Главная » Файлы » Білім және ғылым » Экономика, Қаржы, Бухгалтерлік іс, Банктік іс, Салық! |
Меншікке салынатын салық
12.07.2011, 08:59 | |
Салық мемлекеттiк құрылымның негiзгi мемлекеттiң тұрақты қаржы көзi, мелекеттiк бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгiлi бiр мөлшерде мiндеттi төлемдер. Салықтар мемлекеттiң пайда болуымен қалыптасады және мемлекеттiк бюджеттiң дамуының негiзi көзi болады. Ал, әлемнiң дамыған елдерiнде салықтар-экономикалық процестi жанама реттеудiң тиiмдi құрамдарының бiрi болып табылады. Сонымен салықтар қазынаны толтырып қана қоймай, өндiрiстi әрi қарай дамытудың белсендi ынталандырушы рөлiн атқару қажет. Олар кәсiпкерлiкке деген ынталы тежеу механизмi болып келмей керiсiнше, оның тиiмдi әрекет етуiнiң бiрден-бiр факторларының ролiн атқарады. Мемлекеттiк бюджеттiң негiзгi кiрiс көзiнiң көп бөлiгiн қамтитын салықтардың бiрi меншiкке салынатын салықтар болып табылады. Қазақстан Республикасындағы меншiкке салынатын салық бюджетке түсу сомасы бойынша да маңызды болып табылады. Сонымен қатар, меншiк салығы ең кең тараған салық тұрiнiң бiрi. Ол жеке және заңды тұлғалараға қатысты болып табылады. Кез-келген жеке және заңды тұлға мiндеттi тұрде салық төлеуi қажет. Салықтан тек жеңiлдiк берген кезде ғана босатылады. Сонымен қатар, меншiкке салынатын салық ең кең тараған және айтарлықтай салық салу тұрiмен қатар, салық салу механизмi ең күрделi және ең қиын тұрi. Ал бұл салық салудың моделiнiң күрделiгiне байланысты ғана анықталмай, осы салық реттелiп отыратын заңдылықтың дұрыс орындалмауына да байланысты анықталады. Яғни, бұл заңдылықтың қиындығын және қолдану мүмкiндiгiн салық төлеушiлер ғана емес, салық қызметi органдары қызметкерлерiнiң құқықтары мен мiндеттерi туралы бейхабар болуына байланысты, өз мүдделерiн қорғауларына мүмкiндiк болмайды. Меншiкке салынатын салықтың кең таралуына және салық төлеушiмен мемлекет бюджетiне жалпы әсерiнiң айтарлықтай дәрежеде болуына байланысты, ол туралы заңдылықты бiлудiң қажеттiлiгi өте зор болып отыр, яғни бұл заңдылықты салық төлеуге мiндеттi салық төлеушiлер мен салық жинауға мiндеттi салық қызметi органының қызметкерлерi ғана емес, салықтың қатынасқа қатысатын кез-келген субьектi бiлуi қажет. I Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі меншікке салынатын салықтардың экономикалық мәні 1.1 Мүлiк салығы Жалпы салықтардың iшiнде мүлiк салығының алатын орны ерекше. Мүлiк салығы толығымен дерлiк жергiлiктi бюджетке барып түседi. Мүлiк салығы нақтылай тiкелей салықтардың қатарына жатады. Мүлiк салығының сомасы салық төлеушiнiң табыс көлемiне қарай емес, мүлкiнiң қарқына қарай анықталады. Дамыған мемлекеттерде капиталға және меншiкке салық салу келесi салық топтары арқылы жүзеге асырылады: жеке әлауқат салығы, мұрагерлiкке және сыйға салық салынатын, капитал өсiмiн салық, мүлiктiк нақтылай түрлерiне салынатын салық (жерге, құрылысқа). Жеке әл-ауқат салығына – мүлiкке ие болуына байланысты туындайтын жеке тұлғалардың мүлкi табылады. Мүлiктiң бағасы нарық құны бойынша туындайды. Потенттер, аннуитеттер, салықтандыру полюстары (өнiмдердi сақтандыру бойынша ғана), либель және басқа да үй жиїаздары, өнер туындылары, жеке коллекциялардың белгiлi бiр түрлерi, автомобильдер және басқа да салынатын бiтпеген жер учаскелерi, егер оларға арнайы салықтар салынатын болса, онда олар салық салудан босатылады. /8/ Бiрлiк сатвка бойынша Бельгияда (1), Данияда (2,2), Германияда (0,5 жеке тұлғалар үшін, 0,6- корпорациялар үшін), Исландияда, Люкембургте жеке әл-ауқат салығы салынады. Прогрессивтi салық салу Финляндияда, Норвегияда, Испанияда, Щвецияда және Щвецарияда әрекет етедi. Ал басқа дамыған мемлекеттерде салықтың бұл тұрi әрекет етпейдi немесе әкiмшiлiк территориялық бiрлiк денгейiнде жүзеге асырылады. Айтарлықтай жоғары сомма және салық салу кезiндегi жеңiлдiктер бұл салықтық ерекшелiктерi болып табылады. Мұрагерлiктен салық – бұл мұраға алу құқығы бойынша жаңа иегерге өтетiн мүлiкке салынатын салық (жылжитын және жылжымайтын). Сыйға салынатын салық –бұл меншiк иесiнен екiншiсiне сый тұрiнде өтетiн мүлiкке салынатын салық (жылжитын немесе жылжымайтын). Көптеген елдерде салықтың бұл түрлерi жеке –жеке әрекет етедi, ал кейбiр мемлекеттерде мұрагерлiкке және сыйға салынатын салық бiр салық ретiнде қарастырылған. Бiрақ, бiрiншi жағдайда салықтар ереже бойынша жалпы нормалармен реттеледi және салық ставкалары