Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Ақпарат танымдық порталы

Жұма, 20.06.2025
Главная » Файлы » Білім және ғылым » Экономика, Қаржы, Бухгалтерлік іс, Банктік іс, Салық!

Көлік құралдар салығы
12.07.2011, 09:42
өлік құралдары салығы, жер салығы мен мүлік салығыбойынша декларацияны (700.00–нысан) қосымша

 Көлік құралдары салығы, жер салығы мен мүлік салығы
 бойынша салық есептілігі (декларацияны) жасау ережесі (700.00–нысан)

 1. Жалпы ережелер

 1. Бұл Ереже «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және салық төлеушілердің көлік құралдары салығын, жер салығы мен мүлік салығын есептеуге арналған Көлік құралдары салығы, жер салығы мен мүлік салығы бойынша салық есептілігін (бұдан әрі – Декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны Салық кодексінің 365, 373, 394–баптарында көрсетілген салық төлеушілер, сондай–ақ Салық кодексінің 407–бабында көрсетілген объектілер бойынша жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, жеке кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғалар толтырады.
 2. Декларация Декларацияның өзінен (700.00–нысан) және көлік құралдары салығын, жер салығы мен мүлік салығын салуға байланысты объектілер туралы ақпаратты ашу бойынша оған қосымшалардан (700.01–ден 700.03–ке дейінгі нысандар) тұрады.
 3. Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.
 4. Көрсеткіштер болмаған кезде Декларацияның тиісті торкөзі толтырылмайды.
 5. Декларацияға қосымшалар тиісті көрсеткіштерді ашуды талап ететін Декларациядағы жолдар толтырылған кезде міндетті тәртіпте толтырылады.
 6. Декларацияға қосымшалар оларда көрсетілуге тиіс деректер болмаған жағдайда жасалмайды.
 7. Декларацияға қосымшалардың парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда Декларацияға қосымшаның осындай парағы қосымша толтырылады.
 8. Осы Ережеде мынадай арифметикалық таңбалар қолданылады: «+» – қосу; «–» – алу; «х» – көбейту; «/» – бөлу; «=» – тең.
 9. Соманың теріс мәні Декларацияның тиісті жолының (бағанының) бірінші сол жақтағы торкөзінде « – » белгісімен белгіленеді.
 10. Декларация жасау кезінде:
 1) қағаз тасығышта – қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысымен толтырылады;
 2) электронды тасығышта – Салық кодексінің 68–бабына сәйкес толтырылады.
 11. Декларацияға Салық кодексінің 61–бабы 3–тармағына сәйкес салық төлеуші не болмаса өкілі қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда оның атауы жазылған мөрі бар салық төлеушінің не болмаса оның өкілінің мөрімен куәландырылады.
 12. Декларацияны тапсырған кезде:
 1) келу тәртібінде қағаз тасығышта – екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады;
 2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен қағаз тасығышта – салық төлеуші почта немесе өзге байланыс ұйымының хабарламасын алады;
 3) электронды түрде – салық төлеуші салық есептілігінің салық қызметі органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесімен қабылданғандығы немесе қабылданбағандығы туралы хабарлама алады.
 13. Лизинг шарттары бойынша берілген (алынған) объектілер бойынша Декларацияны және тиісті оған қосымшаларды лизинг алушы толтырады және тапсырады.
 14. Пайлық инвестициялық қор активтерiнiң құрамына кiретiн жер салығы мен мүлік салығы салынатын объектiлер бойынша Декларацияны пайлық инвестициялық қордың басқарушы компаниясы толтырады және тапсырады.
 15. Концессия шарты бойынша берілген мүлік салығы салынатын объектілер бойынша Декларацияны концессионер толтырады және тапсырады.
 16. Декларацияға қосымшалардың (700.01–ден 700.03–ке дейінгі нысандар) «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде осы Декларацияның «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде көрсетілген тиісті деректер көрсетіледі.
 17. «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Декларация табыс ету кезінде:
 СТН – салық төлеушінің тіркеу нөмірі 2012 жылдың 1 қантарына дейін толтырылуы тиіс.
