Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Ақпарат танымдық порталы

Жұма, 06.03.2026
Главная » Файлы » Білім және ғылым » Психология,педагогика

Психология ғылыми сала ретінде
16.07.2011, 23:23
Әрбір нақтылы ғылым бір-бірінен өз пәнінің ерекшеліктерімен айрықшаланады. Псхология ғылымының қарастыратын аясы – адамның ішкі жан дүниесін бейнелейді:
 Түйсіну – дәм, иіс сезу, көру, есту, сипап сезу;
 Қабылдау – уақыт, кеңістік, тану...
 Ойлау – не ойлап отырсың? Ештеңе ойламаған кезің бола ма?
 Сезімдер – махаббат, қорқу, күйіну, қуану ...
 Тілектер – білсем, арман, мақсат, міндет ...
 «Психология» сөзі екі грек сөздерінің бірігуінен пайда болған:
 «psyche» - жан, және «logia» - білім, яғни жан туралы ғылым деген мағынаны білдіреді.
 Сана, ой, сезім т.б. адамның ішкі жан дүниесін құрайды. Матеря, сана, материалды және рухани дүние с.с. философияняң қарастыратын мәселелері. Ғалымдардың мәселені шешуіне байланысты екіге бөлінеді: идеализм және материализи.
 Идеализм - сана мен психиканы материалды дүниеден тыс өмір сүретін алғашқы субстанция ретінде қарастырады. Платон жан тәнге байланыссыз болады; жан – мәңгі идея дейді. Табиғат, матеря рух, идея, санадан туған деп екінші ретте қарастырылады. Жан матерясыз болмағандықтан ХҮІІ ғ. Декарт дуализмді үсынады. Ол психологияға 2 термин енгізген: рефлекс, сана. Жоғарғы психикалық көріністер жан, сана мидан тыс өмір сүреді. Дуализм негізінде ХІХ ғ. психофизиологиялық параллелизм теориясы пайда болды, ол психика мен физикалық дене өзара байланыссыз, қатар жүреді дейді.
 Материализм - психикалық құбылыстар матеря, мидың өмір сүруі нәтижесі. Матеря – жан негізі. Материалистік идея Гераклиттен басталады, ол үшін материалды бастама – от; Демокрит – жанның ұсақ атомдары деген. Аристотель «Жан туралы» трактатында жан мен тән бірлігін айтады. Ол жан қабілеттіліктері мен темпераменттің гуморальды теориясын құрған.
 Сонымен, психика – жоғары дәрежеде ұйымдасқан матеря (адамның жан-дүниесі, мінез-құлық, жүріс-тұрысы), мазмұны бойынша психика – объективті дүниенің субъективті бейнесі және мінез-құлық, жүріс-тұрыс пен іс-әрекет регуляторы.
 Психология психикалық фактілерді, заңдылықтарды, механизмдерді зерттейтің ғылыми сала.
 Психолоияның зерттеу пәні – психика;
 Зерттеу объектісі – адам және жануар.
 Биологиялық эволюция нәтжесі адамды дамудың жоғарғы сатысы – қоғамға әкелді. Адамның қоғамдағы өмірі сананың дамуын анықтайды (Маугли, саңыраулар). Сана – тарихи-қоғамдық даму нәтижесі.
 Психологияның басты мақсаты – адамды тұтастай қарастыру, қоқамда және табиғатта. Герцин «Психология – табиғаттың соңғы және тарихтың алғашқы сатысы»,- деген.

 ТҰРМЫСТЫҚ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ПСИХОЛОГИЯНЫҢ АРА ҚАТЫНАСЫ
 Ғымды зерттеу пәндеріне қатычты үш топқа бөліп қарастыруға болады:
 1. жаратылыстану ғылымдары;
 2. ізгілікті ғылымдар;
 3. техникалық ғылымдар.
 Адам әлеуметтік мәнге ие. Оның баллық психологиялық ерекшеліктері әлеуметтік жағдайлармен сипатталады. Сондықтан, психологияны ізгілікті ғылымдар қатарына жатқызамыз. Алайда, психология әрі ғылыми, әрә тұрмыстық сипатта.
 Ғылыми пмихология – жантануда арнай зерттеуге бағытталған пән.
 Тұрмыстық психология – жеке адам, топ, мінез-құлықты жалпылый сипаттайды.
 Дж.Келли: «Ғалым болу үшін адамға болжам қажет. Онда, кез келген адам – ғалым».

 Тұрмыстық психология Ғылыми психология
 Эмпирикалық материалдарға негізделеді Теориялық жалпылауға негізделеді
 Білімдері нақты, жағдаятқа байланысты Жалпыламалық ғылым
 (ұлттық т.б. ерекшеліктерді ескермейді)
 Интуитивті, тәжірибеге сүйенеді Рационалды және саналы
 Ұрпақтан ұрпаққа тасымалдау күрделі Білім жинақталып, қорланып, ұрпаққа мәдени мұра ретінде беріледі
 Білімі шекті Білім көлемі кеңейіп отырады, деректерді жалпылайды
 Тұрмыстық психологияның негізі - бақылау Ғылыми психологияның негізі – эксперимент.
 Ақпараттарын тексеру мүмкін емес. Ақпараттары тексеруді қажет етеді.