мен салық салынатын соманы анықтау тәртiбi бiрдей. Барлық дамыған мемлекеттерде мұрагерлiк және сыйға салынатын салық орталық (федералды) денгейде жүзеге асырылады. Барлық мемлекеттерде мұрагерлiкке және сыйға салық салу ставкалары күрделi прогрессия бойынша қалыптасады. Мұрагерлер мен сый алушылар туыстық денгейiне байланысты топтарға бөлiнедi (I-тiкелей мұрагер, II-ерлi-зайыптылар, III- ағалары мен қарындастары, iнi, әпкелерi, IV-алыс туысқандары және тағы да басқа). °рбiр топқа салық ставкаларының жүйесi белгiленген. Салықтық класқа салық салу сомасы көлемi де тәуелдi. Жылжымайтын мүлiктердiң жекелеген түрлерiне салықтар әрқалай болып келедi. Барлық мемлекеттерде бұл салықтар жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының қызметкерлерiнiң қатарына жатады. /9/ Құрылыстарға салынатын жер салығы. Мемлекет территориясында барлық құрылыстарға жер салығы салынады (жер салығын төлеуден босатылғандардан басқа). Құрылыстың фундаментi ғимараттың өзi қандай материалдардан салынғанына байланыссыз, цементтен, кiрпiштен және бетоннан салынуы тиiс. ±имараттардың негiзгi түрлерiне келесiлердi жатқызуға болады: адамдар үшін ғимараттар мен баспаналар, жабдықтар мен запастар (шеберханалар, ангарлар, кез келген тұрдегi өндiрiстiк құрылғылар және тағы басқа); қоймалар (сүрленген шөптi сақтау орындары, резервуарлар); қатты және мықты жабыдқталған құбырлар; архитектура және өнер туындылары (көпiрлер, жағалаулар, тоннельдер, виадуктер және тағы да басқалар); өндiрiстiк мақсаттағы жарнама үшін орындар. Қоғамдық ұжымдық меншiктегi құрылымдарға салық салынбайды. Оларға мемлекет меншiгiндегi ғимараттар мен құрылымдар, территориялық ұйымдар, ұжымдық бiрлестiктер жатады. Сондай-ақ қоғамдық меншiкте яғни ұжымдық мақсаттарға пайдалануы керек және меншiк иесiне табыс әкелмеуi тиiс. Ұйымның ұжымдық меншiгiндегi құрылымдар үшін нақтылай жеңiлдiктер бекiтiлген. Ұйымның қоғамдық меншiгiне ғимараттарды коммерциялық емес және өндiрiстiк емес жағдайларда пайдаланылған жағдайларда салықтың толық ставкасында жеңiлдiктер берiледi. /10/ Салықтан тез арада босатуға жататындар: бiрiншiден, құрылыс салынған жылдан кейiнгi келесi жылдың 1 қаңтарына дейiн барлық құрлыстар; екiншiден, жергiлiктi үкiмет органдарының шешiмi бойынша тұрғын үй, өндiрiстiк, өнеркәсiп және коммерциялық қызмет мақсатында пайдаланылатын құрылыстар 2 жылға дейiнгi мерзiмге; үшіншiден қолөнер қызметiмен айналысу үшін құрылыстар; төртiншiден, 1983 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1988 жылдың 31 желтоқсаны аралығында құрылған жергiлiктi кәсiпорындар 1973 жылдың 1 қаңтарнан кейiн салынған ғимараттарға 15 жылға жеңiлдiк берiлуi мүмкiн. Егер бұл –тұрғын үйлер болса және муниципалды меншiкте, яғни төменгi бағадағы пәтерлер сондай-ақ құрылысының 50 -тi мемлекеттiк дотациямен жабылса. Егер бұл құрылыстың 50 -тен жоғарғы бөлiгi мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылса, ол келешекте тұрғын үй мақсатында пайдаланып және жеке меншiкке өтетiн болса, онда салық төлеушi салықты төлеу мерзiмiнен он жылға дейiн босатылады. Өндiрiстiк мақсаттағы құрылыстар тұрғын үй құрылыстарының ажырамас бөлiгi болып табылатын болса (пәтердегi немесе үйдегi бөлме және тағы да басқа) салық салуға жатады. Жеке және өндiрiстiк қажеттiлiктерiне пайдаланылатын құрылыстарға (мысалы, дәрiгердiң жеке тәжiрибелiк қабылдау бөлмесi және пәтер холлы) тұрғын үй салығы немесе кәсiпшiлiк салынады. /11/ Салық салу ставкасы құрылыстың заңды иесi немесе жалға алушы заңды және жеке тұлғаларға байлансты бекiтiледi. Берiлген тұлғаның құрылысты өзiне ыңғайлы кез-келген уақытта және өз мақсаттарына пайдалануы салық салу негiзi болып табылады. Салық салудан келесi құрылыстар босатылады: - әлеуметтiк мақсатта пайдаланылатын және меншiк иесi кәсiпшiлiк салық төлейтiн құрылыстар (яғни, өндiрiстiк, қол өнерлiк және коммерциялық құрылыстар); - мектеп оқушылары, лицей, коледж және пансионаттардың оқушлары үшін белгiленген, сондай –ақ оқу өткiзу үшін белгiленген құрылыстар; - мемлекеттiк және қоғамдық ұйымдар мекемелерi (соттар, мунициналиметтер және тағы да басқа). Салықтың бұл тұрiнен ғылым, бiлiм беру саласында әрекет ететiн заңды тұлғалар (медициналық, әлеуметтiк және тағы да басқа), сонымен қатар шетел дипломатиялық өкiлдiктерi, сауда және консулдық қызметтер босатылады. Тұрғын үй салығының ставкасы үйдiң құнына сәйкес анықталады және құрылыс тұрiне