Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Ақпарат танымдық порталы

Сәрсенбі, 25.02.2026
Главная » Файлы » Білім және ғылым » Экономика, Қаржы, Бухгалтерлік іс, Банктік іс, Салық!

Сақтандыру
11.07.2011, 22:57
Кiрiспе
 Ежелгi тұрмыс уақытысынан бастап, адамзат мүлiкке ие бола бастаған уақыттан, ол оны ұрлау, өрттену қаупi, су алып кету, басқа да жағдайлардан сақтану жайлы ойлай бастады.
 Өндiргiш күштер дамыған сайын және материалдық байлық жинақталған сайын өндiрiстiк қоғамда әр меншiк иесiнде өз мүлкi үшiн сабырсыздық, және тәуекелдiк факторлары белең ала бастады.
 Өмiрлiк тәжiрибе көрсеткенде, алапат құбылыс кезiнде үлкен аймақтың өзiнде шаруашылықтың барлығы шығынға Үшырамайды, және алапат құбылыс сирек кездесетiн құбылыс. Бұл жағдай жеке материалдық немесе ақшалай резерв құру емес, жинақтау жасау, бiрақ қоғамдық кассаға қатысушылар көп болған сайын, әрқайсысына аз бөлiгi берiледi.
   Осылай, адамдар қоғамында бiрiккен тiзбектелген жинақтау тұтыну негiзiнде қоғамдық қатынастың жаңа категориясы, сақтандыру деп аталатын, алғашқы мағынасы қорқыныш, сөзiнен алынған.
 Сақтандырудың алғашқы түрі натуралды сақтандыру запастары: бидай, фураж, тағы басқа өнiмдер және әр жақтан натуралдық жарна ретiнде алынған материалдардан құрылған қор.
 Бiрақ тауарлы-ақшалай қатынастар дамыған сайын сақтандырудың Бұл түрі шығынды жабу мүмкiндiктерiн қанағаттандыра алмады. Сондықтан уақыт өткен сайын натуралды түрі бiртектi запастар көлемiнде ғана қолданыла бастады және ақшалай тұрде ауыса бастады.
 Сақтандырудың ақшалай түрі прогрессивтi, ыңғайлы және жұмсақ болып, алғашында өзара сақтандыруда, одан кейiн қатысушылар өзара шығындарын ақшамен жаба бастады
 17 ғасырдың басында нарықтық қатынастар дамыған сайын алдынғы қатарлы елдерде, қаржылық және несие-банктiк жуйе дамып және бекiген сайын өзара сақтандыру жеке сақтандыруға өстi, бизнестiң жеке дамыған түрі ретiнде, арнаулы сақтандыру кәсiпорындары ретiнде қалыптаса бастады.
 Сол уақыттан бастап сақтандыру жайлы ғылым пайда болып, дами бастады.
 Отандық сақтандыру ғылымы жиырмасыншы жылдан бастап өсiп және мемлекеттiк сақтандыруды дамытумен, оның қоғамдық өндiрiс процессiнiң дамуына қатынасы, ұлттық кiрiстi бөлу, халықтың материалдық жағдайымен айналыса бастады.
 Қазіргі таңдағы қазақстандық сақтандыру ғылымы алдында отандық сақтандыру нарығын дамыту проблемасы, әсiресе нарықтық экономикаға көшу периодында , мiндетi тұр.
 Қазақстандық сақтандыру нарығы мемлекетiк сақтандыру жүйесi, 90 жылы түпкiлiктi өзгерiске Үшыраған монополие базасы негiзiнде құрылды. Отандық нарық, дамыған сайын монополиялардан арыла бастады. Тәжiрибеге жаңа сақтандыру түрлерi енгiзiлуi, сақтандырушылар алдында жауапкершiлiктi күшейттi.
 Дамыған елдерде сақтандыру экономиканың стратегиялық секторларының бiрi. Мүлiк немесе кiрiсi жоғалғанда, шығынды жабуға кепiлдiк бере отырып адамдарды қорғау арқылы, қоғамда сақтандыру әлеуметтiк-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етедi. Сақтандыру компанияларының резервтерi өндiрiстiк және өндiрiстiк емес сфералардың салаларында инвестицияның тиiмдi көзi болып есептеледi.
 Lрi көлемдi табиғи немесе техногендi үлкен көлемдi алапаттар кезiнде шаруашылық субьектiлерiнiң бұзылуы әсерiнен адамдар өмiрiне қауп әкеледi. Сақтандыру жүйесi арқылы оның макроэкономикалық ситуацияға әсерiн бiлуге болады.
 Қазақстанға өндiрiстiк және өндiрiстiк емес салалардың байланыс деңгейiнде сақтандырудың потенциалды ролi жоғары. Бiрақ сақтандыру резервтерiнiң жеткiлiксiздiгi стихиялық апат, авария немесе техногендi катастрофа болған жағдайда өнiмдi тұтыну, жинақтау, бөлудi жоспарлауды бұзуға әкеледi. Сондықтан нарықтық экономикада халық шруашылығы комплексiн жандандыру жүрiп жатқанда, сақтандыру, елдiң тағдырын анықтауда негiзгi экономикалық мiндеттердi шешуде шетте қалмауы тиiс.
 Өкiнiшке орай, кейбiр сақтандыру компанияларына, жабайы нарық, рецидивтерi кедергi жасайды. Сақтандыру iсi мамандарының бiлiктiлiгiнiң төмендiгi, сақтандырудың теориялық және практикалық сұрақтарда жақсы бағыт ала алмайтындығы байқалады.
 1 Тарау Сақтандыру нарығының теориясы.

 1.1. Сақтандыру нарығының жалпы түсiнiгi.

 Сақтандыру нарығы - сұраныс пен ұсыныс қалыптасатын, сату-сатып алу обьектiсi ретiнде сақтандыру қорғауы есептелетiн, экономикалық қатынастың арнайы саласы, ерекше әлеуметтiк-экономикалық сала. Сақтандыру нарығының дамуының обьективтi негiзi-алдын-ала ойламаған жағдайлардан зардап шеккендерге ақшалай көмек көрсетуi жолымен өндiрiс процессiн үздiксiз қамтамасыз ету. Сақтандыру нарығы сақтандыру қоры қалыптасып және бөлiнетiн қоғамды сақтандыру арқылы қорғаудың ақшалай қатынастар ұйымдастыру түрі.
