Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Ақпарат танымдық порталы

Дүйсенбі, 16.06.2025
Главная » Файлы » Білім және ғылым » География

В категории материалов: 14
Показано материалов: 11-14
Страницы: « 1 2

Сортировать по: Күні
Қазақстан Республикасының климаты
Енгізген: ERbol | күні: 22.07.2011

Қазақстан Республикасы, климаты

 Климаты. Кең байтақ Казақстан жерiнде оның геогр. орнына (яғни атмосф. ылғалдықтың негiзгi көзi — мұхиттардан тым шалғай орналасуына) және жер бедерiнiң сипатына байланысты қуаң континенттiк климат қалыптасқан. Басқа кез-келген аумақты аймақтар сияқты республика климатына да радиациялық және циркуляциялық факторлар кешенi ерекше әсер етедi.

 Радиация. Қазақстан аумағы үстiнде бүкiл жыл бойы жоғары қысымды ауа қабаты үстемдiк етедi, ал оған көршiлес аймақтарға (солт., батыс және оңт.) төм. қысымды қабаттар тән келедi. Жалпы республика аумағының көпшiлiк бөлiгiнде антициклондық ауа райы басым. Сондықтан мұнда шұғылалы ашық күндер ұзақт. жылына солтүстіктен оңтүстікке қарай 2000 сағ-тан 3000 сағатқа дейiн артып отырады. Жылына солтүстікте 120, оңт-те 260 күн ұдайы ашық болады, бұлтты күндер саны тиiсiнше 60 күннен 10 күнге дейiн (Балқаш ойысында) кемидi. Мiне, осылардың нәтижесiнде жиынтық радиация мөлшерi де солтүстіктен оңтүстікке қарай 4200-ден 5500 МДж/м2-ге дейiн бiртiндеп артады. Сол сияқты төсенiш беттiң (жер бетiнiң) сәуле қайтару қабiлетiне байланысты сiңiрiлетiн радиация мөлшерi де оңт-ке қарай бiрқалыпты көбейедi. Сәуле қайтару қабiлетiн қыста тұрақты қар жамылғысы қалыптасқанда ең жоғары мәнiне 70 — 80%-ға жетiп, жазда көпшiлiк жерде 20 — 30%-ке дейiн төмендейдi. Радиацияның жылдық тиiмдi сәулелену мәнi солтүстікте 1500-ден оңт-те 2100 МДж/м2-ге дейiн өзгередi. Терiс мәндi радиациялық баланстың маусымдық ұзақтығы солтүстікте 3,5 — 4,5 ай (қараша — наурыз), оңтүстікте — 1 ай.

Қазақстанның табиғаты
Енгізген: ERbol | күні: 22.07.2011

Қазақстанның табиғаты алуан түрлі. Солтүстігінің табиғаты Орталық Ресейге және оңтүстік Ұлыбританияға, оңтүстігі – Жерорта теңізі елдеріне, Кавказ маңайына сәйкес. Мұнда ойпаттар мен төбесін мәңгі қар мен мұз басқан биік таулар бар.
 Аумағының ширек бөлігін шөл мен шөлейт дала, қалған бөліктерін таулар, теніздер мен көлдер алып жатыр. Тянь-Шянь, Іле Алатаулары, Алтай, Тарбағатай, Қаратау, Көкшетау, тағы басқа таулар, Мұғалжар, Сарыарқа, Үстірт қыраттары бар. Хан тәңірі шынының биіктігі — 6695 метр. Бурабай, Зайсан, Алакөл, Балқаш сияқты көлдер, Каспий теңізі мен Арал теңізінің едәуір бөліктері, Жайық, Сырдария, Іле, Ертіс өзендері т.б. сулар Қазақстанның су бассейнін құрайды.
 Қазақстанның жері кең-байтақ. Солтүстіктің суық ауасы мен оңтүстіктің ыстық желі әсерінен ауа райы қатал континенталды болып келеді. Қазақстанның оңтүстігінде көктемгі егіс жүріп жатса, солтүстігінде бұл кезде әлі қарлы боран соғып тұрады. Қыс айларында солтүстік пен шығыста 41-45° дейін, тіпті -50° дейін аяз болады. Мұнда қыс ұзақ, орталықта қалыпты, оңтүстікте жылы және қысқа. Жаз солтүстікте жылы, орталықта ыстық, оңтүстікте өте ыстық. Құмды аймақтарда су болмайды, жауын аз жауады.

 Өсімдіктер әлемі. Қазақстанда жергілікті өсімдіктер түрі 6 мыңнан асады, басқа жақтан әкелінген 500 түрлі өсімдік өседі.

Қытай Халық Республикасы
Енгізген: ERbol | күні: 22.07.2011

Қытай Халық Республикасы
 Қытай Халық Республикасы ‎ — Жұңxуа Халық Республикасы; жеңіл. қытайша: пинйін: Zhōnghuá Rénmín Gònghéguó) — Азия құрылығында орналасқан мемлекет.
 Халық саны бойынша, әлемдегі 1-ші мемлекет (1,3 млрд санынан астам, халық көпшілігі — этникалық қытайлықтар, өз атауы — хән); жер аумағы бойынша Ресей және Канададан кейінгі 3-ші орында. 1949 жылы Қытай Халық Республикасы жарияланғаннан бері елді Қытай Коммунистік партиясы билеуде. Ресми түрде сегіз партия болса да, ҚХР-сын бір партиялы, авторитарлық елдер қатарына жатқызады.
 14 мемлекетпен шектеседі: Ауғанстан, Бутан, Мианма, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Лаос, Моңғолия, Непал, ҚХДР, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Виетнам.

Үндістан туралы
Енгізген: ERbol | күні: 22.07.2011

ҮНДІСТАН

 Бүгінгі Үндістан Қытай секілді қарқынды дамуда. Халқының саны 1 миллиардтың үстінде. Әскери-экономикалық дамуы жоғары деңгейде. Оны мына цифрлардан байқауға болады: 2007 жылы Дели әскери бюджетін 7,2 пайызға көбейтпек. Яғни ол 890 миллиард рупий не болмаса 19,8 миллиард долларды (АҚШ 2007 жылғы әскери бюджетін 562,9 миллиардқа арттырмақ) құрамақ.
 Астанасы – Дели қаласы. Делиде Үндістанның ең ірі мешіті Джама Масжид (Jama Masjid) орналасқан.


 Ал өткен жылы әскери бюджеті 14,6 миллиард болған еді. Үндістан үкіметі мұны жаңа әскери техника сатып алу әрі күштік құрылымдарға түрлі реформалар жасау үшін керек дегенді айтады. Өткен жылы Ресеймен 10 миллиард доллар көлемінде әскери техика алу үшін шартқа отырды. Үндістан 1998 жылдан бастап ядролық елге жатады. Жүздеген атом бомбасы, ондаған ядролық оқтұмсықты алып ұшатын түрлі қашықтыққа арналған баллистикалық зымырандары бар.

1-10 11-14