Главная » Файлы » Білім және ғылым » Психология,педагогика |
Мұғалімнің сабаққа дайындалу жұмыстары-тақырыптық және жеке сабақтардың жоспары
17.07.2011, 08:22 | |
Мұғалімнің сабаққа дайындалу жұмыстары-тақырыптық және жеке сабақтардың жоспары Мұғалім сабақты пысықтау, бекіту және соған орай оқушылармен практикалық жұмыстарды орындау барысында олардың белсенділігін оятуы тиіс. Әсіресе, оқушылардың қабілетімен қатаң санасып отыруы керек. Сондықтан, олармен жеке дара немесе топтық және ұжымдық әрі фронталдық жұмыс түрлерін ұйымдастырады. Оқыту процесі - мұғалімнің бір мезгілде барлық оқушыларды бірыңғай оқытуы болғанымен де, негізінен ол оқушының жеке дара жұмысының түрі. Себебі, әрбір оқушы оны өзінің шама-шарқысы, дайындық жағдайына байланысты өзінше қабылдап, меңгереді. Соған орай жеке дара жұмыс әр оқушының өз бетімен жұмыс істеуге, білімді саналықпен ұғынуға дағдыландырады, оларды қоршаған ортадағы құбылыстар-дың заңдылықтарын оқып білуге ықыласын тудырады, ойлау белсенділігін арттырады. Оқушылардың жеке дара жұмыс түрлеріне: Оқулықпен жұмыс істеу. Практикалық жұмысы: ауызша, жазбаша жұмыстары (есеп шығару, шығарма жазу, диалог құру т.б.). 3. Мұғалімнің тапсырмасы бойынша әр түрлі лаборатория-лық тәжірибелерді орындау. Жеке дара жұмыс оқушыларды өз бетімен білім алуға ынталандырады, тәртібін күшейтіп, оқуға ықыласын арттырады. Сабақта оқушылардың оқу-таным әрекетін ұйымдастыруда жеке-дара жұмыс түрінен басқа олардың топтық және ұжым болып жұмыс істеуінің маңызы ерекше. Оқушылардың топтық танымдық жұмыстары сабақ барысында оқу міндеттерін шешуде, өзара көмекке негізделген екі, төрт, алты т.с.с оқушылар тобының белгілі бір жұмыс көлемін атқаруын көздейді. Жұмыстың бұл түрі негізінен екі бағытта іске асады: біркелкі немесе бірыңғай (однородный) және бірнеше бөлшекке бөлу (диференция) жағдайында ұйымдастыру. Оқушылардың бірыңғай, біркелкі оқу жұмыстары мұғалімнің барлығына ортақ бірыңғай тапсырмасын шағын топтарға бөліп өзара әрекеттесу жағдайында орындауы жатқызылады. Ал бөлшекке бөліп оқыту - бір мезгілде бірнеше тапсырманы әр түрлі тәсілдермен оқушылардың бірнеше тобы арқылы орындалуы қарастырылады. Жұмыстың бұл түрі топ ішінде оқушылардың тап-сырманың мақсатын , мазмұнын, оны орындау тәсілдерін бір-бірімен өзара ақылдасып шешуі, оның нәтижесін талдауы, бағалауымен ерекшелінеді. Оқушылардың осын-дай өзара бірлесіп атқаратын оқу-танымдық жұмыстары олардың жеке дара жұмыстарына қарағанда әлдеқандай жемісті болып келеді. Әрі уақытты аз және тиімді пайда-лануға мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар бір сыныптағы оқушылардың оқу міндеттерін топ болып шешуде өзара әрекеттесуі немесе жарысы олардың ортақ іске деген жауапкершілік сезімін тудырады. Мұндай жұмыс барысында оқушылардың өз тобының нәтижесіне өзара әсерленуінің (переживание) маңызы ерекше. Мұғалімнің топтық жұмысты нәтижелі ұйымдастыру шартына: оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге үйрету; жолдастарымен ақылдасуға үйрету; оқушылардың жекелеген топтарына оқу тапсырмалары жүйесінің нақты болуы; тапсырмаларды оқушылардың жекелеген топтарына үлестіру іскерлігінің болуы т.