| Главная » Файлы » Білім және ғылым » Биология |
| 08.07.2011, 12:28 | |
Терінің құрылысы. Tepi үш қабаттан: сыртқы, ішкі жене шел қабатынан тұрады Терінің сыртқы қабаты эпителий ұлпасынан құралады. Ycтiңгi қабат өлі клеткалардан тұрады. Олар теріні қатты бөлшектердің, газдардың, сұйықтықтардың әсерінен сақтайды. Ескірген, өлі клетка орнына жаңа клеткалар ауысып келіп отырады. Бұл жаңа жас клеткаларда бояғыш заттар болады. Олар терінің түсін және организмді күн сәулесінен қорғайды. Адам организміндегі бояғыш заттар күн сәулесінің әсерінен пайда болады.
Терінің iшкi қабаты дәнекер ұлпасынан тұрады. Ол үстіңгі қабаттан әлдеқайда қалыңырақ болады және тepiгe серпімділік қасиет береді. Терінің бұл қабаты қан тамырларымен және жүйке талшықтарының таралған ұштарымен торланған. Мұнда май және тер шығаратын бездер шаштың түбінде болады. Тер бездері тер бөледі. Денеден тер бөлінгенде — адам салқынды сезеді. Бұл денені ысып кетуден сақтайды. Терідегі май бездері май бөледі. Tepi майы шашты және терінің үстін майлайды, теріге жұмсақтық және серпімділік қасиет береді. Шаш және тырнақ- бұлар терінің мүйізделген құрамы. Шаш денені жауып тұрады. Теріде шаштың түбi болады. Оның түбіне қан тамырлары, жүйке талшықтарының ұшы мен бұлшық ет талшықтары ұштасып жатады. Шаштың түсі ондағы бояғыш заттарға байланысты. Бояғыш заттардың ыдырауынан шаш ағарады. | |
| Просмотров: 3381 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 3.3/6 | |
| Всего комментариев: 0 | |