Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Ақпарат танымдық порталы

Бейсенбі, 19.06.2025
Главная » Файлы » Білім және ғылым » Экономика, Қаржы, Бухгалтерлік іс, Банктік іс, Салық!

Шағын бизнесті дамыту
11.07.2011, 00:56
КІРІСПЕ

 Кәсіпкерліктің пайда болуы мен дамуы экономиканың өркендей түсуіне әсер ететін бірден - бір факторлардың бірі. Биылғы жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1 наурыздағы: «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында: Қазақстанның әлемдік бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры халықтың кәсіпкерлік әлеуеті мен бастамашылығын іске асыруға тырысқан түрлі топтары үшін қаржы ресурстары мен сараптама жасаудың нақты қайнарына айналуға тиіс. Қордың өкілдік желісін кеңейту, өңірлердегі кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған жұмысты күшейту қажат»,-делінген. Осыған байланысты Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын, әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық орнын иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуына байланысты мақсаттар мен бағдарламалар жүзеге асырылды.
 Ұсынылған бағыт Қазақстан экономикасын дамыту қағидаларына негізделген, ұзақ мерзімді басым мақсаттар мен оларды іске асыру стратегиялары Ел Президентімен Қазақстан халқына: «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» Жолдауында, яғни Қазақстан экономикасын жақсарту және оған серпінді сипат беру, өзара байланысты мақсаттар кешенін шешу көзделді.
 Сонымен қатар, Қазақстан Республикасынаң «Банк және банктік қызмет туралы» Заңына сәйкес, шағын кәсіпкерлікті несиелендірудегі банктік несиелеудің аумағын арттыру.
 Курстық жұмыстың мақсаты - қазіргі жағдайдағы кәсіпкерлік қызмет нарығының ахуалын талдау және экономикалық тұрақтылық жағдайында кәсіпкерлік қызметті жүргізуде ұсыныстар жасау.
 Міндеттері:
 - шағын бизнестің экономикадағы алатын орны мен маңызын ашу;
 - оны дамытудағы несиелендірудің рөлін қарастыру;
 - шағын бизнесті несиелендірудегі шетелдік тәжірибелердің мазмұнын ашу;
 - Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің қалыптасуы мен дамуын талдау;
 - шағын бизнестің заңдық негіздерін қарастыру мен қалыптасқан механизмдеріне талдау жүргізу;
 - қазіргі кездегі шағын бизнесті несиелендірудегі негізгі проблемаларды ашып көрсету;
 - шағын бизнесті басқарудағы экономикалық жетілдіру жолдарын көрсету.
 Курстық жұмыстың зерттеу объектісі елдің кәсіпкерлік қызмет саласындағы бағыттарын жүзеге асыру, кәсіпкерлік субъектілері қызметінің аясын барынша кеңейтуге және олардың қызметін жандандыруға бағытталған институционалдық жағдайларды жетілдіру болып табылады.
 Зерттеу пәні қазіргі таңда кәсіпкерлік қызметті жүргізудің әдіс - тәсілдерін жетілдіру бағыттарын топтастыру.
 Қазіргі таңдағы шағын кәсіпкерліктің дамуы нарықты әртүрлі қызметтермен толтырып отыратын негізгі жетілдіруші факторлардың бірі болып табылады. Сондай-ақ, қазіргі жағдайда экономиканы сауықтандыруға шағын кәсіпкерліктің қосатын үлесі де маңызды деп айтуға болады. Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау шаралары әрбір елде болатын іс-әрекет шаралары.
 Біздің Қазақстан жағдайында мемлекеттік қолдау әртүрлі бағыттарда жүзеге асырылады. Болашақта елде шағын кәсіпкерлікті дамытуды одан әрі кеңейту бағыттары жоспарланып отыр. Осыған байланысты кәсіпкерлік бағытты жандандыру шаралары да ұйымдастырылу үстінде.

