Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Ақпарат танымдық порталы

Бейсенбі, 19.06.2025
Главная » Файлы » Білім және ғылым » Экономика, Қаржы, Бухгалтерлік іс, Банктік іс, Салық!

Бухгалтерлік есептен тәжірибелік есебі
13.07.2011, 00:02
Тәжірибе дегеніміз – теориялық негізде жинаған білімді тәжірибе жүзінде іске асыру болып табылады. Тәжірибе жинаған мәліметтерді нақты бекіту үшін қолданылатын біржен бір жол. Осы себептен мен 30 наурыз – 7 маусым аралығында 18 жұмыс күніне бухгалтерлік есеп пәнінен «Қазақстан Темір жол» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының «Шаруашылық басқармаы» филиалының бухгалтерия бөліміне жіберілдім. Тәжірибедегі ең басты мақсаттарым – филиалдың құрылудағы мақсаты, жүзеге асырылу тәртібін, ақша қаражаттарының, ағымдағы және ұзак мерзімді активтерінің, жұмыскерлермен есеп айырысу, яғни еңбекақының алғашқы есептерінің ұйымдастырылуын, сондай-ақ қаржылық есептіліктің дұрыс орындалуын зерттеу болды. Кәсіптік біліктілікті дамытуды жетілдіргенмен қоса, ең алдымен мен этикалық нормаларды сақтай отырып рұқсат етілген нормада компитенциялы жұмыскерге қойылатын талаптарды игеруге тырыстым. Ол үшін мен келесі міндеттерді орындауға тырыстым:
  филиалдағы белгіленген жұмыс тәртібін сақтау;
  әкімшіліктен белгіленген құқықтар шегінде тағайындалған жұмыстарды толығымен әрі уақтылы орындау;
  филиалда белгіленген эстетикалық және этикалық нормаларға сай ұқыпты кйіну;
  филиалда болған барлық іс-шараларға қатысу.
 Тәжірибені ұйымдастыру үшін келесі міндеттерді естен шығармауымыз тиіс:
  бухгалтерлік есепті жүргізу нысанын үйрену;
  ұзақ мерзімді активтердің, ағымдағы активтердің, еңбек және еңбекақының алғашқы есебімен танысу;
  меншікті капиталды құру тәртібі жөнінде түсініктің болуы;
  кірістер мен шығыстардың алғашқы есебі;
  ұйымның қаржылық есептілігі туралы мәліметтерді қарастыру.
 Келесі тәжірибе есебі негізгі 3 бөлімнен тұрады, 3 тақырыпты қарастырады. Бірінші тақырып «Қазақстан Темір жол» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының «Шаруашылық басқармаы» филиалы туралы сипаттадым. Келесі бөлімде бухгалтерлік есептің жүргізілу тәртібін қарастырдым. Үшінші бөлімді екінші бөлімнен жекелеп алған себебім қаржылық есеп кәсіпорынның жағдайын көрсететін бірден-бір әдіс. Сол себепті ол тақырыпты толығымен ашу үшін жекелеп зерттеуге кірістім.
 Бұл мекемеде тәжірибе жетекшісі болып бухгалтерия бөлімінің бастығы Ашуова Гүлнар Айнабековна тағайындалды. Барлық құжаттарды бекіткен бас бухгалтер Көшкімбаева Бақыт Құлжақызы болды.

 ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ

 1. «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» Акционкерлік қоғамының тарихы

 Қазақстан жеріндегі тұңғыш теміржол магистралі 1894 жылдың 25 қазанында Покров слободасы (бүгінде РФ Саратов облысындағы Энгельс қ.) - Орал тар табанды темір жол телімінің құрылысы аяқталғаннан кейін ашылды. Осы жолдың 130 шақырымы қазіргі Қазақстан жері арқылы өткен. Арада 4 жыл өткеннен кейін Урбах-Астрахан тар табанды темір жол іске қосылды. Мұның да 77 шақырымы қазақ даласын басып өтті.
 Солтүстік Қазақстанның дамуы үшін 1891-1896 жылдары салынған Транссібір магистралінің, дәлірек айтқанда, оның «қазақстандық» 190 шақырымының маңызы зор еді. Бұл жол қазақ пен орыс халықтарының экономикалық және мәдени жақындасуына үлкен үлесін қосты.
 1901-1906 жылдары Қазақстан жерінің 1660 шақырымдық аумағын алған, Орта Азия мен Ресейдің орталығын қосатын, Орынбор-Ташкент темір жолы салынды.1914-1917 жылдарыболашақ Түрксібтің бір бөлігіЖетісу жолының Арыс-Пішпек телімі салынды.
 1915 жылы Челябинскі-Троицкі-Қостанай (Қазақстан арқылы 166 км.) магистралі салынды.
 1915-1917 жылдары соғылған Алтай темір жолының (Новосибирск-Семей)122 шақырымы Қазақстан жері арқылы өтті. Бұдан басқа 1918 жылға дейін 117 шақырымдық Екібастұз-Ермак тар табанды темір жолы жұмыс істеп тұрды. 1918 жылға қарай Қазақстан аумағындағы шойын жолдың жалпы ұзындығы 2,6 мың шақырымға жетті.
 Кеңес заманының алғашқы темір жолы 1920-1922 жылдары салынған Петропавл-Көкшетау телімі болды. Қазақстанның түкпірдегі аймақтарын дамыту және астықты шығару қажеттілігіне байланысты1926-1931 жылдары Бурабай-Курорты және Ақмола стансалары арқылы Қарағандыға дейін жалпы ұзындығы 700 шақырымнан асатын жол салынды. 1924 жылы Құлынды-Павлодар теміржол желісі құрылды. Ембідегі мұнай кәсіпшілігінің дамуына1926 жылдан басталған Гурьев-Доссор тар табанды жолы ықпал етті.