 Сақтандыру нарығының мiндеттi шарты сақтандыру қызметiне қоғамдық тұтыну және оны қанағаттандыратын сақтандырушылардың болуы. Отандық экономиканың нарыққа көшуi сақтандырушының экономикалық қатынастар жүйесiндегi орнын және маңызын өзгертедi. Сақтандыру компаниялары шаруашылық өмiрдiң тең құқылы субьектiлерiне айналады.
 Реттеушi сақтандыру нарығы әртүрлi құрылымдық бөлiмдерден тұратын күрделi, интеграциялық жүйе. Сақтандыру нарығының алғашқы звеносы-сақтандыру қоғамы немесе сақтандыру компаниясы. Осы жерде сақтандыру қорының қалыптасуы және қолданылуы, экономикалық қатынастардың қалыптасуы, жеке, топталған, коллективтi ойлардың байланысы жүргiзiлдi.
 Сақтандыру компаниясы - сақтандыру келiсiм шарты және оған қызмет көрсету жөнiнде шешiм қабылдайтын, тарихи анықталған сақтандыру қорының қоғамдық түрі. Сақтандыру компаниясына техникалық-ұйымдастырылуының жеке даралығы тән. Сақтандыру компаниясының экономикалық ерекшелiгi оның ресурстарының толық даралығымен сипатталады. Сақтандыру компаниялар басқа сақтандырушылармен қайта сақтандыру арқылы қарым-қатынас жасайды.
 Нарықтық экономика өз азаматтарын ерiктi тұрде таңдауға негiзделген. Әркiм өз қалауымен шешедi. Адам өз кiрiсiн еркiмен жұмсауға болады, бiр бөлiгiн тұтынуға, қаншасын жинақтауға бағыттауға құқылы. Адамдарға өз еркiмен кiммен келiсем деседе еркiндiк берiлген. Осының барлығын сақтандыру нарығы, кең көлемде сақтандыру қызметiн ұсына отырып ескередi.
 Нарықтық экономикадағы сұраныс пен ұсыныстың еркiн ойыны потенциалды сақтандырушыға қажеттi сақтандыру қызметiнiң шығуына әкеледi. Сақтандырушылар арасында сақтандыру қызметiне қойылатын баға еркiн бағаның қалыптасуына бәсекелестiк туғызады. Экономикалық бәкелестiкте сақтандыру нарығы реттеушi қызмет атқарады. Бiрақ бәсекелестiк сақтандыру нарығында табысқа әкелмейдi.
 Андеррайтер сақтандыру полисiн толтыра отырып қабылдайтын шешiм, қоғамдық тәжiрибемен бекiтiлiп, күтуге негiзделген. Нарықтық экономикада сақтандырушы өз сақтандыру қорындағы ресурстарды пайдалануға тiкелей байланысты. Сақтандырушы кәсiпкер ролiнде шыға отырып, жауапты тұлға болып есептеледi, себебi кәсiпорынның iсiне жауап беретiн болғандықтан, заңға сәйкес жауапкершiлiк жүктеледi.
 Кең көлемде сақтандыру нарығы сақтандыру өнiмiн сату-сатып алумен айналысатын экономикалық қарым-қатынас жиынтығы. Нарық сақтандырушы мен сақтаушы арасында органикалық байланысты қамтамасыз етедi. Бұл жерде сақтандыру қызметiн қоғамдық тану жүргiзiледi. Сақтандыру нарығы тауар шаруашылығында қалыптасады және оның бөлiнбейтiн маңызды элементi болып есептеледi. Оның шығу шарты қоғамдық еңбектi бөлу және әртүрлi меншiк иелерiнiң болуы. Берiлген шарттар-нарықтық қатынастар дамуының дәрежесiн анықтайды Сақтандыру нарығы нарықтық қатынастардың субьектiлерiнiң өз бетiнше болуын қалайды, олар сақтандыру қызметiнiң сату-сатып алу партнерларын тең, көлденең және тiкелей байланыстардың жуйелерiнiң дамуын қамтамасыз етедi.
 Сақтандыру қызметiн мемлекеттiк реттеу элементi келiсiм, келiсiлген жағдайларды және бәсекелестiктi шектеу мақсатында сақтандыру компанияларының нарықты бөлу әрекеттерiн тоқтату.
 Сақтандыру нарығы құрылымы институционалды және территориалды аспектiлердi сипаттайды.
 Институционалды аспектi акционерлi, корпоративтi, өзара және мемлекеттiк сақтандыру компаниялары түрінде көрсетiледi. Территориалды аспектi жергiлiктi сақтандыру нарығы, ұлттық және әлемдiк сақтандырунарығы болып бөлiнедi. Нарықтық қатынастардың дамуы аймақтық шектеулердi қоғамдық – экономикалық прогресс жолында болдырмау, интеграциялық прогресстi күшейту ұлттық сақтандыру нарығын әлемдiк деңгейге көтеруге әкеледi. Осындай итеграция мысалы ретiнде жалпы-европалық сақтандыру нарығының құрылуын айтуға болады.
 Сұраныс пен ұсыныс көлемiне қарай сақтандыру қызметiн iшкi, сыртқы және халықаралық сақтандыру нарығы деп бөлуге болады
 Lшкi сақтандыру нарығы – белгiлi сақтандырушыны қанағаттандыруға бағытталған сақтандыру қызметiне сұраныс бар жергiлiклi нарық .
 Сыртқы сақтандыру нарығы – iшкi нарықтың сыртында орналасқан аралас сақтандыру компанияларына қызмет көрсететiн нарық.
 Әлемдiк сақтандыру нарығы – әлемдiк шаруашылыққа қызмет көрсететiн сұраныс пен ұсыныс.
 Салалық бiр белгiсiне қарай нарық: жеке сақтандыру, мүлiктiк сақтандыру жауапкершiлiктi сақтандыру, экономикалық тәуекелдiлiктi сақтандыру болып бөлiнедi.
