Главная » Файлы » Білім және ғылым » Экономика, Қаржы, Бухгалтерлік іс, Банктік іс, Салық! |
Қазақстан Республикасының салық қызметін ұйымдастыру
10.07.2011, 01:12 | |
оқу бағдарламасы ( SYLLABUS) 1. Оқытушы туралы мәлімет Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті «Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы: Дулатбекова Жанар Абдираевна . Қызметтік сымтетігі: 51-29, 801 кабинет. 2. Қазақстан Республикасы салық қызметін ұйымдастыру – 3 кредит 3. Оқу пәндерінің деректемелері (пререквизиты и постреквизиты) Преквезиттер Экономикалық теория 161 беттік жұмыс Макроэкономика Бухгалтерлік есеп Қаржы Салық салу 4 Пәннің қысқаша сипаттамасы: Курстың пәні Қазақстан Республикасының салықтың пайда болу тарихынан бастап, қызметі мен салық саясатының экономикалық мағынасы мен қажеттілігін; нарықтық қатынастар жағдайындағы салық салу, салық жүйесінің механизімін; салық салу принциптері мен салық қызметін; Қазақстан Республикасының Салық заңдарын; салық қызметі органдарының жұмысын ұйымдастыруды; салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем түрлерін, оларды есептеу тәртібі және төлеу мерзімін оқытуды қарастырады. Курстың міндеттері: 1. салықтың мәні мен атқаратын қызметтерін, салық салу қағидаларын білу; 2. салық жүйесі мен салық салу элементтері бойынша барлық заңдылықтарды білу, 3. арнаулы салық режимдері бойынша салық салу ерекшеліктерін білу; 4. ҚР салық комитетінің құрылымы мен қызметін, құқықтарын оқып үйрену Оқу тәртібінің саясаты. - ағымдық бақылау бойынша ең төменгі рейтингі – 10 бал; - ағымдық бақылау бойынша ең төменгі рейтингі –20 бал; - 45 СОӨЖ үшін бағалау ағымдық бақылау бойынша бағалаудан (27 % ағымдық бақылаудан), 15 үй тапсырмасы бойынша бағалау (23 % ағымдық бақылаудан), семинар сабақтарын талқылауға қатысу және реферат жазу (14 % ағымдық бақылау бағасынан), тест 1 (16 % ағымдық бақылау бағасынан), тест 2 (20 % ағымдық бақылау бағасынан); - аралық бақылау бойынша ең төменгі рейтингі – 15 бал. - аралық бақылау бойынша бағасы бақылау жұмысы бойынша алған бағаларынан құралады. - қорытынды бақылауға жіберілетін рейтингі аралық және ағымдық бақылау бойынша алған балдарынан құралады. Ең төменгі рейтингі -25 бал, жоғарғы -50 бал; - қорытынды бақылау бойынша ең төменгі рейтингі -25 бал; - қорытынды бақылау бойынша ең төменгі рейтингі -50 бал; - қорытынды бақылау бағасы емтихан бағасына қойылады; - СОӨЖ бойынша барлық тапсырмалар жазбаша түрде орындалады; - уақыты бойынша тапсырылған СОӨЖ-лер ғана бағаланады; - үй тапсырмаларының барлығы жазбаша орындалады; - тек белрілген уақыты бойынша тапсырылған үй тапсырмалары ғана бағаланады; - барлық рефераттар мен ақпараттық хабарламалар және тапсырмалар жазбаша орындалады; - тек берілген уақыт бойынша тапсырылған тапсырмалар ғана бағаланады; - СОӨЖ –ге сәйкес ақпараттық тапсырмаларды, рефераттарды талқылау және тыңдау орындалады; - лекция, семинар және СОӨЖ бойынша қатыспаулар, СОӨЖ және үй тапсырмаларын уақытылы тапсырмау ағымдық бақылаудың сәйкесінше қорытынды бақылаудың бағаларының төмендеуіне әсер етеді. Оқытылатын пән бойынша глоссарий 1) қайырымдылық көмек - жеке тұлғаларға әлеуметтiк қолдау көрсету мақсатында, коммерциялық ұйымдарға, сондай-ақ қызметiн әлеуметтiк салада жүзеге асыратын ұйымдарға олардың жарғылық қызметiн қолдау мақсатында өтеусiз негiзде берiлетiн мүлiк; 2) сыйақы - кредиттер үшiн; қаржы лизингi бойынша Қазақстан Республикасының қаржы лизингiнiң мәселелерiн реттейтiн заң актiлерiне сәйкес сыйақы түрiнде берiлген (алынған) мүлiк үшiн; салымдар (депозиттер) бойынша; жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша; жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша; борыштық бағалы қағаздар бойынша төлемдер - дисконт не купон (бастапқы орналастыру құнынан және (немесе) сатып алу құнынан дисконтты не сыйлықақыны ескере отырып); вексель бойынша төлемдер; 3) ұтыстар - конкурстарда, жарыстарда (олимпиадаларда), фестивальдарда, лотереялар бойынша, салымдар мен борыштық бағалы қағаздар бойынша ойындарды қоса, ұтыс ойындары бойынша салық төлеушiлер алатын заттай және ақшалай түрдегi табыстардың кез келген түрлерi, сондай-ақ құмар ойында және (немесе) бәс тігуде алынатын мүліктік пайда түріндегі табыстар; 4) грант - мемлекеттер, мемлекеттердiң үкiметтерi, халықаралық және мемлекеттiк ұйымдар, қызметi қайырымдылық және халықаралық сипатта болатын және Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келмейтiн, мемлекеттiк органдардың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тiзбеге