 1927-1930 жылдар аралығында салынған ұзындығы 1444 км Түркістан-Сібір (Түрксіб) магистралінің аяқталуы заманалық оқиға болды. Ол Қазақстанды Сібірмен байланыстырып, республиканың экономикалық дамуына және шөлді жерлердің игерілуіне әсер етті.
 Орталық Қазақстан өңірінің өндірісі үшін 30-шы жылдары салынғанАқмола-Қарағанды, Қарағанды-Балқаш (490 км), ал оңтүстік үшін Шымкент-Ленгір жол телімдері зор маңызға ие болған. Алтай тау кен өндірісінің дамуында 1930 жылы салынған Локоть-Защита (235 км), сосын Лениногорскіден Зыряновскіге дейін созылған жол шешуші рөл атқарды.
 1936-1939 жылдары Қазақстанды Орталық Ресеймен байланыстырған, Саратовқа шығатын жол телімі - Орал-Елексалынды.
 1936-1944 жылдары соғылған, Ембінің мұнай кәсіпшілігін Оралмен байланыстырған, Ресейдің бірқатар аймақтарының арасындағы қатынасты жақсартқан Гурьев (Атырау)-Қандағаш-Орскі магистралі өзінің стратегиялық маңыздылығын Ұлы Отан соғысы кезінде дәлелдеді.
 1939-1943 жылдары салынған Ақмола-Қарталы желісі Қарағандының көмірін Оңтүстік Оралға жеткізуді қамтамасыз еткен маңызды нысан болып табылады. Сол жылдары Көксу-Текелі-Талдықорған және Атасу-Қаражал телімдері іске қосылды. Қазақстандық шойын жолдың ұзындығы 10 мың шақырымға жеткізілді. Ұлы Отан соғысы кезінде теміржолдың бойында жол шаруашылығын және жылжымалы құрамды жөндеу жөніндегі өндірістік база құрылды.
 1950 жылға қарай салынған Мойынты-Шу (440 км) жол телімі соғыстан кейінгі жылдардың өзекті оқиғасы болды. Осылай Транссібір магистралі Түркістан-Сібір жолымен бірігіп, еліміздің барлық жерінен өтетін Петропавл-Көкшетау-Ақмола-Қарағанды-Шу трансқазақстандық темір жолдың меридианды желісін құрайды.
 Ал 1953 жылы Оңтүстік-Сібір магистралінің негізгі буынының бірі Ақмола (Астана)-Павлодар (546 км) жолы салынды. Оның іске қосылуы Екібастұз көмір бассейнінің және осы жерге жақын аймақтардың тез дамуына жағдайлар жасады. (Тек 1953-1956 жылдардың өзінде Солтүстік Қазақстандағы тасымалдың көлемі 4 есеге артты).
 1950 жылдары тың жерлердің игерілуіне байланысты Қазақстанның солтүстік және орталық өңірлерінде темір жол құрылысы екпінді қарқынмен жүргізіліп жатты. 1955-1961 жылдары Есіл-Арқалық (224 км), 1959 жылға қарай Қостанай-Тобыл, 1960 жылы Тобыл-Жетіқара желілері салынды. 1950 жылдары Қазақстан теміржол жүйесінің тығыздығы екі есеге артты.
 1958 жылдың 1 шілдесінде КСРО-дағы ең ірі Қазақ темір жолы құрылды. Ұзындығы 11 мың шақырымнан асатын ол 15 бөлімшелерден құралды және Қазақстанды Сібір, Орал, Волга жағалауы, Қырғызстан және Орта Азиямен қосып, барлық кеңістікті және меридионалды магистральдарды біріктірді.
 1960 жылы шөлді өлкенің дамуына себепші болған Мақат-Маңғышлақ және Маңғышлақ- Өзен (жалпы ұзындығы 900 км) телімдері салынды. Қазақстан мен Ресей байланысының жандануына осы кезеңде салынған Гурьев-Астрахан желісін пайдалану зор ықпал етті.
 1964 жылы Қазақстанда бірінші болып жолдың Целиноград (Астана)-Қарағанды бөлігі электрлендірілді. Осы кезден бастап темір жолды электрлендіру жұмысы алға басты. Олар негізінен, республиканың солтүстік және орталық облыстарында жүргізілді. 1969-1970 жылдары Қарағанды-Магнитогорскі (1180 км) телімі электр тартымына ауыстырылды. 1980 жылдан бастап оңтүстіктегі Мойынты-Шу, Шенгелді-Арыс, Арыс-Түлкібас жолдарында электрлендіру өріс алды. Бұл жолдардың жалпы ұзындығы 4 мың шақырымға жетті.
 1977 жылы Қазақ темір жолының негізінде үш жол құрылды:
 Тың, Алматы және Батыс-Қазақстан.
 Осы жылдары ондаған жаңа вокзалдар қайта тұрғызылды.Байланыс және белгі беру жүйелерінің, жол техникасының, электровоздар мен тепловоздардың жаңа түрлері іске қосылды. 1980 жылдан бастап автоматика және ақпараттық есептеу жүйелеріөндіріске белсенді енгізілді.
 Қазақстан теміржол көлігі тарихының елеулі оқиғаларының бірі: 1986 жылғы 20 ақпанда, әлемде бірінші болып, жалпы салмағы 43,4 мың тонна және ұзындығы 6,5 шақырым болатын жылжымалы құрамға 440 вагон тіркеліп, Тың темір жолы арқылы өткізілді.
