Главная » Файлы » Білім және ғылым » Философия |
В категории материалов: 39 Показано материалов: 21-30 |
Страницы: « 1 2 3 4 » |
Сортировать по: Күні
Фараби трактаттарындағы білім, тәрбие және адамгершілік, гуманизм мәселелері | |
Қазіргі дүниені неғұрлым дұрыс танып, білу үшін және жақсы өмірдің дұрыс жолын таңдай білу үшін және жаңа мыңжылдықта білімді, тәрбиені, адамгершілікті-ізгідікті дамыту үшін біз әр уақытта, әр дәуірде өзімізге дейінгі өткен идеялар мен қағидаларға сүйенгеніміз жөн. Ондай идеяларды Орта ғасырларда өмір сүрген Батыс пен Шығыстың ғұлама ойшылдары Аверроэсо (Ибн Рушд), Я.А. Коменский, Н.Макиавелли, Ибн Халдун, Ибн Сина, Әл Бируни және т.б. айтты. Осындай ой титандарының бірі-бірегейі, қазақ топырағынан шыққан ғұлама ғалым-философ Әл Фараби еді. Ол сонау Ерте орта ғасырлардың өзінде адамзат ілімінің молайып, ақыл-парасаттың жетілуін, оқу-ағартудың қажеттілігін айтып, білім алудың маңызын атап көрсеткен болатын. Фараби идеялары оның 140-тан астам трактаттарының арқауы болды. Фараби трактаттарының әрқайсысы өзіндік бір дүние, қағида, теория мен әдіс. Солардың бірі 948жылы Египетте жазылған «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат» болып табылады. Ол бұл еңбегінде адам әрекетінің түпкі мақсаттарының бірі—Бақытқа жету деп айта келе, сол бақытқа тек білім мен игілік нәтижесінде ғана жетуге болады дейді. |
Философия | |
Кіріспе «Антик философиясы» деген мың жылдан аса тарихы бар грек-рим философиясын білдіреді. «Антик» сөзінің латын тілінен аударғанда «көне» деген мағынаны білдіретінін ескерсек, бұл жалпы философиялық ой дамуының бастапқы кезеңін аңғартар еді. Алайда, қалыптасқан дәстүр бойынша антик дәуірі тек батыстық көне заманын білдіріп, осы грек-рим әлеміне қатысты айтылады. Ал, хронологиялық щеңберіне келетін болсақ, антик философиясын өзнің бастауын б.з.д. VІІ – VІ ғасырдан алып, ал оның аяқталуы б.з. 529 жылы император Юстинианның барлық христиандық емес философиялық мектептерді ресми түрде жаптырған датасымен байланыстырылады. А.С.Богомоловтың айтуынша оның ішіндегі үш ірі кезеңді айқындауға болады: антик фиософиясының қалыптасуы немесе Сократпен аяқталатын ерте классика; классикалық грек филсофиясы; эллиндік грек философиясы. Ежелгі Грекия дүниетанымының жаңа формасы – философияны қалыптастырған негізгі үш мәдени орталықтың бірі болып табылады. Оның қалыптасуы да Ерте Үнді және Ежелгі Қытай жерлерінде байқалған заңдылықтарға сай жүзеге асты. Бірақ эллиндік ақыл-ойдың дүниеге келтірген жемісінің шығыстық фиософиямен салыстырғанда өзіндік түбірлі ерекшеліктері бар. Философияның қалыптасуына алғы шарт болған грек өмірі формалары қатарына, тағы да басқа халықтардағы сияқты мифология, дін, ғылыми білімнің бастапқы түрлері, философияның қалыптасуына әкеліп соқты. |
Философиядағы адам мәселесі | |
Философиядағы адам мәселесі Антропология – адам туралы ілім. Философиялық антропология –адам туралы философиялық ілім немесе адам философиясы. Адам мәселесі философияның аса маңызды өзекті мәселелерінің бірі. Қазіргі заманғы философиялық антропология бір-біріне қарама-қарсы көптеген мектептер мен ағымдардан тұрады. Антропогенез мәселесі. Адам өте күрделі біртұтас жүйе, өз кезіңде одан да күрделі екі жүйенің (биологиялық және әлеуметтік) құрамдас бөлігі болып саналады. Бұл дегеніміз, адам тек қана биологиялық емес, сонымен бірге әлеуметтік тіршілік иесі болып табылады. Сонда адам тарихи жолмен биоәлеуметтік тіршілік иесі ретінде қалайша қалыптасты екен? Бұл сұрақ антропогенез мәселесінің мәні деуге болады. ХІХ ғасырға дейін еуропалық мәдениетте теистік антропологиялық концепция басым болды. Мұнда әлем мен адамның діни тұжырымдамасы қарастырылады. Дүниенің думуы мен тарихы жоқ. Дүние мен адамды жаратқан күш – Құдай. Дүние мен адамның шығуы мен дамуын бұл теория ғылыми жолмен түсіндіріп бере алмады. ХІХ ғасырда антропогенез мәселесінің ғылыми тұрғыдан зерттелуіне мүмкіндік туа бастады. Эволюциялық теория дүниеге келді (Ч. Дарвин). Адамның шығуы мен қалыптасуын биологиялық заңдарға сүйене отырып түсіндіруге тырсты. Бір кемшілігі - әлеуметтік факторлары қарастырмауы. Ф. Энгельс антропогенездің еңбек теориясын ұсынды. Бұл теория бойынша еңбек биологиялық заңдарды жоққа шығармайды, керісінше түрлендіреді, нығайта түседі. Сөйлеудің, тілдің, мидын, ой-сананың дамуын осы еңбекпен байланыстырады. |