енгiзiлген шетелдiк үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдар мен қорлар - Қазақстан Республикасына, Қазақстан Республикасының Үкiметiне, заңды тұлғаларға, сондай-ақ жеке адамдарға; шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар - Қазақстан Республикасына және Қазақстан Республикасының Үкiметiне белгiлi бiр мақсаттарға (мiндеттерге) жету үшiн өтеусiз негiзде беретiн мүлiк; 5) iзгілік көмек - халықтың өмiрi мен тұрмыс жағдайларын жақсарту үшiн, сондай-ақ әскери, экологиялық, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою үшiн шет елдерден және халықаралық ұйымдардан жiберiлген азық-түлiк, халық тұтынатын тауарлар, техника, құрал-жарақтар, жабдықтар, медициналық құралдар және дәрi-дәрмектер, өзге де заттар түрiнде Қазақстан Республикасына өтеусiз берiлетiн, Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттi ұйымдар арқылы бөлетiн мүлiк; 6) дивидендтер - акциялар бойынша төленуге тиiстi табыс; қордың басқарушы компаниясы пайларды сатып алған кезде пайлар бойынша табыстарды қоспағанда, пайлық инвестициялық қордың пайлары бойынша төленуге тиiстi табыс; заңды тұлға өз құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетiн таза табыстың бiр бөлiгi; заңды тұлғаны тарату кезiнде, сондай-ақ құрылтайшының, қатысушының заңды тұлғаға қатысу үлесiн алып қойған кезде, құрылтайшының, қатысушының жарғылық капиталға салым ретiнде енгiзген мүлкiн қоспағанда, мүлiктi бөлуден түсетiн табыстар; 7) борыштық бағалы қағаздар бойынша дисконт - борыштық бағалы қағаздардың номиналдық құны мен бастапқы орналастырылу (купон есепке алынбаған) құны немесе оларды сатып алу (купон есепке алынбаған) құны арасындағы айырма; 8) борыштық бағалы қағаздар - заем қатынастарын куәландыратын қаржы құралдары. Борыштық бағалы қағаздарға мемлекеттiк бағалы қағаздар, облигациялар және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес борыштық бағалы қағаздар деп танылған басқа да бағалы қағаздар жатады; 9) қатысу үлесi - жеке және заңды тұлғалардың бiрлесiп құратын ұйымдарға, консорциумдарға, акционерлiк қоғамдарды және инвестициялық пай қорларын қоспағанда, мүлкiмен қатысу үлесi; 10) басқа да мiндеттi төлемдер - бюджетке белгiлi бiр мөлшерде жүргiзiлетiн мiндеттi ақша аударымдары (алымдар, баждар, төлемақылар мен төлемдер); 11) жеке кәсiпкер - заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметiн жүзеге асыратын резидент немесе резидент емес жеке тұлға; 12) инжинирингтiк қызметтер көрсету - инженерлiк-консультациялық қызметтер көрсету, зерттеу, жобалау-конструкторлық, есептеу-талдау сипатындағы жұмыстар, жобалардың техникалық-экономикалық негiздемелерiн даярлау, өндiрiстi ұйымдастыру және басқару, өнімдердi сату саласындағы ұсынымдарды әзiрлеу; 13) борыштық бағалы қағаздар бойынша купон (бұдан әрі - купон) - эмитенттiң шығарылым шарттарына сәйкес борыштық бағалы қағаздардың номиналдық құнынан тыс төлейтiн (төлеуге тиiс) сомасы; 14) тұлға - жеке тұлға және заңды тұлға; жеке тұлға - Қазақстан Республикасының азаматы, шет мемлекеттің азаматы, азаматтығы жоқ адам; заңды тұлға - Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттiң заңдарына сәйкес құрылған ұйым (шетелдiк заңды тұлға). Шет мемлекеттің заңдарына сәйкес құрылған компания, ұйым немесе басқа да корпорациялық құралым осы Кодекстiң мақсаттары үшiн олар құрылған шет мемлекеттің заңды тұлғасы мәртебесiне ие ме, жоқ па - оған қарамастан дербес заңды тұлғалар ретiнде қарастырылады; 15) есептеу әдiсi - салық есебiнің әдiсi, оған сәйкес табыстар мен шығыстарды төлеу уақытына қарамастан жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарларды өткiзу және мүлікті кірiске алу мақсатымен тиеп жiберу кезiнен бастап есептеледi; 16) салықтар - мемлекет бiржақты тәртiппен заң жүзiнде белгiлеген, белгiлi бiр мөлшерде жүргiзетiн, қайтарымсыз және өтеусiз сипатта болатын бюджетке төленетiн мiндеттi ақшалай төлемдер; 17) салық берешегi - бересi сомасы, сондай-ақ өсiмпұлдар мен айыппұлдардың төленбеген сомалары; 18) салық төлеушi - салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеушi болып табылатын тұлға; 19) салық агентi - осы Кодекске сәйкес төлем көзiнен ұсталатын салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөнiндегi мiндет жүктелген жеке кәсiпкер, жеке нотариус, адвокат, заңды тұлға, оның iшiнде Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме, филиал, өкiлдiк арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға; 20) салық режимi - осы Кодексте белгiленген салықтарды