 1-бөлім ШАҒЫН БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНДІРУ МЕХАНИЗМІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 1.1 Шағын бизнестің экономикадағы орны мен маңызы

 Шағын кәсіпкерлік базар қатынастарын ұдайы іске қосып отыратын ортаның нақ өзі. Экономиканың өтпелі кезеңіндегі шағын кәсіпкерлік, ең алдымен, базардың тауармен молығуына және жаңа жұмыс орындарының құрылуына мүмкіндік берді. Жалпы алғанда, кәсіпкерлік экономикада нақты белсенді, бәсекелес ортаны ғана қалыптастырып қоймайды, сонымен қатар, мемлекеттің экономикалық дамуында оның тұрақтылығының индикаторы есепті орта тапты жасақтайды. Шағын кәсіпкерліктің әлеуметтік міндетіне: халықты жұмыспен қамту, тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету, адамның өмірге нық сеніммен қарау мүмкіндігін арттыру жатады. Дамыған елдердің тәжірибесі шағын кәсіпкерлік экономиканың даму қарқынын арттыра түсетінін көрсетеді. АҚШ-та барлық жұмыс күшінің 50 пайызы шағын кәсіпкерлікпен шұғылданады. Ішкі өнімің 33 пайызын нақ сол қамтамасыз етеді. Жапонияда жұмыс күшінің 80 пайызы шағын кәсіпкерлікте жұмылдырылған, жалпы өнімнің 55 пайызы солардың үлесіне тиеді. АҚШ-та шағын кәсіпкерлік ғылыми - зерттеу жұмыстарының 3 пайызын ғана жүзеге асырса да, өндіріске енгізілетін ірі жаңалықтардың 50 пайызын қамтамасыз етеді. Шағын кәсіпорындардың экономикалық тиімділігі соншалықты айқын: ірі кәсіпорындар жаңа өнім өндіруге жұмсаған бір доллар шығынмен салыстырғанда, осы көрсеткішпен шағын кәсіпорындар жаңа өнімдерді 17 есе көп шығарады, шағын фирмалар мен дербес өнер тапқыштар жаңа технологияның 90 пайызынан астамын жасайды.
 Қазақстанда шағын кәсіпорындар жүйесін қалыптасыру әлі жүріп жатыр. 1990-жылдардың басында Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлік субъектілерінің анықтамалары болмаған еді. Сондықтан, әрқилы құрылымдарға түрлі анықтамалар қолданылды. Кейбіреулер он немесе одан да аз жұмысшысы бар кәсіпорындарды шағын бизнеске жатқызса, енді біреулер мұны 200 және одан да көп жұмысшысы қамтылған кәсіпорындар үшін қолданады. Соның салдарынан бірыңғай статистикалық ұғым қалыптаса қоймады, шағын бизнеске жатызылатын кәсіпорындардың нақты белгілері айқындалмады. Мұның өзі, республиканың экономикалық дамуына осы сектордың қосар үлесіне лайықты баға беруге және шағын кәсіпорындарды нақты топтастыруға мүмкіндік бермеді.
 Бизнеске қатысына қарай, «шағын» деген анықтама жұмысшылардың саны, жалпы табыс, сондай-ақ, жылдық айналым ұғымында түіндірілуі мүмкін. Фирмаларды көлемі бойынша топтастыру кезінде негізінен бірінші белгі ескеріледі: шағын бизнеске жұмысшы саны 100 адамға дейін, ал Қазақстанда 50 адамға дейін болатын, кәсіпорындарды жатқызу қабылданған.
 Бүгінгі күні шағын кәсіпорындар тиімді болып табылатын өндіріс түрлері аз емес. Көптеген ғалымдар өркенияты базарлы экономиканың материалдық және әлеуметтік базасында ұсақ, сондай-ақ, орташа бизнес тиімді қызмет көрсетеді деп санайды. Олар жеке меншікке негізделген шаруа қожалығы ғана ауыл экономикасын өркендетеді десе, басқалары ірі шаруашылықтардың басымдылығын алға тартады, үшіншілері осы және басқа да меншік пошымдарын мойындайды. Бірақ шаруашылықты басқарудың кез-келген пошымы, орнықты экономикалық орта қалыптасқанда ғана табысты жұмыс істей алады, яғни меншіктің барлық пошымы үшін бірдей базар шарттарын орнықтырып, нағыз бәсекелестікке жол ашудың маңызы зор. Шағын кәсіпкерлік тек бәсекелестіктің ғана емес, сонымен бірге, қоғамдағы техникалық прогресс пен ақпараттандырудың да лайықты ұйытқысы олып табылады. Ол шағын және орташа қалалар мен аудандар аумағында тұратын адамдардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға қызмет етеді. Шағын кәсіпкерлік мемлекет тарапынан оңай қадағаланады және оны дамытуға көп шығын жұмсалмайды.
 Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту мен колдаудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кешенді шаралар белгіленген. Бағдарламада шағын кәсіпкерлікті тұрақты дамытуды қамтамасыз ету, экономикада оның үлесін ұлғайту, жаңа жұмыс орнының санын арттыру, айқын бәсекелестік ортаны құру, қоғамның орташа табы ретінде меншік иелерінің бұқаралық тобын қалыптастыру көзделген.