 ЖСН/БСН –жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес сәйкестендіру нөмірі) 2012 жылдың 1 қантарынан бастап толтырылуы тиіс.

 2. Декларацияны жасау (700.00 – нысан)

 18. «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:
 1) СТН – салық төлеушінің тіркеу нөмірі. Сенімгерлікпен басқарушы салық міндеттемесін орындаған кезде жолда сенімгерлікпен басқарушы – салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі;
 2) ЖСН/БСН – салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес сәйкестендіру нөмірі). Салық міндеттілігі сенімді басқарушымен жасалған кезде жолда – сенімді басқарушының жеке сәйкестендіру (бизнес сәйкестендіру) нөмірі көрсетіледі. Болған жағдайда көрсетіледі;
 3) салық кезеңі (жыл) – Декларация тапсырылатын есепті салық кезеңі (араб сандарымен көрсетіледі);
 4) салық төлеушінің атауы.
 Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) немесе құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның толық атауы көрсетіледі.
 Салық міндеттемесін сенімгерлікпен басқарушы орындаған кезде жолда сенімгерлік басқарушы жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның толық атауы көрсетіледі;
 5) Декларация түрі.
 Бұл торкөздер Салық кодексінің 63–бабына сәйкес белгіленеді. Декларация түріне қарай тиісті торкөз белгіленеді;
 6) хабарламаның нөмірі мен күні.
 Жолдар Салық кодексінің 63–бабы 3–тармағының 4) тармақшасында көзделген хабарлама бойынша қосымша Декларация тапсырылған жағдайда белгіленеді;
 7) салық төлеушінің санаты.
 Торкөздер егер салық төлеуші А, В, С, D, Е жолдарында көрсетілген бір немесе бірнеше санатқа жатқан жағдайда белгіленеді;
 8) келісім–шарт жасасқан күн мен нөмірі.
 Жер қойнауын пайдалануға арналған келісім–шарттың күні мен нөмірін көрсете отырып, жер қойнауын пайдаланушы толтырады;
 9) валюта коды.
 «Кедендік декларацияларды толтыру үшін пайдаланатын жіктеушілер туралы» Кедендік одақ Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 Шешімімен бекітілген «Валюталар жіктеушісінің» 23–қосымшасына сәйкес валюта коды көрсетіледі;
 10) тапсырылған қосымшалар.
 Тапсырылған Декларацияға қосымшалардың торкөздері белгіленеді;
 11) қосымшалардың саны.
 Мынадай нысандар бойынша тапсырылған Декларацияға қосымшалардың беттерінің саны көрсетіледі (араб сандарымен көрсетіледі):
 А жолында – 700.01 қосымшасы бойынша;
 В жолында – 700.02 қосымшасы бойынша;
 С жолында – 700.03 қосымшасы бойынша.
 19. «Көлік құралдары салығы» бөлімінде:
 1) 700.00.001 жолында 700.01 барлық нысандары бойынша 700.01.013 І немесе 700.01.013 ІІ жолдарының сомасы ретінде айқындалатын салық кезеңі үшін есептелген салық сомасы көрсетіледі;
 2) 700.00.002 жолында салық кезеңі үшін есептелген ағымдағы төлемдер сомасы көрсетіледі;
 3) егер 700.00.001 жолында көрсетілген салық кезеңі үшін есептелген салық сомасы 700.00.002 жолында көрсетілген ағымдағы төлемдердің есептелген сомасынан көп болған жағдайда, 700.00.003 жолында 700.00.001 және 700.00.002 жолдарының айырмасы ретінде айқындалатын есептеуге салық сомасы көрсетіледі;
 4) егер 700.00.002 жолында көрсетілген ағымдағы төлемдердің салық кезеңі үшін есептелген сомасы 700.00.001 жолында көрсетілген есептелген салық сомасынан көп болған жағдайда, 700.00.004 жолында 700.00.002 және 700.00.001 жолдарының айырмасы ретінде айқындалатын азайтуға салық сомасы көрсетіледі..
