Главная » Файлы » Білім және ғылым » Саясаттану |
В категории материалов: 22 Показано материалов: 1-10 |
Страницы: 1 2 3 » |
Сортировать по: Күні
Саяси жанжалдар | |
Саяси жанжалдар Біздің елдің болсын, шетелдердің қоғамтану ғылымдарында болсын ұзақ жылдар бойы үлкен саяси қопарылыстар тұрсын, өткір қайшылықтар, терең дағдарыстар болса, мемлекеттің қалыпты, ойдағыдай дамымағандығы, жетілмегендігі, ауруы болып саналды. Ол үшін мемлекет тұрақты, тепе-теңдік жағдайында бірқалыпты дамуы керек сияқты болып көрінді. Сондықтан тұрақтылық қоғамның негізгі мақсаттарының, құндылықтарының бірі саналатын. |
Саяси билік – саясаттанудың негізгі проблемасы | |
САЯСИ БИЛІК – САЯСАТТАНУДЫҢ НЕГІЗГІ ПРОБЛЕМАСЫ Саяси биліктің түрлері. Қоғам өзінің саяси жүйесінде әлеу¬меттік міндеттерді билік арқылы, құқықтық заң-жобалар, на¬нымдар және басқа шартты қалыптасқан дәстүрлер арқылы жүргізіп отырады. Бұл ретте саяси жүйенің өз ішінде саяси рөлдердің өзі бөлініп отырады. Мемлекет саяси билікті жүргізу¬дегі ең негізгі буын болып табылады. Мемлекет мынандай си¬паттармен айқындалады: – бұқаралық билікті жүзеге асыратын адамдардың ұйымы, ол үшін нормалық-құқықтық және ақпараттық-идеологиялық жағдайларды қалыптастырып отырады; |
Саясаттың әлеуметтік ақиқат ретіндегі атқаратын қызметі | |
САЯСАТТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК АҚИҚАТ РЕТІНДЕГІ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ Саясат білімдерінің дәуірлерге бөлінуі. Саясаттану пәнін дәуірлерге бөліп оқыту оқу жоспарына сәйкес жүргізіледі. Ол ғылымдар саласында қалыптасқан заңдылыққа орай қоғам¬дық-экономикалық формацияларға, олардың тиісті саяси-құқықтық қондырғыларына және қоғамдық сананың түрлеріне сәйкес жасалады. |
Саясаттағы марксистік концепцияның алатын орны | |
САЯСАТТАҒЫ МАРКСИСТІК КОНЦЕПЦИЯНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ Марксизмге көзқарас қалай өзгерді? Марксизм – ХIХ ғасыр¬да дүниеге келіп, ХХ ғасырда көптеген елдерге кеңінен тараған философиялық, экономикалық, әлеуметтік көзқарастардың жүйесі. Бүгінгі таңда марксизм туралы әр түрлі баға беріліп, тұжырымдар жасалуда. Олардың басым көпшілігі марксизмді қатты сынап, тіпті бұл бағытты қате, теріс идеология деп көрсетуде. Әсіресе ТМД елдері деп аталатын бұрынғы Кеңес Одағының республикаларында марксизм өте төмен баға¬лануда. Оны оқу процесінен алып тастап, Маркстің, Энгельс¬тің, Лениннің еңбектерін саяси-қоғамдық пәндердің әдебиеттер тізіміне енгізуден бас тартып отыр. Кейбір жоғары оқу орындарында марксизм деген аттан безіп кеткен кафедралар да аз емес. Марксизмнің беделін түсірген, ең алдымен объективті жағ¬дайлар. Бұл жағдайлар марксизмге тікелей байланысты емес. Шығыс Еуропаның Чехославакия, Польша, Алмания, Венгрия, Румыния, Болгария, Албания, Югославия сияқты елдерінде социализмнің күйреуі тез арада өтті де, осы аталған елдер капиталистік (мүмкін демократиялық) жолға бет бұрды. Алайда ең түбегейлі төңкеріс КСРО-ның кенеттен жойылуымен бай¬ланысты болды. Оның құлауы – қайта құру деген іс-әрекеттен басталды. Бұл мемлекеттердің стратегиялық бағыты социа¬лизм болмай, өздерінің жариялауы бойынша демократиялық қоғам болып шықты. |
Саясаттану тарихындағы дара тұлғалар | |
САЯСАТТАНУ ТАРИХЫНДАҒЫ ДАРА ТҰЛҒАЛАР Саясаттану тарихында түрлі елдерді қоғамдық дамудың қай кезеңінде болмасын әлемдік үрдістердің жалпы азаматтық жетістіктері мен мұраларына қомақты үлес қосқан айтулы мемлекет, қоғам қайраткерлерінің есімдері ұшырасады. Олардың баршасының күш-жігері өз халқы мен елін өркениетке жеткізіп, мемлекет құрылымын жетілдіру жолына жұмсалағандығын аңғарамыз. |
