Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Ақпарат танымдық порталы

Бейсенбі, 19.06.2025
Главная » Файлы » Білім және ғылым » Психология,педагогика

Психикалық құбылыстардың бағыттылығы
17.07.2011, 00:01
Мотивация ұғымының қалыптасуының тарихи жолы.
 Тұлғаны зерттеуде мотивация проблемасы адам психологиясы аспектiсiне кiрерi сөзсiз. Мотивация мұнда тұлға мен индивидуалды ерекшелiктердi терең түсiндiрiп, сипаттау кiлтi ретiнде немесе индивидуалды ерекшелiктер қанша болса, соншалықты актуальды мiнез-құлық түсiндiретiн процесс ретiнде трактатталады.
 Бұл бағыттың өкiлдерi Нарцисс Ах (1871-1946) және Зигмунд Фрейд (1856-1939) болды. Олардың зерттеу тәсiлдерi әр-түрлi болғанымен бiр-бiрiне қарама-қайшы келген жоқ. В.Вундт бағытын ұстана отырып Ах эксперименталды психология әдiстерi арқылы сананың пассивтi легiндегi когнитивтi процестердiң жетекшi компоненттерiн көрсеткiсi келдi [1,87б].
 З.Фрейд еңбектерi арандату, клиникалық әдiсi (методика провоцирование) және түстердi жору арқылы түсiнiксiз қылықтарды түсiндiруге бағытталды. З.Фрейд көзқарасы Дарвиннiң биолого – эмпирикалық детерминизмiмен нақтылануы.
 Мотивация теориясын Фрейд 1915 жылы ''Құштарлық және оның тағдыры'' еңбегiнде қарастырды (алғаш 1895 жылы ''Психология проектiсi''еңбегiнде қарастырып өткен.). Психологиялық ақпарат сыртқы емес, ағзада пайда болатын iшкi тiтiркендiргiштермен жұмыс жасау. Ағза қажеттiлiгi ''құтылуды'' талап ететiн және жинақталатын қозудың энергиясын үнемi тудырып отырады.
 Фрейдiк мотивация теориясында құштарлық редукция моделi көрсетiлдi.
 Құштарлық редукция моделi гомеостатикалық және гедонистикалық түсiнiкке құрылған. Бiрiншiсi бойынша ағза тепе-теңдiгi неғұрлым жоғары болса, тiтiркендiргiштер деңгейi соғұрлым жоғары болады, ал екiншiсi бойынша – бұл деңгейдiң төмендеуi- қанағаттану сезiмiне, Барынша жоғарылануынан- қанағаттанбау сезiмiне әкеледi. Осылайша психикалық аппарат белсендiлiгi қанағаттану-қанағаттанбау принципiне тәуелдi.
 Фрейд бойынша құштарлық түсiнiгi дене мен жанның екi жақтылығын бiлдiредi, өзара органикалық (энергия) және психикалық (аффект) деп түсiндiрiледi. Фрейд бойынша рухани өмiр конфликтер динамикасы болғандықтан да оған дуалистiк принциптер жақынырақ, ал мотивтер классивикациясы – соның куәсi.
 1915 жылғы еңбегiнде «Мен» қажеттiлiгiн сексуалды құштарлыққа (либидо) қарсы қойды, бiрақ кейiннен қажеттiлiк орнын агрессиямен айыр бастады. Оның зерттеу негiзi көлемдi сексуалды құштарлыққа түйiнделген. Фрейд еңбегiн қорытындылай келе, антогонистикалық құштарлықтарды қарама-қарсы қойды: өмiр (эрос) және өлiм (танатос).
 Мотивацияны зерттеуге дамытуға ықпал еткен теорияларды қарастырайық:
 Бiрiншiсi егер құштарлықтың көлемдi интенсивтiлiгiнен оны қанағаттандырушы обьект жоғалса, орындалмаған тiлек санаға құштарлықтың қанағаттандырылуы түсiнiгi ретiнде кiредi. Бұл мотивацияны өлшеуге көп әсер еттi. Құштарлық басқа обьектiге ауысуы мүмкiн, олар сублимацияланады (сырттай сексуалды емес мақсатқа бағытталады) және ығыстырылады. Ең соңында олар ойынға жасырын құштарлық немесе мiнез-құлықта көрiнiс бередi.