 Сақтандыру нарығының қатысушылары болып сатушылар, сатып алушылар және делдалдар, ассоциациялар есептеледi. Сатушылар категориясын сақтандыру компаниялары құрайды. Сатып алушылар ретiнде сақтандырушы-жеке және заңды тұлғалар шыға алады. Сатушы мен сатып алушы арасында делдал ретiнде сақтандыру агенттерi және сақтандыру брокерлерi шыға алады.
 Сақтандыру нарығының арнайы тауары – сақтандыру қызметi. Олкелiсiм шарт негiзiнде заңды немесе жеке тұлғаға ұсынылуы мүмкiн. Егер қоғамдық позициядан сақтандыру арқылы қорғау қажет болса, сақтандыру мiндеттi тұрде болады
 Қазіргі таңда сақтандыру қызметiнде электронды және автоматтандырулардың сақтандыру саласына кең қолдануына байланысты өзгерiстер болуда.
 Әлемдiк тәжiрибеде сақтандыру екi бағытқа: арнайы және универсалды қызмет болып дамуда.
 Қоршаған ортаның диалектикалық бiрiгуi. lшкi орта сақтанушы жағынан басқарылады. Сыртқы жүйе сақтану жағынан басқарылмайтын элементтерден тұрады. Сыртқы орта iшкi ортаны қоршап және шектеп тұрады.
 Lшкi жүйеге сақтандыру компаниялардың нарыктық жүйе ядросын кұрайтын басқарылатын айнымалылар жатады. Осы сақтандыру компаниялармен басқарылатын айнымалылардың негiзгiлерi: сақтандыру өнiмдерi, сақтандыру полюстерiн сатуды ұйымдастыру жүйесi, сұраныстың қалыптасуы, тарифтер жүйесiнiң икемдiлiгi, сақтандырушының жеке инфраструктурасы.
 Сонымен бiрге iшкi жүйеге нарықты жаулап алу мақсатына жетуге бағытталған сақтандырушымен басқарылатын айнымалылар нарықтық жүйе ядросына кiрмейтiндер де нарықта белгiлi сақтандырушының жағдайын бiлдiретiн материалдық, қаржылық және сақтандыру компанияның адамдық ресурстары жатады. Сақтандыру қоғамдарында қаржылық жағдай маңызды орын алады. Көп жағдайда сақтандыру қоғамының басшысының бiлгiрлiгiне де байланысты.
 Осы факторлардың жиынтығы нарықта сақтандыру компаниясының саясатын анықтайды.
 Жоғарыда айтылған басқару компоненттерi бiр-бiрiмен байланысты. Бас менеджер тиiмдi вариантты таңдай бiлуi тиiс.
 Сақтандыру өнiмi, сақтандырушы нарыққа алып шығатын басқару факторларының бiрi. Бұл жеке және мүлiктiк сақтандыру түрінiң шарты. Нарыққа байланысты сақтандыру компаниясының басшысы жаңа сақтандыру қажет па екенiн шешедi.
 Тарифтiң жұмсақ жүйесi сақтандырушы басқаратын iшкi нарық жүйесiнiң негiзiн құрайды. Сақтандыру компаниясының басшысы мақсатты бағытталған тарифтiк саясат таңдауы тиiс.
 Нарықтың сыртқы қоршаған ортасы өз-ара байланысқан күштер жүйесi, ол нарықтың iшкi жүйесiн қоршап және оған әсер етiп отырады. Сақтанушы өзiнiң коммерциялық жұмысын сыртқы орта жағдайында жоспарлап жүргiзiп отырады.
 Нарық - жабық жүйе емес, себебi оны қоршаған әлемдiк сақтандыру нарығы оқшауланбаған .
 Жоғарыда атап өтiлгендей негiзгi элементтерге нарықтық сұраныс, бәсекелестiк, сақтандыру қызметiндегi ноу-хау, сақтандырушының инфрақұрылымы жатады.
 Потенциалды сақтандырушы шешiмi келесi экономикалық және психологиялық алғы шарттарға байланысты:
 • адам өз сақтандыру қызығушылығын жоғары деңгейде қанағаттандырғысы келедi.
 • сақтандырушы әрқашанда тиiмдi жұмыс жасайды.
 Кез-келген сақтандыру компаниясының қызметi сақтандыру қорының тарихи анықталған ұйымдастыру формасы. Ол экономикалық ортамен тығыз байланыста. Экономикалық ортадағы сақтандыру компанияларының қызметiне қарай жинақталуы сақтандыру жүйесiн құрайды. Нарықтық экономикада сақтандыру жүйесiнiң негiзгi мiндеттерi сақтандыру және консультациялық қызмет көрсету, жеке клиенттерге - күнделiктi және сенiмдi сақтандыру қызметiн көрсету.
 Дамыған елдерде сақтандыру компаниялары жиi кездесетiн проблемаларды атап өтуге болады:
 --сақтандыру бизнесiн интернационализация жасау
 --iрi сақтандыру топтарының шығуы
 --құнды қағаздарға инвестиция салу
 --клиентура жағынан сұраныстың өсуi
 --қаржылық алдаулар
 --көп елдердегi саяси жағдайлардың өзгеруi
 --персоналдың тең емес жастық құрылым
 --жаңа ақпараттық технологиялардың пайда болуы
 --сақтандыру жұмысшыларының жеке қауiрсiздiгiн
 қамтамасыз ету
 Шет елде бөлiмдерi бар немесе еншiлес компаниялары бар сақтандыру компаниялары халықаралық саясатқа сезiмтал. Сақтандыру компанияларына әлеуметтiк сала үлкен әсер етедi, персоналдарға клиенттер сұранысы тығыз байланысты. Сақтандыру компания клиенттерi елдегi индустриалды өсуге байланысты қызмет көрсетуден жоғары стандарттар талап ете бастады.
