Главная » Файлы » Білім және ғылым » Психология,педагогика |
В категории материалов: 165 Показано материалов: 71-80 |
Страницы: « 1 2 ... 6 7 8 9 10 ... 16 17 » |
Сортировать по: Күні
Оқудың негізгі заңдары мен заңдылықтарына шолу | |
Оқудың негізгі заңдары мен заңдылықтарына шолу Оқу барысында диалектиканың жалпы заңдары мен педагогиканың арнайы заңдары орындалуы шарт. Диалектиканың жалпы заңдары сапына кіретіндер: қарама-қарсылықтар бірлігі мен тайталасы заңы, сандық жинақтың сапалық өзгерістерге келу заңы, жоқты жоққа шығару заңы. Оқу процесінде қарама-қарсылықтар бірлігі мен тай-таласы заңы іске қосылады. Қарама-қарсылықтардың туу себебі – жаңа əлеуметтік жағдайлар, тұлға мүмкіндіктерінің өзгеруі, білім беру аймағында қалыптасқан соны талаптар оқу процесіне болған дəстүрлі, бекіген ұғымдар жəне көзқарастармен сəйкессіздікке ұшырауы. Бұл өз кезегінде оқу мазмұны мен технологиясын өзгертіп, заманға сай ауыстыруды талап етеді. |
Оқу әдістері мен құрал-жабдықтары | |
Білімдену процесінің табысты болуы көбіне қолданылатын оқу əдістеріне тəуелді. Оқу əдісі – білім игеру мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған оқытушы мен оқушының бірлікті іс -əрекеттік қимыл - тəсілдері. Оқу мақсаты жолындағы ұстаздың оқыту жұмысы мен шəкірттің оқып- үйрену əрекеттерінің өзара байланыстылығы жəне анайылығы осы оқу əдісінен көрінеді. Дидактикада кең қолданым тауып жүрген жəне бір түсініктер легі –бұл "оқу тəсілі” жəне "оқу ережелері”. Оқу тəсілдері- оқу əдісінің құрамды бөлігі немесе бір қыры, яғни жалпы "əдіс” түсінігіне байланысты жалқы ұғым. Бұл екі ұғымды өз алдына шектеп болмайды, олардың ара қатынасы ауыспалы, өзгермелі. Кей жағдайларда əдіс педагогикалық міндетті шешудің дербес жолы есептелсе жəне бір ықшам оқу-тəрбие мəселесіне орай- тəсіл болуы мүмкін. Мысалы, егер мұғалім жаңа білімдерді сөздік, ауызша əдіспен (түсіндіру, əңгімелеу, сұхбат) ұсыну барысында көрнекі құралдарды пайдаланса, онда бұл көрнекілік –тəсіл ретінде қабылданады. Егер де көрнекіліктер білім игертудің негізгі құралы болып, солар негізінде оқушылар жаңа білім ақпараттарын қабылдаса, онда көрнекілік - əдіс, ал мұғалімнің қалған оқу іс-əрекеттерінің бəрі тəсіл болып есептеледі. |
Оқу түрі, педагогикалық технология | |
Оқу түрі өз негізіне алынған педагогикалық технология Оқу мекемелері тəжірибесінде бірқатар белгілерімен дербестенген оқу түрлері қолданылуда. Оқу түрі – бұл оқыту жəне оқып-үйрену қызметтерінің ерекшелігіне орайластырылған жалпылама сипаттағы білім игеру жүйесі, яғни оқу процесіндегі мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас, қолданымдағы оқу құрал-жабдықтары, əдістері жəне формаларының атқаратын міндеттері. |
Оқу сапасын диагностикалау қадағалау түрлері, формалары жəне əдістері | |
Оқу сапасын диагностикалау қадағалау түрлері, формалары жəне əдістері Білімдену процесінің ажыралмас бір бөлігі диагностика болып табылады. Диагностика жəрдемімен белгіленген мақсат, міндеттердің табысты орындалуы анықталып барады. Ол болмаған жерде дидактикалық процесті тиімді басқару мүмкін емес. Диагностика – бұл дидактикалық процестің нəтижесін анықтау. |
Оқу процесінің қызметтері – білімдендіру, дамыту, тəрбиелеу, ынталандыру жəне ұйымдастыру | |
Оқу процесінің қызметтері – білімдендіру, дамыту, тəрбиелеу, ынталандыру жəне ұйымдастыру Дидактикалық процесс мəнін түсіну үшін «оқу» жəне «оқу процесі» түсініктерінің мəн-мағынасын ажыратып алған жөн. Кейде бұл категориялар теңдестіріле қарастырылады. Іс жүзінде олай емес. «Оқу» түсінігі құбылысты білдіреді, ал «оқу процесі»- бұл процестің уақыт жəне кеңістікте дамуы, оның кезеңдерінің бірізді ауысып баруы. Ұзақ уақыттар желісінде оқу процесі негізінен оқыту қызметі ретінде қарастырылды, яғни мұғалім жұмысы деп есептелінді. Уақыт өтумен бұл түсінікке кең мағына беріліп, оқушы іс-əрекеттеріне ерекше назар аударылатын болды. |