 20. «Жер салығы» бөлімінде:
 1) 700.00.005 жолында 700.02 барлық нысандары бойынша 700.02.015 І немесе 700.02.015 ІІ жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, салық кезеңі үшін есептелген салық сомасы көрсетіледі;
 2) 700.00.006 жолында 700.02 барлық нысандары бойынша 700.02.016 жолдарының сомасы ретінде айқындалатын салық кезеңі үшін есептелген ағымдағы төлемдер сомасы көрсетіледі;
 3) егер 700.00.005 жолында көрсетілген салық кезеңі үшін есептелген салық сомасы 700.00.006 жолында көрсетілген есептелген ағымдағы төлемдер сомасынан көп болған жағдайда, 700.00.007 жолында 700.00.005 және 700.00.006 жолдарының айырмасы ретінде айқындалатын есептеуге салық сомасы көрсетіледі;
 4) егер 700.00.006 жолында көрсетілген салық кезеңі үшін есептелген ағымдағы төлемдер сомасы 700.00.005 жолында көрсетілген есептелген салық сомасынан көп болған жағдайда, 700.00.008 жолында 700.00.006 және 700.00.005 жолдарының айырмасы ретінде айқындалатын азайтуға салық сомасы көрсетіледі..
 21. «Мүлік салығы» бөлімінде:
 1) 700.00.009 жолында барлық 700.03 нысандары бойынша 700.03.018 І немесе 700.03.018 ІІ немесе 700.03.018 ІІІ жолдарының сомасы ретінде айқындалатын салық кезеңі үшін есептелген салық сомасы көрсетіледі;
 2) 700.00.010 жолында ағымдағы салық кезеңі үшін барлық тапсырылған 701.01 нысандар бойынша Жер салығы мен мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есебінің (701.01) G бағанының 104101 жолдарын жиынтықтау арқылы айқындалатын салық кезеңі үшін есептелген ағымдағы төлемдердің сомасы көрсетіледі.
 3) егер 700.00.009 жолында көрсетілген салық кезеңі үшін есептелген салық сомасы 700.00.010 жолында көрсетілген есептелген ағымдағы төлемдер сомасынан көп болған жағдайда, 700.00.011 жолында 700.00.009 және 700.00.010 жолдарының айырмасы ретінде айқындалатын есептеуге салық сомасы көрсетіледі;
 4) егер 700.00.010 жолында көрсетілген салық кезеңі үшін есептелген ағымдағы төлемдер сомасы 700.00.009 жолында көрсетілген есептелген ағымдағы төлемдер сомасынан көп болған жағдайда, 700.00.012 жолында 700.00.010 және 700.00.009 жолдарының айырмасы ретінде айқындалатын, азайтуға салық сомасы көрсетіледі.
 22. «Салық төлеушінің жауапкершілігі» бөлімінде:
 1) «Салық төлеушінің (басшының) аты–жөні» жолында құрылтай құжаттарына сәйкес салық төлеушінің (басшының) тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіледі. Егер Декларацияны жеке тұлға тапсыратын болса, жолда жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес толтырылатын салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) қамтылуы тиіс;
 Салық міндеттемесін сенімгерлікпен басқарушы орындаған кезде мүлікті сенімгерлікпен басқару шартына сәйкес сенімгерлік басқарушының немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын басқа жағдайларда пайда алушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіледі.
 2) Декларацияны беру күні.
 Декларацияны салық органына табыс еткен ағымдағы күн көрсетіледі;
 3) салық органының коды.
 Салық салу объектісінің орналасқан және (немесе) тіркеу орны бойынша салық органының коды көрсетіледі;
 4) «Декларацияны қабылдаған лауазымды тұлғаның аты–жөні» жолында Декларацияны қабылдаған салық органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіледі;
 5) Декларация қабылданған күн.
 Салық кодексінің 584–бабы 2–тармақшасына сәйкес Декларацияны тапсыру күні көрсетіледі.
 6) құжаттың кіріс нөмірі.
 Декларацияның тіркеу нөмірі көрсетіледі.
 7) почта штемпелінің күні.
 Почта немесе өзге байланыс ұйымы қойған почта штемпелінің күні көрсетіледі.