 1950 жылдардың ортасында Қытай Халық Республикасына қатынайтын теміржолдың дамуына үлкен назар аударылды. 1959 жылы Ақтоғай-Достық телімі салынды. 1956-1960 жылдары қазақстан әрі қытай жақтан екі елдің темір жолын қосатын магистральдың құрылысы жүргізілді. Бұл жұмыстар 1988 жылы кеңес-қытай келісімінен кейін қайта жаңғырды. 1990 жылы болған темір жолдардың түйісуі қазақстандық Достық стансасы мен қытайлық Алашанькоу стансасын қосатын шекара өткелін жасады. Осы жылдан кейін онда жүк құрамдарының қозғалысы басталып, Трансазиялық теміржол магистралінің Солтүстік дәлізі іске қосылды. Сол кезеңде Достық стансасының қайта тиеу және тасымалдау қуаты артты.
 Республика тәуелсіздігі мен Теміржол көлігі жөніндегі кеңес кезіндегі Қазақстан теміржол көлігінің өткен жолын шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады.
 Бірінші кезең (1992-1996 жж.) - саланың КСРО-ның таралу салдарына және мүлдем жаңа экономикалық жағдайларға бейімделуі.
 Екінші кезеңнің (1997-2001 жж.) маңызы үш қазақстандық магистралды өзінде біріктірген, қиыншылық кезден өте алған, саланың ары қарай дамуына негіз салған, бірінші қазақстандық теміржол кәсіпорны «Қазақстан темір жолы» РМК-нің құрылуы мен дамуы болды.
 Үшінші кезеңде(2001 жылдан бастап осы уақытқа дейін) саланы қайта құрылымдау басталды. Атап айтқанда, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компания» ЖАҚ құрылуы осы реформалардың жүзеге асырылуының бастамасы болды. Олар еліміздің теміржол көлігін қазіргі заманға сай әрі жоғары тиімді салаға айналдыруға бағытталған және әлемдік тасымалдау жүйесіне үйлесімді кіріге отырып, дамыған нарықтық, бәсекелестік жағдайында тұтынушылардың талаптарына барынша сәйкес келетін кәсіпорын дәрежесіне жеткізу болды.
 2004 жылы Қазақстан темір жолы өзінің айрықша межесіне - 100 жылдығы мерейтойына жетті.
 Бұл жылы Қазақстан темір жолының мерейтойы 100 жылдығы кең көлемде аталып өтті.Шойын жол тарихының маңызды кезеңдері аталып өтілді.Темір жолды жаңғырту, әлеуметтік саланы, теміржолшылардың еңбек жағдайын жақсарту шаралары мен ірі құрылыстар аяқталды.
 2004 жылы ақпанда мерейтойлық оқиғалардың басы басталды. Ел Премьер министрі Даниал Ахметов темір жол көлігі саласының ардагерлері тобымен кездесу өткізді. Кездесу барысында Премьер министр Даниал Ахметов сала жетекшілері мен теміржолға еңбегі сіңген ардагерлер құрамына кіретін "ҚТЖ" ҰК" АҚ жанынан құрылған Консультативтік кеңесінің мерейтойды өткізу жөніндегі шешімімен таныстырылды.
 «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ Консультативтік кеңесі темір жол тарихын санауды ұзындығы 1668 км Орынбор-Ташкент магистралі құрылысының аяқталу уақытынан бастау туралы шешім қабылдады. Премьер министр темір жол көлігінің 100 жылдығы мерекесін атап өту туралы шешіміне наурыздың 12-сінде қол қойды. Мұны респубулика ҚР Президенті де қолдады. Сәуірдің 30-ында Нұрсұлтан Назарбаев мерекелік датаны атап өтуге арналған медал шығару туралы Бұйрыққа қол қойды. Бұл мерекелік медаль төрт мыңнан астам теміржолшыларға бұйырды.
 Бұл жыл біздің елде өткізілген Еуропа мен Азияның 25 елінің теміржол басшыларының қатысуымен болған Темір жолдар ынтымақтастығы ұйымы Бас директорлары конференциясының 19-шы отырысымен тұспа-тұс келді.
 Жоғары мәртебелі қонақтардың көзінше «Қазақстан темір жолының 100-жылдығына» арналған марка салтанатты түрде пошта айналымына енгізілді.
 Темір жолдың жүз жылдығы қаржылық қызметтің жоғары жетістіктерімен атап өтілді. Бұның бір дәлелі ретінде «Мудис инвесторс сервис» халықаралық рейтингтік агенттігі жүргізген «Қазақстан темір жолы» компаниясының ұзақ мерзімдік несиелік рейтингінің жоғарылауы болды. Сарапшылардың бұл шешіміне темір жол көлігін дамытудың және саладағы өндірістік, коммерциялық көрсеткіштердің тұрақты өсуі мен сапалық тұрғыдағы жоғарылауы себеп болды.
 2. «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ «Шаруашылық басқармасы» филиалы туралы жалпы мағлұмат

 2.1.Филиалдың жалпы сипаттамасы
 Толық атауы: «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ – «Шаруашылық басқармасы» филиалы.
 Қысқартылған атауы: «ҚТЖ»ҰК»АҚ-«ШБ» филиалы
 СТТН: 620300217668, сериясы 62 № 0139167
 Әділет басқармасында тіркелгені туралы ақпарат: 26.07.2002 күні 2256-1901-Ф-Л нөмірімен мемлекеттік реестірде тіркелген.
 Статистикалық идентификациялық код (ОКПО): 39741820859
 Мекен-жайы: 473000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы 100 үй.
