Главная » Файлы » Білім және ғылым » Химия |
В категории материалов: 6 Показано материалов: 1-6 |
Сортировать по: Күні
Фотосинтез | |
(Фото... және синтез) – жоғары сатыдағы жасыл
өсімдіктердің, балдырлардың, фотосинтездеуші хлорофилл және басқа
дафотосинтездік пигменттер арқылы күн сәулесі энергиясын сіңіруі
нәтижесінде қарапайым қосылыстардан (көмірқышқыл газы, су) өздерінің
және басқа организмдердің тіршілігіне қажетті күрделі органикалық заттар
түзуі. Фотосинтез нәтижесінде жер жүзіндегі өсімдіктер жыл сайын 100
млрд т-дан астам органикалық заттар түзеді (мұның жартысынан көбін теңіз, мұхит өсімдіктері түзеді) және бұлкезде олар 200 млрд-тай СО2 сіңіреді, оттегін бқледі. |
Химия кешенінің Қазақстандағы болашағы | |
Келешектің кешенін отандық және шетелдік инвесторлар бірігіп салып,
бөлісе иеленетін болады. Ал оның жұмыс істеу жүйесі мен ұстанымдарын
айтар болсақ, оның негізі 2010 жылға дейінгі уақытты қамтитын
Мұнай-химия саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасында қаланып, ол
Елбасы берген тапсырмаларға сәйкес жүзеге асуда. Атырау облысында арнайы
экономикалық аймақ құрылмақшы. Осы аймақта шағын және орта бизнесті
дамыту ойда бар. Жоғарыда аталған зауыт 1,2 миллион тонна мұнай-химия
өнімдерін шығарады да, өнімнің бір бөлігін арнайы экономикалық аймақтағы
жеке кәсіпорындарға сатады. Ал олар өз кезегінде оны одан әрі өңдеп,
дүкен сөрелеріне дейін шығаратын дайын тауар дайындайды. Бұл –
мұнай-химия саласын дамытудың басты тұжырымдамасы. Екіншіден, Атырау
мұнай өңдеу зауытын одан әрі кеңейтіп, бензол шығару көзделіп отыр.
Зауыт былтыр жыл бойы жаңартылды. Бензолды одан әрі өңдеп, одан стирол
мен полистирол алады. Өнімнің бұл түрлері үлкен сұранысқа ие. Ақтаудағы
ескі зауыттардың бірі жаңартылып, қазірдің өзінде полистирол шығаруда. |
Мұнай | |
Химия нарығында зерттеу жұмыстарымен айналысатын американдық
«Chemical Market Associates Inc.» (CMAI) мәлімдері бойынша,
полистиролдың дүние жүзілік тұтыну көлемі жылына 14,4 млн тоннаға тең,
соның ішінде, Батыс және Шығыс Европа тұтыну көлемі 3,5 млн тонна
құрастырады. Ең ірі тұтынушы Азия елдері, олардың үлесі жалпы көлемнің
30%-на жуық . Қазақстан, Ресей және басқа ТМД елдерінде қалыптасқан полистирол пластиктерінің тұтыну көлеміндегі негізгі үлесін соққыға төзімді полистирол құрайды – 51 %, акрилонитрилбутадиенстиролды сополимерлер үлесі – 20 %, көбіктенетін полистирол -18 %, жалпы қолданыстағы полистирол – 9 %, және сополимерлер үлесі 2 % құрайды. Бұл пластик нарығындағы қаптама материалдар мен жылу өткізбейтін материалдар қалыпты сұраныста екендігін байқатады. Сарапшылардың болжамы бойынша 2010 жылға дейін дүние жүзіндегі тағамдық қаптама нарығы 3,5 есе арта түсуі күтілуде. |
Фенолдар | |
Фенолдар - әдетте суда қиын еритін кристалдық заттар. Су буымен қоса ұшады. Өзіне тән иісі бар. Антисептиктер болып табылады, улы, теріге тисе күйдіреді. Сумен әуелгі фенолдан гөрі балқу температурасы төменірек кристаллогидраттар құрады. Фенолдардың реакцияға өте қабілетті гидроксил тобы мен ароматик ядросы бар. Фенолдар спирт немесе судан гөрі едәуір үлкен қышқылдық көрсетеді, алайды қышқыл есебінде олар көмір және карбон қышқылдарынан әлсіздеу. Мысалы, сірке қышқылының диссоциациялану константасы 1,8∙10-5, көмір қышқылынікі 4,8∙10-7, көгерткіш қышқылдікі 7,2∙10-10, фенолдікі 1,3∙10-10 және судікі 1,8∙10-16. Сондықтан фенолдар күйдіргіш натрдың ерітіндісімен әркеттесетін феноляттар түзеді, бірақ натрий карбонатынан СО2 ығыстырып шығара алмайды. |
Химияны оқытуда халықтық педагогиканың элементтерін пайдалану | |
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі елдің тәуелсіз, әрі тегеурінді, терең мазмұнды үздіксіз білім жүйесі болуы керек. Ол мемлететтің экономикалық, қорғаныс қабілеттерін күшейтері анық. Жас жеткіншектерді ұлтын, елін шексіз сүюге тәрбиелейтін бірден бір құрал,оқу тәрбие ісіне қазақ халқының этнопедагогикасын сәтті ендіру болып табылады. Халқымыздың дәстүрілі білім мен тәрбиелер жиынтығы ғұмыр бойы жинақтаған тәжрибелерінің қорытындысы. Оларға талай ғасырлар сүзгісінен өткен ұғымдар, түсініктер, пайымдар жатыр. Мәдени мұралар уақыт, озып, қоғам дамыған сайын екшеленіп, жаңарып жаңа мазмұнға ие болады. Сондықтан қазақ халқының мәдени мұралары адамзат баласының қол жеткізген дана пікірлері мен асыл ойларына, тәжірибелік тұжырымына өте бай. Мәдени мұралардың тәрбиелік мәні әрқашанда адамзат баласына нәр беріп байытып отыратын қуатымен бүгінгі білім беру саласының алтын желесі болып отыр. Көшпелі елдің барлық тіршілік болмысы табиғатта және табиғатпен бітене қайнасып отырады. Ұлы далада көшпелі өмір сүруге бейімделген олар өзі мекен еткен кеңістіктің барша қадір қасиетін танып,біліп сол кеңістіктегі құрбыластарды уақыты мен зерделеуге, теңдестіруге, пайымдауға машықтанды. Ертедегі қазақ халқы қоршаған ортаның бір-бірімен оқшау тұрған заттар мен құрбыластардың ретсіз жиынтығы емес, тұтастай байланысты бірліктегі дүние деп таныды. |
Электролиз | |
Электролиз Жұмыстың жоспары Кіріспе. 1. Қысқаша анықтама және ашылу тарихы. 2. Электролиз теориясы. 3. Электролиз негізінде жатқаг Фарадей заңдары. 4. Электролиз процессіне әсер ететін факторлар. 5. Электродты потенциал құбылысы. 6. Электролитті процестерді талдау. 7. Хлор мен натрий мысалындағы техникалық электролиз. 8. Электролиздің өндірісте қолданылуы. Қорытынды. |