 Жаңа ақпараттық технологиялар Батыстың сақтандыру компанияларын қаруландыруға кiрiсiп, түпкiлiктi жолмен сақтандырушының қызметiнде жаппай стереотип ұғымын өзгерттi. Сақтандыру ақпараттарын компьютерлеу еңбек өнiмдiлiгiн арттырып, оперативтi шешiмдер қабылдауға мүмкiндiк бердi. Жұмыс көп бөлiгiн аз жұмысшылар жасайды. Бiрақ электронды жүйе жұмысына бағдарламашылар, компьютер инженерлерi қабылданды.
 Жаңа ақпараттар технологиясы ақпаратқа жол ашып, сақтандыру қызметiнде несие карточкаларын енгiзуге себепкер болды. Сақтандыру компаниялары мен коммерциялық банктер арасында бәсекелестiк күшейе түстi.
 Соңғы 10 жылдықта банк тәжiрибесiнде ”банкассюранс” терминi кең орын ала бастады, аударғанда ”банктiк сақтандыру” деген мағынада.
 Коммерциялық банктердiң сақтандыру iсiне енгiзiлуiнiң бiр формасы сақтандыру трастарының құрылуы. Бұл клиенттермен келiсiлетiн сенiмдi коммерциялық банктердiң операциялары.
 Егер клиент коммерциялықбанкке мүлiк берсе, сақтандыру сыйақыларын алу үшiн, онда ол – фундирленген сақтандыру трасты.
 Дамыған Батыс елдерiндегi қазiргi таңдағы сақтандыру нарығының даму деңгейi сақтандыру iсiн монополизациялауды күшейтедi. Осыған байланысты оны төрт түрлi ұйымдастырушылық формасына бөлуге болады.
 Көлденең интеграция—аз iрi сақтандыру компаниялардың қолына сақтандыру қызметiн бiрiктiру.
 Тiгiнен интеграция – сақтандыру компаниялардың басқа сфераға өтуi.
 µлтаралық сақтандыру компаниясы сақтандыру iсiнде кең тараған жоқ.
 Диверсификация—сақтандырушының әртүрлi кәсiпорын салаларында қызметтерiнiң кеңеюi.
 Батыстың индустриалды дамыған елдерiне сақтандыру нарығында диверсификацияның келесi негiзгi типтерi бар.
  сақтандыру компаниясы концерннiң бiр бөлiгi болады.
  сақтандыру компаниялары кәсiпорын иесiне айналады.
  сақтандыру компаниялары қаржы-несие саласында еншiлес компаниялар құрайды.
 Сақтандыру компаниялары сақтандыру нарығының индустриалды құрылымының негiзiн құрайды. Мысалы АІШ-та сақтандыру компанияларының қаржы ресурстарына 50 процентке жуық ұзақ мерзiмдi несиелерден келедi.
 Сақтандыру компаниялары бөлiнедi:
  иелiгiне қарай: жеке және құқықтық, акционерлiк, өзара, мемлекеттiк және өкiметтiк.
  жасалатын операция сипатына қарай: мамандандырылған, универсалды және қайта сақтандыру.

  қызмет көрсету аймағына қарай: жергiлiктi, аймақтық, ұлттық және халықаралық.
  Жарғылық капитал көлемiне және сақтандыру көлемiнiң түсу көлемiне қарай: iрi, орташа және ұсақ
 Акционерлiк сақтандыру қоғамы — акция сату арқылы ақша құралдарын орталықтандыру негiзiнде сақтандыру қорын ұйымдастыру түрі.
 Ашық және жабық акционерлiк қоғамдар түрі бар.
 Акционерлiк сақтандыру қоғамы – өз қаржысы бар, мақсаттары анықталған заңды тұлға. Акционерлiк сақтандыру қорының жоғарғы органы акционерлердiң жалпы жиналысы. Жиналыс жылына бiр рет өтедi, ал ағымдағы iстерiмен директорлар кеңесi айналысады. Акционерлiк қоғамның оперативтi-қаржылық қызметiн тексерумен сайланған тексеру комиссиясы айналысады. Тексеру комиссиясы жұмысының нәтижесi акционерлер жиналысында оқылады.
 Сақтандыру компаниясының орындаушы органы дирекция болып есептеледi, ол басқару қызметiмен айналысады. Дирекция компетенциясы жалпы жиналыста анықталып, жарғыда бекiтiледi.
 Акционерлiк сақтандыру қорының жарғылық капиталы акция көмегiмен құрылады.
 Сақтандыру компаниясының өкiметтiлiгi ақпарат жинаумен, жарнамамен, клиенттер iздеумен айналысады, бiрақ коммерциялық қызметпен айналыспайды.
 Сақтандыру компаниясы агенттiгiне өкiлеттiлiктiң барлық қызметiмен айналысуға рұқсат берiлген.
 Сақтандыру компаниялары филиалы заңды тұлға құқықсыз ерекше сақтандырушының бөлiмi.
 Аффилиривтi сақтандыру компаниясы — бақылау акцияларынан пакет акциясы аз акционерлiк сақтандыру компаниясы.
 Өзара сақтандыру қоғамы – мүшелерiнiң қатысуы үлестiк орталықтандырылған құралдар негiзiнде ұйымдасқан сақтандыру қоры. Іоғам қатысушылары сақтанушы және сақтандырушы ретiнде шыға алады. Сақтандырушы қоғам мүшесi болып, жылдық қызмет нәтижесiн кiрiс немесе шығынды бөлуге қатысады.
 Өзара сақтандыру қоғамының жоғары органы мүшелерiнiң жалпы жиналысы.
 Индустриалды дамыған елдерде қазiргi таңда өзара сақтандыру қоғамының қызметi жеке сақтандыру төңiрегiнде концентрацияланады. Pridental Insuranse kompany of Amerika ---АІШ төңiрегiнде iрi өзара сақтандыру қоғамы. Өзара сақтандыру қоғамының шығындарынан кiрiсi көбейсе резервтiк қорды толтыруға жұмсалады.Іалғаны дивидент төлеуге бөлiнедi. Сақтандыру нарығындағы Өзара сақтандыру қоғамының маңызы өсуде. Жапонияда өзара сақтандыру қоғамы жеке сақтандырудың алдынғы үлгiсi. Өзара сақтандыру қоғамының қызметi акционерлiк сақтандырушы сияқты құқықтық нормаларға бағынады. Кей жерлерде Өзара сақтандыру қоғамының қызметi жайлы заң қабылданған.
