Главная » Файлы » Білім және ғылым » География |
Испания мемлекетінің саяси жүйесі
22.07.2011, 10:18 | |
Жалпы мәлімет Испания- Еуропаның оңтүстік-батысында, Пиреней түбегінде орналасқан мемлекет. Батыста- Португалиямен, солтүстікте- Франция және Андоррамен, оңтүстікте- Гибралтармен шектеседі. Шығысында және оңтүстікте- Жерорта теңізімен шайқалып жатыр, ал батыста- Атлант мұхитымен, солтүстікте- Бискай шығанағымен. Испанияға Балеар және Канар аралдары, сонымен қатар, Марокко жағалауындағы 5 суверенді жерлер жатады. Жалпы территориялық аумағы- 504.750км шақырым. Халқының саны- 39.800 мың адам (2001ж.). Этникалық құрамында испандықтар(73%), каталондықтар(16%), галисиийлер(8%) және басктер(3%). Мемлекеттік тілі- испан тілі. Испания- БҰҰ-ға, ЕО, НАТО-ға мүше елдердің бірі болып табылады. Испания- конституциялық монархиялық ел. Басшы- король болғанымен, негізгі атқарушы билік- үкіметті басқаратын премьер- министрге жүктелген. Заң билігі- екі палаталы парламенттен, жоғарғы және төменгі палатадан тұрады. Мемлекет 50 провинцияны біріктіретін 19 автономды областардан (Андалусия, Арагон, Бальнеар, Леон, Кастилья –Ламанча, Каталония, Сеута, Эстремадура, Галиция, Мадрид, Мелилья, Мурше, Наварра, Рьоха және Валенсия ) тұрады. Астанасы- Мадрид (5100 мың адам). Ірі қалалары: Барселона (2000 мың адам), Валенсия (900 мың), Севилья (800 мың), Сарагоса (650 мың), Бильбао (400 мың ), Малага (300 мың ). Мемлекеттің негізгі порттары: Альхесирас, Аликанте, Альмерия, Барселона, Виго, кадис, Картахена, Ла-Корунья, Малага, Сантандер және Валенсия. Саяси жүйесі және мемлекеттік құрылымы Жалпы, Испания- әлеуметтік, демократиялық мемлекет, саяси құрылымы- парламенттік монархия. 1978 жылғы 6 желтоқсандағы референдумда қабылданып, 1978 жылдың 29 желтоқсанында өз күшіне енген конституциясы әлі де өз күшінде. Мемлекет басшысы- король, 1975 жылы 22 қарашасынан –Хуан Карлос болып табылады. Ол испан мемлекетінің жоғары өкілі бола отыра, жоғарғы басшылық жасайды, және Қорғаныс бойынша Жоғарғы Кеңестің басшысы. Король парламентпен бірлесе шешім қабылдап, әрекет етеді. Король үкімет басшыларын (премьер- министрді) тағайындайды және премьер- министрдің ұсынысымен Министрлер Кеңесі кабинетінің мүшелерін тағайындайды. Атқарушы биліктің басшысы болып, үкімет басшысы, яғни Депутатар кеңесінен тиісінше көп дауысты иеленген партия лидері бола алады. 1996 жылдан бұл орынды- Хосе Мария Аснар Лопес иеленіп отыр. Үкіметтің Жоғарғы консультативтік органы болып, 29 адамнан тұратын Мемлекеттік Кеңес табылады. Заңнамалық және бақылаушы функцияларды парламент жүзеге асырады. Парламент екі палатадан тұрады деп айтып кеттік. Онда құзіреттердің көп бөлігі Төменгі палатаға, яғни Депутаттар Конгресіне (350 орын) берілген. Ал олармен қабылданатын заң жобаларын қарастыратын Жоғары палата, яғни - Сенат (259 депутат ). Парламентті ашық немесе жабық түрде, Испанияның әр 18 жасқа толған азаматы 4 жылға сайлайды. Депутаттар конгресін пропорционалды негізде, партиялық тізім бойынша сайласа, сенаторларды- территориялық үкіметтердің негізінде сайлайды. 208 сенаторлар- пропорционалды жүйеде әр автономды қоғамдастықтан және әр провинциядан сайлайды. 51 cенатор-автономды қоғамдастықтардың өз парламеттерінен алынады. 