 3. Көлік құралдары салығы – 700.01 – нысанын жасау

 23. Бұл нысан Салық кодексінің 13–бөліміне сәйкес салық төлеушінің көлік құралдары салығын есептеуіне арналған. 700.01–нысанын салық төлеуші салық кезеңі ішінде меншік құқығындағы, шаруашылық жүргізу құқығындағы, жедел басқару құқығындағы әрбір көлік құралына, сондай–ақ қаржы лизингі шарты бойынша берілген (алынған) әрбір көлік құралына жасайды. Ұқсас көлік құралдары (бір үлгідегі, двигатель көлемі, жүк көтергіштігі, отырғызу орындарының саны, двигатель қуаты, пайдалану мерзімі бірдей) болған жағдайда 700.01.012 жолындағы олардың жалпы санын көрсете отырып бір нысан жасалады.
 24. Қазақстан Республикасы салық режимінің тұрақтылығына кепілдік беретін заңдарда белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасымен жасалған келісім–шарттар бойынша жұмыс істейтін салық төлеушілер, салықты есептеу мен төлеуді, аталған келісім–шарттың талаптарына сәйкес жүргізеді және осы қосымшаның тиісті жолдарында келісім–шарттың талаптарында белгіленген көрсеткіштерді (айлық есептік көрсеткіш, ставкалар, түзету коэфициенті) көрсетеді.
 Егер салық салу объектісі бойынша салық есептемесін тапсыру жөніндегі салық міндеттемесі сенімгерлік басқарушыға жүктелген болса, Салық кодексінің 35 бабымен белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, «Сенімгерлік басқарманың құрылтайшысы немесе пайда алушысы туралы ақпарат» бөлімі толтырылады:
 СТН – салық төлеуші сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының тіркеу нөмірі көрсетіледі;
 2) ЖСН/БСН – салық төлеуші сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес сәйкестендіру нөмірі). Болған жағдайда көрсетіледі.
 3) оның негізінде мүлікті сенімгерлікпен басқару туындайтын құжаттың нөмірі мен күні.
 Оның негізінде мүлікті сенімгерлікпен басқару туындайтын құжаттың нөмірі мен күні көрсетіледі.
 25. «Көлік құралдары салығын есептеу» бөлімінде:
 1) 700.01.001 жолында салық салу объектісі болып табылатын көлік құралы көрсетіледі.
 Бұл торкөздер Салық кодексінің 366–бабына сәйкес белгіленеді. Көлік құралының түріне қарай тиісті торкөз белгіленеді: А, B, C, D, E, F, G, Н, І;
 2) 700.01.002 жолында көлік құралының шыққан жылы көрсетіледі;
 3) 700.01.003 жолында меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы, соның ішінде Қазақстан Республикасында бұрын есепте тұрмаған көлік құралын нақты иелену кезеңі (айлар саны) көрсетіледі;
 4) 700.01.004 жолында тиісті өлшем бірліктері көрсетіледі:
 жеңіл автомобиль двигателінің көлемі – шаршы сантиметрлерде;
 жүк және арнайы автомобильдерінің жүк көтерімділігі – тоннада;
 автобустардың отырғызу орындарының саны;
 шағын көлемді кемелер, ұшу аппараттары, темір жол тартқыш және мотор–вагонды жылжымалы құрамдар двигателінің қуаты – киловаттарда көрсетіледі;
 катерлер, кемелер, буксирлер, баржалар, яхталар двигательдерінің қуаты – ат күшінде;
 5) 700.01.005 жолында Салық кодексінің 367–бабының 1–тармағына сәйкес көлік құралына салық ставкасы көрсетіледі;