және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу жөнiндегi барлық салық мiндеттемелерiн есептеу кезiнде салық төлеушi қолданатын салық заңдары нормаларының жиынтығы; 21) бересi - есептелген және мерзiмiнде төленбеген салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомалары; 22) жер қойнауын пайдаланушылар - Қазақстан Республикасының аумағында, мұнай операцияларын қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды Қазақстан Республикасының заң актілерiне сәйкес жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар; 23) негiзгi құралдар - өндiрiсте пайдалануға, тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) беруге, жалға беруге және (немесе) әкiмшiлiк мақсаттарға арналған, қызмет ету мерзiмi бiр жылдан астам материалдық активтер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасында және халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарында айқындалған инвестициялық жылжымайтын мүлiк; 24) борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйлықақы - шығарылым шарттары бойынша купон төлеу көзделетiн борыштық бағалы қағаздардың бастапқы орналастыру (купон есепке алынбаған) құны немесе сатып алу (купон есепке алынбаған) құны мен номиналдық құнының арасындағы айырма; 25) туынды бағалы қағаздар - осы туынды бағалы қағаздардың базалық активiне қатысты құқықты куәландыратын бағалы қағаздар. Туынды бағалы қағаздарға опциондар, своптар, форвардтар, фьючерстер, депозитарийлiк қолхаттар, варранттар және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес туынды бағалы қағаздар деп танылған басқа да бағалы қағаздар жатады. Тауарлардың стандартталған партиялары, бағалы қағаздар, валюта және қаржы құралдары базалық активтер болуы мүмкiн; 26) қызметкер - жұмыс берушiмен еңбек қатынастарында тұратын және жеке еңбек (ұжымдық) шарты бойынша тiкелей жұмыс атқаратын жеке адам; мемлекеттiк қызметшiлердi қоспағанда, акционерлiк қоғамның директорлар кеңесiнiң мүшесi; 27) өткiзу - сату, айырбастау, өтеусiз беру мақсатында тауарларды тиеп жiберу, жұмыстарды орындау және қызметтер ұсыну, сондай-ақ кепiлге берiлген тауарларды кепiл ұстаушыға беру; 28) роялти - мыналар үшiн: пайдалы қазбаларды өндiру және техногендiк құралымдарды қайта өңдеу процесінде жер қойнауын пайдалану құқығы үшін; авторлық құқықтарды, бағдарламалық қамтамасыз етудi, патенттердi, сызбаларды немесе модельдердi, тауар белгiлерiн немесе басқа да осыған ұқсас құқық түрлерiн пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшiн; өнеркәсiп, сауда немесе ғылыми-зерттеу жабдықтарын пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшiн; "ноу-хауды" пайдаланғаны үшiн; кинофильмдердi, бейнефильмдердi, дыбыс жазу немесе өзге де жазу құралдарын пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшiн төленетiн төлем. Бербоут-чартер немесе димайз-чартер шарттары бойынша жалға алынатын теңiз және әуе кемелерi өнеркәсiптiк жабдыққа жатады; 29) валюта айырбастаудың нарықтық бағамы - қазақстандық қор биржасының негiзгі сессиясында қалыптасқан және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiмен бiрлесiп белгiлеген тәртiппен анықталған теңгенiң шетел валютасына орташа салыстырылған биржалық бағамы; теңгенiң қазақстандық қор биржасында сауда-саттық жүргiзiлмейтiн шетел валютасына бағамы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесiп белгiлейтiн тәртiппен кросс-бағамдар пайдаланыла отырып есептеледi; 30) арнаулы салық режимi - салық төлеушiлердің жекелеген санаттары үшiн белгiленетiн және жекелеген салық түрлерiн есептеу мен төлеудiң және жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн ақы төлеудiң, сондай-ақ олар бойынша салық есептiлiгiн берудiң оңайлатылған тәртiбiн қолдануды көздейтiн бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртiбi; 31) демеушiлiк көмек - осы көмектi көрсететiн тұлға туралы ақпаратты тарату мақсатында өтeуciз негiзде: жеке тұлғаларға жарыстарға, конкурстарға, көрмелерге, байқауларға қатысу үшiн және шығармашылық, ғылыми, ғылыми-техникалық, өнертабыс қызметтерiн дамыту, бiлiм және спорт шеберлiгi деңгейiн арттыру үшiн қаржылық (әлеуметтiктен басқа) қолдау түрiнде; коммерциялық емес ұйымдарға өздерiнiң жарғылық мақсаттарын iске асыру үшiн берiлетiн мүлiк; 32) заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесi - филиал, өкiлдiк; 33) сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасы - тауар сыныптамасының тауарларды сипаттау мен олардың кодын белгiлеудiң үйлестiрiлген жүйесiне негiзделген кодтары жүйесi; 34) уәкiлеттi мемлекеттiк орган - мемлекет