 Кәсіпкерлік әлемдік қоғамдық дамудағы барлық кезеңдеге қатысты болып табылады. Ортағасырлық араб ойшылы Ибн-Хальдун (1332-1406 жж) кәсіпкерлікті меншікпен, еңбекпен, адамның қабілеттілігімен сәйкестендіре отырып зерттеген. Батыс Европада кәсіпкерлікті оқып білу физиократтар иелігінде болған. Ф.Кенэ «Экономикалық кестеде» басты орынды жер иелері - кәсіпкерлеріне берген, яғни «егер де кім жерді жалға алса, ол ауыл шаруашылығын жоғары өндірістік дәрежеде көрсетеді»,-дейді. Кәсіпкерлік түсінігінің дамуы одан кейін физиократтар түсінігінде А.Тюргоның еңбегінде көрсетілді. Оның схемасында қоғамның өндірістік тобының міндеттілігі қарапайым жұмысшыларға еңбекақы төлейтін, аванс беретін капиталистерге немесе кәсіпкерлерге түсті. Ж.Б.Сэй «Саяси экономия трактатында» кәсіпкерді «қандай да бір өнімді өзінің меншігіне және өзінің есебіне әкелуге іс-әрекет жасайтын тұлға» ретінде сипаттады. Сонымен қатар, ол кәсіпкерлікті тәуекел факторына, ал кәсіпкерді өзіне пайда келтіру үшін тәуекелге баратын адам деп көрсетті. Кәсіпкерлікті дамытудағы қажетті шарттардың бірі деп ол өндіріс факторларын қозғалысқа келтіретін (табиғат, еңбек, капитыл) адамның білімі деп есептеді.
 А.Маршал бойынша оның негізілігі шығамашылық процесс функциясы ретінде қойылған бағыттар деп көрсетіледі. Ал,И.Шумпетердің айтуы бойынша, кәсіпкерлік бұл қоғамдық жүйенің және ғылыми - техникалық қозғалыстың негізі ретінде капитализмнің «адамдық» факторы болып табылады. Капитализмнің орталық фигурасы ретінде ол кәсіпкерлікті қарады. Сондай-ақ, кәсіпкерлікті технологияның дамуымен, жаңашылдықпен және экономикалық өсумен байланыстырды. Кәсіпкерлікті жаңа негізгі өндірістік факторлар комбинациясын жасаудағы шаруашылық субъектілері деп түсінді.
 Соңғы 20-25 жылдарда жаңа нарықтық экономикада шағын кәсіпкерлік рөлінің әдістемелік өзгергені айқалады. Бірігіп жұмыс істеу қарым - қатынасында орнықты және тиімді келісімдер жүргізу және тәуелсіз өндірушілер массасының өсуі байқалады. Шағын кәсіпорындарды ірі кәсіпорындармен салыстырғанда, экономикалық тиімділіктің жергілікті нарыққа жақындығы, тұтынушылардың сұранысына икемділігі, шағын мөлшерде өндіруі. Шағын кәсіпорын өндірістік және дербес тұтынудың бөлінуімен байланысты өркендейді. Шағын және орта дәрежелі деңгейдегі бизнес экономиканы жетілдіруге септігін тигізеді: бәсекелестік орта өркендейді, қосымша жұмыс орны пайда болады, тұтыну секторы ұлғаяды. Шағын кәсіпорындардың дамуы нарықты тауар және қызметтермен толықтырады, экспорттың потенциалын арттырады және жергілікті шикізат ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік жасайды.