 6) 700.01.006 жолында Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшері көрсетіледі;
 7) 700.01.007 жолында Салық кодексінің 367–бабының 2–тармағына сәйкес 1500–ден жоғары 2000 шаршы см–гі, 2000–нан жоғары 2500 шаршы см–гі, 2500–ден жоғары 3000 шаршы см–гі, 3000–нан жоғары 4000 шаршы см–гі жеңіл автомобиль двигателі көлемінің асуы көрсетіледі;
 8) 700.01.008 жолында 700.01.005 мен 700.01.006 жолдарының туындысының және 700.01.007 мен 7 теңге туындысының (700.01.005 х 700.01.006 + 700.02.007 х 7) сомасы ретінде жеңіл автомобильдер бойынша айқындалатын салық сомасы көрсетіледі, қалған көлік құралдары мен ұшу аппараттары үшін 700.02.005 мен 700.02.006 жолдарының туындысы (700.01.005 х 700.01.006) ретінде айқындалады;
 9) 700.01.009 жолында Салық кодексінің 367–бабы 3–тармағында белгіленген тиісті түзету коэффициенті көрсетіледі;
 10) 700.01.010 жолында 700.01.008 және 700.01.009 жолдарын көбейту жолымен айқындалатын түзету коэффициенті ескеріле отырып, есепті салық кезеңі үшін салық сомасы көрсетіледі;
 11) 700.01.011 жолында 700.01.010 жолының 700.01.003 жолы мен 12 туындысына қатынасы (700.01.010/12х700.01.003) ретінде айқындалатын иеленудің нақты кезеңі үшін салық сомасы көрсетіледі. Егер нақты иелену кезеңі 12 ай құраған жағдайда, онда 700.02.011 жолына 700.02.010 жолында көрсетілген сома көшіріледі;
 12) 700.01.012 жолында осы нысан жасалатын ұқсас көлік құралдарының саны көрсетіледі;
 13) 700.01.013 І жолында 700.01.011 және 700.01.012 (700.01.011 х 700.01.012) жолдарының көбейтіндісі жолымен айқындалатын көлік құралдарының саны ескеріле отырып, салық сомасы көрсетіледі.
 14) 700.01.013 ІІ жолында 700.01.011 және 700.01.012 жолдарын 0,3–ке (700.01.011 х 700.01.012)х0,3 көбейту жолымен айқындалатын, Салық кодексінің 451–бабында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, төлеуге жататын көлік құралдарының санын ескеріп салық сомасы көрсетіледі.

 4. Жер салығы – 700.02–нысанын жасау

 26. Бұл қосымша Салық кодексінің 14–бөліміне сәйкес салық төлеушілердің жер салығын есептеуіне арналған. Салық төлеуші 700.02 нысанын салық кезеңі ішінде меншік, тұрақты жер пайдалану, бастапқы тегін уақытша жер пайдалану құқығындағы әрбір жер теліміне жасайды.
 27. Егер салық салу объектісі бойынша салық есептілігін тапсыру бойынша салық міндеттемесі сенімгерлікпен басқарушыға жүктелген болса, Салық кодексінің 35–бабында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, «Сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы немесе пайда алушы туралы ақпарат» бөлімі толтырылады:
 1) СТН – салық төлеуші сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының тіркеу нөмірі көрсетіледі;
 2) ЖСН/БСН – салық төлеуші сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес сәйкестендіру нөмірі). Болған жағдайда көрсетіледі;
 3) оның негізінде мүлікті сенімгерлікпен басқару туындайтын құжаттың нөмірі мен күні.
 Оның негізінде мүлікті сенімгерлікпен басқару туындайтын құжаттың күні мен нөмірі көрсетіледі.
