың ақыры бір күні ауыр азапқа айналары хақ.
    Расулуллаһ саллаллаһу аләйһи уә сәлләм:
– Өлген соң өкінбейтін ешкім жоқ - деген.
   Сахабалар:
– Уа, Расулаллаһ! Оның өкініші не? - деп сұрайды.
   Сонда Пайғамбарымыз саллаллаһу аләйһи уә сәлләм: «Ізгі адам болса, осы халін одан ары арттыра алмағаны үшін жаманшылық жасаған адам болса, сол жаманшылықтан бас тартпағаны үшін өкінетін болады
» деп жауап береді (Тирмизи, Зүһд, 59).
   Адам өзіндегі және әлемдегі көрініс тапқан Аллаһтың құдірет күшіне көңіл көзімен қарайтын болса, дүниеде қалай өмір сүру керектігі турасында ойлануға өзін мәжбүр сезінеді. Адамды өмірде ең көп ойландыруы тиіс, ең үлкен ақиқат – «өлім» оқиғасы. Ол айбынды қоштасу сәті, адам үшін қандай үлкен ғибрат көрінісі?! Өлімді түсінген адам фәнилік ләззаттарға, сондай-ақ ақырет жолаушысы екендігін білген кісі дүние қонақ үйіндегі ойыншықтарға алданбайды. Оларды ермек қылып уақытын жоғалтпайды. Аятта: «Біз көктерді, жерді және солардың арасындағыларды ойын әлде ермек болсын деп жаратқан жоқпыз. Біз оларды хақ себеппен және хикметпен жараттық. Бірақ олардың (адамдардың) көбі мұны білмейді» (Дұхан сүресі, 38-39 аяттар) делінеді.
Барлық фәни нығметтер бір адамда жиналса және ол шат-шадыман күйде мың жыл өмір сүрсе де не пайда?! Соңында баратын жері осы аяғымыздың астындағы қара жер емес пе?! Адам әрбір фәни-жаратылыстың «уақыт» деп аталатын диірменінде өзінің жастығымен, тыңғылықтығымен қоса тоқтаусыз үгітіліп жатқандығынан ғибрат алмай ма?! Ақыреттен бейхабар халде дүниеде өмір сүріп, нәпсіқұмарлықтарын қолпаштайтын ілтипаттарды «тұрақты», дүниелік ойыншықтарды «шынайы» деп ойлау мәңгілік болашақ (о дүние) үшін қандай қорқынышты алданыш десеңізші?! Хазірет Имам Шафиғидің сөзімен айтар болсақ: «Керуендердің сапар үстінде үй салуы ақылдылық емес?!».
Ақырет түсінігінен аулақ күйде, тек қана дүниенің рақатына қол жеткізу үшін ақтық деміне дейін фәни құмарлықтардың соңынан еріп шаршағандардың жағдайы қандай аянышты, өмір ысырабы және қандай ащы шығын?! Еш өлмейтіндей уақыттарын жоғалтқандар бір күні сол жоғалтқан уақыттары үшін қатты өкініп, қайғыратын болады.
Нәпсіқұмарлықтарына салынғандар сол бағытта өмір сүре беру үшін қабірді және оның арғы жағын ойлаудан үнемі қашады. Сондықтан, өлімді шынайы сезінетін болса, бұл жағдай олар үшін болашақ қорқынышына және қорқынышты түске айналады. Өйткені, әрбір адам ойлаған, көңіл бөлген дүниесінде өмір сүргісі келеді. Ақылды адам үлкен сарайды тастап, лашыққа барғысы келе ме? Бірақ бұл дүниесін абат қыламын деп, ақыретін харап қылған көптеген адамдар бар.
Хазірет Мәуләна дүние тұтқындығынан құтылып, мәңгілік бақыттылыққа қауышудың жолын былай көрсетеді:
   «Мал-мүлікке көп құмарланба, уақыты келгенде оңай ғана тастап кете алатын боласың! Әрі жеңіл түрде бересің, әрі сауапқа кенелесің! Сен өзіңді мықтап ұстағанға жабыс, Әуелгі де Ол, Ақырғы да Ол (Аллаһ)»
   «Адамдардың көбі денелерінің өлгенінен қорқады. Нағыз қорқатын нәрсе – жүректің өлуі».