б. Оқытуды осындай тәртіппен ұйымдастыру оқушы-лардың тәрбиесіне, атап айтқанда өздігінен білім алу белсенділігін, олардың өзара тату-тәтті ұжымдық қарым-қатынасын, жауапкершілігін, әсерленушілдігін (күйінішін, сүйінішін) т.б. әлеуметтік қасиеттерін қалыптастырады. Оқушылардың ұжымдық жұмысы дегеніміз - ортақ мақсатты көздейтін жұмыс. Алайда, бұл ортақ мақсатқа жету жолында оқу әрекетінде белгілі бір өте күрделі еңбек бөлінісіне жол беріледі. Оған сыныптағы оқушылардың жеке-дара және топтық жұмыстарының элементтері кіреді. Сондықтан ұжымдық жұмыстың ерекшелігі, өз бетімен істейтін дара жұмысқа бөгет болмайды, керісінше әрбір оқушыға өзінің алдына қойылған міндеттерін жақсы ұғынуға көмектеседі. Фронталдық жұмыс ерекшелігі - бір сыныптағы барлық оқушылардың бір бағытта бәріне ортақ бірыңғай тапсырманы мұғалім басшылығымен біркелкі жағдайда орындауы. Мектептің аса жауапты міндеті - оқушыларды ғылым негіздерімен терең және берік қаруландыру, табанды және жемісті білім алуға оқушылардың ынтасын арттыру, оларды өздерінің алған білімдерін практикада қолдана білуге үйрету және дағдыландыру болса, осы орайда мұғалімнің жауапкершілігі, оның сабақтар жүйесіне даярлануы оқу жұмысын ұйымдастыру үшін аса зор мәні бар. Жақсы жоспарланған, мұғалімнің нәтижелі даярлығын бейнелейтін сабақ сыныптағы оқу жұмысын ойдағыдай өткізудің ең жақсы кепілі болады. Сабаққа мұқият дайындалу, оның мазмұны мен ұйымдастыру әдістемесін ойластыру жұмысын әрбір мұғалім өзімнің ең басты міндетім деп сезінуі тиіс. Егер сабақ көңілсіз өтсе, мұғалімдер сабақты босаң және енжарлықпен өткізсе, онда, сөз жоқ, бұл мұғалім-дердің сабаққа дайындалу ісіне немқұрайлылықпен қарауы, сабаққа деп бөлінген 45 минут уақытты толық әрі жан-жақты пайдалануға деген оның ұмтылысының жоқ екендігінде деп қарауға болады. (Осы орайда айта кетуге болады: 40 жыл мұғалім болып істесең де 45 минут сабағыңа әзірленуді ұмыта!). Мұғалімнің сабаққа дайындалуы - аса жауапты іс. Мұғалім өзі оқытатын пәнді қанша жақсы білгенімен, егер ол сабақтар жүйесі жөнінде тыңғылықты жұмыс істемесе және әр сабаққа жеке даярланып отырмаса, оның сабақ оқытуында ірі кемшіліктері болмақ. Бұл - педагогтік стажы бар көп мұғалімдерге де қатысты. Әрбір мұғалімнің сабаққа дайындалуы жөніндегі талап, педагогикалық процестің күрделігінен туады. Соған сәйкес мұғалімнің сабаққа әзірленуі барысында төмендегідей сұраққа жауап беруі керек: Сабақтың мақсаты қандай? Оқушылар қандай жаңа білімдер алуы қажет және олар практика жүзінде нені үйренеді ? Сабақта айтылатын ойдың бастысы қайсысы? Бұл ойлар қандай жүйемен баяндалмақ? Олар қандай жолмен негізделмек? Қандай қорытындылар керек? Сабақта қандай әдістер және көрнекті құралдар пайдаланылмақ? Оқушылардың білімін тексеру үшін оларға қандай бақылау сұрақтарын беру керек ? Оқушылар алған білімдерін пысықтау және практикада қолдану мақсатында қандай жаттығулар беру керек ? 