Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Ақпарат танымдық порталы

Сәрсенбі, 18.06.2025
Главная » Файлы » Білім және ғылым » Психология,педагогика

Психология ғылымының тарихи дамуы
16.07.2011, 23:26
Психология ғылымының тарихи дамуы
 Әлемдік психологиялық ой-пікірлердің даму тарихы екі кезеңге бөлінеді. Мұның біріншісі шамамен 2400 жылдай уақытқа созылып, көш басы Аристотельдің (348-322) басталатын ілкі тарих.
 Осынау сан ғасырлық үлкен кезеңге әр кезде өмір сүрген ғұламалар, атап айтқанда Герофильд, Эрасизтрат, Гиппократ, Демокрит, гален, Гераклит, Декарт, Гоббс, Спиноза, Лейбниц, Локк, Руссо, Дидро, Кант, Гегель және т.б. психологияның өз алдына дербес отау тігіп, ғылым ретінде өте беріде, яғни 1879 жылдан басталады.
 Сол жылы неміс ғылымы Вильгелм Вуннд (1832-1920) Лейпциг қаласында тұңғыщ лаборатория ұйымдастырып, психикалық құбылыстарды арнаулы құрал-сайман, аспаптардың көмегімен зерттеуге болатындығын дәлелдеп, мұның дербес эксперименттік ғылым болуына жол ашты.
 Жан құбылыстары туралы әр кезде өмір сүрген қазақ ойшылдары да аз айтпаған. Асан қайғы, Шалкиіз, Мұхаммед хайдар Дулати, Өтейбойдақ Тлеуқабылұлы, Қадырғали Жалайри, Ақтамберді тағы басқа ақын-жыраулар мен ғұлама – ойшылдардың шығармаларында көшпенді ата-бабаларымыздың жан дүниесі әр қырынан сөз болғаны байқалады.
 Қазақстандағы психология ғылымы, әсіресе ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда елеулі қарқынмен дами бастады. Мәселен, 1946 жылы қазақ педагогикалық институтында тұңғыш ре психология кафедрасы, 1947 жылы қазақ университетінде логика және психология мұғалімдерін даярлайтын арнаулы бөлім ашылды.
 Соңғы 50 жыл ішінде көптеген ғылыми еңбектер, оқулықтар мен оқу құралдары жарық көрді. Солардың қатарына М. Мұқановтың «Ақыл-ой өрісі», Қ. Жарықбаевтың «Қазақ психологиясының тарихы», Т. Жүкештің «Ұлттық психологияның сипаты»тағы басқа толып жатқан еңбектерді жатқызуға болады.
 Қазіргі кезде психологиялық зерттеулердің кешенді тақырыптары қолға алынып, оларды ұлт өміріне орайластыра жүргізудің маңызы артып отыр.
Категория: Психология,педагогика | Добавил: anonim02
Просмотров: 5168 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 2.5/10
Всего комментариев: 1
почему с этого сайта невозможно копировать ??????????? я не понел какой то дурной сайт
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]