алдындағы салық мiндеттемелерiнiң орындалуына салық бақылауын қамтамасыз ететiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы; 35) уәкiлеттi органдар - бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдердi есептеудi және (немесе) жинауды жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Yкiметi уәкiлеттiк берген салық органдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары; 36) ақпараттарды өңдеу жөнiндегi қызметтер көрсету - ақпараттық массивтердi жинау мен қорытуды, жүйеге келтiрудi жүзеге асыру және осы ақпаратты өңдеу нәтижелерін пайдаланушының иеленуiне беру жөнiндегi қызметтер; 37) салық төлеушiнiң электрондық құжаты - белгiленген электрондық форматта берiлген, ол қабылданып және бiрдейлiгi расталғаннан кейiн салық төлеушiнiң электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат; 38) салық төлеушiнiң электрондық цифрлық қолтаңбасы - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарынан жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның салық төлеушiге тиесiлiгiн және мазмұнының өзгермейтiнiн растайтын электрондық цифрлық нышандардың реттiлiгi; 39) бағалы қағаздар - акциялар, борыштық бағалы қағаздар, туынды бағалы қағаздар және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағалы қағаздар деп танылған мүлiктiк құқықтың өзге де объектiлерi. 40) салық салынатын табыс – жылдық жиынтық табыс пен заңға сәйкес алынатын шегерістердің айырмасы. 41)салық төлеуші (субъект)- салықты бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі заңды міндеті бар тұлға. 42) салық объектісі- заң жүзінде негізделген салық салуға негіз болатын табыс, мүлік, қызмет көрсету, ақшалай операциялар және т.б. көпстеген тауарлы-материалдық игіліктер. 43) салық көзі – салық салынатын табыс. Салық салынатын табыс жылдық жиынтық табыс пен шегерімдердің айырмасы ретінде анықталады. 44) салық ставкасы- бір өлшем бірлігінен алынатын салық мөлшері. Ставкалар тұрақты немесе пайыз нысанында беріледі. Пайыздық салық ставкалары прогрессивтік, регрессивтік, пропорционалдық болып бөлінеді. 45) прогрессивтік ставкалар – салық сланытаны табыстың өсуіне сәйкес ұлғайып отырады. 46) пропорционалды ставкалар- салық салынатын табыстың мөлшеріне байланыссыз тұрақты пайызбен тағайындалады. 47) регрессивті салық ставкасы- салық салынатын табыс мөлшерінің өсуіне қарай салық ставкасының төмендеуі. 48) тұрақты салық ставкасы - салық объектісінің көлемінен тәуелсіз бірінғай сома түрінде белгіленеді. 49) салық өлшем бірлігі- есептеу үшін берілген салық объектісінің өлшем бірлігі. 50) салық оклады – салық төлеушінің белгілі бір объектісінен төлейтін салық сомасы. 51) салық жеңілдіктері – заңға сәйкес салық төлеушіні біртіндеп немесе салық төлеуден түгел босату. Салық жеңілдіктеріне салықтан толық босатылатын, салық салынбайтын минимум, шегерістер, салық ставкасын төмендет, салық төлеу мерзімін ұзарту т.б. жатады. 52) салықты төлеу мерзімі – салықтыр мен басқа да міндетті төлемдердің бюджетке төлену уақыты Кәсіпкерлік қызметтен шегетін залалдарды, сондай-ақ салық төлеушінің кәсіпкерлік қызметінде пайдаланылған үймереттерді, құрылыстарды ғимараттарды өткізуден шеккен залалдарды кейінгі салық кезеңдерінің салық салынатын табыс есебінен өтеу үшін үш жылға дейнгі мерзімге (үшінші жылы қоса есептеліп) ауыстыруға рұқсат етілген. Жер қойнауын пайдалану келісімшарттары бойынша жүзеге асыралатын қызметке байланысты туындайтын залалдар жеті жылға дейінгі мерзімге (жетінші жылы қоса есептеліп), ауыстырылады. Бұл жайдайда табыс залалдардың сомасына азайтылады және, тиісінше, төленетін салық азайады. Табыс салығының мөлшерлемесі 30 пайыз болып белгіленген. Негізгі өндіріс құралы жер болып табылатын салық төлеушінің салық салынатын табысына 10 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық салынады. Төлем көзінен салық салынатын табыстар – дивидендтер, депозиттер бойынша сыйақы, ұтыстар, заңи тұлғалар төленетін сыйақы, эмитент борыштық бағалы қағаздар бойынша шығару шарттарына сәйкес төлейтін купон түріндегі сыйақы 15 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық салуға жатады. Бейрезиденттердің Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемеге байланысты емес көздерден алатын табыстарының төлем көзіне мынадай мөлшерлемелер бойынша салық салынуға тиіс: 1) дивидендтер, қатысу үлесінен түскен табыстар және сыйақылар – 15%; 2) тәуекелдерді сақтандыру шарттары бойынша төленетін сақтық сыйлықақылары – 10% 3) тәуекелдерді қайта сақтандыру шарттары бойынша төленетін сақтық сыйлықақылар - 5% 4) халықаралық тасымалдарда көлік қызметтерін көрсетуден түскен табыстар – 5% 5) жоғарыда 1)-4) тармақшаларда көрсетілегін табыстарды қоспағанда, бейрезиденттердің Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатын табыстар – 20% Бюджетке төленнуге тиісті корпорациялық табыс салығының сомасын айқындау кезінде Салық кодексінің 125-бабына сәйкес есептелген корпорациялық табыс салығының сомасы жүз процентке азайтылады. Осындай тәртіпті мұнай-химия өнеркәсібіндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар (заңда көзделген талаптарды сақтаған кезде) мемлекеттік қабылдау комиссиялары өндірістік мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдаған күннен бастап бес жыл бойы қолданады. Салық сомасын азайту Салық кодексінің 126-бабына сәйкес айқындалатын корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдердің сомаларын есептеу кезінде де қолданады. Корпорациялық табыс салғының төлеу тәсілдері мен Мерзімі Салық кодесінің тиісті қағидаларына сәйкес қатаң сақталынады. Корпорациялық табыс салығы бойынша салықтық міндеттемені орындау мына келесідей жолдарды пайдалану, яғни: 1) Мемлекеттің қаржылық мүддесін қамтамасыз етуді көздейтін салық агенттерінің көмегімен тиісті салық сомасын табысты төлеу көзінде ұстап қалу; 2) Салық төлеушінің өзіне тиесілі салық сомасын біржақты – ерікті түрде өзі табыстаған декларациясы негізінде төлеі арқылы жүзеге асырылады. Корпорациялық табыс салығының ставкасы. Қазақстан Республикасындағы қызметтерін тұрақты мекемесі арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның таза табысына 15 процент ставка мөлшерінде салық салынады. Бұл ретте айта кететін басты жәйт, резидент емес заңды тұлға өзінің тұрақты мекемесі арқылы жүзеге асырған қызметтеріне орай тапқан табыстары бойынша бірінші кезекте салық салынатын табысынан 30 проценттік ставка (егер негізгі өндіріс құралы ретінде жерлерді пайдаланса салық салынатын табысынан 10 проценттік ставка) көлемінде салық төлеуге мәжбүр болады. Ал 15 проценттік ставка есептелгнен корпорациялық табыс салығының (30 немесе 10 проценттік ставкалар бойынша) сомасы алынып тасталған таза (яғни салық салынатын ) табысқа белгіленеді. Салық төлеушілер корпорациялық табыс салығын төлеуді – Салық кодексінің тиісті бабында белгіленген тәртіпке сәйкес салық кезеңі ішінде аванстық төлемдерді енгізу жолымен жүзеге асырады және сол төленілетін аванстық төлем сомаларын салық кезеңі ішінде тең үлестермен төлейді. Салықтық кезеңі ішінде төленетін корпорациялық табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларын салық төлеуші ағымдағы салық кезеңі үшін корпорациялық табыс салғының болжамды сомасын негізге ала отырып, бірақ егер осы бапта өзгеше көзделмесе, өткен салық кезеңі үшін аванстық төлемдер сомаларының есебіндегі аванстық төлемдердің орташа айлық есептелген сомаларынан кем емес етіп есептеп шығарады. Өткен салық кезеңі үшін корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияда Корпорациялық табыс салығына қосымша, бейрезидент-заңи тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырылған қызметінен алынған таза табысына 15 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық салынады. Таза табыс деп есептелген корпорациялық таза табыс салығының сомасы алып тасталған салық салынатын табысты айтады. Салық төлеушілері корпорациялық табыс сағын төлеуді өзінің тұрып жатқан орын бойынша жүзеге асырады және бұл салық бойынша аванстық төлемдерді бюджетке салық кезеңі ішінде белгілі мөлшерде ағымдағы айдың 20-сынан кешіктірмей ай сайын төлеп тұруға міндетті. Салық кезеңі ішінде енгізілген аванстық төлемдердің сомасы салық кезеңі үшін корпорациялық табыс салығы жөніндегі мағлұмдама бойынша есептеп шығарылған оны төлеу есебіне жатқызылады. Жеке табыс салығы Салық субъектісі салық салу объектiлерi бар жеке тұлғалар жеке табыс салығыңын төлеушiлер (бөлiм бойынша бұдан әрi - салық төлеушiлер) болып табылады. Резидент емес жеке тұлғаларға салық салу ерекшелiктерi Резидент емес жеке тулғалар белгiленген жағдайларды қоспағанда, жеке табыс салығы бойынша салықты есептеп, төлейдi және жеке табыс салығы бойынша салық декларациясын табыс етедi. Салық салу объектiлерi Жеке табыс салығы салынатын объектiлер мыналар: 1) төлем көзiнен салық салынатын табыстар; • қызметкерлердің табысы • біржолғы төлемдерден алынған табыс • жинақтаушы зейнетақы қорларының берілетін зейнетақы төлемдері • дивиденттер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс • стипендиялар • жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыс жатады. 