   Әрбір жан иесі үшін белгіленген ақтық дем бар. Мұны жою және дүние өмірін белгілі бір уақыт жалғастыру мүмкін емес. Уақыт Аллаһтың заңы бойынша белгіленген арна бойынша аға береді. Дүние өмірінде барлық нәрсені сатып алуға азды-көпті мүмкіндік бар, бірақ өткен уақытты ешқашан… Кішкене алтын бөлшегінің қоқысқа тасталуына ешкім немқұрайды қала алмайтын болса, миллиондаған алтын беріп сатып ала алмайтын уақыттың бос істермен босқа өтуіне көбінесе немқұрайлы қарауымыз қандай өкінішті?!
Фәридүддин Аттар (құддисә сирруһ) былай деп насихат айтады:
«Қолдан шыққан соң төрт нәрсе қайта келмейді: Оқыстан ауыздан шыққан сөз, атылған оқ, болған қаза және босқа жұмсалған өмір».
Бір әулие кісі уақыттың қадірін жақсы түсініп, бейқамдыққа салынбау үшін және әрбір күнімізді әдемілеп өткізу турасында мынадай кеңес береді:
   «Анда-санда ауруханаларға барып, науқастарды зиярат ет! Ол адамдар сияқты науқасқа шалдықпағаныңды және өзіңдегі саулық нығметін ойлап, халіңе шүкіршілік ет! Анда-санда түрмелерге барып, сол жердегі тұтқындардың қиыншылыққа толы зындан өмірін ойла! Қылмыстың бір сәттік ғапылдығы мен жындылықтың нәтижесінде істелген нәрсені, екінші жағынан нақақ түрмеге түсіп, сол қиыншылыққа тап болғандардың да бар екендігін, өзіңнің олардың орнында болу ықтималдығыңды да ойла! Аллаһ Тағала сені осы халге түсуден сақтағаны үшін дұға ет! Сонан соң қабірстанға бар, сол жердегі құлпытастардан, хал тілінен шыққан үнсіз өкініштерді тыңда, өмір нығметінен айырылғаннан кейін өкінудің пайда бермейтіндігін ойлап уақыттың қадірін біл! Мазарда жатқандар үшін Фатиханы оқып, осыдан кейінгі күндеріңді хамд-мадақ, шүкіршілік және зікірмен өктізуге тырыс!».
   Демек, әрбір мұсылман Аллаһ Тағаланы еш уақытта және ешбір жерде ұмытпай өмір сүруге тырысуы керек. Аллаһ Тағала былай деп бұйырады:
«Аллаһты ұмытқан және сол себепті Аллаһ та оларға өздерін ұмыттырған адамдар сияқты болмаңдар! Міне, олар пасықтар» (Хашр сүресі, 19-аят).
   Әбу Абдұррахман әс-Сүләми уақытты зая кетірудің және дүниеден басқа уайымдары болмаған адамдармен қоян-қолтық болудың, нәпсінің ең үлкен айыбы екендігін айтып, оның дауасын былай түсіндіреді:
«Уақытты өмірдегі ең құнды нәрсе деп білу және аса құнды болған уақытты тағы сондай құнды істермен, яғни Аллаһты зікір ету, тұрақты құлшылық ету және ықыласты нәпсіге орнықтыруға тырысумен өткізу керек. Аллаһ Расулі саллаллаһу аләйһи уә сәлләм: «Адамның өзіне қатысы жоқ нәрселерді тәрк етуі мұсылмандығының тамаша болуынан» деген (Тирмизи, Зүһд 11).
   Уақыттың қадірін түсініп, оны жүрек сергектігімен бағалаудың міндеттілігін білдіретін хадис шәрифтерде былай делінеді:
  «Бес нәрсе келмес бұрын, бес нәрсенің қадірін біл:
Қарттықтан бұрын жастықтың, аурудан бұрын саулықтың, кедейліктен бұрын байлықтың, істен бұрын бос уақыттың және өлмей тұрып өмірдің (қадірін біл)!» (Хаким, Мүстәдрәк, ІҮ, 341; Бұхари, Риқақ 3; Тирмизи, Зүһд 25).
  