ХІХ ғасырдағы ағартушы ойшылдардың халықтық тәрбие туралы ой-пікірлері | |
Ш.Уәлихановтың қазақ халқының салт-дәстүрлерi туралы ой-пiкiрлерi (1835-1865). 1. Шоқанның алғашқы хат тануы. 2. Ш.Уәлихановтың орыс достары. 3. Шоқанның Батыс-Шығыс халық әдебиетін зерттеуі. 1.Шоқанның өскен ортасы. Әжесi Айғанымның, әкесi Шыңғыстың маңына аңшы, әңгiмешi, ертекшi, әншi, күйшi, ақын, құсбегi т.б. өнер адамдарының үйiр болуы. Олардың Шоқанның жастайынан қазақ өнерiмен сусындауына ықпал етуi, Ауыл молдасынан оқып хат тануы. 2. Ел билеу тiзгiнiн берiк қолда ұстау мақсатында Шыңғыстың 11 жасар Шоқанды Омбыдағы Кадет корпусiне әскери оқуға беруi. Шоқанның орыс тiлiн тез меңгеруi. 3.Шоқанның Омбыдағы Кадет корпусiнде оқу кезiнде озық ойлы орыс интелигентерiнен бiлiм алуы. Оның ұстаздары И.Вас.Ждан, Пушкин, Николай Федорович Костымцский, Александр Андреевич Сотников, Василий петрович Лобадовсий т.б. болуы: Орыс география қоғамының негiзiн салушы П.П.Семенов – Тяньшанский, географ ғалым Н.Г.Потанин, саяси жер ауып келген орыс зиялылары: Ф.М.Достаевский, С.Ф.Дуров, А.Н. Майковтармен достық қатынаста болуы. Олардың прогрессивутiк идеяларының Шоқанға тигiзген әсерi; |
Христиандық мәдениеттің қайнар бастаулары мен басты кезеңдері | |
Христиандық мәдениеттің қайнар бастаулары мен басты кезеңдері 1. Ортағасырлардағы дәуірге бөлу мәселесі. 2. Інжілдің мәдени тарихы мағынасы. 3. Ортағасырлар мәдениетіндегі жан мен дене мәселелері. Орта ғасырлар - эллиндік - классикалық мәдениеттің құлдырау шегіне жетіп, ал одан кейін оның жаңа заманда қайта түлеу кезеңімен сәйкес келетін, ұзаққа созылған біртұтас мәдени дәуірді қамтиды. Орта ғасырлар мәдениетінің қайнар бұлағы - «романдық бастаудан» нәр алатын Батыс Рим империясының мәдени дәстүрлері болып саналады. Олар құқық, ғылым мен өнер, философия, жоғары құқықтық мәдениет, христиан діні және т.б. Бұл мәдени дәстүрлер римдіктердің «варварлармен» күресі кезеңінде тереңдей түсіп, Батыс Еуропаның пұтқа табынушы көптеген тайпаларының мәдени өмірінде өз жалғасын тапты. Мұндай мәдени тоғысулар Батыс Еуропалық ортағасырлар мәдениетінің қалыптасып одан әрі дамуына даңғыл жол ашып берді. Мәдениеттанушы ғалымдар көне заманнан бастап жаңа заманға дейін созылатын уақыт шеңберін орта ғасырлар деп атайды. Бұл тарихи кезең бір мың жылдан астам уақытты қамтиды, яғни V ғасырдан бастап XV ғасырға дейін созылды. «Орта ғасырлар» деген термин алғаш рет Италияда Қайта өрлеу дәуірінде пайда болған. Итальян гуманистері бұл терминді бір жағынан «ежелгі дүние» мен «жаңа заманның» ара жігін анықтау үшін де қолданған. «Орта ғасырлар» терминінің сол бір тарихи кезеңде қалыптасқан мағынасы біздің заманымызда да өз мәнін жойған жоқ. |
ХХ ҒАСЫРДЫҢ ФИЛОСОФИЯСЫ | |