 Қазіргі жағдайда, экономиканы сауықтандыруға шағын кәсіпорындардың қосқан үлесі жоқтың қасы. Оның себебі, жалпы өндірістің төмендеуі және ТМД елдерімен экономикалық қатынастардың үзілуінен болып отыр. Сонымен бірге, шағын кәсіпорынға мемлекеттік қолдау орындала алмай келеді. Шағын кәсіпорындарға жан - жақты қолдау болмаған жағдайда олар өз бетімен жұмыс істеп кете алмайды. Дүние жүзіндегі барлық елдерде шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау қоры болады. Мысалы, Жапонияда жыл сайын 2-3 млрд.доллар бюджетте қаралады. Біздің Қазақстан жағдайында мемлекеттік қолдау тек қана пайдаға салынатын салық жеңілдігі ғана. Шағын бизнестің басты проблемасы - ол несие беру саясаты. Несие тек қана кепілдеме ретінде мүліккке беріледі. Ал кепілдікке жарайтын шағын кәсіпорында жоқтың қасы, сондықтан шағын кәсіпорындардың керекті несиесіне кепілдік бере алмайды. Сондықтан, шағын бизнесті қолдайтын арнайы банк, несие банктің бір бөлімі болуы керек. Шағын кәсіпкерлік фирмалар қәзіргі жағдайда делдалдық сферада, сонымен қатар тез айналатын сала сауда - саттық, қоғамдық тамақтану, азаматтық құрылыс, техника және машиналарды жөндеу, басқада салаларда орын алып отыр. Шағын кәсіпорын өзінің жеке пайдасын аттыру мақсатында және кәсіпорынның өндірістік мүмкіндігіне қарай сұраныс бар тауарлар шығару мен қызметтер атқару үшін өзінің әлеуметтік дамуы негізінде жұмыстарын алдын - ала жоспарлауы керек. Жоспардың негізінде тауар алушылармен және шикізат, материалдар сататын кәсіпорындармен, өндіріске керекті өнімдермен жабдықтау туралы шарттар болуы керек. Қазіргі кезде, нарықтың жасақталуы - көпқырлы процесс. Мұнда ірі монополистік кәсіпорындармен қатар шағын бизнесті дамытуға үлесін қосатын кәсіпорындардың дамуы жалпы экономикалық тиімді шара. Оның ірі кәсіпкерлік фирмаға қарағанда тиімділігі жергілікті нарыққа жақындығы, тұтынушылардың сұранысына икемділігі, шағын мөлшерде өндіруі, қосымша жұмыс орнының жасақталуы, жергілікті шикізаттарды ұтымды пайдалану және тағы басқалар. Қазақстан Республикасында экономикалық реформа барысында алдын-ала түбегейлі ойластырылған бағдарламаның жоқтығынан ірі индустриалды кәсіпорындарды шағын, орташа кәсіпорындарға жаппай көшуден тарихта кешірімсіз қателер болды. Бұл өрескел қателіктерді жою үшін мемлекет ірі индустриалды кәсіпорындарды қайта құрумен байланысты шағын кәсіпорындарға арнайы бағдарламалар бойынша жан-жақты көмек көрсету керек. Шағын кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпорындардың әлеуметтік қызметі жұмысқа қамтылмаған көптеген жұмыс күшін қамту, ол әлеуметтк қайшылықты, қиындықтар мен жұмыссыздықты жоюға септігін тигізеді.

 Кіші бизнесті несиелендірудегі негізгі проблемалар

 Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 мамырдағы Жарлығымен Қазақстан Республикасында «Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2001 - 2002 жалдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бекітілді. Оның басты мақсаты шағын кәсіпкерліктің өндірістік саласының серпінді дамуын қамтамасыз ететін мемлекеттік қолдау саясатын жетілдіру болып табылады.
 Бағдарламаның міндеттері оның мақсатымен айқындалған және олар мыналар:
 - халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;
 - қоғамдық бірлестіктердің шағын кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау мәселелеріндегі рөлін күшейту;
 - шағын кәсіпкерліктің өндірістік саласын басымдылықты дамыту;
 - шағын кәсіпкерлікті ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру және дамыту арқылы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің тұрақты қызметі үшін қолайлы жағдайлар жасау болып тұжырымдалады.
 Сонымен, жоғарыда баяндалғандай экономиканың жаңа жағдайындағы рынокқа өтуінде шағын кәсіпорындар «жанама» өнім ретінде болмайды. Олар еліміздің ажырамайтын саяси - экономикалық жүйенің бірі болып табылады. Біріншіден, нарықтық қатынастардың тұрақтылығы солай болғандықтан, халықтың көптеген бөлігі осы қатынастар жүйесінде тартылады; екіншіден, нарықтық жағдайда олар қажетті икемділікті қамтамасыз етеді, терең мамандандыруда іске асыруды және өндірісті тармақтанған кооперацияға айналдырады. Онсыз оның экономикалық тиімділігінің болуы мүмкін емес. Нәтижесінде, бұл шаруашылық дамуының және ұлттық экономиканың серпінді өсуіне үлкен ықпал етеді; үшіншіден, шағын кәсіпорындар ролінің өзгеруі орта және ірі кәсіпорындардың қызмет етуіне тиек болады.