 Екiншiсi рухани өмiр тұлғаның iшкi үнемi қарама-қарсы конфликтi ретiнде түсiндiрiледi, үш механизм ирерхиясы түрiнде қарастырылады. Қанағаттандырушылықты iздеу (Оно) моральдi бақылауға қарсы тұру (Сврх Я) шынайылыққа ұмтылу механизмi (Я).
 Үшiншiсi ересек тұлға құштарлық тарихының нәтижесi балалыққа ерекше мән берiледi.Құштарлықты қанағаттандыру жолында пайда болған кедергiлер адамның жұмыс iстеуiне, жақсы көруiне қатты әсер етедi. Психоаналитикалық терапевтiлiк тәсілдер арқылы ерте балалықтан бастау алатын дамудың бұзылулары белгiлi бiр деңгейде жойылады.
 Төртiншi құштарлықтың дамуында эрогендi зонаның сәйкесiнше бiрнеше психосексуалды фазалар өтедi. Әр фазада нақты эрогендi зоналар доминантты болып, оның тiтiркендiргiштерi максималды сезiмтал қанағаттандыруды жеткiзедi. Эрогендi зоналар ауысымы мынадай: ауыз қуысы (оральная фаза: сору, жұту, тiстеу), артқы қуыс (анальдi фаза: тік ішек бөлiнiсi), жыныс органдары (фолмикалық және генитальды фазалар: маструбация, гомосексуалды және гетеросексуалды жыныстық қатынас) құштарлықтың дамуының тежелуi фазаларының бiрiнде болуы мүмкiн (фиксацияның пайда болуы). Травмалар әлдеқайда ерте деңгейлерде (регресс) болуы мүмкiн.
 Бесiншi құштарлықтың даму жолында үш персонажды драма театрды елестетедi. (ерлi-зайыптылар , нақсүйерi). Нақсүйер рольiнде бала деп алсақ, ал қарама-қарсы жынысты ата-анасы жағынан баланы қарсыласуға итермелеуi. Қалыпты дамуда бұл конфликт бала мен ата-анасының бiр жынысты болу идентификациясы арқылы шешiледi. Бұл шешiм ата-анасының бiрiнiң персонафицияланған ерте балалықтағы моральдiк нормалардың меңгерiлуiне әкеледi және тұлғаның мiнез-құлқын басқарушы механизм ретiнде (Сверх Я) ұяттың пайда болуына әкеледi. Жанұядағы тұлға аралық қатынасқа әлеуметтiк әсерi туралы осы даму жолында мүмкiн болатын сақтану туралы, ерте балалықтағы құштарлықтың дамуы туралы үш жағдай осы күнге дейiн тұлға дамуын зерттеуде, мотивтер генезисiн зерттеу теорияларында қолданылып келедi.
 Мотивацияны зерттеудегi компонентердiң статистикалық-бейнелеу анализiн З. Фрейд сұрақтарды қарастыруда динамикалық аспектiлерiмен толықтырды [1,69б].

 Ал Нарцисс Ах Вундтың және вюрцбургтiк мектептiң эксперименталды психологиясын жақтай отырып, ерiктi өлшеу мәселесiмен айналысты. З.Фрейд экспериментiнде Ах ерiктiк тенденцияны әдетпен бәсекелестiрдi. Жаңа тапсырмаға қатысты iс-әрекеттi орындауда егер тенденция жеңсе, ол бағдар ассоциациясындағы ерiк-жiгердiң басымдылығын көрсетедi. Осы және тағы басқа эксперимент нәтижелерiнде мiнез-құлық бағытталатын санада берiлген детерминантты тенденциялар постулиттенген.[1,78б].
 Ал экспериментте Курт Левин (1890-1947) зерттеулерiне түрткi болды. Ол үйрену барысында пайда болған ассоциациямен бiрге репродуктивтi емес тенденция, психикалық күш пайда болады, тек бiр-бiрiмен байланыссыз элементтер арасында ғана байланыс бар деп көрсеттi. Бұл байланыс мiнез-құлықтан көрiнуi үшiн жаттандыларды еске түсiруге қатысты айырықша тенденциялар жиынтығы қажет. Сондықтан Ах өз зерттеулерiнде ерiктi өлшеуде ассоциация үшiн детерминантты тенденцияға (ерiкке) қарама-қарсы қойғанжоқ, оны конфликтiлiк жағдайға келтiре отырып, әр-түрлi екi детерминантты тенденциялардың жұмыс iстеуiне мәжбүр еттi. Левин Ахтың ''детерминантты тенденция'' терминiн ''квазиқажеттілік'' терминiмен ауыстырды.