 28. «Жер салығын есептеу» бөлімінде:
 1) 700.02.001 жолында Салық кодексінің 375 және 376–баптарына сәйкес жер салығы салынатын объекті болып табылатын жер учаскесінің орналасқан жері (жер учаскесіне ортақ үлестік меншік кезінде – жер үлесі) көрсетіледі;
 2) 700.02.002 жолында сәйкестендіру құжаттары негізінде кадастрлық нөмір көрсетіледі;
 3) 700.02.003 жолында құқық белгілейтін құжаттардың, оның ішінде шарттардың, сот шешімдерінің, атқарушы органдарының құқықтық актілерінің, мұрагерлікке құқық туралы куәліктің, меншік құқығында жер учаскесі бар немесе өтемін төлеп уақытша жер пайдалану құқығын сатып алған мемлекеттік емес заңды тұлғалар қайта ұйымдастырылған кезде беру актісінің немесе бөлу теңгерімінің негізінде Қазақстан Республикасының жер заңнамасының ережелеріне сәйкес жер учаскесіне құқық туындаған күн көрсетіледі;
 4) 700.02.004 жолында құқық белгілейтін құжаттардың негізінде Қазақстан Республикасының жер заңнамасының ережелеріне сәйкес жер учаскесіне құқық тоқтаған күн көрсетіледі;
 5) салық төлеуші жер салығын Салық кодексінің 374–бабы 2–тармағына сәйкес төлеген жағдайда 700.02.003 және 700.02.004 жолдары толтырылмайды;
 6) 700.02.005 жолында салық кезеңінде жер учаскесін иелену немесе пайдалану айларының саны көрсетіледі;
 7) 700.02.006 жолында Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жер санаты көрсетіледі. Бұл ретте, мынадай шартты белгілер пайдаланылады:
 АШЖ–1 – ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – далалық және қуаң далалық аймақтардың жерлері;
 АШЖ–2 – ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – шөлейтті, шөлді және тау бөктеріндегі шөлді аймақтардың жерлері;
 ЕМЖ–ТҮҚ – тұрғын үй қоры, соның ішінде олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан елді мекен жерлері;
 ЕМЖ – тұрғын үй қоры, соның ішінде олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлерді қоспағанда, елді мекен жерлері;
 ЕМЖ–ҮЖЖУ – елді мекен пунктерінің жерлері – үй іргесіндегі жер учаскелері;
 ӨЖ – елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлері;
 ӨЖ–ЕМ – елді мекендер шегінде орналасқан өнеркәсіп жерлері;
 ЕҚТАЖ–АШ–1 және ЕҚТАЖ–АШ–2 – ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері;
 ЕҚТАЖ – ауыл шаруашылығынан басқа өзге де мақсатта пайдаланылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері;
 ОҚЖ–АШ–1 немесе ОҚЖ–АШ–2 – ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын орман қорының жерлері;
 ОҚЖ – ауыл шаруашылығынан басқа өзге де мақсатта пайдаланылатын орман қорының жерлері;
 СҚЖ–АШ–1 немесе СҚЖ–АШ–1 – ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын су қорының жерлері;
 СҚЖ – ауыл шаруашылығынан басқа өзге де мақсатта пайдаланылатын су қорының жерлері;
 8) 700.02.007 жолында сәйкестендіру құжаттарының (жер учаскесіне жеке меншік құқығына акті, тұрақты жер пайдалану құқығына акті, өтемін төлеп уақытша (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалға алу) құқығына акті және өтемін төлемей уақытша жер пайдалану құқығына акті) негізінде жер учаскесі топырағының бонитет балы көрсетіледі;
 9) 700.02.008 жолында жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарына сәйкес жер учаскесінің жалпы ауданы көрсетіледі. Салық кодексінің 374–бабы
 2–тармағында айқындалған салық төлеушілер нақты иеленуіндегі және пайдалануындағы жер учаскесінің жалпы ауданын көрсетеді. Жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттары болмаған жағдайда ауданы жер учаскесін өлшеген заңды және жеке тұлғалардың (тиісті лицензиялары бар) қорытындылары негізінде айқындалады;
 10) 700.02.008 І жолында Салық кодексінің 375–бабының 2–тармағына сәйкес жер салығы салынбайтын жер учаскесінің ауданы көрсетіледі;
 11) 700.02.008 ІІ жолында 700.02.008 және 700.02.008 І жолдарының айырмасы ретінде айқындалатын жер салығы салынуы тиіс жер учаскесінің ауданы көрсетіледі;
 12) 700.02.009 жолында Салық кодексінің 54–тарауына сәйкес жер салығының базалық ставкасы көрсетіледі;
 13) 700.02.010 жолында Салық кодексінің 387–бабының 1–тармағына сәйкес салық кезеңіне жергілікті өкілдік органның шешімімен белгіленген жер салығының ставкасын төмендету немесе көтеру мөлшері (пайызбен) көрсетіледі;
 14) 700.02.011 жолында Салық кодексінің 386–бабына сәйкес салық кезеңіне жергілікті өкілдік органның шешімі бойынша автотұрақтар, автожанармай құю станциялары мен казино орналасқан жер учаскесіне жер салығының ставкасын көтерудің белгіленген мөлшері көрсетіледі;
 15) 700.02.012 жолында тиісті салық төлеушілер үшін Салық кодексінің 387–бабының 2 және 3–тармақтарында белгіленген коэффициент көрсетіледі;
 16) 700.02.013 жолында арнаулы экономикалық аймақ аумақтарында қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілерге арналған, Салық кодексінің 387–бабының 5–тармағымен белгіленген коэффициент көрсетіледі;
 17) 700.02.014 жолында 700.02.009, 700.02.010, 700.02.011 және 700.02.012 жолдарында көзделген базалық салық ставкасын түзетулер ескеріле отырып, жер салығының ставкасы көрсетіледі;
 18) 700.02.015 І жолында (700.02.008 ІІ х 700.02.014/12) х 700.02.005 формуласы бойынша айқындалатын салық кезеңі үшін есептелген салық сомасы көрсетіледі.
