Главная » Файлы » Білім және ғылым » Әлеуметтану |
В категории материалов: 2 Показано материалов: 1-2 |
Сортировать по: Күні
Әлеуметтанудың объектісі, пәні мен әдістері туралы | |
Жоспарға сәйкес тақырыптың бірінші сұрауына жауап беру үшін біз әлеуметтану деген не, ол нені зерттейді, оның бъектісі мен пәнін бір-бірінен ажыратып, шатастырмауымыз керек. «Әлеуметтану» ұғымы латын тілінің «Societas» қоғам және гректің logos – ілім, ұғым деген сөзінен шығады.Социология, яғни әлеуметтану қоғамның пайда болуының, ондағы әлеуметтік байланыс, қатынастардың, алуан түрлі әлеуметтік адам бірліктерінің, ұйым, мекемелерінің, институттардың, құбылыстардың, процестердің дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Әлеуметтану ұғымын XIX ғасырдың ортасында атақты француз әлееументтанушысы Огюст Конт енгізді. Оның алғашқы мазмұны қоғамтану болатын. Тек қана кейіннен, әлеуметтану пәнінің осы ғасыр ішінде рет ауысына байланысты ол өзінің дұрыс, дәл атын тапты. Ендігі жерде біз әлеуметтанудың объектісі мен пәнінің орындарының бір-бірімен алмастырып алудан сақ болуымыз керек.Бұл екі мәселе бір-бірімен тығыз байланысты болғанымен, олардың айырмашылығы бар. |
Әлеуметтік жұмыстың теориясы мен оның қалыптасуы | |
Курстық жұмыстың өзектілігі XX-XXI ғасырда Қазақстанда білім берудің жүйесіндегі әлеуметтік жұмыс теориясының қалыптасуы қазіргі әлеуметтік жұмыстың негізі болып табылады.Қоғамда болып жатқан әлеуметтік мәселелер осы негізгі теориялардың барысында реттеліп,өзінің оңтайлы шешімін тауып отырады.Әлеуметтік құбылыстарды,нақтылы әлеуметтік жағдайды талдап,бағалай білу,әлеуметтік проблемаларды тиімді шешудің жолдары мен тәсілдерін білікті түрде анықтауда осы әлеуметтік жұмыс теориясының алар орны орасан зор. Курстық жұмыстың мақсаты өмірінде экономикалық,әлеуметтік,құқықтық қатынастарды реттеуде,одан туындаған проблемаларды шешуде әлеуметтік жұмыс теориясының орнын және оның қазіргі күнде Қазақстанда қалай жүргізіліп жатқанын көрсету,әлеуметтік жұмыстың шетелдік тәжірибесіне сүйене отырып ҚР-дағы жүргізіліп жатқан әлеуметтік жұмыстың әдістеріне және оның жетілдіру жолдарына тоқталу.(Әлеуметтік жұмыстың көптеген теорияларының қалыптасуына психология,социология мамандары,педагогтар мен психотеропевтердің қосқан үлесі зор.Білімнің жаңа тармақтарының қалыптасуының алдыңғы сатылары.) |