Главная »
2011 »
Шілде »
19 » Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
13:33 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы |
2011 жылды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылы деп жариялау туралы
Тәуелсіздік пен мемлекеттілікті одан әрі нығайту, Қазақстан халқының
рухани-мәдени топтасуын, сабақтаса және ілгерілей дамуды қамтамасыз ету
мақсатында қаулы етемін:
1. 2011 жыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылы деп
жариялансын. Ол «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы» ұранымен
өткізілсін. 2. Қазақстан Республикасы
Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылын мерекелеуді өткізу жөніндегі
мемлекеттік комиссия (бұдан әрі – Мемлекеттік комиссия) құрылсын.
3. Қоса беріліп отырған:
1) Тәуелсіздіктің 20 жылдығын мерекелеудің тұжырымдамасы;
2) Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылын мерекелеуді өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары;
3) Мемлекеттік комиссия туралы ереже;
4) Мемлекеттік комиссияның құрамы бекітілсін.
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Просмотров: 728 |
Добавил: anonim02
| Рейтинг: 0.0/0 |
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[
Регистрация |
Вход ]