1979 жылы қазандағы референдумда қабылданған статусқа байланысты, әр автономды қоғамдастықтың өзінің парламенті ( заңнамалық ассамблея), президенті бар, олардың жерді иелену, құрылыс, транспорт және қоғамдық жұмыстар, экономикалық даму, туризм, мәдениет, денсаулық сақтау және білім мәселелері бойынша өзі аймақтық деңгейде құзіреттеріне ие үкіметі болады. Парламент президенті- мемлекеттік деңгейде аймақтың жоғарғы өкілі болып табылады. Автономды қоғамдастықтардың парламенті де 4 жылға, партиялық тізім бойынша және пропорционалды жүйеде сайланады. Әр 50 провинция өзінің жергілікті кеңесіне ие. Сот жүйесі Сот жүйесіне- Жоғарғы Сот ( Жоғарғы трибунал ) кіреді. Оларға 20 адам мүше, жіне олар корольмен 5 жылға сайланады. Сонымен қатар, территориялдық жоғарғы сот, жергілікті сот және арнайы сот жүйелері қызмет істейді. Корольмен 9 жылға сайланатын және 12 мүшеден тұратын Конституциялық сот та қызмет етеді, олар конституцияның орындалуын бақылайды. Көрнекті саяси қайраткерлері Испанияның демократиялық қайта құру кезеңдерінде көзге түскен көрнекті қайраткерлерінің бірі - Адольфа Суарес Гонсалес және Филипе Гонсалес Маркесті айтып кетуге болады. Суарес- Испания үкіметінің өкілі, 1976- 1981 жылдары Демократиялық Орта Одағы партиясын басқарған. Өзінің осы патияда атқарған қызметі барысында қол жеткізген жетістіктерінің бірі- оның сол кездегі « Ұлттық келісім» саясатын жүргізуінде еді, яғни франксистік авторитарлық жүйеге жылдам түрдегі және сәтті демонтажды қамтасыз етіп, ол өз ішінде саяси амнистияны қамтыды, саяси партияларды заңдастыру, демократиялық кәсіподақтарды құру және КСРО-мен дипломатиялық қарым- қатынасты орнату мәселелеріне байланысты әрекеттерді жүзеге асыруға бағытталды. Сонымен бірге, 1936 жылдан кейін бірінші парламент сайлауының өткізілуіне, нәтижесінде орталықтанған коалиция- Демократиялық Орта Одағы партиясының жеңісіне жетуіне қол жеткізеді. Гонсалес- Испанияның Социалистік Жұмысшы партиясының лидері ( 1982-1996 жж.), көрнекті саясаткер, мемлекетке еуропалық динамиканы қамтасыз етті. Ол бұл партияға келісімен, партияның идеологиялық негізін қайта қарастырып, елдің экономикалық және әлеуметтік мәселелері аясына терең өзгертулер мен қайта құруларын жасап, мемлекеттің ІЖӨ- нің 3 есеге жуық көтерілуіне қол жеткізіп, сонымен қатар, Испанияның ЕО- қа қосылуын, оның одақта белсенді қатысуын және Испанияның НАТО- ға қатысу жүйесіне жаңартулар енгізуді қамтасыз етті. Саяси партиялары Саяси партияларының ішінде ең ықпалды екі партия бар. Бірі- консервативтік оңшыл- орта Ұлттық партиясы ( өкілі- Хосе Мария Аснар Лопес ) және екіншісі- Испан Социалистік Жұмысшы партиясы ( өкілі- Хосе Луис Родригес Сапартер). Ұлттық партия ( ең алғашқы атауы- Ұлттық Альянс) 1976 жылы құрылды, құрылу барысында жеті саяси топқа бөлініп кеткен. Партияның негізін қалаушы және идеологы, (Франксизм дәуірінің ) өте белгілі қоғамдық саяси қайраткері- Мануэль Фрага Ирибарне. Ал, Испанияның Социалистік Жұмысшы партиясы- Еуропадағы ең бір ескі партиялардың бірі болып табылады. Бұл партия 1879 жылы Пабло Иглесиас деген адаммен құрылған. Франконың билік басына келмей тұрған кезінде, құрылғаннан уақытынан бастап, партия мемлекеттің саяси өмірінде ең маңызды рөльде еді, ІІ Интернационалдың құрамында болған, 1936-1939 жылдары азамат соғысы кезінде Ұлттық Фронттың ең ірі партиясы болды. Ал, Франксистік кезеңде, бұл партияның ықпалы біраз төмендеген болатын. Алайда, 1970 жылдан бастап, бас хатшы- Ф. Гонсалестің сайлануымен, Испан Социалистік Жұмысшы партиясы жетекші оппозициялық партиялардың біріне айналады. 1982 жылы сайлауда ол 12 млн. сайлаушылар дауысын иемденіп, тиісінше, парламентте көп орынға ие болып, триумфалды жеңіске жеткен еді. | |
Просмотров: 5203 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 3.8/4 |
Всего комментариев: 0 | |