қарай тұрақты болып табылады. Тұрғын үй құрылысының бағалануы ең соңғы рет 1970 жылы жүргiзiлдi, оның негiзiне нақтылай бектiлген құндылық кестесi бойынша нақтылық құндылық табылады. Жыл сайын франк курсымен бағасының өзгеруiне сәйкес бұл құндылықтың қайта есептелуi өткiзiледi. Салық ставкалары келесi параметрлерден қалыптасады: жанұяның алғашқы екi тұрғынына салық салудың минималды шкаласы бойынша 15-20 процент салық салынады. Жанұяның басқа да тұрғындарына –минималды бойынша 15 процент және жоғарлатылған бойынша 20-25 процент. Тұрғын үй салығы есептелiнетiн жанұя тұрғындарына: меншiк иесiнiң туыстары, 70 жастан асқан әйел бiрге тұратын және табыс салығын төлемейтiн мүгедектер, камiлетке толмаған (18 жасқа дейiн) туған және асырауындағы балалар, сондай-ақ өз бiлiмiн жалғастыратын 25 жасқа дейiнгi балалар. /12/ Тұрғын үй және өндiрiстiк құрылыстардың жiктелуi. Құрлыстар 8 топқа бөлiнедi әрбiр категорияның құны келсiдей критерийлер бойынша анықталады: құрылыстың архитектуралық сипаттамасы (құрылыс жұмыстарының техникалық және әдеби денгейi); құрылыстың ауданын бөлу (жалпы бөлу, қонақтар қабылдау үшін арнайы құрылыс санитарлы гигеналық құрылыстар); жабдықтар (су құбыры, канализация, орталық жылу, лифт, орталық тепшектегi кiлемдiк төсенiштер), экспертиза нәтижесi бойынша әрбiр категорияға атау берiлдi; өте сәндi, сәндi , өте жабдықталған, жабдықталған, жеткiлiктi жабдықталған, кәдiмгi, орташа, жәй орташа. Бiрiншi және екiншi категорияларды бiрiктiруге болады, себебi олардың арасында айырмашылық сәндi сөзiне өте сөзiнiң қосылуы. Сонымен құрылыстың сапасы келесiдей болуы тиiс (архитектуралық сипаттама): бiрнеше және жоғарғы сортта құрылыс материалдары, ғимараттардың сапалығы, ыңғайлы жоспарлау құрылыстың бөлiнуi және белгiленуi көп функциялылығымен ерекшеленуi керек. Мiндеттi тұрде қонақтар қабылдау бөлмесi, жаңа жабдықтар, лифт және орталық теппешек кiлемдiк жабдық (және черный ход әсiресе ескi үйлерде). Орташа категорияға тоқталып өтетiн болсақ, құрылыстың сапасы үнемдi сипаттымен ерекшеленедi, яғни арзан материалды пайдалану нәтижесiнде жабдықтылық денгейi төмен. Құрылыстың бөлiнуi және саны келесiдей : кiшкентай құрылыстар, сатылық клеткалар, тар, қараңғы, ыңғайсыз подъездер және тағы басқа, қонақты күту бөлмелерi жоқ, барлық пәтерлерде төрт бөлмеден аз, су құбыры, канализация, қазiргi салынған үйлерде лифт (бiрақ ескi үйлерде көбiнесе жоқ). Өндiрiстiк пайдаланудағы құрылыстар негiзгi 4 категорияға бөлiнедi: А,В,С,Д. Негiзгi назар, құрылыстың негiзгi элементтерiне, сондай-ақ жабдықтарға (электр жабдықтау, су жылу және тағы да басқаға) бөлiнедi. Элементтердiң берiлген ерекшелiкерiне байланысты әрбiр категорияны бөлемiз жақсы, қанағаттанарлық, орташа, нашар. А (жақсы) категориясына сапалы конструкциялық материалдардан салынған, магистральдi электр және жылумен қамтамасыз етiлген, жабдықталған подъездер мен авто көлiк үшін тұрақтар және темiр жолдармен қамтамасыз етiлген құрылыстар жатады. В (қанағаттанарлық) категориясына кәдiмгi құрылыс материалдарынан салынған құрылыстар жатады. Бұл категориядағы құрлыстар сыртқы табиғи жағдайлардан әсерiнен жеткiлiктi көлемде сақтайды. С және Д категориялары уақытша құрлыстар болып табылады және өте арзан құрылыс материалдарынан салынған. Жылу және электр коммуникациялары толығымен жоқ. Соңғы екi категорияның бiр бiрiнен айырмашылығы құрылыстың түрлi денгейiндегi зияндылығына және ахаулардың санында. Дамыған шет мемлекеттердегi мүлiкке салынатын салық мөлшерi келесiдей: Бельгияда –24 , Ұлыбританияда-12, Германияда-3,1, Италияда –2,5, Нидерландыда-3,5, Америка Құрама Штаттарында –10,3 , Францияда-4,8./13/ 1.2 Жер салығы Жер – өндiрiс факторларының бiрi. Жер терминi кең мағынада қолданылады. Ол табиғаттың берген барлық затарын қамтиды, яғни жер, су мен орман ресурстары, пайдалы қазбалар байлығы. Салық салу мақсатында барлық жерлер олардың арналған нысанасы мен тиесiлiгiне қарай мынадай санаттарға: - ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерге; - елдi мекендер жерлерiне; - өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс және өзгеде ауылшаруашылығы емес мақсаттағы жерлерге; - ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерiне, сауықтыру, рекреациялық және тарихи—мәдени мақсаттағы жерлерге; - орман қорының жерлерiне; - су қорының жерлерiне; - запастағы жерлерге жатқызылуына қарай қарастырылады; Жердiң белгiлi