Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Ақпарат танымдық порталы

Жұма, 20.06.2025
Главная » Файлы » Білім және ғылым » Экономика, Қаржы, Бухгалтерлік іс, Банктік іс, Салық!

В категории материалов: 215
Показано материалов: 51-60
Страницы: « 1 2 ... 4 5 6 7 8 ... 21 22 »

Сортировать по: Күні
Есеп туралы
Енгізген: ERbol | күні: 12.07.2011

Жоспар

 1. Есеп саясаты туралы түсінік және оған қойылатын талаптар 3

 2. Есеп саясатының мазмұны 6

 3. Есеп саясатын дайындау 8

Есептеуіш техниканың даму тарихы туралы
Енгізген: ERbol | күні: 12.07.2011

Есептеуіш техниканың даму тарихы Ең алғашқы пайда болған есептеу құралы есепшот болып табылады. Кейбір деректерге сүйенсек,есепшоттың жасы 2000-5000 жылдар шамасында, ал пайда болған жері ертедегі Қытай немесе ертедегі Египет, тіпті ежелгі Греция болуы да мүмкін. Бұл санау құралын гректер мен Батыс-Еуропалықтар «абак» деп, қытайлықтар «суан-пан», жапондықтар «серобян» деп атаған. Бұл құралмен есептеулер оның шұңғыл тақтада орналасқан тастарын жылжыту арқылы жүргізілген. Тастар піл сүйегінен, түрлі түсті шынылардан, қоладан жасалды. Осындай есепшоттар қайта өркендеу дәуіріне дейін пайдаланылып келді. Оның жетілдірілген түрі осы күнге дейін қолданылып келеді. XVII ғасырдың басында шотландиялық математик Джон Непер логарифм түсінігін енгізді және логарифм кестесін жариялады. Ал 1761 жылы ағылшын Д.Робертсон жүгіртпесі бар навигациялық есептеулер жүргізуге арналған логарифм сызғышын жасады. Мұндай құрал жасау идеясын 1660 жылдары Исаак Ньютон ұсынған болатын. Соңғы кезге дейін логарифм сызғыштары инженерлердің бірден-бір есептеуіш құралы болып келді, бірақ өткен ғасырдың екінші жартысында пайда болған электронды калькуляторлар оларды қолданудан ығыстырды. 1642 жылы француз математигі Блез Паскаль он тоғыз жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасы деген атпен белгілі, жетектер мен дөңгелектерден тұратын механикалық есептеу машинасын құрастырды. Паскальдың машинасында көпорынды сандарды қосу мүмкін болды.

Еңбек нарығы туралы
Енгізген: ERbol | күні: 12.07.2011

Еңбек нарығы
 Еңбек нарығында бірнеше ерекшеліктер болады. Осында құратын элементтерге жұмысшы күшін иемденетін адамдар жатады. Бұларға психофизиялогиялық, әлуметтік, мәдени, діни, саяси және т.б. адамдық қасиеттер тән болады. Осы ерекшеліктер адамдардың мүдделеріне, мотивацияларына, еңбекке белсенділік дәрежесіне елеулі әсер етеді және еңбек нарығына, оның болмысына ықпал етеді. Өндірістік ресурстардың барлық түрлерінен еңбектің басты айырмашылығы еңбек адамның тіршілік әрекеттерінің формасы, оның өмірлік мақсаттары мен мүдделерін жүзеге асыру формасы. Еңбектің бағасы-ресурс бағасының жабайы бір түрі ғана емес, ол тірішілік дәрежесінің, әлуметтік мәртебенің, жұмыскердің, және оның отбасының аман-есендігінің бағасы, құны болып табылады. Сондықтан еңбек нарығы категориясын зерттеп талдағанда «адамгершілік» элементтер барын, олардың көлеңкесінде жанды жаны бар адамдар бар екенін естен шығармау қажет.