 Тұрмыстықпсихология дегеніміз, адамдардың күнделікті өмірден жинақтған мінез құлқы жайлы білімі. тұрмыстық психология адамдар мен жануарлардың психикасын теориялық және эксперименталды зерттеу процесі арқылы алынған тұрақты психологиялық білім.
 Тұрмыстық психологияның басты көрсеткіші: басқа адамның тұрмыстық білімді қабылдай алуы. Мұнда ұғымдары фрагментті, дәлме дәл мағынасында қолданылмайды.
 Ғылыми психологияда ұғымдар нақты анықтау термині ретінде пайдаланылады. ғылыми ұғымдар жалпылық мәнге ие.
 Ғылыми психология тұрмыстық психологияға арқаланады, одан өз міндеттерін көре алады, соңғы сатыда тексеріледі, анықталады.
 Психиканың көптүрлі көріністері психикалық процесстер, психикалық күйлері , психикалық қасиеттер деп бөлінеді.
 Психикалық өмірдегі мәндісі-процестер (Ковалев)
 Сеченев психологиялық процестер белгілі басы және аяғы бар психологиялық құбылыс дейді және олардың мына төмендегідей жіктелуін береді.

 Танымдық процесстердің негізгі атқаратын қызметі- сыртқы дүние мен ішкі организм ерекшеліктерінің қасиеттерінің бейнеленуі.
 Танымдық процестер-сыртқы дүние қасиеттері мен құбылыстары туралы ақпарат берді, қоғам мен табиғаттың даму заңдылығын ашуға көмектеседі.
 Таным екі сатыдан тұрады: бейнелік және логикалық.
 Бейнелік таным процесі-түйсіну, қабылдау, елестету.
 Логикалық таным процесі- ойлау.
 Эмоционалды психологиялық процесстерде адамның қатысы бейнеленеді. Олар адамның өміріне әр-түрлі рең береді. (жағымды және жағымсыз). Адам эмоцияның аясы кең, мысалы: бахыт, таң қалу, қайғыру, күйзелу т.б.
 Регуляторлық процестер – адам тәртібі мен іс-әрекетін басқарады, мінездің таңдамалылығы мен мақсатқа бағыттылығын қамтамассыз етеді. Регуляторлық процесске зейін мен ерік жатады.
 Интегративті психологиялық процестер - барлық психологиялық процестерге қатысады: сөйлеу – екінші сигналдық жүйе ретінде көрінеді, эмоциянальды, логикалық, бейнелік бола алатын, сезімдік және логикалық, танымды және есті байланыстырады. Ес адам санасында бүгінгі мен өткендегіні байланыстырады, ал адам тұтас.
 Психикалық күйлер - психиканы толық сипаттайтын әлдеқайда тұрақты психикалық құбылыс әрекеті. Оларды психикалық процесстер өтетін фон ретінде қарастыруға болады. Олар белсенді әрекетке жағымды не жағымсыз әсер ете алады. Бұл еңбекке қабілеттілік, шаршау, стресс, аффект т.б күйлері.
 Психикалық қасиеттер - осы адамға ғана тән тәртіп пен іс-әрекеттің белгілі деңгейін қамтамассыз етеді. Психикалық қасиеттерге темперамент, мінез, қабілеттілік, бағыттылық жатады.

 ПСИХИКАЛЫҚ ҚҰБЫЛЫСТАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ (АНАНЬЕВ БОЙЫНША)

 Психикалық қасиеттер
 Психикалық күйлер
 Психикалық процесстер
 Психофизиологиялық функциялар Тәртіптің элементарлы мотивациясы

 Психикалық іс-әрекеттің үш негізгі компаненті бар:
 функциональды, операциялық,, мотивациялық.
 Бұл компоненттердің басымдылығы индивидуалды дамуға әсер етеді.
 Функциональды механизімдер - ми құрлымына байланысты және іс-әрекет әсері болды. Ол адамның онтагенездік даму эвалюциясымен түсіндіріледі. Психофизиологиялық функцияларға: сенсорлы, моторлы, логикалық, вербальды жатады.
 Психофизиологиялық іс-әрекетте жаттығуы, уақытша байланыс жүйелерінің пайда болуы операциялық механизімдерді тудырады. Олар іс-әрекеттің әлеуметтік, техникалық, мәдени компонентеріне негізделеді. Операциялық механизімдер мидың өзінде болмайды, әлеуметтену кезінде меңгеріледі, нақты-тарихи сипатта болады. Мысалы: айыру, тану, идентификация, талдау, саралау, жалпылау, жіктеу т.б ойлау операциялары.
 Мотивациялық механизімдерге табиғи қажеттіліктерден бастап құндылықты бағдарлауына дейінгі барлық мативация деңгейлері енеді
 Функцияналды және мотивациялық механизімдер базистік ретінде көрініп, барлық психикалық құбылыстарға еніп, әсер етеді.
Категория: Психология,педагогика | Добавил: anonim02
Просмотров: 10811 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 3.4/7
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]