Оқу процесінің мəні жəне дидактика жөнінде түсінік | |
Оқу процесінің мəні жəне дидактика жөнінде түсінік Біртұтас педагогикалық процесті құраушы екі басты бірліктің біреуі – оқу процесі. Бұл процесс өте күрделі, сипаты жағынан ол тек тəрбие жəне даму процестерінен кейін тұруы мүмкін. Сондықтан оған толық та жан-жақты анықтама беру қиынға соғады. Оқу процесі əр текті жəне табиғаты жағынан əртүрлі көптеген жағдаяттардың мың санды байланыстары мен қатынастарын қамтиды. Процесс анықтамаларының көптігі де осыдан болар. |
Оқу процесін ұйымдастыру формалары | |
Оқу процесін ұйымдастыру формалары Оқу процесі əрқилы ұйымдастырылуы мүмкін. Оның ұйымдастырылу формалары да сан түрлі: сабақ (дəстүрлі түсінімде), дəрісбаян, семинар, конференция, зертхана-практикалық дəріс, практикум, факультатив, оқу саяхаты, курстық жоба, дипломдық жоба, өндірістік практика, өзіндік үй жұмысы, кеңес, емтихан, сынақ, пəн үйірмесі, шеберхана, студия, ғылыми қоғам, олимпиада, конкурс жəне т.б. Қазіргі заманда еліміз мектептері тəжірибесінде оқушыларға келелі тəлім-тəрбие берудің бірден-бір формасы да, құралы да– сабақ өз маңызын жойған емес. Сабақ – оқу процесін ұйымдастырудың ең тиімді формасы. Бұл оқу барысында педагог дəл белгіленген уақыт аралығында оқушылардың тұрақты тобымен (сыныбымен) шəкірттерге игерілуі тиіс пəн негіздерін қабылдауына тиімді жағдайлар жасап, қажетті жұмыс түрлерін, құрал-жабдықтары мен əдістерін қолданып, танымдық жəне басқа да іс-əрекеттерді ұйымдастырады, онымен бірге оқушыларды тəрбиелеп, олардың шығармашыл қабілеттері мен рухани күштерінің көзін ашып, жетілдіріп, дамыта түседі. |
Оқу заңдары, заңдылықтары жəне принциптері | |
Оқу теориясының негізгі құрылым бірліктері – бұл ғылым тарапынан анықталған заңдар мен заңдылықтар. Заңдар мен заңдылықтар құбылыстар, процестер мен олардың нəтижелері арасындағы жалпы, объектив, тұрақты жəне қайталанып келетін байланыстар мен тəуелділіктердің мəнін ашады. Дидактикалық процестің негізін құрайтын аса маңызды жəне негізгі заңдылықтар мен заңдар оқу принциптері немесе дидактикалық принциптер деп аталады. Бұл принциптер арқасында оқу процесіне қатысы бар көптеген заңдылықтардың мəн-мағынасы ашылады, мұғалімдер мен оқушылардың қызметтері реттеледі, барлық оқу пəндерін өтуде жəне оқудың барша кезеңдерінде олар өздерінің жалпы мəнін сақтайды. |
Педагогика – тəрбие жайлы ғылым | |
Педагогика – тəрбие жөніндегі ғылым Адам биологиялық тіршілік иесі ретінде дүниеге келеді. Оның тұлға болып жетілуі үшін – тəрбиелеу қажет. Тəрбие адамды ізгілендіріп, оған қажет қасиет, сапаларды қалыптастырады. Қазіргі қоғамда тəрбие жұмыстарын жүргізу үшін арнайы мекемелер түзілген. Бұл процесті кəсіптенген адамдар басқарады. Тəрбие жөнінде арнайы ғылым қалыптасқан. Міне сол ғылымды үйренуді енді бастаймыз. Адам тəрбиелеу жөніндегі ғылым педагогика деп аталады. Ол өз атамасын грек сөздері «пайдес»- балалар жəне «аго» -жетектеу дегеннен алған, тікелей аудармасында «педагогика» сөзі бала тəрбиесін бағыттау өнері дегенді аңдатады, ал «педагог» сөзі бала жетектеуші мəнін білдіреді. |
Педагогика ғылымы туралы түсінік | |
Өткенде де, қазіргі күнде де педагогика жөніндегі ғалымдар пікірі үш бағытта өрбіген. Бірінші топ ғылым өкілдерінің ойынша педагогика адамзат білімдерінің пəнаралық аймағын құрайды. Осыдан мұндай көзқарас педагогиканың дербес теориялық ғылым екендігін, яғни педагогикалық құбылыстардың идеялық түйіні боларын тіпті де мойындамайды. Бұл жағдайда педагогикалық нысан ретінде əртүрлі күрделі болмыс объекттері (космос, мəдениет, саясат жəне т.б.) қабылданары сөзсіз. |