бiр немесе өзге санатқа жататындығы Қазақстан Республикасының жер туралы заң актiлер мен белгiленедi. Елдi мекендер жерлерi салық салу мақсаты үшін мынадай екi топқа бөлiнген: - тұрғын үй қоры, соның iшiнде олардың жанындағы құрылыыстар мен ғимараттар орналасқан жерлердi қоспағанда, елдi мекендер жерлерi; тұрғын үй - қоры,оныңiшiндеолардыңжанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлер. Жердiң мынадай санаттары бар: - ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерi: - орман қорының жерлерi: - су қорының жерлерi; - запастағы жерлер салық салуға жатпайды. Аталған жерлер (запастағы жерлердi қоспағанда) тұрақты жер пайдалануға немесе бастапқы өтеусiз уақытша жер пайдалануға берiлген жағдайда белгiленген тәртiппен салық салынуға тиiс. Жер салығының мөлшерi жер иеленушiлер мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметiнiң нәтижелерiне байланысты болмайды. Жер салығы:меншiк құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын, өтеусiз уақытша жер пайдалану құқығын куәландыратын құжаттар; - жер ресурстарын басқару жөнiндегi уәкiлеттi орган әр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша берген жерлердiң мемлекеттiк сандық және сапалық есебiнiң деректерi негiзiнде есептеледi. Қазақстан Республикасы Үкiметiмен жасалған келiсiм- шарттарына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылар бонустың барлық тұрiн төлеушi болып табылады: - қол қойылған бонус бiр жолғы тiркелген (фиксированный) төлем ретiнде жер қойнауын геологиялық зерделеу мен кейiнгi өндiру құқығы үшін төленедi. Іол қойылған бонус жер қойнауын пайдаланушы мен үкiмет арасындағы екi жақты келiсiм шарт бойынша төленедi. Төлем негiзi екi жақ қол қойған келiсiм-шарт; - коммерциялық табу бонусы бiр жолғы тiркелген төлем болып табылады және оны жер қойнауын пайдаланушылар келiсiм –шартта көрсетiлген аумақтағы коммерциялық табу көзiнде төлейдi. Коммерциялық табу келiсiм-шартта көрсетiлген аумақта өндiруге тиiмдi бiр немесе бiрнеше кенiштiң табылуын бiлдiредi. 1.3 Көлік құрадары салығы Жеке және заңды тұлғалар меншігіндегі көлік құралдарынан салық төлейді. Бүгінгі таңда, көлік салығы салық ретінде кең түрде қолданылып келеді. Ертеректе көлік салығы аттың күшімен есептелініп келді. Бұл есеп түрі мемлекетке тиімсіз болып келді, себебі көлік құралдарынан түскен салық сомалары аз ғана болды. Қазіргі кезде көлік салығын есептеуде бірнеше тэсілдер қолданылады. Жеңіл автокөліктерді двигатель көлеміне қарай есептейді. Сол кезде соңғы жетістіктегі жэне қуатсы көліктердің салық сомасы жоғары болады. Жүк машиналары жүк көтергіштігіне қарай, жолаушы таситын көліктер орындық санына қарай көлік салығы есептелінеді. Қазақстан Республикасында көлік салығына көптеген өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Көлік құралдары салығы негізінен мақсатты салық болып келеді, яғни түскен салық сомалары жолды жөндеуге жұмсалады және бюджетке түсуіне орай жергілікті салық болып саналады. Көлік салығын төлеушілер: • меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар; • меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды бас құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар, • заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері; лизинг алушы қаржы лизингі шарты бойынша берілген салық салу объектілері бойынша. Көлік құралдары салығы бойынша жеңілдіктер. Көлік салығын есептеу барысында қарастырылған салық жеңілдіктеріне тоқталып өтейік: 1995 жылы 24 сәуірдегі «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес: 1) Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті тізбесін белгілейтін ауыл шаруашылығы өнімін мамандандырылған ауыл шаруашылық техникасымен өндірушілер; 2) жүк көтерімі 40 тоннадан асатын карьерлік автоаударғыштар; 3) бір автокөлік құралы бойынша: • Ұлы Отан соғысына қатысушалар мен соларға теңестірілген тұлғалар; • меншігінде мотоколяскалары мен автомобильдері бар мүгедектер; • Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, «Халық қаһарманы» атағын алғандар, III дәрежелі Даңқ орденімен және «Отан» орденімен наградталғандар, «Ардақты ана» атағына ие болған, «Алтын алқа» және көп балалы аналар; 4) Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мен оның бөлімшелері; 5) Қазақстан Республикасы мүгедектерінің ерікті қоғамы: - қазақ зағиптар қоғамы; - Қазақ саңыраулар қоғамы; - Ақыл-есі мен ене бітімінің кемістігі бар балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік үнемдеу; - олардың еңбек ету қабілетін қалпына келтіру орталығы; - ЖЕҚ Орталық комитеті; - Ауғанстан соғысы ардагерлерінің Қазақ Республикалық ұйымы (кәсіпорындарынсыз); 6) Қызметкерлерінің жалпы санының кемінде 50 пайызы мүгедектерден тұратын өндірістік ұйымдар мен кәсіпорындар - есепті кезеңде алынған табыстың кемінде 50 пайызын мүгедектерді әлеуметтік қорғауға нақтылы пайдаланған жағдайда ғана сатылған еді. 2. Бүгінгі таңда көлік құралдары салығын төлеуден босатылады: 1) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін көлік құралдарына қажеттілік нормативтері шегінде бірыңғай жер салығын төлеушілер; 2) меншікті ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруде пайдаланылатын мамандандырылған ауыл шаруашылық техникасы бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілерді қоса алғанда, ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер. Аталған мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникасының тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді; 3) мемлекеттік мекемелер; 4) салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша: • Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестірілетін адамдар; • меншігінде мотоколяскалары мен автомобильдері бар мүгедектер; • Кеңес Одағының Батырлары; • Социалистік Еңбек Ерлері; • «Халық қаһарманы» атағын алғандар; • III дәрежелі Даңқ орденімен және «Отан» орденімен наградталған адамдар; • «Ардақты ана» атағын алғандар; • «Алтыналқа» және «Күмісалқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар; 6) ауыл шаруашылық құралымынан шығу нәтижесінде паи ретінде алынған, пайдаланған мерзімі жеті жылдан асқан жүк автомобильдері бойынша жеке тулғалар. Көлік құралдары салыгы бойынша салық салу объектілері болып уәкілетті органда мемлекеттік тіркеуге жататын окз есепте тұрған көлік құралдары саналады. Мына төменде аталғандар көлік құралдары салығы боиынша салық салу объектілеріне жатпайды: 1) жүк көтергіштігі 40 тонна және одан асатын карьерлік самосвалдар; 2) мамандандырылған медициналық көлік құралдары. II. Меншікке салынатын салықтарды есептеу және төлеу тәтібі 2.1. Меншiк салығының объектiсi мен субъектiсi және салық салынбайтын айналым Қазақстан Республикасының аумағында меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында салық салу обьектiсi бар заңды тұлғаға, жеке кәсiпкер, заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшелерi, ресми емес заңды тұлға Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан обьектiлерi бойынша салық төлеушiлер болып табылады. /16/ Меншiк иесi салық салу обьектiлерiн сенiгерлiк басқаруға немесе жалға берген кезде меншiк иесiмен келiсiм бойынша салық төлеушi сенiмгер басқарушы немесе жалға алушы болуы мүмкiн. Егер салық салу обьктiсi бiрнеше тұлғаның ортақ үлестiк обьктiсi бiрнеше тұлғаның ортақ үлестiк меншiгiнде болса, осы тұлғалардың әрқайсысы салық төлеушi болып табылады. Бiрлескен ортақ меншiктегi салық салу обьектiсi бойынша осы салық салу обьектiсiнiң меншiк иелерiнiң бiрi олардың арасындағы келiсiм бойынша салық төлеушi болып табылады. Іаржылық мерзiмге берiлген обьектiлер бойынша лизинг алушы салық төлеушi болып табылады. Жер салығын төлеушiлер: - жеке меншiк құқығындағы; - тұрақты және пайдалану құқығындағы; - бастапқы өтеусiз уақытша жер пайдалану құқығындағы салық салу объектiлерi бар жеке және заңды тұлғалар жер салығын төлеушiлер болып табылады. Шаруа (фермер) қожалықтарына арналған арнайы салық режимi қолданылатын қызметте пайдалынатын жер учаскелерi бойынша бiрыңғай жер салығын төлеушiлер мыналар болып табылады: - мемлекеттiк бюджет есебiнен ғана қамтылатын ұйымдар; - жер қойнауын пайдаланушылар: - уәкiлеттi органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерiнiң мемлекеттiк кәсiпорындары; - Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестiрiлген адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала кезiнен мүгедектiң ата—анасының бiреуi: - тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелерi; - жеке үй шаруашылығын жүргiзу, бау-бақша шаруашылығы үшін берiлген және құрылыс алып жатқан жерлдердi қоса алғанда, саяжай құрылысына арналған жер учаскелерi; - гаражға арналған жер учаскелерi бойынша; - тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жақан жер учаскелерi және үй маңындағы жер учаскелерi бойынша ''ардақты ана'' атағына ие болған алтын