 ''Квазиқажеттілік''- субьект ниеті және берілген тапсырманы қабылдау негiзiнде пайда болады [2,136б].
 50-60 жылдары Дюкер шәкiртi Фукс күтудiң мотивтелген энергиясымен айналыса отырып, Ах, Левин, Фрейд тұжырымдарын біріктірді. Динамикалық түсiнiгi жағынан Фрейд бойынша да, Левин бойынша да мотивацияның негiзгi принципi бұзылған тепе-теңдiктi қалпына келтiру болды [2,130-136б].
 Левин өзiнiң жазықтық теориясы арқылы жалпыланған психологиялық' «сәттiк суреттегi» «ситуациялар жиынтығы» ойын күшiн беруге тырысты. (бiрлiк кеңiстiктi осылай атады). Бұл ситуацияға тек тұлға ғана емес, сонымен қатар, ол қабылдайтын орта да қосылады, ол iс-әрекет суммалары вектор ретiнде ойын күшiнен шығарылады. Кейiннен, әрине, жазықтық теориясының дифференсациялы күштер, бағыттылық, валенттiлiк, облыстар мен ара қашықтықты шынайы айқындап жазатын нақты өлшеу әдiстерi жоқтығынан қайшылықтарға тап болды. Бұл теория нақты модель ретiнде үлкен әсер бере алмағанымен, ұғымдар аппаратын құруда функциялар арасында бағдарлық қатыныастағы сенiмдiлiк оның типологиялық конфликтерге дейiн созылған ситуацияның күш анализi әр-түрлi эксперименталды парадигмаларын ұсынуы кейiннен мотивацияны зерттеуде өте үлкен роль атқарды. Левин еңбектерi мотивацияны зерттеудегi әр-түрлi бағыттарға әсер еттi: тұлға теориясы (Олпорт), үйрену теориясы (Толмен), тағы басқа 30 жылдары Мюррей, 50 жылдары Аткинсон, 60 жылдары Фроом тұлға теориясында мотивацияны зерттеуде зор ықпал еттi [2,130-136б].
 К.Юнг мотивацияның негiзгi механизмi қысымды бәсеңдету деп түсiндiрдi. Ол бұл жерде психоаналитикалық бағыттағы З.Фрейд теориясымен келiсетiндiгiн көрсетедi. Ал, ерекшелiгi Юнг ағза өздiгiнен реализацияға ұмтылады дедi. Қоғамда тек сексуалды немесе нашар импулсьтер ғана емес, сау талпынулар да болады дедi [3,289-297б].
 Юнгтiң үлкен мағынаға ие болған концепциясы бұл- тарихта атадан балаға мұра болған бүкiл даналылық, адамгершiлiктiң тәжірибелерiнен құралған коллективтiк санасыздық. Коллективтiк санасыздық дегенiмiз индивидттiң мiнез-құлқында маңызды роль атқаратын индивидуалды санасыздықтың негiзi болып табылады [3,289-297б].
 Толық жетiлуге тырысу (қанағаттандыруға емес) – адам мотивациясының негiзгi принципi болып табылады.
 К.Хорни концепциясы бойынша (адлерлiк анологиялық тезистен шыққан) қорғаныс нәресте қауiптi де, потенциалды (туғаннан) қорғаныс қауiпсiздiгiн iздейдi.
 Қорғансыздық сезiмi базалық мазасыздықты тудырады. Мұндай ерекшелiктер ең алдымен балаға қатысты жылулықтың ата-ана тарапынан болмауы, немесе тым еркелетiп жiберуде ғана болады.
 Бұл базалық мазасыздықтың тууынан индивид оны жеңуге бағытталған мiнез-құлық стратегиясын алып келетiндiгiн дәлелдейдi [3,289-297б].

 2) ХХ ғасырдағы мотивация ұғымына түсінік
 ХХ ғасырдың 30 жылдары тек адамға ғана (жануарға қатыссыз) тән арнайы мотивация концепциясы пайда болып, дами бастады. Олардың көбi К.Левин концепциясынан бастау алды.
 Мотивацияның гуманистiк теориясын қарастырғандар А.Маслоу, Г.Олпорт, К.Роджерс тағы басқалар ғалымдар болды.
