Главная » Файлы » Білім және ғылым » Психология,педагогика |
Эмоция және сезім
16.07.2011, 18:53 | |
Топта өткізуге рұқсат болатын, бланкілі әдістеме нұсқаулар мен тапсырмалардан құралған. Бланктің бірінші бетіне оқушының атын, тегін, сыныбын, жасын және зерттеудің өткізілген күні жазылады. Нұсқау: Келесі бетте өмірде кездесетін жағдайлардың тізімі берілген, соның кейбіреуі сізге жағымсыз болуы мүмкін, яғни қобалжуды, мазасыздықты, қорқынышты, үрейді шақыруы мүмкін. Әр сөйлемді мұқият оқып, сол жақтағы бір санды дөңгелектеп белгілеңіз: 1,2,3,4. Егер жағдай сізге жағымсыз болса, 0 - санын белгілеңіз. Егер сізді ол сәл қобалжытса, үрей тудырса, 1 – санын белгілеңіз. Егер жағдай жағымсыз және үрейді шақырып, сіз одан қашқақтауды қаласаңыз, 2 – санын белгілеңіз. Егер ол сізге өте жағымсыз және қатты үрейді, мазасыздықты, қорқынышты шақырса, 3 – санын белгілеңіз. Егер жағдай сізге тіпті жағымсыз болып, оны көтере алмай қатты үрей тудырып, өте күшті қорқыныш шақырса, 4 – санын белгілеңіз. Сіздің міндетіңіз - әр жағдайды айқындырақ көрсетіп, осы жағдай қандай сатыда үрей, мазасыздық немесе қорқыныш шақыруы мүмкін екенін біліп, сол санды дөңгелектеп белгілеуіңіз керек. Әдістеме өзіне жағдайдың үш типін қосады: 1. Мектеппен, мұғалімдермен қарым-қатынастарға байланысты жағдайы 2. Өзің туралы бейнені актуализациялайтын жағдайы 3. Қарым-қатынас жағдайы Осыған сәйкес шкала көмегімен берілген мазасыздық түрлері бұлай белгіленеді: мектептік, өзін бағалау, тұлғааралық. Берілген шкала пунктері кестеде көрсетілген. Әр шкаланың және толық шкаланың жалпы балдарының сомасы бөлек-бөлек саналады. Алынған нәтежелері мазасыздық түрлеріне сәйкесетін дәреже көрсеткіштері, барлық шкала көрсеткіштері – жалпы мазасыздық дәрежесі ретінде интерпретацияланады. Кестеде әртүрлі жасөкілдік топтарда мазасыздық дәрежесін теңестіруге болатын стандартты анықтамалар берілген. Стандартизациялау қала мектептерінде жүргізілген, сол үшін берілген мінездемелер ауыл оқушыларына ғана қолданылмайды. Әр жасөкіл топтардың мазасыздық дәрежесі, әр топтан шыққан орташа арифметикалық көрсеткіш арқылы, мазасыздық дәрежесі анықталған: топтың нәтижесі интервал көрсеткіші, орташа квадратталған ауытқушылық ретінде алынған. Соңғы жағдайлар көбінесе шындық болады, өйткені мұғалімдер мен ата-аналар оны елмейді. | |
Просмотров: 3397 | Загрузок: 0 | Комментарии: 8 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0 | |