Саясаттану пәні және оны оқып үйрену әдістері | |
САЯСАТТАНУ ПӘНІ ЖӘНЕ ОНЫ ОҚЫП ҮЙРЕНУ ӘДІСТЕРІ Саясаттану – саясат туралы пән. Біз күнделікті өмірде саясатты сөз етпей тұра алмаймыз. Әңгімені көп жағдайда нақты саяси білімі жоқ адамдар да жасай береді. Мысалы, авторитарлық, әміршіл-әкімшіл жүйе туралы айтылатын жайларды жиі естуге болады. Сонда олардың баршасы істің мәнін дұрыс түсінеді ме екен? Айталық, біздің қоғамның даму бағыттарын немесе консенсус, саяси оппозиция, билік дағда¬рысы, т.с.с. саяси ұғымдарды толығымен түсінеміз бе? Қоғам дамуының шым-шытырық бағдарын түсіндіретін саясат¬тану пәні болып табылады. |
Орта ғасырлардағы саяси ілімдер | |
ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ САЯСИ ІЛІМДЕР Батыс Еуропаның феодалдық қоғамының саяси-құқықтық ой-пікірлері. Батыс Еуропада феодалдық құрылыс 1 мың жылдан астам уақыт дамыды. Үш тарихи кезеңнен өтті: біріншісі – V ғасырдың соңы мен ХI ғасырдың ортасына дейінгі уақытты қамтыған ерте феодалдық кезең; екінші кезең – гүлдену дәуірі, ХI ғасырдың ортасынан ХV ғасырдың аяғына дейін созылды. Ал феодализмнің құлдырау дәуірі ХV ғасырдың соңынан ХVI ғасырдың аяғына дейінгі уақытты алды. |
Мемлекет – саяси жүйенің негізгі буыны | |
МЕМЛЕКЕТ – САЯСИ ЖҮЙЕНІҢ НЕГІЗГІ БУЫНЫ Мемлекеттің негізгі белгілері. Мемлекет белгілі бір тер¬ритория шеңберіне халықты ырықсыз көндіру монополиясына ие, бүкіл қоғам атынан ішкі және сыртқы саясатты жүргізіп отыру құқығына ие, барлық жұртқа міндетті заңдар мен ережелер шығарудың ерекше құқығына, салық салып отыру құқығына ие болатын құрылым. |
Идеология – қоғамдық қатынастардың құрамдас бөлігі | |
ИДЕОЛОГИЯ – ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ Идеология дегеніміз не? Идеология – ілім, қоғамдық сана (грекше – ідса – ой, пікір, идея + логос – сөз). Идеолог – тап¬тың немесе қоғамдық топтастықтың ойын білдіруші, идеялық мүддесін қорғаушы деген түсінік. Қазақ совет энциклопедия¬сының 4-томында оған «таптың, әлеуметтік топтардың мүд¬десін білдіретін, қоғамдық сана, философиялық, моральдық, эстетикалық және діни көзқарастар мен теориялардың жиынтығы» деген анықтама берілген. |
Жаңа заманның саяси ғылымының қалыптасуы және дамуы | |
ЖАҢА ЗАМАННЫҢ САЯСИ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ Қайта өрлеу дәуіріндегі саясат пен құқық проблемалары. ХVI ғ. феодализмге қатты соққы жасалды. Капиалистік қаты¬настар ене бастады, буржуазия мен пролетариат пайда бол¬ды. Шаруалар қозғалысы өршіді. Әлеуметтік, саяси револю¬циялар дәуірі басталды. Католик шіркеуінің о дүниелік игілік теориясына қарсы адамның ақыл-ой, тәжірибесі, жасампаздық күші күреске шықты. Жаңа заманның саяси ілімдерінде адам, жеке адам мен мемлекеттің қарым-қатынасы туралы пробле¬малар маңызды орын ала бастады. Бұл «гуманизм» немесе Қайта өрлеу идеологиясы деп аталды. Антикалық мұраттарды пайдалану арқылы жаңа, буржуазиялық идеология жасалына бастады. Шіркеу мекемелерін сынауды алдыңғы қатарлы күш¬тер «реформация» туы астында жүргізді. Шіркеуді демократия¬ландыру ежелгі христианствоның талаптарына сай болды. Алайда сенімсіздік те бар еді. Езілген халықтың идеологиясы утопиялық социализм теоретиктері Т. Мюнцер, Т. Кампанелла, Т. Мор шығармаларында көрініс тапты. Утопист-социалистер мүлік ортақтастығын, жеке адамды қорғайтын ұжымдық құры¬лысты, мемлекетті жақтады. |