 Республикамызда шағын бизнесті дамыту барысында шағын кәсіпорындардың меншік істерін ұлғайту және айналым қаражаттарын толықтыру үшін несие ресурстарын тарту проблемасы жиі кездесіп отырады. Несие алудағы қиыншалықтар несие ресурстарын тарту шарттарында және тағы бір ерекшелік - инфрақұрылымның сапасының төмендігі болып табылады. Несие ресурстарын тарту шарттарында келесі ерекшеліктер байқалады:
 - кепілмен қамтамасыз ету проблемасы;
 - жоғары дәрежедегі ссудалық пайыз;
 - несие ресурстарын иеленудегі мерзімнің қысқалығы;
 - несиелендірудің жарналық кезеңінің артта қалуы.
 Сонымен қатар, инфрақұрылымның жетілмеуі біріншіден, банкке құжаттар дайындау кезінде кәсіпкерлердің білім деңгейінің жетіспеушілігі; екіншіден, ақпараттық - консалтингтік қызметтердің жетіспеушілігі; үшіншіден, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің несиелендірудің отандық және шетелдік бағдарламалардан тыс қалуына байланысты болып табылады. Осы көрсетілген проблемаларды негізгі екі топқа бөлуге болады. Бірінші топ банктен несие алудағы жалпы шарттармен байланысты, ал екінші топ - несиені алу және рәсімдеу жүйесіндегі кәсіпкерлердің жеке проблемалары болып табылады.
 Кәсіпкерлік қызметте шағын кәсіпорын бюджеттерін құру келесі этаптардан тұруы тиіс:
 - шағын кәсіпорын дамуындағы жалпы бағыттардың құрылуы;
 - әрбір бөлімге жалпы бағыттар мен тапсырмаларды анықтау;
 - оперативті бюджеттерді дайындау;
 - басқару құрамымен бюджет дайындығын талдау;
 - қорытынды бюджетті дайындау.
 Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға өтуі ірі өндірістік кәсіпорындардың кіші бизнеске орын беруімен айқындалады. Бұған себеп ретінде, көптеген ірі кәсіпорындардың өз уақытында тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыра алмауын, өзінің өнім сапасын бәсеке нарығында жоғары дәрежеде көрсете алмауын айтуға болады. Шағын кәсіпкерлікті дамыту қазіргі кезде мемлекет экономикасының дамуына әсер ететін негізгі фактор.
 Қазіргі кезде несиелендіру саласының тағы да бір жетістігі - бұл микронесилендіру болып табылады. Мемлекеттің микронесиелендіру қызметін енгізуі микрокәсіпкерлер қызметін қаржыландырудың негізгі көзі ретінде орын алды.
 Микронесиенің негізгі критерийлары болып мыналар табылады:
 - несиенің салыстырмалы кішігірім көлемі;
 - шағын кәсіпкерлік субъектілерінің несие бағытын қолдануы;
 - несиелендірудің қысқа мерзімдері (көбінесе бір жыл іші);
 - несиені ұсыну және қайтару шарттарының иілмелілігі.
 Әлемдік тәжірибе микронесиелендіру жүйесін реттеу деңгейіне әсер ететін микронесиелік ұйымдардың негізгі үш моделін бөліп қарастырды:
 - микронесие беретін институттар, бірақ бұлар заңнамалық құқық негізінде жинақтарды тарту қызметін жүргізу алмайды және мемлекеттік реттеу және қадағалау қызметіне жатпайды;
 - микронесиені жүзеге асыратын институттар. Бұл институттар елдің орталық банк жағынан пруденциалдық реттеуге жатқызылады;
 - мемлекеттік органдар жағынан толық пруденциалдық реттеуге жататын, міндетті және ерікті депозит жинақтарын тарту құқын иеленетін микронесие беретін институттар.
 Микронесиелендіру еңбек қызметін тұрақтандыру бағытындағы қаржылық көмек болып табылады. Қазіргі таңда елімізде микронесиелендіру қызметін жүргізу ең маңызды фактор болып табылатын категориялардың бірі ретінде қолданылады. Бұл құрал барлық аймақтарда, облыстарда, аудандарда, жергілікті жерлерде қаржыландырудың ең басты қайнар көзі ретінде қолданылады.