 Өкiметтiк сақтандыру ұйымы — қызметi субсидированияға негiзделген коммерциялық емес компания.
 Мемлекеттiк сақтандыру компаниясы — мемлекетке негiзделген құқықтық ұйымдасқан сақтандыру қоры.
 Жеке сақтандыру компаниясы бiр семьяға немесе бiр адамға бағынады. Жан-жақты формадағы жеке сақтандыру компаниясына мысал ретiнде ағылшынның «Ллоидта” төрт негiзгi сақтандыру қызметi қамтылған: теңiз, теңiздiк емес, авиациялық және автомобильдiк тәуекелдер.
 Кэптив — тұтас корпоративтi құрылтайшылардың сақтандыру көзқарасына қызмет ететiн акционерлiк сақтандыру компаниясы. Кэптив еншiлес сақтандыру компаниясы болуы мүмкiн.
 Ресей Федерациясында кэптив мысалы ретiнде «Лукоил "сақтандыру компаниясын айтуға болады, ол мұнай компаниясы «Лукоилдың” жүйесiне қызмет етедi.
 Мемлекеттiк емес зейнет ақы қоры – сақтандырушылар анықталған жасқа жеткенде төленетiн ерекше ұйымдастырылған жеке сақтандыру.

 1.2Мемлекеттiк сақтандыру бақылауының құрылымы және қызметi.

 Сақтандырушы қызметiнiң түпкiлiктi тұрде басқа шаруашылық субьектiлерiнен айырмашылығы бар, себебi шығынды жабуға және өндiрiстi үздiксiз қамтамасыз етуге бағытталған.
 Жауапкершiлiктiң жоғары болуы мемлекет жағынан бақылау жасауды талап етедi. Бұл бақылау сақтандырушының қаржылық жағдайы мен оның мiндеттемелер бойынша төлем төлеу қабiлетiн зерттеудi қажет етедi. Сақтандырушының мiндеттемесi бойынша есеп айрыса алмауы тек белгiлi сақтандырушыға ғана емес, жалпы сақтандыру идеясына сенiмсiздiк тұғызады. Мемлекеттiк сақтандыру бақылауының негiзгi проблемасы - сақтанушыға төленуге тиiстi резерв көлемi.
 Сақтандыру нарығы қаржы – несие саласының бiр бөлiгi ретiнде мемлекеттiк реттеудiң обьектiсi. Сақтандыру бақылауы бойынша мемлекеттiк реттеу негiзiнен үш қызметтi қамтиды, олардың көмегiмен сақтандырушылардысенiмдi қорғау мүмкiндiгi туады.
 1.Негiзгi қызметi – сақтандыру келiсiм шартымен отыруға қатысты iс-әрекеттердi тiркеу. Тiркеу кезiнде сақтандырушының iскерлiгi ескерiледi. Мемлекеттiк сақтандыру бақылау органдарында тiркеу актiсi рұқсат беру арқылы құжатталады.
 2. Әрбiр сақтандыру қызметiмен айналысатын тәжiрибелi маман ашық және анық ақпарттар жиынтығын жазуы тиiс.
 3. Салаларда құқықтық тәртiптi қолдау. Мемлекеттiк сақтандыру бақылау органы заң бұзушылық болған жағдайда iс қозғауға құқылы.
 Сақтандыру қызметiн лицензиялау тәртiбi.
 Сақтандырушылар сақтандыру операцияларын лицензиялайды, ол мiндеттi тұрде жүргiзiледi және Іаржы министрлiгiмен берiледi.
 Лицензия алу үшiн негiзгi шарт сақтандыру ұйымының қызмет бастамай тұрып жарғылық капиталының төленуi.
 Лицензия алу үшiн тiркеуден өткеннен сақтандырушы келесi құжаттарды көрсетуi тиiс:
  үш жылға арналған сақтандыру операцияларының даму бағдарламасы
  операциялар бойынша скақтандыру шартымен ережелерi.
  қолданылатын тарифтер, мөлшерi және резервтер жүйесi статистикаға негiзделген.
 Қажеттi құжаттар өткiзiлген күннен бастап 60 күн iшiнде сақтандыру бақылау орталығы лицензия беруi тиiс.
 Алға қойылған мiндеттердi iске асыру үшiн сақтандыру бақылау орталығы құқылы:
  сақтандыру ұйымдарының қаржы-шаруашылық қызметiнiң жеке жақтарын тексеруге
  сақтандыру ұйымдарынан қажеттi ақпараттарды алуға немесе қажет ақпарат үшiн банкке баруға
  сақтандыру ұйымындағы құрылып жатқан резервтерге бақылау жасауға
  уақытша бос ақша құралдарын сақтандыру ұйымына салуды бақылауға.
 Егер сақтандыру ұйымы шарттарды орындамаса және тексеру нәтижесiндегi кемшiлiктердi жоймаса сақтандыру бақылау органы лицензия уақытша тоқтатуға құқылы.
 Сақтандыру қызметiне салық салу. Сақтандыру компанияларының мемлекеттiк бюджетке төленуге тиiстi салықтар түрі заң бойынша анықталады. Заңға сайкес сақтандыру компаниялары федералды, республикалық және жергiлiктi салық төлеуi тиiс .
 Федералды салыққа ІІС, акциз, құнды қағаздармен жүргiзiлетiн операцияларға, табыс салығы тағы басқалар жатады.
 Республикалық салыққа мүлiкке салынатын салық, кәсiпорынды тiркеу жиыны тағы басқалар жатады.
 Жергiлiктi салыққа жер салығы, жарнама салығы, автомобильдердi сату салығы тағы басқалар жатады.
 Сақтандыру және қайта сақтандыру операцияларын жүргiзетiн сақтандыру компаниялары ІІС төлеуден босатылады.
 Барлық сақтандыру компанияларына табыс салығы бекiтiлген. Салық салу обьектiсi сақтандырушының жалпы кiрiсi.