2) төлем көзiнен салық салынбайтын табыстар. • мүліктік табыс • жеке кәсіпкердің салық салынатын табысы • адвокаттар мен жеке нотариустардың табысы • өзге де табыстар жатады Салық салынуға жатпайтын табыстар Жеке тұлғалар табыстарының мынадай түрлерiне салық салынуға тиiс емес: 1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен төленетiн атаулы әлеуметтiк көмек, жәрдемақылар мен өтемдер; 2) балаларға және асырауындағы адамдарға алынған алименттер; 3) жеке тұлғалар өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өтеу (жоғалтқан жалақысына қатысты өтеуден басқа); 4) жеке тұлғалардың қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның лицензиялары бар банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы салымдары бойынша оларға төленетiн сыйақылар және борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақы; 4-1) Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының арнайы сауда алаңында сатып алынған борыштық бағалы қағаздар бойынша дивидендтер, сыйақылар; 5) мемлекеттiк бағалы қағаздармен және агенттiк облигациялармен жасалған операциялардан түскен табыстар; 5-1) пайлық инвестициялық қорлардың пайлары және акционерлiк инвестициялық қорлардың акциялары бойынша дивидендтер, сондай-ақ пайлық инвестициялық қорды басқарушы компания оларды сатып алған кездегi осы қордың пайлары бойынша табыстар; 5-2) таза табысты бөлу кезiнде алынған және әрбiр құрылтайшының, қатысушының қатысу үлесiн сақтай отырып, резидент заңды тұлғаның жарғылық капиталын ұлғайтуға бағытталған табыс; 6) әскери қызмет мiндеттерiн атқарған кезде әскери қызметшiлерге, белгiленген тәртiппен арнайы атақ берiлген, оны қызметтiк мiндеттерiн атқаруына байланысты алған iшкi iстер органдарының, қаржы полициясының қылмыстық-атқару жүйесi органдары мен мекемелерiн және мемлекеттiк өртке қарсы қызметтiң қызметкерлерiне берiлетiн төлемдердiң барлық түрі; 7) лотерея бойынша 5 айлық есептiк көрсеткiш шегiндегi ұтыстар; 8) тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заң актiсiнде белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiнде мемлекеттiк бюджет және гранттар қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын қоғамдық жұмыстарды орындауға және кәсiби оқуларға байланысты төлемдер; 9) гранттар қаражаты есебiнен төленетiн төлемдер (еңбекақы түрiндегi төлемдерден басқа); 10) тұрақты жұмысы жолда өтетiн немесе жүрiп-тұру сипатында болатын не қызмет көрсететiн учаскелер шегiнде қызмет бабындағы сапарлармен байланысты жағдайларда Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде төленетiн төлемдер; 11) экологиялық апат немесе ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төленетiн төлемдер; 12) ұлы Отан соғысына қатысушылардың және оларға теңестiрiлетiн адамдардың, I және II топтағы мүгедектердiң, сондай-ақ бала кезiнен мүгедек адамның ата-аналарының бiреуiнiң табыстары; III топтағы мүгедектердің бiр жыл iшiндегi - айлық есептiк көрсеткiштің 240 еселенген шегiндегi табысы; 13) өткізілетін күні листингтің ең жоғары және ең жоғарыдан кейінгі санаттары бойынша қор биржасының ресми тізімдерінде тұрған акциялар мен облигацияларды қор биржасында ашық сауда-саттық әдісімен өткізу кезіндегі құн өсiмiнен алынатын табысы; 13-1) олармен азаматтық-қўқықтық мәмiлелер Алматы қаласы өңiрлік қаржы орталығының арнайы сауда аланында жасалған жағдайда осы сауда аланына жiберілген бағалы қағаздарды өткiзу кезiндегi қүн өсiмiнен түсетiн табыс; 14) мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен төленетiн бiржолғы төлемдер (еңбекақы түрiндегi төлемдерден басқа); 15) салық жылы iшiнде медициналық қызмет көрсетулердiң (косметологиялық қызмет көрсетулерден басқа) ақысын төлеу үшiн, бала туған кезде, жерлеу үшiн берiлетiн, құжатпен расталған, айлық есептiк көрсеткiштің 70 еселенген шегiндегi төлемдер; 16) қызметтiк iссапарлар кезiнде белгiленген мөлшерде төленетiн өтемдер; 17) қызметкер ұйымымен бiрге басқа жерге жұмысқа ауысқан не көшкен кездегi жол жүруi, мүлкiн көшiруi, үй-жай жалдауы бойынша құжатпен расталған шығындардың өтемдерi; 18) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын дипломатиялық немесе консулдық қызметкерлердiң ресми табыстары; 19) шет мемлекеттiң мемлекеттiк қызметiнде жүрген шетелдiк жеке тұлғалардың сол елде салық салынуға тиiс ресми табыстары; 20) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын және Қазақстан Республикасының шет елдердегi дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктерiнде қызметте жүрген жеке тұлғалардың мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен шетелдiк валютамен төленетiн ресми табыстары; 21) Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан берiлетiн зейнетақы төлемдерi; 22-1) жұмыс берушiнiң жиынтық жылдық табысты алуға байланысты емес және шегерiмдерге жатқызылмайтын, нақты жеке тұлғалардың табысы болып табылмайтын шығыстары; 23) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде дала жағдайында геологиялық-барлау, топографиялық-геодезиялық және iздестiру жұмыстарымен шұғылданатын қызметкерлердiң далалық жабдықталым ақшасы; 24) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде республикалық бюджет қаражаты есебiнен төленетiн тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша сыйлықақылар (мемлекеттiң сыйлықақылары); 25) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмыс берушiнiң қызметкерлердi өздерiнің өндiрiстiк қызметiне байланысты мамандық бойынша оқытуға және бiлiктiлiгiн арттыруға бағытталған шығыстары; 25-1оқытуға арналған шығыстар; 26) жұмыс берушінің вахталық әдiспен жұмыс iстейтiн адамдарға өндiрiс объектiсiнде болу кезеңiнде жұмыстарды орындауы мен ауысымаралық демалысы үїшiн жағдай жасай отырып, олардың тұрмыс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету үшiн тұрғын үй жалдауына және осы Кодекстiң 93-бабына сәйкес белгiленген тәулiкақы шегiнде тамақтануға арналған шығыстары; қызметкерлердi жұмыс орнына дейiн және керi қарай жеткiзуге байланысты шығыстар; 26-1) Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдер; 27) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мөлшерде, жүктi болғанда және босанғанда берiлетiн әлеуметтiк жәрдемақылар, сондай-ақ ұл бала немесе қыз бала асырап алған әйелдерге (еркектерге) берiлетiн әлеуметтiк жәрдемақылар; 28) бiлiм беру ұйымдарында оқитындарға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мемлекеттiк стипендияларға арналған мөлшерде төленетiн стипендиялар; 29) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген нормалар бойынша берiлген арнаулы киiмнiң, арнаулы аяқ киiмнiң, басқа да жеке қорғану және алғашқы медициналық көмек құралдарының, сабынның, зарарсыздандыру құралдарының, сүт немесе құндылығы соған тең басқа да емдеу-профилактикаға арналған азық-түлiк өнiмдерiнiң құны; 30) өздерiнiң қызметiн жүзеге асыру мақсатында жеке кәсiпкер, жеке нотариус, адвокат алған мүлiктi, сондай-ақ заңдарда белгiленген тәртiппен мұраға қалдырылатын зейнетақы жинақтарынан жинақтаушы зейнетақы қорлары жүзеге асыратын зейнетақы төлемдерiн қоспағанда, жеке тұлға басқа жеке тұлғадан сыйға немесе мұраға алған мүліктің құны; 31) iзгiлiк, қайырымдылық және демеушiлiк көмек түрiнде алынған мүлiктiң құны; 31-1) он алты жасқа толмаған балалар үшiн балалар лагерiне жолдамалардың құны; 32) еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн орындау кезiнде қызметкердiң өмiрiне және денсаулығына зиян келтiргенi їшiн жұмыс берушiнің жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдерi; 33) сақтандырудың кез келген түрi кезiнде төленетiн, шарттың қолданылу кезеңiнде басталған сақтандыру оқиғасына байланысты сақтандыру төлемдерiнiң сомалары; 34) Өз қызметкерлерiн мiндеттi және (немесе) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша жұмыс берушi төлейтiн сақтандыру сыйлық ақыларының сомалары; 35) төлем көзiнен салық ұсталғандығын растайтын құжаттар болған жағдайда, бұрын төлем көзiнен салық салынған дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар сомалары; 36) материалдық нұқсанның орнын толтырудың сот шешiмi бойынша тағайындалған сомалары; 37) жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша жасасқан сақтандыру сыйлықақыларын (аннуитет) төлеу үшiн өмiрдi сақтандыру жөнiнде сақтандыру ұйымдарына жiберген зейнетақы жинағының сомалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен сақтандыру ұйымдарына бағытталған, зейнетақы аннуитетінің шарттары бойынша сатып алу сомалары; 38) сақтандырылушы қайтыс болған жағдайда жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша жүзеге асырылатын сақтандыру төлемдерi. 39) жинақтаушы зейнетақы қорларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мүлшердегi ерiктi кәсiби зейнетақы жарналары. Салық көзі 1. Резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемемен байланысты емес табыстарына белгiленген ставкалар бойынша шегерiмдi жүргiзбестен төлем көзiнен табыс салығы салынуға тиiс. 2. Қолма-қол және (нeмece) қолма-қол емес нысандарда ақша, бағалы қағаздар, қатысу үлесiн, тауарлар, мүлiк беру, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету, табыс алушы peзидент еместiң борышты талап етуін Қазақстан Республикасындағы көздерден резидент еместiң алдындағы табыстарды түлеу жөнiндегi берешектi өтеу есебiне жүргiзiлетiн есептен шығару немесе есепке алу табысты төлеу деп түсініледi. 