 Шағын кәсіпорын өзінің іс - әрекетінде көптеген қиындықтарға кездеседі:
 Біріншіден, шағын кәсіпорындардың негізгі проблемасы - ресурстық базаның жетіспеушілігі: материал - техникалық және қаржылық. Шын мәнінде халық шаруашылығында бос жерге кең жаңа сектор құру көзделіп отыр. Ондаған жылдар бойы шағын кәсіпорын секторы болған емес. Олай болса осындай жұмысты ұйымдастырып, алып кететіндей кәсіпкерлерде болған жоқ. Тұрғындардың көпшілігінің босы артық ақшасы болмады, ал өз ісін бастап кәсіпкер болу үшін өзінің қаражаты жоқ. Сақтық кассаларындағы ақшалар күйіп кетті. Сондықтан өз ісін жүргізу үшін тек қана несие керек болды.
 Екіншіден, шағын кәсіпкерліктің заңға сүйенерлік базасы жоқ деуге болады.
 Үшіншіден, шағын кәсіпкерліктің іс - әрекеттерін терең талдау жасайтын жүйе жоқ. Олардың істеген жұмысынан қорытынды табу қиын, қандай көрсеткіштер арқылы талдау жасап мемлекеттік жеңілдік беру керек екендігін анықтау қиын. Көбіне тек таныстық керек, ондай жағдайлар коррупцияға апарады.
 Шағын кәсіпорындардың әлеуметтік қызметі жұмысқа қамтылмаған көптеген жұмыс күшін қамту, ол әлеуметтік қайшылықты қиындықтар - жұмыссыздықты жоюға септігін тигізеді. Шағын кәсіпорындар мемлекеттің жан - жақты қамқорлығына мұқтаж, себебі ол тұрақсыз кәсіпкерлік құрылым ретінде нарықтың тұрақсыздығына тәуелді. Бұлай дейтін себебіміз, кәсіпкерлік қызметті жүргізуді ең алдымен мемлекет, содан кейін кәсіпкер қолдайды. Соған байланысты оны жүргізудегі қиыншылықтардың алдын – алу шараларын жүргізеді.

 3.2 Шағын бизнесті басқарудың экономикалық механизмдерін жетілдіру

 Шағын бизнес кәсіпорнының дамуы Қазақстан экономикасындағы жүзеге асырылған реформаларының бірі болып табылады. Үлкен мөлшердегі инвестицияны қажет етпейтін осы кәсіпорындар ғана әлеуметтік тұрақтылық кепілі, нарықтық кеңейту шаралары және елдегі бәсекеқабілеттілікті жоғарылату қайнар көзі болып саналады.
 Қазіргі кезде бұл касіпорындарды дамыту, алдымен қаржылық қамтамасыз ету және қаржылық - несиелік талдауды іздеу проблемаларымен байланыстырылады. Жаңашыл шарттарға сәйкес шағын кәсіпорын капиталының негізгі қайнар көзі болып бұрынғысынша жеткіліксіз меншік ресурстары қалады. Бұл шағын бизнес кәсіпорнының несие нарығына және жоғарғы пайыз мөлшерлемесі жағынан бағалы қағаздар нарығына қатысуындағы, әртүрлі мемлекетік емес бағдарламалардың , қорлардың және үкіметтік ұйымдардың қаржылық ресурстарға шектеулер қоюының нәтижесі болып табылады.
 Нарықтық қатынастар көптеген адамдардың «өз ісіне» деген табиғи ұмтылуды тудырып, өздерінің меншіктерін арттыра түседі. Ең соңында бұл қызметтің ерекше түрі - кәсіпкерлік қайраткерліктің әкеп соғады. Сонымен, кәсіпкерлік дегеніміз - адамдар мен олар құрған бірлестіктердің белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып, мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді. Кәсіпкерлікті шығармашылық күш - жігерді жүзеге асыруға, экономикалық және ұйымдастыру ісінде тапқырлыққа, жаңашылдыққа байланысты. Кәсіпкерлікті жаңа тұрғыдан түсіндіргенде мынадай екі жағдайға: біріншіден, коммерциялық бағыт - бағдарға, тәуекелдік бел буушылық пен дербестікке, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, кездескен кедергілерді жеңе білуге; екіншіден, экономикада, ұйымдастыру ісінде тапқырлық пен жаңашылдық танытуға, ғылыми - техникалық прогреске жетуге тікелей қатысты. Кәсіпкер қабылданған заңға қайшы келмейтін қызметтің қандай да болмасын түрімен айналыса алады. Олар: шаруашылық - өндірістік, сауда - көтерме сату, жаңартпашылық, көрсетілетін консультациялық қызметтер және басқа да коммерциялық делдалдық сол сияқты құнды қағаздар операциялары.
 Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жеделдетілген шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламсы әзірленді. Бағдарламаның мақсаты шағын кәсіпкерлік субъектілері асын барынша кеңейтуге және олардың қызметін жандандыруға бағытталған инстуционалдық жағдайларды жетілдіру есебінен Қазақстанның бәсекеге қабілетін арттыру болып табылады.
 Бағдарлама шеңберінде жүргізілетін жұмыстардың негізгі бағыттары:
 - шағын бизнес мәселелері бойынша заң шығарудың жаңа регламентін қабылдау жолымен заңнаманы жетілдіру;
 - шағын бизнес мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық кесімдердің нәтижелілігін қадағалау институтын енгізу;
 - әрбір мемлекеттік органда «құқықтық ақпарат кабинетін» негізу;
 - әкімшілік кедергілерді азайту және бюрократиясыздандыру;
 - кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын дамыту болып табылады.
 Бағдарламаның міндеттері:
 - мемлекеттің жеке сектормен өзара іс-қимылының жаңа идеологиясын құру;
 - кластерлік - желілік ұстаным негізінде өмір сүруге қабілетті инфрақұрылымдық жүйені құру және қамтамасыз ету;
 - шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін барынша ашық заңнамалық негіз құру;
 - шағын кәсіпкерліктегі көлеңкелі айналымдағы қысқарту.
 Қазіргі жағдайда капитализмге ауысу жолында қоғамдық меншікті жекешелендіру арқылы ірі кәсіпорындарды таратып, ұсақ , шағын және орта мөлшердегі кәсіпорындар құрылып жатыр. Ол дұрыс деп айту қиын. Дегенмен осы бағытта ірі кәсіпорындар жойылды. Ендігі мәселе осы шағын кәсіпорындардың кәсіпкерлік ісі туралы болып отыр. Халық шаруашылығы барлық салаларында шағын кәсіпорындардың болуы дүниежүзілік тәжірибеде экономикада тиімді іс болып табылады. Қазіргі замандағы экономикада ірі монополистік шаруашылыққа тығыз байланысты орта және шағын деңгейдегі кәсіпорындар ара салмақтарының өзара байланысты көптеген факторлармен байланысты. Шынында да ірі фирмаларда зор материалдық, қаржылық, еңбек ресурстары және маманданған кадрлар бар. Олар жоғары дәрежеде ғылыми-техникалық шешімдер қабылдап, өндірістің технологиялық жаңа әдістерін қолдана алады. Ал, екінші жағынан, соңғы уақытта шағын дәрежелі кәсіпкерлік істер орын алуда. Ол әсіресе күрделі қаражатты және қызметкерлер кооперациясын көп талап етпейтін салаларда және тұтыну тауарларын шығару салаларында болады.
 Шағын кәсіпорындардың дамуы нарықты тауар және қызметтермен толықтырады, экспорттың потенциалын арттырады және жергілікті шикізат ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік жасайды. Шағын кәсіпорын дүниежүзінде маңызды орын алады. Ол тек қана тұтыну сферасында емес, сол сияқты кейбір бөлек үзелдер мен механизмдерді шығару жағдайында немесе жартылай фабрикаттар өндіріп негізгі басты өндірісті қамтамасыз етуде маңызды орын алады. Шағын кәсіпкерлік субъектілері сондай-ақ, жеке адамдар да болуы мүмкін.
 Шағын бизнестің басты проблемасы - ол несие беру саясаты. Несие тек қана кепілдеме ретінде мүлікке беріледі. Ал кепілдікке жарайтын мүлік кәсіпорында жоқтың қасы, сондықтан шағын кәсіпорындардың керекті несиесіне кепілдік бере алмайды. Сондықтан шағын бизнесті қолдайтын арнайы банк, несие банктің бір бөлімі болуы керек.
 Шағын кәсіпорындар кадрларды даярлау, банктік несие алу және информациялық қызметтерге мұқтаж. Шағын кәсіпкерлік фирмалар қазіргі жағдайда делдалдық сферада, сонымен қатар тез айналатын сала сауда - саттық, қоғамдық тамақтану, азаматтық құрылыс, техника және машиналарды жөндеу, т.б. салаларда орын алып отыр.Жоғарыда келтірілген осы жағдайлардың барлығы кәсіпорындағы басқару шараларына келіп сүйенеді. Қазіргі таңда қызметтерді басқару саласы экономиканың көптеген жақтарына маңызды әсерін тигізетін бірден бір факторлардың бірі болып табылады.
 Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы жаңа заңдар еліміздің құқықтық, саяси және экономикалық жүйесінің дамуының жаңа кезеңін ескере отырып жаңа өкілеттіктер белгіледі. Оларды біліктілікпен жүзеге асыру, әсіресе кәсіпкерлік сияқты аса маңызды және үнемі дамып отыратын салада, әкімдердің басқарушылық және құқықтық сауаттылығына, олардың жаңашылдық қабілетіне және ең бастысы - бастамашылдығына байланысты болады.
 Қазіргі күрделі жағдайда аймақтарда әртүрлі ұйымдық - құқықтық пошымдағы шағын кәсіпкерлікті дамыту бірінші кезектегі іс. Айта кетелік, шағын кәсіпкерлікке заңды тұлға құрмай - ақ кәсіпкерлікпен айналысатын барлық субъектілер және қызметтерінің жылдық орташа саны 50 адамнан аспайтын жыл ішіндегі активтерінің жалпы құны орта есеппен алғанда есептік көрсеткіштен алпыс мың еседен аспайтын заңды тұлғалар жатады.
 Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдар бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекет нақты қолдау көрсетеді.
 Айта кетейік, қызметкерлерінің жылдық орташа саны 50 адамнан аспайтын, жыл ішіндегі активтерінің жалпы құны орта есеппен алғанда есептік көрсеткіштен алпыс мың еседен аспайтын шаруа қожалықтарының да шағын кәсіпкерлік субъектісі ретінде мемлекеттік қолдауға құқығы бар.
 Аймақтарды дамытуға қаражат жұмсайтын инвесторлар үшін тікелей қаражат жұмсауды мемлекеттік қолдау туралы заңдарда көзделген тәртіппен және шарттармен бірқатар жеңілдіктер мен преференциялар қолданыла алады. Атап айтқанда, біріншіден, бұл мемлекеттік заттай гранттар; екіншіден, келісімшарт жасалған сәттен бастап табыс салығының, жер салығының және мүлікке салынатын салықтың ставкасын 5 жылға дейінгі мерзімге негізгі ставканың 100 пайызына дейін кеміту, сондай - ақ одан кейінгі 5 жылға дейінгі кезеңге табыс салығыны, жер салығының және мүлікке салынатын салықтың ставкасын негізгі ставканың 50 пайызынан аспайтын шекте кеміту, үшіншіден, инвестициялық жобаны іске асыру үшін қажетті жабдықтар, шикізатпен материалдар импортына кеден бажын салудың толық немесе ішінара босату.
 Жеңілдіктер мен преференциялардың мөлшері тікелей инвестиция көлеміне, инвестордың жобаны іске асыру мерзімі жөніндегі міндеттемелеріне, оның өзін - өзі өтеуіне, экономика секторының басымдылығына және басқа жағдайларға байланысты айқындалады. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2001 - 2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша мемлекеттік бюджеттен жыл сайын 50 миллион теңге бөлу жоспарланып отыр.
 Кәсіпкерлік қызмет субъектілері заңдық тұлға құрмай тұрып, азаматтық - құқықтық қатынастардың, әсіресе шетелдік заңдық тұлғалармен қатынаста белседі қатысушысы болуы белгілі дәрежеде қиын екендігін мойындау қажет. Сондықтан да соңғы жылдары еліміздің кейбір аймақтарында, әсіресе солтүстікте, шаруа қожалықтарының заңдық тұлға құра отырып, шаруашылық жүргізудің ірірек ұйымдық - құқықтық түрлеріне бірігу фактілері елеулі құбылыс болып отырғаны кездейсоқ емес. Мұндай шешім кәсіпкерліктің осынау жаңа субъектілерінің еңбек, материал және басқа ресурстарын біріктіруге, сондай - ақ оңтайлырақ еңбек бөлінісін және өндірістің мамандандырылуын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
 Бүгінде аймақтарда кәсіпкерліктің бәрінен көп кездесетін субъектілері әзірге азаматтардың заңдық тұлға құрмай - ақ, дербес яки біріккен кәсіпкерлік болып отырғаны белгілі. Жоғарыда айтқанымыздай мұндай азаматтар өздері барып мемлекеттік тіркеуден өтуге, сондай - ақ, тұрғылықты жеріндегі аумақтық салық органында жеке кәсіпкер ретінде есепке тұруға тиіс.
Категория: Экономика, Қаржы, Бухгалтерлік іс, Банктік іс, Салық! | Добавил: anonim02
Просмотров: 4019 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
жаксы
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]