 Жеке тұлғалардан ұсталынатын табыс салығы. Салық салу обьектiсi сақтандыру компания жұмысшысының ағымдық календарлық жылда алған табысы. Оның мөлшерi жылдық жиынтық кiрiс мөлшерiне байланысты.
 Егер сақтандыру компаниясы құнды қағаз шығарумен айналысса құнды қағаздармен жүргiзiлетiн операцияларға салынатын салық төлеуi тиiс. Салық салу обьектiсi шығарылған құнды қағаздың номиналдық құны болып табылады. Транспорт құралдарының иелерiнен алынатын салықты балансында транспорт құралы бар сақтандыру компаниялары төлейдi.
 Автомобиль жолдарын пайдаланғаны үшiн салықты барлық сақтандыру компаниялары төлейдi.Салық салу обьектiсi сақтандыру қызметiн сатудан алынған түсiм.
 Автокөлiк құралдарын алуға салынатын салықты жеке қажетiне сатып алынған көлiк үшiн сақтандыру компаниялары төлейдi.
 Кәсiпорын мүлкiне салынатын салықты барлық сақтандыру компаниялары төлейдi. Оның обьектiсi баланстағы негiзгi құрал, материалдық емес активтер. Транспорт салығын автокөлiгi бар барлық сақтандыру компаниялары төлейдi.
 Жарнамаға салынатын салықты жарнама берушi ретiнде шығатын барлық сақтандыру компаниялары төлейдi.

 1.3 Шет елдегi сақтандыру.

 Қазіргі әлемде капиталды орталықтандыру және концентрациялау процесi сақтандыру iсiнде де жүрiп жатыр. Экономиканың басқа саласында iс жүргiзетiн, iрi корпорациялармен байланысы бар күштi сақтандыру монополиялары құрылуда. Олар әлемдiк сақтандыру нарығына бақылау жасап, ондағы сақтандыру сыйлықтарын басқарады. Әсiресе дамыған елдерде осындай акционерлiк сақтандыру қоғамдарың саны көп. Акционерлiк сақтандырудың үлесi сақтандыру операцияларында әртүрлi:әсiресе µлыбритания, Германия, Франция да көп, ал АІШ-та аз, себебi онда iрi акционерлiк сақтандыру компаниялары өзара сақтандыру қоғамы болып қайта құрылған.
 Интернационализм процессi Европалық сақтандыру нарығында орын алған.
 Сақтандыру нарығында позицияларды жақындастыру, алғашқы кезекте, мүлiктiк сақтандыруда iрi қауiптi жабуға жұмсалады. Шет елдiк клиенттермен сақтандыру келiсiм шартына отыру жағдайлары жақсаруда.
 Бiрақ сақтандыру нарығын дамытуға жеке кедергiлер де кездеседi. Европалық Экономикалық Қоғамдастық құрылғанға дейiн ақпаратпен алмасу және Европалық Экономикалық Қоғамдастықты ұйымдастыруда қатысушы елдердi таныстыру және дамытуда Европалық Сақтандыру Комитетi құрылды. Алғашында Европалық Сақтандыру Комитетiне 18 елдiң сақтандыру компанияның ұлттық ассоциациясы, сонымен бiрге бақылаушы ретiнде Югославия сақтандыру қоғам ассоциациясы кiрдi. Осы уақыттан бастап үлкен өзгерiстер болды. Бiрiншi жоспарға Европалық Іоғамдастық елдер қызметi шығарылды. Европалық Сақтандыру Комитетi 11жаңа елдер ендi 1993 жылы – Исландия, Кипр және Мальта, кейiн Польша, Венгрия, Чехия және Словакия ассоциациялық мүше ретiнде ендi, ал 1996 жылдан - Словения, Эстония, Литва және Латвия ендi. Қазіргі таңда Европалық Сақтандыру Комитетiнiң 29 мүшесi бар.
 Европалық Сақтандыру Комитетiнiң 18 салалық комитеттерi бар. Олар әртүрлi сақтандыру түрлерiн өзара кураторлыққа бөлген және жылсайын 200-ге жуық жиналыс өткiзедi. Европалық Сақтандыру Комитетi сақтандыру бойынша кеңестiк қызмет көрсетедi. Жыл сайын отызға жуық, Европалық Сақтандыру проблемасы талқыланатын жиналыстар ұлттық ассоциация iшiнде өткiзiлетiн берiлген тақырыптарға дискуссияның катализаторы болады. Сонымен қатар сақтандырудың техникалық және құқықтық жақтары да қараусыз қалмайды.
 Европалық Сақтандыру Комитетi жыл сайын өз қызметi бойынша есеп берiп, Европадағы сақтандыру жетiстiктерiн сипаттайды. Атап өтетiн жағдай, Европалық Сақтандыру Комитетiнiң қызметi Бiрiккен Европалық нарықтан тыс жерлердi де қамтиды. Европалық қоғамдастық ұйымы негiзгi партнер бола тұра, басқа да европалық емес ұйымдар – ОЭСР, Европа кеңесi, ГАТС, халықаралық сауда палатасымен қарым-қатынас жасайды.
 Жалпы Европалық сақтандыру ұйғарады:
  15 елдi қамтитын Европалық қоғамдастықтың кең жалпы нарығын құрұды аяқтау
  компания және филиалдарды еркiн құру
  стандартты заңды құқықтар комплексiн енгiзу
 Жалпы нарық қаржылық облыста үш фундаментальды еркiндiкке негiзделген:
 1. Құру еркiндiгi: Бұл еркiндiк кезкелген компанияға басшы конторы мемлекеттiк-қатысушы бола тұра,кез-келген аймақта филиал ашуға құқық бередi.
 2. Іызмет көрсету еркiндiгi: Бұл компанияға басқа аймақта уақытша қызмет көрсетуге құқық бередi.
 3. Капитал қозғалысы еркiндiгi: Іоғамдастық азаматтарына Европалық Сақтандыру аймағында қаржылық келiсiм-шарт жасауға мүмкiндiк бередi.

 Қазіргі уақытта Европалық қызмет нарығы төменгi келiсiмдерге тек маңызды деп есептеген уақытта негiзделедi. Бұл тек кәсiпорындар ғана емес, ұлттық заңдылықтарда өзара бәсекелес екенiн бiлдiредi.