«Қиямет күні төрт нәрседен сұралмайынша, құлдың аяқтары орнынан қимылдамайды:
1. Өмірінен; оны қалай өткізді?
2. Жастығынан; оны қайда өткізді?
3. Дүние-мүлкінен; оны қайдан тапты және қайда жұмсады?
4. Білімінен; онымен не істеді?» (Тирмизи, Қиямет 1).
«Екі нығмет бар, адамдардың көбі бұл нығыметті қолдануда алданады:
Денсаулық және бос уақыт» (Бұхари, Риқақ 1).

Аллаһ Тағала берген барлық нығметтерінен ақыретте жауапқа тартатындығын көптеген аяттарда баяндаған. Ислам ғалымдары Аллаһтың есепке тартатын ең маңызды нығметтер турасында әр түрлі түсіндірген:
   Ибн Мәсғуд (радиаллаһу анһу) бұлардың «қауіпсіздік, денсаулық және бос уақыт» екендігін айтқан. Муауия бин Курра (рахматуллаһи аләйһи) де: «Қиямет күні ең ауыр есеп – бос уақыттың есебі» деген (Бұрсауи, Х, 504).
    Имам Ғазалидің уақыт ысырабына айтқан мына ескертуі өте ғибратты:
«Ұлым! Бүгін өлдім деп ойла. Өміріңде ғапылдықпен өткізген сәттеріңе қаншалықты өкінесің. Аһ, әттең дейсің. Бірақ, өтті-кетті!»

   Жүнейд Бағдади Хазірет былай дейді:
«Дүниенің бір күні – ақыреттің мың жылынан қайырлы. Өйткені, табыс пен шығын мәселесі осы дүниеге тиесілі. Ақыретте табыс не шығын жоқ».
Босқа өткен уақыт – орны толмас қасірет. Өйткені, өткенге тиесілі іс қағаздарының бәрі жабылған. Бірақ ысырап етілген уақыттың өкінішімен дұға, тәубе және истиғфарға бет бұрып, әр сәт Хаққа мінәжат халінде болу арқылы рухани тұрғыдан сол шығындардың орнын толтыру үшін тырысуымыз керек.
    Өмір арнасы өте жылдам ағып барады. Иләһи қалаумен шектелген фәни өміріміздің күндері бір кесені толтырған тамшылар сияқты. Күн өткен сайын шектеулі өміріміздің бітуіне қарай жылжып, дүниеден тағы бір күн алыстап, қабірге бір күн жақындап бара жатқандығымызды ұмытпауымыз керек. Ажал уақыты бізге беймәлім болғандықтан, сәт сайын Әзірейіл аләйһиссәләммен кездесу ықтималдығымызды есімізден шығармай, ақтық демімізге әзір болуымыз керек. Ақын Нәжіп Фазылдың сөзімен айтқанда: 
Сол демде перделер ашылып, перделер жабылады,
Әзірейілге «хош келдің» дей алудың өзі өнер!..
Ойласақ, болашағымыз сүйінші сияқты, қауіп-қатерге де толы. Өмір күнтізбемізден қанша парақтың қалғандығы белгісіз.

   Аллаһ Тағала аяттарда баяндағанындай, өлім келгенге дейін құлшылықта болуымызға және мұсылман болып жан тапсыруға жазсын. Ысыраптан алыс өмір сүріп, ішкі және сыртқы дүниемізде орта жолды ұстануды және берген «уақыт» нығметін жақсылықпен, ізгілікпен көріктендіруімізді барлығымызға нәсіп етсін!
Әмин…

Осман Нұри Топбаш
Исламтанушы ғалым
[1] Хижр сүресі, 99-аят.
[2] Әли Имран сүресі, 102-аят.
Категория: Мои файлы | Добавил: anonim02
Просмотров: 1681 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
маган катты унадыыыы
Спам
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]