 Жер салығынының ставкасын көтеру немесе төмендету және жеке салық төлеушілер үшін коэффиценттер болмаған жағдайда салық кезеңі үшін есептелген салық сомасы (700.02.008 ІІ х 700.02.009/12) х 700.02.005 формуласы бойынша айқындалады.
 Инвестициялық салық преференцияларын қолдануға жасалған келісім бойынша салық төлеушіге жер салығы бойынша инвестициялық салық преференциялары берілген жағдайда бюджетке төленуге жататын жер салығы сомасы 100 процентке азайтылып, сәйкесінше, бұл жолда 0 көрсетіледі.
 19) 700.02.015 ІІ жолында Салық кодексінің 451–бабында көзделген ерекшеліктерді ескеріп, (700.02.008 ІІ х 700.02.014/12) х 700.02.005 х 0,3 формуласы бойынша айқындалатын төленуге тиісті салық кезеңі үшін есептелген салық сомасы көрсетіледі;
 20) 700.02.016 жолында көрсетілген жер учаскесі бойынша салық кезеңі үшін есептелген ағымдағы төлемдер сомасы көрсетіледі. 700.02.016 жолы салық төлеуші жер салығы бойынша жыл басына ұсынған Жер және мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер есебінің барлық нысандары бойынша G бағанының мәні алу (қосу) көрсетілген жер учаскесі бойынша салық кезеңі ішінде салық міндеттемелері өзгерген кезде табыс етілген Жер және мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер есебінің (701.00) G бағанының 104303, 104304, 104305, 104306, 104307, 104308 жолдарының мәні ретінде айқындалады;
 21) 700.02.015 І немесе 700.02.015 ІІ жолдарында көрсетілген жер салығы сомасының 700.02.016 жолында көрсетілген есепті салық кезеңі үшін есептелген ағымдағы төлемдер сомасынан асып кеткен жағдайда, 700.02.017 жолында есептеуге салық сомасы (+), кері жағдайда жолда азайтылатын салық сомасы (–) көрсетіледі;
 22) 700.02.018 жолында уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген жер салығының бюджеттік жіктемесінің тиісті коды көрсетіледі.


 5. Мүлік салығы – 700.03–нысанын жасау

 9. Бұл қосымша Салық кодексінің 15–бөліміне сәйкес салық төлеушілердің мүлік салығын есептеуіне арналған. Егер салық кезеңі ішінде мүлік салығын есептеу бірнеше салық режимдерінде (арнаулы салық режимі бойынша, арнайы экономикалық аумақтағы салық режимі бойынша, жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте және т.б.) жүзеге асырылған жағдайда, қосымша әр салық режимі бойынша бөлек жасалады. Бұл ретте, салықты есептеу кезінде әр салық режимі бойынша тиісті ставкалар қолданылады.
 Салық салу объектілеріне әр түрлі ставкалар қолданылған жағдайда қосымша салық салудың әрбір объекті бойынша толтырылады.