10.Үй тапсырмасына нені беруге болады және оны қалай тапсыру керек. Озық тәжірбелі мұғалімдер сабаққа белгілі бір тиянақты жүйемен даярланады дедік. Ол төмендегідей кезеңдерден құралады: а) Алдағы оқу тоқсанына оқу материалын жоспарлау. б) өтілген сабақтың табыстары мен кемшіліктерін есепке ала отырып, келесі тақырыпты белгілеу. в) Кезекті сабақтың жоспарын жасау. Мұғалім жұмысындағы мұндай жүйелік оқу процесін үздіксіз жетілдіре беруге, әрбір жеке алынған сабақты сабақтар жүйесіндегі буын ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Оқу жұмысының мазмұнын ойластырып алу - сыныпта оқу материалын өтудің бірізділігі жөнінде айқын да анық түсінік құрып алу деген сөз. Сондықтан мұғалімнің оқу бағдарламасымен жүргізетін жұмысы оларға оқу тоқсанына белгіленген материалдың өтілуін қысқаша жоспарлап алу болып табылады. Бұлай ету оларға әр тақырып не болмаса тақырыпша шеңберінде сабақтарды неғұрлым айқын жоспарлауға мүмкіндік береді. Мектепе оқу материалы әрбір жарты жыл бойынша жоспарланады. Мұндай жоспардың түрін күнтізбелік (календарный) жоспар деп атайды. Күнтізбелік жоспар жүйесіне белгілі бір тоқсан ішінде өтетін тақырыптар енгізіледі. Тақырыптық жоспарлау - белгілі бір пәнге қатысты оқытудың барлық формасының бірлігі мен байланысының көрінісі (Ильина, 363). Ол мұғалімге бір сабақтан келесі сабаққа өту барысында дидактикалық мақсаттарды анықтауда бірізділік пен жүйелілікті анықтауға септігін тигізеді, оқу материалы-ның мазмұнындағы негізгі ойды бөлі п қарауға, оқушылар мен мұғалімдердің негізгі оқу әрекеттерін белгілеуге, пәнара-лық байланысты орнықтыруға, оның барысында пайда-ланылатын көрнекі және техникалық құралдарын ойластыру, сонымен бірге нақтылы тақырыптарды оқыту нәтижелерін алдын ала болжауға мүмкіндік береді. Тәжірибелі мұғалім тақырыпты зерттегенде, оқу материалын оқып біледі, осы тақырып бойынша өткен оқу жылында жүргізген сабақтардың тәжірибесін ескереді, жеке сабақтарға арналған тақырыптың мазмұнын жоспарлайды және сабақта тек білімдік міндеттерді ғана емес, сол сияқты тәрбие міндеттерінің шешілуін де белгілейді. Сабаққа осындай жүйемен даярлануда мұғалімдер оқушылардың оқу еңбегін жақсы ұйымдастырады, әрбір жеке оқушыға зейін қойып, сезімталдықпен қарайтын болады, соның арқасында оларға жоғары сапада білім беріп, жеке басын нәтижелі тәрбиелеуге қол жеткізеді. Себебі, сабаққа тұтас тақырып бойынша даярлану белгілі бір оқу материалын мектепте өту үшін жақсылап жоспарлау ғана емес, сол сияқты оқушылардың ұжымдық және дара жүргізетін оқу жұмысын, сабақ үстінде оқушылардан сабақ сұрауды және артта қалушыларға көмек көрсетуді күні бұрын ескеруге мүмкіндік береді. Оқу бағдарламасының