Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Ақпарат танымдық порталы

Бейсенбі, 19.06.2025
Главная » Файлы » Білім және ғылым » Экономика, Қаржы, Бухгалтерлік іс, Банктік іс, Салық!

Салық есебінің ережелері туралы
12.07.2011, 07:46
Салық есебінің ережелері

 Салық төлеушілер салықсалу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді осы белгіленген тәртіп пен шарттар бойынша есептеу әдісімен айқындайды. Шетелдік валютамен жасалатын кез келген операция салық салу мақсатында Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы-теңгемен:
 операция (төлем) жасалған күнгі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми бағамы бойынша;
 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми бағамы жоқ валюта бойынша- АҚШ долларына қатысты кросс- бағамдар бойынша қайта есептеледі. Салық мақсаттары үшін таур-материалдық қорлар есебі бухгалтерлік есеп жөніндегі ережелерге сәйкес жүргізіледі.Барлық салықтарға қатысты баспа-бас айырбас операцияларды шот- фактуралармен міндетті түрде ресімдеей отырып қолданылатын бағалар бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізу кезінде қарастырылады.
 Есеп құжаттамасын жасау және сақтау.
 Салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін негіз болатын бастапқы құжаттар, бухгалтерлік есептің тіркелімдері және өзге де құжаттар есеп құжаттамасы болып табылады. Есеп құжаттамасы қағазда және электрондық берілілімдерге жасалады және осы көзделген жағдайларды қоспағанда, есеп құжаттамасы жасалған кезеңнен кейінгі салық кезеңінен бастап, осындай құжаттама қатысты болатын әрбір салық түрі немесе басқа да мігдетті төлем үшін белгіленген талап қою мерзімі өткенге дейін сақталады. Қызметін жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттарға сәйкес жүзеге асыратын салық төлеушілердің есеп құжаттамасы келісім- шарттың қолданылуы аяқталған кезеңнен кейінгі салық кезеңі үшін белгілнген талап қою мерзімі өткенге дейін сақталады.Тіркелген активтердің, соның ішінде қаржы лизингі бойынша берілген ( алынған) активтердің құнын растайтын есеп құжаттамасы осындай актив бойынша амортизациялық аударымдар есептелетін соңғы салық кезеңі белгіленген талап қою мерзімі өткенгедецін дейін сақталады. Амортизациялауға жатпайтын тіркелген активтердің құнын растайтын есеп құжаттамасы салық салу мақсатында осындай активтер өткізілгенсалық кезеңі белгіленген талап қою мерзімі өткенге дейін сақталады. Бастапқы құжаттарды және бухгалтерлік есеп тіркелімдерін салық төлеуші мемлекеттік тілде немесе орыс тілінде жасайды.Шет тілдерде жасалған жекелеген құжаттар болған кезде салық органы олардың мемлекеттік тілге немесе орыс тіліне аударылуын талап етуге құқылы. Есеп құжаттамасы электрондық көздерде жасалған кезде салық төлеуші мониторинг кезінде және тексеру
 барысында салық органдарының талап етуі бойынша мұндай құжаттардың
 қағазға түсірілген көшірмелерін беруге міндетті.
 Салық есептілігі.
 Салық есептілігі дегеніміз салық төлеуші салық органдарына табыс ететін, салық міндеттемелерін есептеу туралы ақпараты бар құжаттама.
 Салық есептілігі дегеніміз: салықтың әрбір түрі және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары бойынша салық төлеуші жасайтын салық төлеуші жасайтын салық декларациялары, есеп- қисабы;
 арнаулы салық режимдерін қолдануға патнет алуға;
 салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды тіркеу карточкаларын алуға өтініштер;
 Қосылған құн салығын бюджеттен қайтарып алуға өтініштер;
 Қосарлаеған салық салуды болғызбау туралы келісімдер нормаларын қолдануға берілген өтініштер;
 Электрондық мониторигке жататын. салық төлеушілер табыс ететін құжаттама.
 Салық декларациясы, есеп-қисабы-салық төлеушінің, салық агентінің белгіленген тәртіпке сәйкес салық органдарына берілген жазбаша өтініші және электрондық құжаты, онда салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілер туралы, сондай-ақ салық міндеттемелерін есептеу мен салық және бюджетке төленетін басқа да деректер туралы мәліметер болуға тиіс. Салық декларациясы мен есеп-қисабында көрсетілуге тиісті белгілі бір днрнктер болмаған жағдайда, оған уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тиісті қосымшалар табыс етілмейді.
 Трансферттік бағаларды қолдану кезіндегі салық салу ерекшеліктері.
 Салық қызметі органдары мәмілелер бойынша бағалардың дұрыс қолданылуына Қазақстан Республикасының трансферттік бағаларының қолданылуын мемлекеттік бақылау мәселелерін реттейтін заң актісінде көзделген тәртіппен және жағдайларда бақылау жасайды. Мәміле бағасының нарықтық бағадан ауытқу фактісі анықталған жағдайда, салық органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салық салу объектілері мен салық міндеттемесін түзету енгізеді.
 Басқа жағдайларда салық салу ерекшеліктері
 Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалған лизинг шарты бойынша амортизациялауға жататын негізгі құралдарды беру, егер ол мынадай талаптарға сай келсе:
 1) Негізгі құралдарды лизинг алушының меншігіне беру және лизинг алушыға негізгі құралдарды тіркелген бағамен сатып алу жөнінде құқық беуру лизинг шартында белгіленсе;
 2) Қаржы лизингінің мерзімі негізгі құралдардың пайдалы қызметі мерзімінің 80 процентінен аса, ол қаржы лизингі болып табылады.
 Қаржы лизингіне берілген негізгі құралдардың құны лизинг шарты жасалған кезіне айқындалады. Салық салу мақсатында мұндай мәмеле лизинг алушының негізгі құралдарды сатып алуы ретінде қарастырылады. Бұл ретте лизинг алушы негізгі құралдардың иесі ретінде, ал лизинг төлемдері лизинг алушыға берілген кредит юойынша төлем ретінде қарастырылады.Мақсаты үшін қаржы лизингінің мерзімі алушының шартқа сәйкес қаржы лизингін ұзартуға құқығы бар қосымша мерзімді қамтиды.
 Ортақ үлестік меншік немесе кәсіпкерлік қызметті бірлесіп жүргізу туралы уағдаластық не заңды тұлға құрмай, екі және д-одан да көп иеленуші болуын көздейтін өзге де уағдаластық болған жағдайда, салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілер бнлгіленген тәртіппен тиісінше әрбір иеленушіде есепке алынып, салық салынады.
Категория: Экономика, Қаржы, Бухгалтерлік іс, Банктік іс, Салық! | Добавил: anonim02
Просмотров: 1493 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
jiberw
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]