3. Төлем көзiнен салық салуға мыналар: 1) Қазақстан Республикасының аумағына сыртқы сауда операциялары бойынша тауарларды жеткiзумен байланысты төлемдер; 2) резидент банктердің корреспонденттiк шоттарын ашуға және жүргiзуге, олар бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға, сондай-ақ халықаралық төлем карточкалары арқылы eceп айырысуды жүзеге асыруға байланысты қызмет көрсетуден түскен табыстар; 3) бағалы қағаздарды өткiзу кезiнде құн өсiмiнен түскен табыстар; 4) мемлекеттiк бағалы қағаздармен және агенттiк облигацияларымен жүргiзiлген операциялардан түскен табыстар; 4-1) Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығыныә арнайы сауда алаңында сатып алынған борыштық бағалы қағаздар бойынша дивидендтер, сыйақылар; 5) бiртұтас құбыр жүйесi бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тасымалданатын шикi мұнай сату құнының сапасы бойынша түзетуге байланысты төлемдер; 6) сатып алушы-резиденттер борыштық бағалы қағаздар бойынша оларды сатып алу кезiнде резидент еместерге төлеген жинақталған (есептелген) сыйақылар сомасы; 7 резидент еместiң шартты банк салымдары бойынша сыйақылары; 8) халықаралық қаржы лизинг шарттары бойынша қаржы лизингіне негізгі қаражатты беруден түскен табыстар; 9) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде, жұмыстарды орындаудан, қызметтердi көрсетуден түскен табыстар жатпайды. 4. Резидент еместiң өз табыстарын үшiншi тұлғалардың және (немесе) басқа мемлекеттердегi өз бөлiмшелерiнiң пайдасына жұмсауына қарамастан, резидент еместiң табыстарына төлем көзiнен салық салынады. 5. Борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақылардан төлем көзiнен табыс салығын есептеу мен ұстаудың тәртiбiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi. 6. Мемлекеттiк бюджетке төлем көзiнен табыс салығын есептеу, ұстап қалу және төлеу бойынша мiндет пен жауапкершiлiк табыстарды төлеушi тұлғаға (соның iшiнде Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме арқылы қызметiн жүзеге асыратын резидент емес) жүктеледi. Осындай тұлға салық агентi болып танылады. Егер резидент еместiң қызмет кезеңi тұрақты мекеме құру үшiн белгiленген мерзiмнен асып кетсе, ол Қазақстан Республикасында қызмет атқара бастаған кезден бастап салық агентi болып танылады. 6-1. Депозитарлық қолхаттар бойынша табыстар төлеудiң көзi осындай депозитарлық қолхаттардың базалық активiнiң эмитентi болып табылады. 7. Төлем көзiнен табыс салығы табыс төлеудi жүзеге асырудың нысаны мен орнына қарамастан ұсталады. Жеке табыс салығының ставкалары. Салық төлеушінің салық жылы ішіндегі салық салынатын табыстарына мынадай ставкалар бойынша салық салынады: 1. Салық төлеушінің салық жылы ішіндегі салық салынатын табыстарына 10 пайыз ставка бойынша салық салынуға тиіс. 2. Қызметкерлердің ҚР тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңында белгіленген, жылан ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінен аспайтын жалақысының төлем көздерінен салық салынатын кірістеріне, қызметкердерлердің тоқсан ішіндегі орташа айлық кірісі ең төменгі жалақы мөлшерінен аспайтын жағдайда «0» ставка бойынша; 3. Дивиденттер, сыйақылар (жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша сыйақыларды қоспаған) мен ұтыстар түріндегі табыстарға 15 пайыздақ ставка бойынша; 4. Адвокаттардың және нотариустаржың табыстарын 10 пайыздық ставка бойынша. Салық жеңілдктері Салық жеңілдіктері екі топқа бөлінеді: • стандартты • стандартты емес Стандартты салық жеңілдіктеріне салық төлеушінің өзіне және асырауындағы адамдарға, сондай-ақ мүгедектерге, қарт адамдарға берілетін салық салынбайтын минимумды жатқызу болады. Жалпы стандартты салық жеңілдіктердің мынадай түрлері бар: • негізгі, яғни салық төлеушінің табысы мөлшеріне тәулесіз өзіне салық жеңілдігінің берілуі. Бұған салық салынбайтын минимумды жатқызуға болады; • отбасы жағдайына байланысты жеңілдіктердің берілуі, «отбасылық төмендетілу» деп аталады; • асырауындағы адамдарға берілетін салаық төмендетулері. Кейбір мемлекеттерді жеңілдік балаларға берілетін салық төмендетулерінің орнына балаларға берілетін жәрдемақы сомасын қосылып беріледі. | |
Просмотров: 2094 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 5.0/1 |
Всего комментариев: 0 | |