алқа наградасы мен марапаттанылған көп балалы аналар. Дiни бiрлестiктер жер салығын төлемейдi. Салық кодексi бойынша мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылатын ұйымдар, уәкiлеттi органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерiнiң мемлекеттiк кәсiпорындары, дiни бiрлестiктер жалға берген жер учаскелерi бойынша салық төлеуден босатылмайды. Егер жер учаскелерiн иелену немесе пайдалану құқығын растайтын құжаттарда немесе тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, бiрнеше тұлғаның ортақ меншiгiндегi жер учаскесi бойынша осы тұлғалардың әрқайсысы жер салығын төлеп отырады. Жер учаскесiне құқықты куәландыратын құжаттар болмаған жағдайда, пайдаланушыны жер учаскесiне қатысты жер салығын төлеушi ретiнде тану үшін осындай учаскенi оның нақты иеленуi және пайдалануы негiз болып табылады. Салық салу объектiсi: жер учаскесi (жер учаскесiне ортақ үлесытiк меншiк кезiнде—жер үлесi) салық салу объектiсi болып табылады. Мыналар салық салу обектiсi болып табылмайды: - елдi мекендердiң ортақ пайдалануындағы жер учаскелерi. Алаңдар, көшелер, өткелдер, жолдар, жағалаулар. Парктер, скверлер, бульварлар, су қооймалары, жағажайлар, зеяраттармен халықтың мұқтаждарын қанағаттандыруға арналған өзгеде объектiлер (су құбырлары, жылу құбырлары, тазарту құрылғылары және басқада ортақ пайдаланылатын инженерлiк жүйелер) алып жатқан және соларға арналған жерлер елдi мекендердiң ортақ пайдалануындағы жерлерге жатады; - ортақ пайдаланудағы мемлекеттiк автомобиль жолдары желiсi алып жатқан жер учаскелерi. Ортақ жер пайдаланудағы кесiп берiлген белдеудегi мемлекеттiк автомобиль жолдары желiсi алып жатқан жерлерге жер алқаптары, көлiк жүрiп өтетiн тарамдар, жол салымдары, жасанды құрылыстар, жол бойындағы резервтер мен өзгеде жол қызметiн көрсету жөнiндегi құрылыстар, жол қызметiнiң қызметтiк және тұрғын үй жайлары, қардан қорғау екпелерi мен жасыл желектер орналасқан жерлер жатады және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша консеватцияланған объектiлер орналасқан жер учаскелерi. /17/ Жекелеген жағдайларда салық салу объектiсiн анықтағанда темiр жолдар, оқшаулау белдеулерi, темiр жол станциялары, вокзалдар орналасқан жер учаскелерiн қоса алғанда, заңдарда белгiленген тәртiппен темiр жол көлiгi ұйымдарының объектiлерiне берiлген жер учаскелерi темiр жол көлiгi ұйымдары үшін салық салу объектiсi, электр беру желiлерiмен кiшi станциялар тректерi алып жатқан жер учаскелерiн қоса алғанда, балансында электр беру желiлерi бар энергетика және электрлендiру жүйесi ұйымдары үшін осы ұйымдарға заңдарда белгiленген тәртiппен берiлген жер учаскелерi салық салу объектiсi болып табылады. Және де, мұнай құбырлары, газ құбырлары алып жатқан жер учаскелерiн қоса алғанда, балансында мұнай құбырлары, газ құбырлары бар, мұнай мен газ өнiдiрудi, тасмалдауды жүзеге асыратын ұйымдар үшін осы ұйымдарға заңдарда белгiленген тәртiппен берiлген жер учаскелерi де салық салу объектiсiне жатады. Байланыс желiлерiнiң тiректерi алып жатқан жер учаскелерiн қолса алғанда, балансында радиорелелiк, әуе, кабельдiк байланыс желiлерi бар байланыс ұйымдары үшін ұйымдарға заңдарда белгiленген тәртiппен берiлген жер учаскелерi салық салу объектiсi болады. Жер салығын анықтау үшін жер учаскесiнiң алаңы салық базасы болып табылады. Көлiк құралдары салығын төлеушiлер меншiк құқығында салық салу объектiлерi бар жеке тұлғалар мен меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектiлерi бар заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлiмшелерi көлiк құралдары салығын төлейдi. Қазақстан Републикасының Үкiметi белгiлейтiн көлiк құралдарына қажетiлiк нормативтерi шегiнде бiрыңғай жер салығын төлеушiлер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi тiзбесiн белгiлейтiн мамандандырылған ауылшаруашылық техникасы бойынша бiрыңғай жер салығын төлеушiлердi қоса алғанда, ауылшаруашылық өнiмiн өндiрушiлер көлiк құраладары салығын төлейдi және мемлекеттiк бюджет есебiнен ғана қамтылатын ұйымдарда төлейдi. Салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша-Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестiрiлген адамар көлiк құралын салығын төлейдi. Салық салу объектiсi болып табылатын бiр авто көлiк құралы бойынша—меншiгiнде мотоколяскалары мен автомобильдерi бар мүгедектерде төлейдi. Салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша—Кеңес Одағыныың Батырлары