 Іызметке қатысты, төменгi келiсiм және өзара мойындау бақылауды елдiң басшыларына беру керек екенiн мойындайды, ол жаңа өнiмнiң енгiзiлуiне және оның диверсификациясына әкеледi, сәйкесiнше тұтынушының қорғалуына кепiлдiк бередi.
 Бiрiңғай сақтандыру нарығын құру үш этапта жүргiзiлiп, жиырма жылға созылды.
 Бiрiншi этапта құрудың еркiндiк принципi бекiтiлдi, ұқсас жағдайларда басқа мемлекет аумағында сақтандыру компаниясының филиалын ашу деген мағынаны бiлдiредi.
 Европалық одақ мемлекеттiк-қатысушылары компанияны құру келiсiмi бiрнеше жылға созылды.
 Бiрiңғай сақтандыру нарығы бес принципке негiзделедi:
 • Бiр лицензиялы принцип кез-келген компанияға алғашқы рұқсат негiзiнде Европа аумағына қызмет көрсетуге рұқсат бередi.
 • өз елiнде берiлген рұқсат, европа мемлекеттерiнiң кез-келген аумағында компанияға қызмет көрсетуге рұқсат бередi
 • әртүрлi бақылау органдары қолданатын рұқсат және бақылау жүйесiн өзара мойындау
 • бұрынғы келiсiм және бағалау жағдайын толық ауыстыру және сақтандыру компаниясының төлем төлеу қабiлетiне ауыстыру
 • капиталдың еркiн қозғалысы принципiн iске асыру үшiн ережелердi либерилизациялау
 Осы уақытқа дейiн Европалық Сақтандыру Комитетiнiң қызметi Бiрiңғай сақтандыру нарығын құруға бағытталған едi.
 Шекараның ашылғанына және сақтандыру қызметiнiң либерализациясына қарамастан, тұтынушылар, Европалық нарықтың қызметiне қанағаттанбайды. Оның негiзгi себебi, алдын-ала берiлген ақпараттардың дұрыс еместiгi.
 Европалық Сақтандыру Комитетi, сақтандыру компаниялары қоршаған ортаға көңiл бөлу керек деп ойлайды.
 Европалық Комиссия қазiргi уақытта экономикалық жағдайдағы төлем төлеу шегiнiң мүмкiндiктерiн қарастыруда.
 Сақтандырудың әр түрлi салалары, өз ерекшелiктерi бола тұра,қазiргi жағдайда жалпы проблема-мемлекеттiк және жеке сақтандыру шекарасын iздеумен кездесуде. Шағымдардың шиеленiсуi, қоршаған ортаны қорғау сұрақтары және азаматтық құқықты сақтандыру бойынша шығынды жабу, мемлекеттiк бағдарламаның өзгеруi-осының барлығы сақтандыру, сақтандырушы, өкiмет арасындағы алшақтық, сәйкесiнше, тәуекел бағасының өсуiне әкеледi. Осылайша, европалық сақтандыру компаниясы маңызды проблемалармен соқтығысуда,ол бизнеске көлеңке түсiруде.
 Кооперация Бағдарламасын жасау аяқталуда, ноу-хауға қолдау көрсеткен тиiмдi, ол жаңа қызмет түрі есебiнен кеңейтiледi. Кейбiр түрлерi өмiрде қолданыла бастады:
 • Балтия елдерiмен кооперация
 • Беларусияда TACIS сақтандыру орталығын құру жобасын енгiзу.
 Европалық экономикалық қоғамдастық сияқты Азия континентiнде Экономикалық қоғамдастық ұйымы бар. Оған Иран Ислам республикасы, Пакистан Ислам Республикасы және Турция Республикасы кiредi. 1992 жылы Бұл қоғамдастыққа Орта Азия және Қазақстан елдерi де кiрдi. Осы қоғамдық шекарасында Туркия, Пакистан, Иран сақтандыру ұйымдары қайта сақтандыру компанияларын құрып бiрiктi. Осыған байланысты Бұл елдердiң өкiлдерiнiң ойынша, барлық сақтандыру нарықтары қайта бiрiгуi тиiс. Осыны талқылау мақсатында Азербайжан, Ауғаныстан, Қазақстан ,Өзбекстан және Тұркмения елдерiнiң қатысуымен жиналыс өттi.
 Бұл елдерде сақтандыру экономиканың дамуымен қатар жүрдi.
 Қайта сақтандыру компаниялары бұрынғы қорға қарағанда мынадай артықшылығы бар:
 • Белгiлi капиталмен қолдау көрсетiлетiн және Экономикалық қоғамдастық ұйымының компаниясы қайта сақтандыру резервтерiн ұзақ мерзiмге аккумуляция жасау қайта сақтандыру көлемiн ұлғайтады.
 • Аймақ төңiрегiнде және тыс жерлерде қайта сақтандыру компанияларын дамытудың үлкен мүмкiндiкткрi бар.
 • қайта сақтандыру компаниясы барлық сақтандыру бизнесiнiң класстарында жұмыс жасай алады. Сонымен қатар авиацияны сақтандыру, адам өмiрiн сақтандыру саласында да жұмыс жасайды.
 • Экономикалық қоғамдастық ұйымы қайта сақтандыру аймақтың экономикалық дамуының инвестициялық қорын құра алады. Бұндай инвестициядан алынатын кiрiс үнемi өсiп, резервтi қаржыландыруға мүмкiндiк бередi.
 • Қайта сақтандыру компаниясы өте дамыған болуы мүмкiн.
 Іойылған мiндеттердi ескере отырып, Экономикалық қоғамдастық ұйымы қайта сақтандыру компанияларының негiзгi қызметiн атап өтсек :
 • Экономикалық қоғамдастық ұйымының аумағы және тыс төңiректе барлық сақтандыру түрі бойынша қайта сақтандыру операцияларын жургiзу
 • Қайта сақтандыру компанияларын өз нарығын көбейту мақсатында көбейту
 • Сақтандыру операцияларын жүргiзуде қатысушы-компанияларға өз қызметiн жүргiзуде жағдай жасау
 • Экономикалық қоғамдастық ұйымының төңiрегiнен валютаның ағымын төменгi деңгейге тусiру
 • ұлттық және қайта сақтандыру ұйымдарының iскерлiк қарым-қатынаса әсер ету
 • Іордан Экономикалық қоғамдастық ұйым елдерiнiң экономикалық дамуына әсер ететiндей инвестиция жасау.