 Телефон: (7172) 93-80-88
 Факс: (7172) 32-82-27
 Электронды кілтті қолдануға келісім: 04.04.2008 күні №620312563984.
 Обьектіні жасаған тұлға: «Қазақстан Темір жол» Ұлттық компаниясы»АҚ, СТТН 620100210058.
 Басшысы: Марков Владимир Юрьевич, СТТН 031411460409
 Бюджетпен есеп айырысудағы жауапты тұлға: Көшкімбаева Бақыт Құлжақызы, СТТН 240210097103
 Банктік реквизиттері:
 1. «Наурыз банк» АҚ-ның Қарағанды облысындағы филиалы
 БИК 191801427, СТТН 301700005167, ЖИК 000421251
 2. «Қазақстанның халық банкі» АҚ-ның Астанадағы филиалы.
 БИК 195301603, СТТН 031400075489, ЖИК 000421251
 ОКЭД: 70320 – Жылжымайтын мүлікпен басқару.
 Көлемі: Ірі (жұмыскерлерінің саны 250 адамнан асады)
 «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ «Шаруашылық басқармасы» филиалы «Қазақстан Темір жолы» ұлттық компаниясы» акционершлік қоғамының орналасқан жерінен тыс орналасқан, Қоғамның оқшауланған құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Филиал Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған және Директорлар кеңесінің шешімі негізінде (2004 жылғы 18 мамырдағы №11 хаттама) қайта тіркелген. Филиал өз қызметін ҚР заңнамасына, Қоғамның бұйрықтарына, өкімдеріне және өзге де актілеріне, сондай-ақ «Шаруашылық басқарма» туралы ережеге сай жүұмыс істейді. Филиал заңды тұлға болып табылмайды. Филиалдың дербес балансы, атауы, тауарлық белгісі, және Қоғамның атауы көрсетілген мөрі, мөртаңбасы мен бланкілері бар. Қызмет ету мерзімі шектелмеген.
 Қоғам қызметінің мәні:
  Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген бағдарлама бойынша магистральдық темір жол желісін сал, күтіп ұстау және жетілдіру;
  тасымалдау процесін басқару;
  магистраль темір жол желісіне қызмет көрсету;
  темір жол көлігімен жүктерді, соның ішінде қауіптілерін тасымалдауды жүзеге асыру;
  темір жол жылжымалы құрамын, соның ішінде қауіпті жүктерді тасымалдау үшін қолданылатын арнайы контейнерлерді жөндеу;
  маркетингтік қызмет;
  көліктердің әр түрін қатыстырып, тура және аралас қатынастар жүйесін ұйымдастыру;
  Қазақстан Республикасының көлік және коммуникациялар министрлігімен келісу арқылы теміржолдық транзиттік көліктік коридорларды қалыптастыру жөніндегі іс-шараларға қатысы;
  Сыртқы экономикалық қызмет пен шетелдік ұйымдармен экономикалық ынтымақтастықты дамыту;
  өнімнің, көрсететін қызметтердің экспорты (импорты)
  ақпаратты қорғаудың техникалық құралдардын, ақпаратты өндеудің қорғалған техникалық құралдарын әзірлеу, жасау;
  ақпараттық қызметтер көрсету;
  Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қызмет болып табылады.
 Филиал Қоғам қызметкерлерінің ұтымды, өнімді қызмет етуі үшін қолайлы еңбек жағдайларын жасау мақсатында құрылған. Филиал қызметінің мәні:
  филиалдың теңгерімінде есептелетін және оларға жанасатын аумақтағы ғимараттарда инженерлік коммуникациялардың, жабдықтардың авариясыз жұмыс імтеуінқамтамасыз ету;
  Қоғамның атынан Астана қаласының коммуналдық қызметтерімен Филиалдың теңгерімінде есептелетін ғимараттарды электр энергиясымен, жылумен, сумен, байланыс құралдарымен қамтамасыз ету жөнінде шарттар жасасу;
  Филиалдың теңгерімінде есептелетін ғимараттардағы жөндеу-құрылыс жұмыстарының, ғимараттарға жанасатын аумақтарды абаттандыру бойынша жөндеу жұмыстарының көлемін анықтау;
  Қоғам атынан әкімшілік пен өндірістік ғимараттарда жалпы жөндеу, өрлеу жұмыстарын және эанасатын аумақтарды абаттандыру жұмыстарын орындауға шарттар жасасу;
  Жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау және тексеру;
  Филиалдың теңгерімінде есептелетін ғимараттарда жөндеу-құрылыс жұмыстарын орындау;
  Негізгі құралдарды есепке алу;
  Қоғамның орталық аппаратының құрылымдық бөлімшелерін тауарлық-материалдық қорлармен қамтамасыз ету;
  Қоғамның орталық аппаратының қызмет етуі үшін қажетті ТМҚ қоймалық есепке алынуын жүргізу;
  Құрылымдық бөлімшелердің Қоғамның әкімшілік шығыстар лимиттерін сақтауына, оның ішінде коммуналдық қызметтерді төленуіне бақылауды жүзеге асыру;
  Филиалдың негізгі құралдарын, тауарлы материалдық қорларын күзету болып табылады.
 Филиалды жалпы басқаруды Қоғам жүзеге асырады. Ал филиалдың ішінде басқару қөұрылымы келесі сызбада көрсетілген
 Филиал оған Қоғам бекітіп берген құралдардан тұратын мүлікке, сондай ақ Қоғамның теңгеріміне кіретін ақшалай, материалдық құралдарға, құнды қағаздарға және жалпы шаруашылық қызметтің барысында сатып алынған материалдық емес активтерге ие болады. Филиалдың теңгерімінде есептелетін мүлік Қоғамның меншігі болып табылады.