тараулары бойынша сабақ-тардың тақырыптарын жасап болғанан кейін, іле-шала мұғалім алдағы әрбір сабақтың мазмұны мен ұйымдастыру әдістемесін толық ойластырып алады. Жеке сабақтардың жоспары - әрбір мұғалімнің жеке сабақ құжаты. Ол мұғалімнің тақырып жөнінде алдын-ала қандай жұмыс жүргізетіндігімен анықталады. Сондықтан тиімді жасалған жоспар - тиімді өткен сабақ болып табылады. Қазіргі кезде мектеп тәжірибесінде қалыптасқан мұғалімнің жеке жоспарының үлгісі төмендегідей: Оқу бағдарламасының берілген тарауы бойынша сабақтың күні мен реттік саны анықталады. Сабақтың тақырыбы. Сабақтың мақсаты. Сабақтың құрылымы немесе дидактикалық кезеңдері. Сабақтың мазмұны. Оқыту әдіс-тәсілдері. Сабақ құралдары. Үй тапсырмасы. Қорытынды, сабақтың аяқталуы. Сабақтың анағұрлым негізгі бөлігі - оның төртінші және бесінші кезеңі болып табылады. Сабақтың әрбір құрамды буынына немесе дидактика-лық элементтеріне мұғалімнің жұмсайтын уақытын көрсетудің мәні зор. Содан кейін барып оның қалған буын-дары мен мазмұны ашып көрсетіледі. Сабақты бұлай жоспарлау мұғалімге сабақ барысын нәтижелі ұйымдас-тыруға қолайлы жағдай туғызады. Одан әрі қарай оқушылардың тәжірибелік жұмыстарын ұйымдастыру тәсілдері қарастырылады. Оқыту әдістерін қолдану нақты атап көрсетіледі. Содан кейін сабақта қолданылатын әр түрлі оқу құралдары (карта, глобус, приборлар, оқу-әдістемелік кітаптары, көмекші оқу құралдары т.б.) және оны пайдалану әдістемесі көрсетіледі. Сабақтың соңғы буыны - үй тапсырмасын беру. Н . К. Крупская мұғалімдердің назарын тапсырманы орындау жөнінде оқушыларға мұқият түсіндіру жұмыс-тарын ұйымдастыруға, оның мақсаты түсінікті болуына, бұл мақсат оларды рухтандыратындай дәрежеде болуына аударады. ''Ең қызық тапсырма - дейді ол, - баланың өз бетінше жұмыс істей алуын барынша дамытып, оның ойын оятатын тапсырма екендігі мәлім''-деген тұжырым-дама жасайды. Сонымен бірге Н. К. Крупская мұғалімдердің сабаққа әзірлену барысында оқушылардың үй тапсырмасында теңестірушілікке жол берілуге болмайтындығына олардың назарын баса аударады. ''Тапсырманы дараландыру керек, оқушының олқы жерлерін, оның білімі мен дағдыларының жиынтығын есепке алу қажет, сабаққа күштірек оқушыларға берілетін тапсырмалар оларды тым алға сүйреп әкетпей, олардың алған білімін тереңдете, оның сапасын жақсарта түсетін болсын''- дейді ол (Таңдамалы шығармалары, 202- 203 беттер орыс тілінде). Сабақ жоспарлары мұғалімнің дайындығы мен тәжірибесіне байланысты өзгеруі мүмкін, бірақ негізінен жоғарыда көрсетілген кезеңдерді қамтуы тиіс. Тәжірибелі мұғалімдер жоспарды жасап, сол жоспар бойынша сабақты өткізгеннен кейін, оған қысқаша талдау жасайды: жоспар қаншалықты сәтті орындалды және мақсат-қа қалай қол жеткізілді т.с.с. Бұл мәліметтер мұғалімге келесі сабақты нәтижелі даярлауға септігін тигізеді. | |
Просмотров: 9830 | Загрузок: 0 | Комментарии: 7 | Рейтинг: 0.0/0 |
Всего комментариев: 0 | |