Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Ақпарат танымдық порталы

Жұма, 17.05.2024
Главная » 2011 » Шілде » 19 » Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
13:33
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

2011 жылды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылы деп жариялау туралы

Тәуелсіздік пен мемлекеттілікті одан әрі нығайту, Қазақстан халқының рухани-мәдени топтасуын, сабақтаса және ілгерілей дамуды қамтамасыз ету мақсатында қаулы етемін:
1. 2011 жыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылы деп жариялансын. Ол «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы» ұранымен өткізілсін. 2. Қазақстан Республикасы Тәуел­сіздігінің 20 жылдығы жылын мерекелеуді өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі – Мемлекеттік комиссия) құрылсын.
3. Қоса беріліп отырған:
1) Тәуелсіздіктің 20 жылдығын мерекелеудің тұжырымдамасы;
2) Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылын мерекелеуді өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары;
3) Мемлекеттік комиссия туралы ереже;
4) Мемлекеттік комиссияның құрамы бекітілсін.
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
5. Осы Жарлық қол қойылған кү­нінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Просмотров: 727 | Добавил: anonim02 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]