 2.2. Филиалдың бухгалтерлік есепті жүргізудегі саясаты (есеп саясаты)

 «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ «Шаруашылық басқармасы» филиалының есеп саясаты Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпанынан «Бухгалтерлік және қаржылық есептілік туралы заңының» №234-ІІІ заңына, Халықаралық қаржылық есеп стандартына (МСФО-IFRS), Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына (МСБУ-IAS) сәйкес құрастырылған. Жалпы баптар саны 966. Есеп саясатының принциптері барлық құрылымдық бөлімшелерге де қолданылады.
 Есеп саясатының келесідей мақсаттары белгілі:
  Есептіліктің барлық түрін кірістіру;
  Қаржылық мәліметтердің түсініктілігін, анықтылығын, сенімділігін қамтамасыз ету;
  Қоғамда бухгалтерлік есепті жүргізудің бірыңғайлығын қадағалау;
  Бухгалтерлік есептің жұмыс жасау аясының, қоғамға байланысыт нормативтік актілердің өгеруі, ауысуына тез бейімделуін қамтамасыз ету.
 Есеп саясаты бойынша «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ «Шаруашылық басқармасы» филиалының негізгі валютасы болып Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы – теңге болып табылады. Есептілік кезеңі - ағымдағы жыл.
 Есеп саясаты бухгалтерлік есепті ұйымдастыру барысында келесі сұрақтарды қарастырған:
 1. «Қазақстан ремір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ «Шаруашылық басқармасы» филиалының жалпы жағдайы мен статусы:
 2. Негізгі құралдар есебін жргізу;
 3. Жал есебі;
 4. Материалдық емес активтер;
 5. Инвестициялық жылжымалы мүлік;
 6. Қаржылық құралдар;
 7. Тауарлы-материалдық құндылықтар есебі;
 8. Сатуға арналған немес жойылуға жіберілген ұзақ мерзімді активтер;
 9. Активтер құнсыздануы;
 10. Ақша қаражаттарының есебі;
 11. Меншікті капитал;
 12. Жұмыскерлерге еңбекақы есебін ұйымдастыру;
 13. Кірістер;
 14. Мемлекеттік субсидия;
 15. Шығыстар;
 16. Займдар бойынша шығыстар;
 17. Әлеуметтік сфера;
 18. Корпоротивті табыс салығының есебі;
 19. Шетел валютасындағы операциялар есебі;
 20. Бағалау міндеттемелері;
 21. Есептілік күнінен кейін жағдай;
 22. Сегменттелген есеп;
 23. Ағымда қаржылық есептілік;
 24. Кәсіпкерліктің қосылуы;
 25. Дисконтталуды қолдану.
 Есеп саясаты бойынша жалпы ережелерді қарастыратын болсақ ол өз ішінде қоғамның:
  негізгі валютасын;
  есеп саясатының қолданушыларын;
  Есептілік кезеңін;
  Қаржылық есептіліктің элементтерін;
  Қаржылық есептіліктің компоненттерін;
  Қаржылық есептің құрамын;
  Мүлік пен міндеттемелердің түгенделуін;
  Бақылау мен аудит;
  Бухгалтерлік ақпараттың құпиялылығын анықтайды.
 Есеп саясат 2008 жылы 24 желтоқсанда «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ директорлар кеңесінің №13 хаттамадағы шешімімен бекітілген.

 3. «Қазақстан Темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ «Шаруашылық басқармасы» филиалы бухгалтериясының есебінің ұйымдастырылуы

 3.1. Ақша қаражаттарының қозғалысы
 Жалпы ақша қаражатының қозғалысы екі жолмен жүргізіледі:
 4. Қолма қол ақшамен
 4. Нақты ақшамен немесе аударылып отыратын ақшамен
 Қолма-қол ақшамен есеп айрысу кассадғы ақша қаражаттарымен жүзеге асырылады. Ақша қаражаттарын сақтау, қабылдау мен беру үшін әрбір шаруашылық жүргізуші субъектінің кассасы болады.Касса орналасқан ұй жайлары кассалардың техникалық жағынан беріктігі және өрттен сақтау сигнализация құралдары мен жарақтандыру жөніндегі талаптарға сай жабдықталады. Кәсіпорын басшылары ақшаның кассада, сондай ақ оны банктен жеткізетін немесе банкке өткізген кезде сақталуын қамтамасыз етуге тиіс. Тиесілі емес қолда бар ақша мен басқа да құндылықтарды кассада сақтауға тыйым салынады. Өзінің кассасында қолда бар ақшаны қажетті шекте сақтауы және ақша түсімін ең аз мөлшерде пайдалануы керек. Кассалық операцияларды жүргізуші адамды кассир құжатнамаға да, ақша ға да жауапты болады. Касса операцияларын жүргізу үшін әр түрлі құжаттар қолданылады, оған жататындар:
 • кассалық кіріс ордері ( ко-1)
 • кассалық шығыс ордері (ко-2)
 • кіріс және шығыс кассалық ордерін тіркеу журналы (ко-3)
 • касса кітабы (ко-4)
 Кассалық операциялар күн сайын бас бухгалтермен бақыланып күн басындағы қалдық пен күн аяғындағы қалдықтарды есептеп отырады. Егер кассадағы ақша қаражжаттары кәсіпорын жарғысында көрсетілген лимиттен асып кетсе , онда қолма-қол ақша қаражаттары туралы хабарландыру құжаты негізінде ақшаны банктегі есеп айырысу шотына аударады.
 Есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттар есебі кәсіпорынға банктен келген «Выписка банка» деген құжатнамада толық көрсетіледі. Ондғы ақша қаражаттарымен келесі құжаттар арқылы ғана қолданысқа енгізуге болады.