 Г.Олпорт тұлғаның бiргейлiлiгiн зерттеу үшiн дәстүрден озық принципиальды әдiстер қажет дейдi. Қалыпты ересек адам функционалды автономды, дене қажеттiлiгiнен еркiн, негiзiнен саналы, жоғары индивидуалды болып табылады.
 Г.Олпорт психоаналитктер айтқандай, өмiр бойы өзгермейтiн инстинктiк, санасыздық еркiне тәуелдi деген пiкiрге қарсы келiп отырды.
 К.Роджерс қалыпты тұлға тәжiрибеге ашық болғандықтан оны басқаруға не бақылау жасаудың қажетi жоқ. Оны тек бақылап, онда болып жатқан процесстерге қатысуға болады. Адам өз сезiмдерiне сенiп, соны тыңдауы керек. Адамның мотивтейтiн күшi бұл- өз потенциалдары мен қабiлеттiлiктерiнен реализациялау. Адам «мен идеалдыдан» «мен реалдыға» жақындауға тырысады деген [3,286-297б].
 А.Маслоу адамдар мiнез-құлқындағы негiзгi бес мотивтер тобын көрсеткен:
 физиологиялық;
 қауiпсiздiк;
 ортаға жақын болу және махаббат, сыйласу қажеттiлiгi;
 танымдық және эстетикалық;
 өзін-өзі актуализациялауға қажеттiлiк.
 Барлық мотивтер инстинктер тәрiздi, туа бiткен мiнезге ие десек те, Маслоу мотивтер актуализациясы, төменгi деңгейдегi қажеттiлiктер өтiлуiне тәуелдi деген: төменгi қажеттiлiктердiң қанағаттандырылуы келесi деңгейге ауысуының негiзгi шарты болады (баспалдақ тәрiздi жоғары көтерiлу). Адам жоғары көтерiле беруге ұмтылады, бұл оның мiнез-құлқын бiлдiредi, ал егер конфликт болса, төменгi саты жеңгенi [4,287б].
 Маслоу концепциясы гуманистiк теориялар арасындағы қажеттiлiктер ирархиясының эксперимент арқылы тексеруге болатынын дәләлдедi. Бірінші ирархияның биiк деңгейiне мiндеттi түрде көтерiлу арқылы төменгi баспалдақтың қажеттiлiктердiң өтелгендiгiн көремiз; екінші әр-түрлi деңгейдегi талпыныстар арасындағы конфликт Маслоу теориясы төменгi деңгейдегi талпыныстардың дамуын көрсетедi [5,123-126б].

 ХХ ғасырдың екiншi жартысында мотивациялық концепциялар Д.Макклелланд, Д.Аткинсон, Х.Хекхаузен, Г.Келли, Ю.Роттер еңбектерiнде толықтырыла түстi. Бұл ғалымдардың пiкiрi ортақ, оны төмендегiдей топтастыруға болады:
 1. Адам мен жануарлардың мiнез-құлқы қанағаттануда бiрдей болады деп бiржақты түсiндiрiлетiн мотивация теориясына қарсылықтар туды.
 2. Реалдану деңгейiндегi мақсатқа бағытталған белсендi мiнез-құлық негiзгi мотивация көзi ретiнде қызмет етпейдi, негiзгi мотивациялық принцип болып табылмайды деп есептейдi.
 3. Адам өз мiнез құлқында реактивтi емес, оның иманенттi белсендiлiгiнiң көзi- мотивациясы, оның психологиясында, өзiнде кездеседi деп санады.
 4. Мотивациялық ерекшелiктердi көрсететiн спецификалық түсiнiктi ғылыми тұрғыда түсiндiруге тырысты. Мұндай түсiнiктерге, мысалға мотивтер, әлеуметтік қажеттiлiктер (Д.Макклелланд, Д.Аткинсон, Х.Хекхаузен), өмiрлiк мақсаттар (К.Роджерс, Р.Мэй), когнитивтiк факторлар (Ю.Роттер, Г.Келли және тағы басқа).
 5. Қоректiк биологиялық депривация, физикалық стимул, тағы басқа сол сияқты жануарларға арналған әдiстердi адамға қолдануға болмайды дейдi.
 6. Тек адамға ғана қолдануға болатын арнайы әдiстердi iздестiрдi. Бұл әдiстердi адамның санасымен және сөйлеуiмен тiкелей байланыстыруға тырысты. Осыған қатысты барлық концепциялар «әлеуметтiк қажеттiлiктер теориясы» және «гуманистiк теория» деген екi бөлiмге бөлiнедi [5,256-260б].