мен Социалистiк Еңбек Ерлерi, Халық қаїарманы атағын алған, үш дәрежелi Даңқ орденiмен және Отан орденi мен наградталған адамдар Ардақты ана атағын алған, Алтын алқа, Күмiс алқа, алқаларымен наградталған көп балалы аналарда төлейдi./18/ Ауылшаруашылық құрылымынан шығу нәтижесiнде пай ретiнде алынған, пайдаланылған мерзiмi 7-жылдан асқан жүк автомобильдерi бойынша жеке тұлғалар көлiк құралдары салығын төлемейдi. Салық салу объектiлерi, уәкiлеттi органда мемлекеттiк тiркеуге жататын және есепте тұрған көлiк құралдары, тiркемелердi қоспағанда, салық салу объектiлерi болып табылады, ол мыналар; —жүк көтергiштiгi 40-тонна және одан асатын карьерлiк автосамосвалдар; —мамандандырылған медециналық көлiк құралдары салық салу объектiлерi болып табылмайды. Салық салу обьектiсi болып мыналар табылады: заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлер үшін негiзгi құралдар мен материалдық емес активтер, бухгалтерлiк есепте белгiленген материалдық емес обьектiлер, материалдық емес активтер. Концервацияда тұрған негiзгi құралдар, жалпыға ортақ пайдаланылатын мемлекеттiк автомобиль жолдары мен оларға салынған жол құрылыстары (бұрылу белдеулерi, тоннель, көпiр,жол торалдары,түрлi белгiлер) инвестициялық жоба шеңберiнде пайдалануға жаңадан енгiзiлген негiзгi құралдар салық салу обьектiлерi бойынша салық базасы болады. Меншiк құқығында салық салу объектiлерi бар жеке тұлғалар және меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе оперативтiк басқару құқығында салық салу объектiлерi бар заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлiмшелерi көлiк құралдары салығын төлеушiлер болып табылады./19/ Оларға келесiлер жатады: - Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн көлiк құралдарына қажеттiлiк нормативтерi шегiнде бiрiңғай жер салығын төлеушiлер (сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi тiзбесiн белгiлейтiн мамандырылған ауылшаруашылық техникасы бойынша бiрiңғай жер салығын төлеушiлердi қоса алғанда, ауылшаруашылық өнiмiн өндiрушiлер). 1) Мемлекеттiк бюджет есебiмен ғана қамтылатын ұйымдар. 2) Салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша - Ұлы Отан Соғысына атысушылар және соларға теңестiрiлетiн адамдар. 3) Салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша – меншiгiнде мотоколяскалары мен автомобильдерi бар мүгедектер. 4) Салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша- Кеңес Одағының Батырлары мен Социалистiк Еңбек Ерлерi, "Халық қаїарманы” атаған алған (үш дәрежелi Даңқ орденiмен) және "Отан” орденiмен наградталған адамдар, "Ардақты ана” атағын алған, "Алтын алқа”, "Күмiс алқа” алқаларымен наградталған көп балалы аналар. 5) Ауылшаруашылық құрылымынан шығу нәтижесiнде ретiнде алынған, пайдаланған мерзiмi жетi жылдан асқан жүк автомобильдерi бойынша жеке тұлғалар көлiк құралдары салығын төлемейдi. Уәкiлеттi органда мемлекеттiк тiркеуге жататын және есепте тұрған көлiк құралдары, тiркемелердi қоспағанда, салық салу объектiлерi болып табылады. Олар келесiлер: 1) Жүк көтергiштiгi 40 тонна және одан асатын карьерлiк авто-самосвалдар. 2) Мамандандырылған медициналық көлiк құралдары салық салу объектiлерi бола алмайды. Салық салу обьектiлерiнiң орташа жылдық қалдық құны ағымдағы салық кезеңiнiң әр айының бiрiншi күнi мен есептi кезеңнен кейiнгi кезең айының 1-шi күнiндегi салық салу обьектiлерiнiң қалдық құнын қосу кезiнде алынған соманың он үштен бiрi ретiнде анықталады және заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлер салық салу обьектiлерiнiң орташа жылдық құнына 1% ставка бойынша мүлiк салығын есептейдi. Негiзгi қызмет тұрi кiтапханалық қызмет көрсету саласындағы жұмыстарды орындау болып табылатын ұйымдар, мемлекеттiк меншiкке жататын және мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын су қоймалары, су шаруашылықтары. Салық салу обьектiлерiнiң орташа жылдық құнына 0,1 ставка бойынша мүлiк салығын есептейдi және ортақ үлестiк меншiктегi салық салу обьектiсi бойынша мүлiк салық әрбiр салық төлеушiнiң мүлiк құнындағы оның үлесiне барабар есептеледi. Салық кезеңi iшiндегi сатып алынған салық салу обьектiлерi бойынша мүлiк салығының ағымдағы төлемдерi салық салу обьектiсiн сатып алу кезiндегi салық базасына салық ставкасын қолдану арқылы анықталады және салық кезеңi iшiнде шығып қалған мүлiктер бойынша мүлiктiң шығып қалған кездегi салық базасына салық ставкасын қолдану арқылы анықталатын