 1. Төлем тапсырмасы
 2. Чек кітапшасы
 3. Банк клиент бағдарламасы.
 Төлем тапсырмасы есеп айрйысу шотынан басқа да тұлғалармен есеп айырысу үшін қолданылады. Онда бенефициардың барлық реквизиттері және не үшін төлеп жатқаны көрсетіледі. Оның қорытындысы «Выписка банка» хабарландыру құжатында көрініс табады. Жалпы банк белгілі бір уақыт мерзімі сайын есеп айырысу шотындағы қозғалыстарды тұтынушыға есеп беріп отырады. Сол есепте есеп айырысу шотына келген және кеткен ақша қаражаттарының толық сипаттамасы баяндалады
 Чек кітапшасы кәсіпорынның жауапты тұлғаларының қолында болатын, есеп айырысу шотынан қолма-қол ақша қаражатын алу үшін негіз болатын бірден бір құжат. Оны алу үшін субьект банкке басша мен жауапты тұлғаның жеке басынкуәландыратын құжаттардың көшірмесін, фирма жарғысының көшіомесін, СТН көшірмелерін, өтінішті тапсырғаннан кейін ғана беріледі. Ол құжат ақша қаражаттарын қозғалысын реттейтін құжат болғандықтан қателердің болмауын қадағалап отыру керек. Егер қате кететін жағдайда банк қызметкері қате жіберілген бетті жарамсыз деп танып, мөр қояды.
 Банк клиент интернет желісі арқылы есеп айырысу шотындағы ақша қаражаттарын реттейтін бағдарлама болып табылады. Интернет желісінен ақша қаражаттарын ұрламас үшін банктен арнай электронды түрде кңлт береді және жеке пароль орнатады. Ол бағдарламамен тек бір ғана комьпютерде жұмыс жасау қажет.

 3.2. Еңбек және еңбек ақының алғашқы есебі
 «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ «Шаруашылық басқармасы» филиалы кәсіпорны шаруашылық қызметін жасаудың процесінде қызметкерлерді жұмысқа қабылдап және жұмыстан шығарып отырады, яғни олардың сандары өзгереді, демек жұмыс барысында әр түрлі ауыс- түйістер болып түрады.
 Қызметкерлердің құрамдылық өзгерісінің есебін кадрлар бөлімі жүргізеді, ол бүкіл субьектідегі және оның құрамдылық бөлімшелеріндегі қызметрерлердің санын және оның өзгеру себептерін, мамандықтарын, біліктілігін жұмыс стажын, білім жәнге басқа белгілерін есепке алады.
 Жұмыс беруші жұмысқа қабылдаған кезде еңбеккерлермен өзара тікелей жеке еңбек келісім- шарттарын жасайды.
 Жеке еңбек келісімшарарты- жұмыс мен еңбеккерлер арасындағы жазбаша түріндегі келісім , онда жұмыс орны , келісім шарттың мерзімі, еңбек тәртібінің жағдайы, демалысы, жалақысы, еңбекті қорғаудың басқа да мәселері туралы сұрақтар қарастырылады.
 Жеке еңбек келісім- шартында мыналар қарастырылады :
 - белгісіз мерзімге ;
 - белгілі мерзімге ;
 - белгілі бір жұмыс орнына, белгілі уақытқа;
 - еңбеккерлер жоқ болған жағдайда оның жұмысын уақыттттша атқаруға.
 Егер де жеке енбек келісім- шартында мерзімі айтылмаса, онда ол белгісіз мерзімге қабылданған болып саналады.Жеке еңбек келісім-шарты екі данада жазбаша түрде жасалады және оған екі жақта кол кояды. Құрымдылық бөлімше бастығы оны жұмысқа қабылдауға болатындығы туралы тұжырым жасайды: бұйрық жобасының сыртқы жағында жалданушының қандай жұмысқа қабылданғаны көрсетіледі.
 Қызметкерлерді жұмыстан шығарғанда « Еңбек шартының тоқтатылуы туралы бұйрық қолданылады. Ұйрықтың негізінде кәсіпорынның бухгалтериясы қызметкермен есеп айырысады.
 Жұмысшылар мен қызметшілердің жұмыс уақытының белгіленген кестесін сақтап жүруін бақылау, жұмысістеген уақыт туралы деректер алу, еңбек төлемі бойынша есеп айырысу, сондай-ақ еңбек жөнінде статистикалық есеп беру үшін « Жұмыс уақыты есебінің табелінде» жұмыс істеп жұргендердің барлық категорияларының жұмыс уақытын пайдалану есебі жүргізіледі. Табельде жұмысқа келмеу себептері туралы немесе жұмыс күнінің толық істелмегені туралы, мерзімінен артық жұмыс істегені туралы және басқа қалыпты жұмыс жағдайынан ауыткушылықтар жөнінде дұрыс толтырылған құжаттар негізінде ғана табельге белгі қойылады.
 Ай сайын жұмыскерлерге жалақы есептелінеді және төленеді. есептеу үшін жұмыскерлердің нақты окладын немесе нақты жұмыс жасау уақытын анықтаймыз. Басында жұмыс уақытын есеп ке алу табелі толдтырылады да, еңбекақы есептеу ведомості толтырылады. Ол ведомостте әрбір жұмыскердің жиынтық еңбекақысын, еңбекақыдан ұсталатын ұсталымдарын және нақты еңбекақысының сомасы көрсетіледі. Нақты еңбекақы көрсеткіштері негізінде төлем ведомості құрылып жұмыскерлерге тиесілі сомалары ұсынылады. Ведомостте жазылған міндетті зейнетақы жарнасы зейнетақы қорларының шоттарына, ал жеке табыс алығы бюджет есебіне аударылады. Егер еңбекақы берілген күні кейбір тұлғалардың аванс алғаны белгілі болса, алынған аванстың сомасы нақты еңбекақы сомасынан шегеріледі.