Еңбекақы туралы
Енгізген: ERbol | күні: 12.07.2011

Еңбек ұғымы тауар өндіруде және қызмет көрсетудегі барлық дене және адамдардың ақыл ой қаблеттілігін көрсетеді.
 Еңбекақы жөніндегі саясат кәсіпорында басқарудың құрамды бөлігі болып табылады және оның қызметінің тиімділігі оған елеулі ықпал етеді. Себебі, еңбекақы жұмыс күшін тиімді пайдаланудағы ынталандырудың маңыздысының бірі.
 Еңбекақы бұл жұмыскеге оның еңбегі үшін сапасына, санына және шығарған қажетті өнім көлеміне сәйкес берілетің төлем. Қалыпты жағдайда еңбекақы қажетті өнімнің құнына тең және оның ақшалай түрі болып табылады .
 Жұмыс күші бұл қызметкердің өміріне қажет және оның еңбек қаблетің қалпына келтіруге жәрдемдесетің заттардың жинақ құны.
 Еңбекақы төлеудің маңызы, түрлері және оларды ұйымдастыру.

Еңбекақы түрлері мен нысандары
Енгізген: ERbol | күні: 12.07.2011

Еңбекақының түрлері мен нысандары
 Жалпы жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелетін еңбекақы негізгі және қосымша деп аталатын екі түрге бөлінеді.
 Негізгі еңбек ақы - жұмысшылар мен қызметкерлердің нақтылы жұмыста болған уақытына, яғни олардың істеген жұмысына, атқаратын қызметіне төленеді. Негізгі еңбекақыға мына төмендегі аталғандар жатады:
 1. Мерзімді және кесімді еңбекақы.
 2. Сыйлықтар мен сыйақылар.
 3. Үстеме сыйлықтар.
 Қосымша еңбекақыға - еңбек заңына сәйкес шарттарда қаралып белгіленген, жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істемеген, қызмет атқармаған уақытына төленетін төлемдер жатады. Бұндай төлемдер қатарына:
 1. Жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек демалысы үшін төленетін төлемдер.
 2. Жұмысшылар мен қызметкерлердің мемлекеттік, қоғамдық жұмыстарды атқарғаны үшін төленетін төлемдер.
 3. Жас сәбилі аналарға берілетін демалысқа, баланы тамақтандыру үшін берілетін үзілістерге төленетін төлемдер.
 4. Жас өспірімдердің қысқартылған жұмыс уақытына төленетін төлемдер.
 5. Жұмысшылар мен қызметкерлердің кінәсіз жұмыстың тоқтап қалған уақытына төленетін төлемдер.
 6. Тегін көрсетілген немесе тегін берілетін қызметтер мен заттың құны.
 7. Жоғары немесе арнаулы оқу орындарында және басқа да мамандығын көрсету курсына жіберілген уақытына байланысты жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін төлемдері.
 8. Әскери жиындарға қатысқаны үшін сондай ақ демалыс күндері кезекшілік атқаратын адамдарға төленетін төлемдер және тағы да басқалар жатады.

ЖАЛПЫ ҰЛТТЫҚ ӨНІМ, ҚОР ЖӘНЕ АҒЫМ
Енгізген: ERbol | күні: 12.07.2011

Экономикалық көрсеткіштер экономикалық саясатта, экономикалық талдау және бағалау үшін жиі қолданылады. Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) азаматтар табыстарының жиынтығын және өндіріс тауарлары мен қызметтер үшін жұмсалған жалпы шығын көлемін сипаттайды.
 ЖҰӨ — экономика жағдайын сипаттайды, себебі адамдар аз табыстарға қарағанда үлкен табыстарды көбірек қалайды. Яғни өндіріс тауарлары мен көрсетілген қызмет көлемі жоғарылаған сайын, өзіндік қанағаттану дәрежесінің деңгейі, өңдірістік және мемлекеттік тұтыну деңгейі жоғары болады.
 Статистикалық деректер мемлекеттің экономика министрлігінің 3 айда бір есептеуі бойынша, экономикалық іс-әрекет нәтижесін бірыңғай көрсеткішпен беруге негізделген.
 ЖҰӨ-ді төмендегідей бөліктерге бөліп көрсетуге болады: Барлық экономикалық агенттер табысының жиынтығы. Өндіріс тауарлары мен көрсетілген қызметтердің жалпы шығын көлемі.
 Экономикалық көрсеткіштерді зерттеу кезінде, көбінесе қай санатқа жататындығын анықтау қажет болады — қор ма, әлде ағын ба, олардың арасында тәуелділік бар ма? Төменде біз келесі тарауларда оқитын бірнеше бір-бірімен байланысты қордағы ағын түрлері мысалдары көрсетілген: Тұтынушы заты — қор, оның табысы мен шығыны — ағын. Жұмыссыздар саны — қор, ал жұмысын жоғалтушылар саны — ағын. Мемлекетгік қарыз — қор, бюджет тапшылығы — ағын. Жоғарыда қарастырылған түсініктердің көпшілігі "ағын" түсінігіне жатады.

