Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Ақпарат танымдық порталы

Бейсенбі, 19.06.2025
Главная » Файлы » Білім және ғылым » Психология,педагогика

Оқытудың дидактикалық негіздері
17.07.2011, 00:09
Оқытудың дидактикалық негіздері

 Дидактика және әдістеме мәселелері К. Д. Ушинский еңбектерінде көркем орын алады. Бұл мәселелер оның ''Адам тәрбиесі'', ''Н. И. Пироговтың шығармалары'', ''Ана тілін оқытуға басшылық'', ''Швейцарияға педагогикалық саяхат'' атты шығармаларында кең түрде баяндалды.
 1. Ушинский оқудың тәрбиелік сипатта болу принципіне ерекше мән берді. Оқуды ол
 ''Теорияның негізгі құралы'' деп бағалады. Сондықтан оқу тәрбиелік ерекшелікте болуға тиіс.
 Ушинский сабақта әрбір оқытушы балаға деректерді ғана ұсына бермей, мақсатты түрде олардың
 ақыл-ойында, адамгершілігін де дамытатындай етіп ұйымдастырылуды талап етті.
 2. Ушинский оқудағы баланың саналылығы мен белсенділігі оқу процесін ұйымдастырудағы
 негізгі және жетекші принциптердің бірі деп бағалаған. Оқу ісінің сапалы құрылуы оқу процесін
 белсенді ететіндігінде, бүкіл оқу процесінде бала белсенділігін тудыратындай ол түсінді де сенді.
 Сондықтан оқудағы баланың саналылығы мен белсенділігі бір-бірінен бөлінбейді - деп
 есептеледі.
 3. Ушинский оқытудағы көрнекілік принципінің көптеген мәселелеріне жаңаша талдау жасаған, бұл принципті жаңа сатыға көтерген. Оқытудағы көрнекілік - Ушинскийдің дәлелдеуінше, оқуды жалпы ұғымдарға емес, нақты факторларға, нақты образдарға негіздеу. Көрнекілік әдісімен оқу - оқушыларды өз бетінше байқауға, үйретуге негізделеді.
 К. Д. Ушинский көрнекілік мәселесіндегі оқытудың көрнекілігі мен жолдарын тұңғыш рет анықтады. Бастауыш мектептердегі көрнекіліктің әдістемесін жасады.
 Ушинскийдің ескеруінше бала табиғаты үнемі көрне-кілікті талап етіп отырады. Сондықтан, көрнекі құралмен оқытуды баланың ерте жасынан бастау керек - деген. Ушинский көрнекіліктің бастапқы оқуда көбінесе сөзбен байланысты болуын талап етті, себебі сол арқылы баланың ойлай білуді де, тілі де дамиды.
 Ушинский оқыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі жолы кластағы сабақ жүйесі деп білді және осы жүйе үшін күресті. Ушинский еңбектерінде ретті, дұрыс ұйымдас-тырылған жақсы сабақтың негізгі белгілері анықталды. Олар: сабақтың негізгі мазмұны мен деректерін білдіріп отыру, бұрынғы тиянақты меңгерілген білімдерге іштей байланысты түрде жаңа ойларды, ұғымдар мен деректерді ендіру, білімдердің байланыстарын ескеру, оқушылардың сабаққа деген ынтасы мен белсенділігін арттыру, өтіліп жатқан тақырыпты оқушылардың терең меңгеруін ойластыру, саналы тәртіп пен реттіліктің болуы т. б.
 К. Д. Ушинский оқу процесін сапалы ұйымдастырудың басты шарты-әдістемелік шеберлікте, ал әдістемелік шеберлік әр түрлі оқыту әдістеріне байланысты деп есептеді. Ол мынадай негізгі оқыту әдістерін ұсынды: түсіндіріп оқыту, оқытушы-ның әңгімесі, бақылай әңгімелесу, әр түрлі жаттығулар (ауызша, графикалық, жазбаша).
 Әрбір сабақтың сапалы болуы - мұғалімнің бүкіл сынып бойынша жұмыс істей білуінде, әрбір оқушының зейінін сабаққа жұмылдыра білу шеберлігінде деді - Ушинский. Бұл туралы ол былай деді - ''өз сабағына барлық оқушыларды тарта білуі мұғалім ісінің көрнекілігі''.
Категория: Психология,педагогика | Добавил: anonim02
Просмотров: 2545 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]