 30. Егер салық салу объектісі бойынша салық есептілігін тапсыру бойынша салық міндеттемесі сенімгерлікпен басқарушыға жүктелген болса, Салық кодексінің 35–бабында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, «Сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы немесе пайда алушы туралы ақпарат» бөлімі толтырылады:
 1) СТН – салық төлеуші сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының тіркеу нөмірі көрсетіледі;
 2) ЖСН/БСН – салық төлеуші сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес сәйкестендіру нөмірі). Болған жағдайда көрсетіледі;.
 3) оның негізінде мүлікті сенімгерлікпен басқару туындайтын құжаттың нөмірі мен күні.
 Оның негізінде мүлікті сенімгерлікпен басқару туындайтын құжаттың күні мен нөмірі көрсетіледі.
 31. «Салық салу объектілерінің орташа жылдық баланстық құнын есептеу» бөлімінде:
 1) 700.03.001 – 700.03.013 жолдарында салық кезеңінің басына, салық кезеңінің әр айының бірінші күніне және есептіден кейінгі салық кезеңінің басына бухгалтерлік есеп деректері бойынша салық салу объектілерінің баланстық құны көрсетіледі;
 2) 700.03.014 жолында 700.03.001–ден 700.03.013–ке дейінгі жолдардың сомасы ретінде айқындалатын салық салу объектілерінің баланстық құны көрсетіледі;
 3) 700.03.015 жолында Салық кодексінің 397–бабының 2–тармағына сәйкес 700.03.014 жолы мен 13 бөліндісі(700.03.014/13) арқылы айқындалатын салық салу объектілерінің орташа жылдық баланстық құны көрсетіледі;
 4) 700.03.016 жолында салық салу объектілерінің Салық кодексі 397–бабының 4–тармағына сәйкес айқындалатын салық базасы көрсетіледі.
 32. «Мүлік салығын есептеу» бөлімінде:
 1) 700.03.017 жолында Салық кодексінің 398–бабында белгіленген мүлік салығының ставкасы көрсетіледі;
 2) 700.03.018 І жолында 700.03.017 жолында көрсетілген салық ставкасына 700.03.015 жолында көрсетілген негізгі қаражаттардың орташа жылдық баланстық құнын көбейту (700.03.015х700.03.017) жолымен айқындалатын салық сомасы көрсетіледі.
 Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін салық сомасы 700.03.016 жолында көрсетілген салық базасын 700.03.017 жолында көрсетілген салық ставкасына (700.03.016х700.03.017) жолымен айқындалады. Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлердің салық салу объектілеріне салық кезеңі ішінде меншік құқығы алынған немесе тоқтатылған болса, салық сомасы мұндай объектілерге иелік етудің іс жүзіндегі кезеңіне есептеледі. Төленуге жататын салық сомасы салықтың жылдық сомасын он екіге бөлу және меншік құқығы пайда болған айдан бастап салық кезеңінің соңына дейінгі немесе меншік құқығы тоқтатаылған айдың 1 жұлдызына дейінгі іс жүзінде иелік еткен айлар санына көбейту арқылы есептеледі.
 Инвестициялық салық преференцияларын қолдануға жасалған келісім бойынша салық төлеушіге мүлік салығы бойынша инвестициялық салық преференциялары берілген жағдайда бюджетке төленуге жататын мүлік салығы сомасы 100 процентке азайтылып, сәйкесінше, бұл жолда 0 көрсетіледі;
 3) 700.03.018 ІІ жолында 700.03.015 және 700.03.017 жолдарын және 0,3 көбейту (700.03.015х700.03.017)х0,3 жолымен айқындалатын Салық кодексінің 451–бабында белгіленген ерекшеліктерді ескеріп, төленуге жататын салық сомасы көрсетіледі;
 4) 700.03.018 ІІІ жолында 700.03.016 жолында көрсетілген салық салу объектілерінің Салық кодексі 397–бабының 4–тармағына сәйкес айқындалатын салық базасын 700.03.017 жолында көрсетілген салық ставкасына көбейту жолымен айқындалатын (700.03.016 х 700.03.017) салық сомасы көрсетіледі.
Категория: Экономика, Қаржы, Бухгалтерлік іс, Банктік іс, Салық! | Добавил: anonim02
Просмотров: 2782 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]