Жанама салықтар
Енгізген: ERbol | күні: 12.07.2011

Өзіме берілген жанама салықтар тақырыбы негізінде толықтыратын болсам, кіріспеде былай делінген:
 Жанама салықтар – бұл баға немесе тариыке үстеме түрінде белгіленген салық төлеушінің кірістері мен мүлкіне тікелей байланысты емес салықтар. Жанама салықтарға қосылған құн салығы және акциздер жатады. Қосылған құн салығы дегеніміз – тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өндіру және олардың айналысы процесінде қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аудару, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар импорты кезіндегі аударым.

Жеке табыс салығы 2008 жыл
Енгізген: ERbol | күні: 12.07.2011

КIРIСПЕ
 Салық өркениет үшiн төленетiн төлем. Оның қандай тұрiнен болмасын жалтаруға бермеу – бүгiнгi күннiң басты назарында. Салық салу мемлекеттiк реттеудiң маңызы тәсiлi ретiнде орын алып, оның әрекет етуiнiң тиiмдiлiгi әлеуметтiк және экономикалық саясаттың жетiстiктерiне әкеледi. Нарықтың экономикалы елдерде салықтар мемлекеттiк және муниципалдық табыстарды қалыптастыруда басты роль атқарады да, экономиканы басқаруды күштi стимулдық құралы болып келедi, әсiресе олар ғылыми-техникалық прогрестi жеделдетуге, антинфляциялық және құрылымдық саясатты жұзеге асыруды белсендi орын алады. Сондықтан да салықтарды төлеу төлеушiлер үшiн онша қызықты iс болып келмегенiмен јте қажеттi де маңызды iс болып табылады.

Жер салығы
Енгізген: ERbol | күні: 12.07.2011

КІРІСПЕ
 Жер саласында жиналған мәселелерді шешу, ауыл шаруашылығына инвестицияларды енгізу жағдайын құру мақсатында 2003 жылдың маусымында ел Президентінің Жарлығымен Жер Кодексі қабылданды. Оның қабылдануынан бастап алғаш рет жерге жеке меншік мәселелері мен онымен азаматтық құқықтық мәмілелер реттеліп жатқанын айтуға болады.
 Алайда, жерді жеке меншікке сату үрдісі оңай жұмыс емес және оны бір заңнамалық актімен шешуге болмайды. Жерге жеке меншік ауыл шаруашылығын тиімді енгізу шарты ретінде шешуші мәнге ие емес.
 Қазақстанның барлық азаматтарының жерге және оның қойнауына иелену құқығына конститутциялық теңдігінен шыға отырып, мемлекет елдің ұлттық, табиғи-климаттық және шаруашылық-тарихи жағдайын, әрбір қазақстандықтың мүддесін ескеретін жеке меншікті енгізудің механизмін өңдеуі керек.
 Қазақстан Республикасының салық жүйесі ғасырдың аяғында қалыптасты, 10 салықтан, 14 жиыннан және 10 төлемнен құралады. Қазақстан республикасында әрекет ететін салықтар, жиындар және басқа да міндетті төлемдер сәйкес бюджет кірістеріне Қазақстан Республикасының 2004 жылдың 24 сәуірінен бастап нақты Бюджет кодексі негізінде түседі.

Жер салығы ауыл шаруашылығында
Енгізген: ERbol | күні: 12.07.2011

Қазақстан республикасы егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғанына да, міне он бес жылдың жүзі болды. Осы кезең аралығында салық жүйесіне көптеген өзгерістер енгізілді.Оның бастысын атап айтатын болсақ 12.06.2001 жылы 12 маусымда Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі қабылданып, ол 2002 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілді.
 Қазақстан Респубикасының Салық кодексін қабылдаудағы ең негізгі ерекшеліктері және қол жеткізген жетістіктеріміз ретінде салықтарды бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден ажырата отырып, оны «ерекше тауар» түрінде қарастырылғанын атап өтуге болады.
 Қазақстан республикасы Конституциясының 35-бабында, заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің барынша әрі міндеті болып табылады деп көрсетілген.