 3.3. Ағымдағы активтердің алғашқы есебі
 Тауарлы-материалдық босалқылар келесiдей активтер түрiнде болады:
 • өндірісте пайдалануға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған шикізаттар;
 • жартылай шикізаттар
 құрастырушы бұйымдар, отын, ыдыс және ыдыстық материалдар, аяқталмаған өндіріс, субъект қызметі барысында сатуға шығарылған дайын өнім, тауарлар.
 ТМҚ-ды кiрiстеуге мына құжаттар негiз болып саналады:
 - шот-фактура, онда: қатар нөмiрi мен күнi, атауы және жабдықтау мен ТМҚ-ты сатып алушының СТН, ҚҚС-ын есепке қою туралы куәлiк нөмiрi, әкелiнген ТМҚ атаулары мен саны, құны, акцизделетiн ТМҚ сомасы т.б.;
 - тауарлы-транспорттық накладной;
 - тауарды қабылдап алған материалды жауапты тұлғаның жазған накладнойы мен құжаттары, атап айтқанда:
 Материалдардың шығысы мынадай құжаттар бойынша рәсiмделедi: лимиттiк-жинақтама картасы, материалдарды айырбастауға арналған талап-актiсi, материалдарды босатуға арналған талап накладнойы.
 Кәсіпорынның негізгі қызметі мұнай өнімдерін көтерме саудада сату болып табылғандықтан оны ұйымдастыру келеі нысандарда жүргізіледі.
 Кәсіпорындар өз қоймаларына мұнай өнімдерін құндылықтарын беріп тұру жөніндегі шарттарға сәйкес тауарлы-көліктік жүк накладнойы бойынша алады, оларда мыналар көрсетіледі: мұнай өнімдерінің атаулары, олардың тығыздығы, температурасы, массасы мен көлемі. Мұнай өнімдерінің әртүрлі түрлерін талон бойынша бөлшек саудада сатуын ұйымдастырады. Сатылған мұнай өнімдері мен талондардың құнына 1312 «Отын» шоты мен «Қоймалардағы мұнай өнімдері» аралық шоттары кредиттеледі де де, 1210 «Жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысулар» шоты дебеттеледі.
 Талондардың орнына бензин мен басқа да мұнай өнімдерін беру лимиттік-жинақтама карталар бойынша, бұрын төленген ақы есебінен шот беру жолымен және басқа да тәсілдерімен жүргізіледі.
 Негізгі құжаттары: кіріс және шығыс накладнойлары, шот-фактуралар, тауарлы-транспорттық накладной, ТМҚ қабылдау-беру актісі болып табылады.
 3.4. Ұзақ мерзімді активтердің алғашқы есебі
 Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал - жабдықтарын тартса ғана жүреді, ал ол еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар) және еңбек құралдары (машина, станок) болып бөлінеді. Бұл арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс процесінде атқаратын роліне қарап анықталады.
 «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ «Шаруашылық басқармасы» филиалының есеп саясатына сәйкес айналымдағы емес активтер бастапқы құнмен бағаланды. Бастапқы (тарихи) құны – негізгі құралды сатып алуға немесе салуға кеткен нақты өндіріс шығындарынан, соған қоса өтелмеген салық пен алымдардан (мысалға, ҚҚС, жеңіл автомобильдерді сатып алу кезінде төленген, баж салығы т.б.), сондай – ақ орнату, жеткізіп беру, монтаждау, пайдалануға қосу шығындары, несие үшін пайыздар және т.б. шығындарынан тұрады. Мысалға, 27.09.2008 күні кәсіпорын баллансына енген өндірістік сипаттғы емес директор кеңсесіндегі кресло дүкенде 48000 теңгеге бағаланды. «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ «Шаруашылық басқармасы» филиалы сол мүлікті өз кеңсесіне жеткізу шығынын өзі көтергендіктен креслонын баллансқа ену құны сол сомаға ұлғаяды. Яғни, 48000 теңгеге жеткізу шығыны 3200 теңгені қосамыз. Сонда бұл құрал 51200 теңгеге бағаланды. Бухгалтерия келіп түскен объектіні материалдық жауапты адамға бекітіп, мүліктік карточка ашады, объектіге мүліктік тізімдеу нөмірін беріп, мүлікті Мүліктік тізімге алады, негізгі құралдарды алу туралы жазбасы жасалады. Бұл мүліктерді бір ғана карточкада есепке алуға рұқсат етіледі. Бұл карточка бухгалтерияға келіп түскен негізгі құралдың актілері, техникалық төлқұжаттары және басқа құжаттар негізінде толтырылады. Карточкада объектілердің және олардың жекелеген құрылымдық элементтерінің қысқаша техникалық сипаттамасы беріледі, бірақ сол техникалық құжаттамадағы мәліметтері қайталанбайды. Негізгі құралды басқа субъектіге тапсыру (беру) кезінде негізгі құралдардың шығуы туралы белгі соғуға, сондай – ақ негізгі құрал объектілерінің субъект ішінде орын ауыстыруы кезінде «Негізгі құралдарды қабылдау – тапсыру (орнын ауыстыру) актісі», ескіру және тозу салдарынан негізгі құралдың объектілерін есептен шығаруға «Негізгі құралдар объектілерін есептен шығару актісі» негіз бола алады.