 Қазіргі уақытта сақтандырудың дамуына келесi факторлар әсер етедi: сақтандыру нарығын интернационализациялау, сақтандыру және несие нарығының өсуi, сақтандыру қызметтерiнiң жаңа түрлерiнiң пайда болуы, капиталдың концентрациялануы.
 Соңғы жылдары әлемдiк экономика өсу стадиясында болды.
 Сақтандыру бизнесiнде маңызды орынды Француз нарығы алады. Ол шет елде өз операцияларының 14тен 20 процентке дейiнгi мөлшерiн жүргiзедi. Франция теңiздiк сақтандыруда үшiншi орын алады және әлемдiк авиациялық тәукелдiң 20 процентiн құрайды.
 Францияда қайта сақтандыру әлсiз орындардың бiрi едi, соңғы уақытта операциялар көлемi өсуде.
 Жалпы әлемдiк сақтандыру сыйақысы нарығы бойынша Франция әлемде бесiншi орын алады. Тiкелей операциялар бойынша iшкi нарықтың сыйақысын жинаудың 77 процентiн құрайды.
 Сақтандыруды интернационализациялау процессiнiң өсуiне байланысты проблемаларда өсуде. Швеция, Швецария, Австрия, Финляндия интеграция процессiне қосылу мүмкiндiгiн жiбергiсi келмейдi.
 Швецияның сақтандыру нарығы қызығушылық туғызуда. Швецияда адамға келтiрiлген кез-келген шығын толық төленедi. Шығынды толтырумен сақтандырушыдан бөлек конпенсация қызметi айналысады. Шығынды толтыру заңы барлығына қатысты. Шығынды толтырумен қатар мiндеттеменi сақтандыруда кең көлемде қолдануда. Шығын көлемi жәбiрленушiнiң кiнәсiнiң деңгейiн ескере отырып анықталады.
 Мiндеттемелер заңына сәйкес, егер шығын адамдарға әуе транспортында келтiрiлсе, жауапкершiлiк әуе көлiгi иесiне жүктеледi.
 Швед мемлекетiнiң транспорт заңына сәйкес автоинспекцияда тiркеуден өткен кез-келген транспорт құралы мiндеттi тұрде сақтандырылады, егер сақтандырылмаса 1 мың крон айып пул төлейдi.
 Мынандай транспорт құралдары сақтандырылмайды:
 • алынған, пайдалану құқығымен де,
 • жеткiзуге пайдаланылған
 • жазбаша келiсiм шарт негiзiнде әскери мақсатта журген транспорт құралдары.
 Швецияда швед сақтандыруынан өтпесе де, егер ол 1959 жылы 20 сәуiрiнен Европалық конвенцияға тiркелсе, швед сақтандыруынсыз тасымалдауына рұқсат берiлген.
 Қазақстан сақтандыру компаниялары Жапонияның сақтандыру нарығымен бизнесiне қызығушылық туғызуда.
 19 ғасыр ортасында сақтандыру нарығы Жапония аралдарына да келiп жеттi.
 Жапонияның сақтандыру бизнесiнiң негiзiн осындағы шетелдiк кемелер салды. Алғаш рет жағалауды µлыбритандықтар игере бастады. Иокогома портында 240 сақтандыру компаниясы бар едi. Отандық сақтандырушылар 1879 жылдан бастап пайда болды. Алғаш рет ”Токио Марина” сақтандыру компаниясы құрылды, қазiргi таңда елдегi ең iрi компания болып есептелiнедi. Сегiз жылдан кейiн "Ясуда” сақтандыру компаниясы пайда болды. Ол өмiрлiк емес сақтандыру бойынша екiншi орынға көтерiлдi.
 1900 Жапонияда сақтандыру жайлы заң қабылданды. Жүз жыл өтсе де Бұл заңға өзгерту екi ақ рет жүргiзiлдi.
 1940 жылы сақтандыру компаниясы 48 едi, ол бес жылдан кейiн олар 16 болды, оған дүние жүзiлiк соғыс кiнәлi. Іысқа уақытта экономикалық көрсеткiштерi жағынан әлемде бiрiншi және екiншi орынға көтерiлдi. Сәйкесiнше, сақтандыру да дамыды. 1955 жылы автокөлiктi мiндеттi сақтандыру жайлы заң қабылданды. 1973 жылы теңiздiк сақтандыруды активизациялау енгiзiлдi.
 Қазіргі уақытта Жапонияда өмiрлiк емес сақтандыру бойынша 56 сақтандыру компаниясы бар. 1955 жылмен салыстырғанда сақтандыру төлемдерi 124 есе өстi, жыл сайынғы өсу 13 проценттi құрайды.
 Сақтандыру компаниясының қызметiн Жапон қаржы министрлiгi бақылайды. Оның қарамағынан сақтандыру компаниясы ассоциациясы құрылды:
 • өрттен, бақытсыз жағдайлардан өмiрлiк емес сақтандыру
 • автомобильдi сақтандыру
 Жапония компаниясы экономикалық тұрақты болғанына қарамастан, шығындарды азайтып, кiрiстi көбейтуге көңiл бөлiп отыр. Жапонияда жүктi сақтандыру орын алған.
 1997 жылы қыркүйектен "дискриминациялық автокөлiк сақтандырылуы” рұқсат етiлдi, ол сақтандыру төлемдерiн анықтау жұмсақ жүйемен жүргiзiлуге мүмкiндiк бередi. Сақтандыру сыйақыларын ставкасын либерализациялау 1996 жылдан басталып сақтандыру брокерлерiн активизациясын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бердi.
Категория: Экономика, Қаржы, Бухгалтерлік іс, Банктік іс, Салық! | Добавил: anonim02
Просмотров: 3943 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 2.5/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]