ХХ ғасырдағы иррационализмнің бастамасы болған «өмір философиясы». Бұл концепцияның түрлі нұсқалары көп, соның ішінде екеуін ғана атап өтелік. Бірінші бағыт «өмірді» табиғат заңдарына жақындастырып, қоғам заңдарынан аулақ ұстайды. Оны жануарларға жақын қояды. Осыдан келіп күшке табыну, анайы-дөрекі түйсіктерге үлкен мән беру, идея мен ұғымдардың орнына ырықсыз сезімді қою орын алады. Әсіресе, ақиқат пен жақсылық орнына жалғандық пен жауыздықты қарсы қойғаны соншалық, фашистік идеологияға алып келді. Мұндай бағытты Ницще және тағы басқалар қолданған. Философия тарихында «өмір философиясының» екінші түріне аса көп мән берілген болатын. Ол Дильтей мен Шпенглер сияқты ойшылдардың есімімен байланысты. Мұнда «өмір» адамның іштен туа біткен әбігерленуімен, тікелей сезінуімен байланысады. Егер «өмір философиясының» басқа нұсқаларында жалпы адамзат туралы сөз болатын болса, ал мына түрінде тек қана жеке адам, оның ойы, өмірі туралы айтылады. Сондықтан осы бағыттан герменевтика келіп шығады. Кейіннен Дильтейді «түсіндірме психологиясы» жарық көріп, Шпенглердің тарихи морфологиясы пайда болады. Бергсон нұсқасында «өмір философиясы» «өмірлік екпінмен, ұмтылыспен, қарқынмен» байланысады. Үстіміздегі ғасырдың ортасында «өмір философиясының» негіздерін оның орнына келген экзистенциализм, персонализм және философиялық антропология ағымдары жалғастырады. |
Шоқан Уалихановтың ағартушылық идеялары | |
Шоқан Уалихановтың ағартушылық идеялары. (1835-1865) Шоқан Уалиханов – ұлы ағартушы – демократ, қазақтың ғұлама ғалымы, шығыстанушы, тарихшы, этнограф, фольклорист Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов қазақ мәдениеті мен әдебиетінің тарихында ерекше орын алады. Аса дарынды қазақ халқының ғалымы және ағартушының өмірі мен қызметі ерекше таң қалдырады. Өзінің қысқа өмірінің ішінде ғылым саласында орасан зор табыстары сол кездегі өзінің орыс достары мен жолдастарын, орыс ғалымдарын таң қалдырды. |
Этикет туралы | |
Жоспары: 1.Этикет ұғымы. 2.Этикеттің кейбір ұстанымдары. Этикет ұғымы. Этикет хан (шах, король, патша) сарайларында рәсімділік сақтау тәртібі ретінде пайда болған. «Этикет»сөзі француз тілінен аударғанда «рәсімді реттеуші нұсқау қағаз, этикетке, рәсім өткізу тәртібі» деген мағынаға ие. XVIII ғасырда этикет деп монархтар сарайларында өзін-өзі ұстау ережелерінің жиынтығын айтатын болған, бірақ өмір бұл терминнің одан гөрі кең мағынада қолданылуын қажет етті. Жоғары билік жүргізушілер арасындағы қарым-қатынастардың өз алдына бөлініп, қарапайым халықтан ерекшеленуінің нәтежиесінде этикетке көп мән берілгендігін тарих дәлелдейді. Этикет билеушілер сарайындағы өмірді қатаң түрде реттеп отырды: кімнің қашан тұруы керектігі, монархты кімнің, қашан, қалай киіндіретіндігі, аудиенциялардың өту тәртібі және т.б. |
Этнос туралы ұғым. Этностардың пайда болу заңдылықтары | |
"Этнос” туралы ұғым. Этностардың пайда болу заңдылықтары "Этнос” гректiң – еtпоs — тайпа, халық деген сөзiнен шыққан. Ғылымда "халық” терминiнiң орнына "этнос” терминi орынды қолданыла бастады. Бұл термин этностың негiзгi тарихи түрi – "тайпа”, "ұлыс” ("народность”), "ұлт” ұғымын түгел қамтиды. Оның үстiне, "халық” сөзiнiң "бiр топ адам” (мәселен, "халық жиналды” десек) деген мағынасы бар екенi белгiлi. Сондықтан "этнос” терминiн қолдану қолайлы. Адам ұжым болып тiршiлiк етедi. Оған әлеуметтiк бiрлестiк деп те, этностық бiрлестiк деп те қарауға болады. Шындығында, әрбiр адам, бiр жағынан, белгiлi бiр қоғамның мүшесi бола отырып, сонымен бiрге ұлттың (этностың) да мүшесi болып саналады. |
Қазақ философиясы қалыптасуы | |
Әдетте, адамдардың барлығы да ізденуші өмірге қажеттінің бәрін өзімен бірге ала келген жоқ. Тарихты адам жасайды, адамзат тарихы дегеніміз – дарияның асау тасқыны да, толқынға қарсы жүзетін кеме де, кемені қозғаушы жекен де осы адамның бір өзі ғана. Демек өмірдің мәні де, қожасы да адам. Рас, адам өмірі ешбір бөгетсіз сырғи бермейді. Ежелгі заманнан өмір сүріп келе жатқан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан іргелі халықтардың бірі қазақтар, ғасырлар бойында жазба мәдениеті болмаса да, ауызша әдіспен өзіне тән бай рухани мұра жасай білді. Ал жазба әдебиет пайда болғаннан кейін бұл мұра өте үлкен қарқынмен дами отырып, әр қилы ерешеліктерге толы күрделі тарихи жолдардан өтті. |