 «Объектінің қысқаша жеке сипаттмамасы» бөлімінде негізгі объектінің тек негізгі сапалық және сандық көрсеткіштері, сондай – ақ объектінің техникалық құжаттамасында бар мәліметтерді қайталамай, осы объект үшін неғұрлым маңызды екі – үш сапалық көрсеткіштермен шектеліп, оған қатысты маңызы қосымша құрылыстар, бейімдегіштер мен тиесілі заттар жазылады. Негізгі құралдардың топтама есебі жайында қысқаша жеке сипаттаманы әр объектіге жеке бермей – ақ, мүліктік карточкада есептелген объектілерінің тобына тұтастай береді.
 Егер де объектінің сандық та және сапалық та көрсеткіштері айтарлықтай өзгерсе, онда оларға жаңа карточка ашылуы мүмкін, ал ескі мүліктік карточка анықтама құжаты ретінде сақталады.
 Бухгалтериядағы толтырылған Мүліктік карточкалардың негізінде негізгі құралдардың есебі бойынша жасалатын мүліктік карточкасын Тізімдемеге тіркейді, ол (тізімдеме) негізгі құралдардың жіктемесі бойынша бір данада жасалады.
 Есеп саясатында белгіленгендей негізгі құралдарға аммортизацияны есептеу бірқалыпты тік сызықты әдіс негізінде қолданады. Негізгі құралдардың құны бойынша амортизацияны бірқалыпты (түзу сызықты) есептеу әдісі, яғни объектінің құны, оның қызмет ету мерзімі ішінде өндіріс шығындарына біркелкі норма бойынша жатқызылады. Бұл әдіс негізгі құралдардың тозуына, оның қызмет ету мерзімінің ұзақтығына байланысты болып келеді.
 Бұл тәсілде амортизациялық соманы аудару үшін:
 - қызмет етудің пайдалы мерзімі. Бүл кезде пайдалануға берілген объектінің жағдайы ескеріледі және күтіп ұстау жағдайына да байланысты болып келеді (жөндеу мәселесі және техникалық жағдайы, ауа райының оған тигізетін әсері т.б.)
 - Қазақстан Республикасының салық зандылықтарының белгіленген амортизациялық нормасының шегінде. Шаруашылық жүргізуші субъектісіндегі белгіленген нормалар, салық зандылығының нормасынан аспауы тиіс. Мысалы, жүк автокөлігінің бастапқы құны -100 000 тенге, 5 жыл мерзімі өткеннен кейін оның жойылу құны 10 000 теңгеге тең болады. Мұндай жағдайда жыл сайынғы амортизациялау нормасы амортизациялаушы құнның 20 % - ін құрайды немесе бірқалыпты тәсілге сәйкес 18 000 теңге болады.
 Негізгі құралдардың амортизациясының бірқалыпты әдісі мына формула бойынша есептелінеді.

 Бастапқы құн – жойылу құны = 100 000 – 10 000 = 18 000
 Пайдалану мерзімі 5 жыл
 осыған сәйкес ай сайынғы амортизация сомасы 150 мың теңгеге тең болады (18 000:12).
 Объектініні есептен шығарған кезде, оған қысқаша сипаттама беріледі, және оның есептен шығу себептері, негізгі запас бөлшектерінің жағдайы көрсетеледі және олардың жөндеуге жарамдылығы да айтылады. Егер де объект табиғат апаттарының, аварияның және тағы басқа да күтпеген жағдайдың да бірге тіркеледі. Актіні кәсіпорын басшысы бекітеді. Тек бекігеннен кейін объектіні жоюға кіріседі. Жоюдан алынған запас бөлшектері пайдалануы мүмкін болатын бағасы бойынша құндылықтар
 4. Қаржылық есептілік

 4.1. Жергілікті салықтар бойынша есептілік

 Жалпы «ҚТЖ»ҰҚ»АҚ «Щаруашылық басқармасы» филиалысалық салынатын обьектілер негізінде келесі салықтар бойынша ҚР ҚМ СК Астана қаласының салық департаменті «Сарырқа» және «Есіл» аудандары бойынша салық департаменттерінде тұр:
  Жер салығы;
  Мүлік салығы;
  Көлік құралдарына салынатын салық;
  Әлеуметтік салық;
  Жеке табыс салығы;
  Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы;
  Жер үсту су көздерін пайдаланғаны үшін төлемақы.
 Бұл салықтарды филиал өз алдына жеке төлеп және есептеліп отырады. Бірақ Қазақстан Республикасының негізгі салықтары бойынша, яғни корпоротивті табыс салығы және қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін тек қана орталық аппараттың «Салықтармен жұмыс жасау» бөліміне тапсырады. Яғни жыл соңында әрбір филиал бойынша жарғыда белгіленгендей ағымдағы жылды қорытындылап, сол жыл үшін есептілікті тапсыру міндет болып табылады. Бірақ бюджетпен есеп айырысуға жауапты тұлға орталық аппаратқа белгіленген салық мерзіміне дейін 10 жұмыс күніне дейін тапсыруы керек. Жалпы салық есептілігінің құжатталуы келесі нысандарда жүргізіледі:
 1. 100.00 – корпоротивті табыс салығы. Орталық аппаратқа жүйеленген кесте түрінде электронды түрде жыл сайын тапсырылады.
 2. 200.00 – жеке табыс салығы. 210.00 резидент еместердің жеке табыс салығы. Салық басқармасына әр тоқсан сайын электронды және қағаз түрінде ұсынылады.
Категория: Экономика, Қаржы, Бухгалтерлік іс, Банктік іс, Салық! | Добавил: anonim02
Просмотров: 4577 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
рахмет
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]