салық сомасына азайтылады. Азайтылған салық сомасы салық төлеудiң қалған мерзiмдерiне тең үлестермен бөлiнедi. Салық төлеушi салық кезеңi iшiнде декларацияны табыс ету мерзiмi басталғаннан кейiн 10 күннен кешiктiрмей түпкiлiктi есеп айырысады, мүлiк салығын төлейдi және салық төлеушiлер салық органдарына ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын және декларация табыс етуге мiндеттi және мүлiк салығы бойынша ағымдағы төлемдер сомаларының есебi есептi салық кезңiнiң 20.02 кешiктiрiлмей табыс етiледi. Жаңадан құрылған салық төлеушiлер ағымдағы төлемдер сомасының есебiн салық органына есепке алынған айдан кейiнгi айдың 20-нан кешiктiрмей өткiзедi. Меншiгiнде салық салу обьектiлерi бар жеке тұлғалар салық төлеушiлер болып табылады. 1) әскери қызметшiлер мерзiмдi қызметтен өту кезеңiнде, 2) салық салу обьектiлерiнiң 1000 айлық есептiк көрсеткiшке тең құны шегiнде Кеңес Одағының батыры, Социалистiк Еңбек Ерi, Ұлы Отан Соғысына қатысушылар оған теңестiрiлгендер, ардақты Аналар I-II топтағы мүгедектер, жеке тұратын зейнеткерлер салық төлемейдi. Жеке тұлға меншiгiндегi мүлкiн сенiмгерлiк басқаруға немесе жалға берген кезде мүлiктi меншiк иесiнiң келiсiмi бойынша сенiмгер басқарушы немесе жалгер берiлген обьектi бойынша салық төлеуi мүмкiн және салық төлеушi бiрнеше тұлға болса салық салу обьектiсiне осы тұлғалардың әрқайсысы салық төлеушi болып саналады. Жеке тұлғаларға меншiк құқығымен тиесiлi және кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын келесi обьектiлер салық салу обьектiсi болып табылады: 1. Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрғын үй-жайлар, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де құрылыстар. 2. Қазақстан Республикасының аумағындағы аяқталмаған құрылыс обьектiлерi. Салық салу объектiсi: Кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын мынадай объектiлер: - Қазақстан Республикасы аумағындағы тұрғын үй-жайлар, сая жайлық құрылыстар, гараждар және өзге құрылыстар; - Қазақстан Республикасының аумағындағы аяқталмаған құрылыс объектiлерi –қоныстандырылу (пайдалну) кезңiнен бастап жеке тұлғалар үшін салық салу объектiсi болып табылады. Салық объектiсi-салық салу барасында мемлекет заң бойынша салық ұсталынатын объектiнi көрсету қажет немесе салық салынатын барлық заттар, көлiк, жер салық объектiсiне жатады. Мысалы, мүлiк, тауар, жер, көлiк және тағы басқалар. Салық субъектiсi- заң-бойынша салық төлейтiн салық төлеушiлер немесе заңды және жеке тұлғалар. Салық төлеушiлер: меншiк иесi, меншiктi сенiм бiлдiрiп басқару, шаруашылық жүргiзу құқығындағы салық салу объектiлерi бар заңды және жеке тұлғалар меншiк салығын төлеушiлер болып табылады. /20/ Салық салу объектiлерi: - кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың негiзгi өндiрiстiк және өндiрiстiк емес қорлары көлiк құралдарына, салық салынатын көлiк құралдарынан басқасы; - жеке тұлғалардың кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын, азаматтардың жеке пайдалануындағы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан тұрғын үйлер, пәтерлер, саяжай құрылыстары, гараждар, өзге де құрылыстар, ғимараттар, үй жайлар болып табылады. Меншiк салығының субъектiлерi салық объектiсi болып табылатын мүлiктiң салық төлеушi иесi бiр жағынан, екiншi жағынан мемлекеттiк бюджет. Салық төлеушiлер: 1. Мыналар меншiкке салынатын салық төлеушiлер болып табылады: 1) Қазақстан Республикасының аумағындағы меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығында; 2) салық салу объектiсi бар заңды тұлғалар (соның iшiнде Қазақстан Республикасында қызметiн жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары); 3) Қазақстан Республикасының аумағындағы меншiк құқығында салық салу объектiсi бар жеке кәсiпкерлер; 2. Заңды тұлғалардың филиалдары өкiлдiлiктерi және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi, оларда жеке бухгалтерлiк балансы бар кезде дербес салық төлеушiлерге жатады және Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғалардың тұрақты мекемесi (филиалдары, өкiлдерi және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерi) Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан салық салу объектiлерi бойынша төлеушiлер болып табылады. Салық төлеушiлер меншiкке салынатын салықты заңды тұлғалар үшін белгiленген тәртiппен есептейдi және төлейдi. | |
Просмотров: 3021 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0 | |