 3) Қазіргі кездегі мотивацияның анықталуы
 Немов Р.С бойынша «мотивация» терминi қазiргi психолгияда екi түрлi мағына бередi: детерминантты мiнез-құлықты (бұған қажеттiлiк, мотивтер, мақсаттар, талпыныстар жатады) бiлдiретiн факторлар системасын анықтаушы ретiнде; және белгiлi бiр дәрежедегi мiнез-құлықтық белсендiлiктi стимулдайтын процесс мiнездемесi ретiнде көрiнедi. Көбiнесе мотивацияны бiрiншi мағынада қолданамыз.
 Мотивацияны адамның мiнез-құлқын түсiндiретiн психологиялық мiнез-құлық себептерiнiң жиынтығы ретiнде де қарастырамыз. Оның бастау көзi – бағыттылық пен белсендiлiк.
 Мотивация түсiнiгi мiнез-құлықты сипаттағаннан емес, түсiндiруден пайда болады. Бұл ''нелiктен?'', неге?'', ''қандай мақсатпен?'', ''не үшiн?'', ''не мағына бар?,'' деген сияқты сұрақтарға жауап iздеуден туындайды. Мiнез-құлықтың тұрақты өзгегiштiлiгiнiң сипатталынуы мен анықталуы оны құрайтын қылықтар мотивациясы туралы сұрақтарға жауап болып табылады [6,147-148б].
 Кез-келген мiнез-құлық формасы iшкi және сыртқы себептерге қатысты болады.
 Мiнез - құлықтың әлеуметтiк мотивтерi мен қажеттiлiктерi тұлғаның басқа ерекшелiктерi сияқты нәрестелiк кезден қалыптасып, дамиды. Биологиялық мотивация адамның негiзгi органикалық қажеттiлiктерi туа пайда болатындықтан балада туған кезеңен бастап-ақ көрiнiс бередi. Адамда туғаннан бастап қорек, су, ауаға тағы басқаларына деген қажеттiлiктерi туады. Биологиялық қажеттiлiктi бала өзбетiмен қанағаттандыруға тырысады [7,69-73б].
 Нәрестелік кезеңде сонымен қоса қарым-қатынаста қажеттiлiк (айналысындағылармен қарым-қатынас) туындайды. Бұдан бала дамуының болашағы көрiнедi.
 Мiнез-құлық мотивiнде 1-3 жаста бiрқатар жаңа тенденциялар қалыптасады. Бiрiншiден өзiнiң органикалық бөлшектей қанағаттандыру қабiлетi және оны үлкендердiң талабымен немесе өз қалауы бойынша белгiлi бiр уақыт ұстап тұру. Екiншiден балада бұл жаста материалды қажеттiлiктер пайда болады. Мысалы: балалардың бiр ойыншықты өзі иемденгiсi келедi, айналадағы заттарға деген қызығушылығы оянады.
 Үш жастың соңына қарай балада өзiне зейiн қоюға деген қажеттiлiк, айналасындағылардың оны жақсы бағалауына деген қажеттiлiк, айналасындағыларға әсер етуге қажеттiлiк туындайды.
 Мектеп жасына дейiнгi және бастауыш мектеп жасындағы балаларда мiнез-құлық мотивациясы: мiнез-құлықтың саналы регуляциясы күшейедi, мотивтер мен қажеттiлiктер көлемi ұлғайады, рухани және материалды қажеттiлiктер сферасы кеңейедi, қарым-қатынасқа деген қажеттiлiк, жетiстiкке жетiлу, басқарушылыққа қажеттiлiк сияқты әлеуметтiк қажеттiлiктер нығая түседi; Көп бiлу , басқалардан жоғары болу, өзi жасай алу сияқты қарапайым қажеттiлiктер пайда болады.
 Орта және жоғары сыныптарда балалардың рухани қажеттiлiктерi нығая түседi; бұл бала үшiн бiрiншi орында тұрады. Сонымен қатар балада әрқашан басқаларын толықтыратын, олардың орындалуын қадағалайтын қажеттiлiктердiң тұрақты, анық ирархиясы қалыптасады.
Категория: Психология,педагогика | Добавил: anonim02
Просмотров: 4642 | Загрузок: 0 | Комментарии: 6 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]