Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Ақпарат танымдық порталы

Бейсенбі, 16.05.2024
Главная » Файлы » Білім және ғылым » Экономика, Қаржы, Бухгалтерлік іс, Банктік іс, Салық!

Ақша қаражаттар операцияларын есепке алудың мәнi мен мақсаты
13.07.2011, 13:45
Бухгалтерлiк есеп нарық қатынастары жағдайында шаруашылық жүргiзушi субъектiлерде ерекше маңызды орынға ие. Қазақстан нарық экономикасына түгелiмен күштi, оны бүкiл әлемдiк қауымдастық та мойындады. Бұндай жағдайда бiздiң республикамызда пайдасы жоғары, тұрақты, әлемдiк нарықта бәсекелестiк қабiлетi бар кәсiпорындар неғұрлым күп болса, соғұрлым бiздiң экономикамыздың деңгейi де жоғарлай бередi. Бұл бүгiн, ертең, алдыңғы отыз жыл iшiнде де ең үзектi мәселелердiң бiрi болатыны Қазақстан Республикасының Президентiнiң «Қазақстан - 2030» деген халыққа жолдауында да ерекше аталып кеткен. Ал кәсiпорын қызметiнiң дұрыс жолға қойылуы күптеген факторларға байланысты болып табылады. Соның iшiнде бухгалтерлiк есептiң, аудиттiң, оның iшiнде қаржылық есептiң, iшкi аудиттiң және талдаудың дұрыс ұйымдастырылып жүргiзiлуi үлкен роль атқарады. Бұл қызметтердiң мәнi «тiрi» ақпаратта. Ал кiм ақпаратқа ие болса, сол әлемдi билейдi деген сүз бар. Бухгалтерлiк есептiң маңызын осыдан ақ бiлуге болады.
 Есепке алу мәлiметтегi кәсiпорынның және оның құрылымдық бөлімшелерiнiң қызметiн жедел басқару үшiн, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлау жасау үшiн, сүйтiп ел экономикасының даму заңдылықтарын зерртеу үшiн қолданылады. Шаруашылық жүргiзудiң қазiргi жағдайында кәсiпорынның күрделi экономикалық тетiгiн нық, дұрыс жолға қойылған есеп жүйесiнiсiз, сондай – ақ сенiмдi экономикалық ақпаратсыз басқару iс жүзiнде мүмкiн емес. Осы тұрғыдан есептегенде ақша қаражаттарының есебi мен оның iшкi аудитi үзектi болып есептелiнедi.
 Бухгалтерлiк есептi халықаралық стандарттардың талабына сай жүргiзу қазiргi кезде ең басты мәселе болып табылады. Осыған байланысты бухгалтерлiк есеп пен аудитке жүктелетiн мiндетi қай кезде болмасын күрделi болып отыр. Осы тұрғыдан қарағанда ақша қаражаттар есебiн дұрыс ұйымдастырудың рүлi зор.
 Ақша қаражаттардың есебiн зерттеп бақылай отырып кез – келген кәсiпорынның жабдықтаушылары мен клиенттерiнiң кiм екендiгiн, олардың қандай тауар сататынын, қызмет күрсететiнiн, олармен қандай қарым – қатынастарда, қандай тәртiпте, қандай құжат негiзiнде жүзеге асатынын күрiп бiлуге болады.
 Бұл жерде тағы маңызды бiр нәрсе – банк мекемесi. Жоғарыдағы айтылып кеткен қарым – қатынастар қолма қолсыз есеп айырысу нысанында жүзеге асырылса банк мекемесi де бұл қатынастарда үз үлесiн қосады. Яғни, кәсiпорын банкi мен жабдықтаушы банкi арасындағы қатынастар жүзеге асырылады. Бұл жерде банк қызметiмен де жақынырақ танысып, олардың құжаттарының кәсiпорын құжаттарымен қандай байланысы бар екенiн күруге болады.
 Жоғарыдағы айтылып кеткен мәселелер менi қызықтырды, сондықтан бухгалтерлiк есептiң ақша қаражаттар бүлiмiн кеңiрек ауқымда қарастырып, курстық жұмысымның тақырыбы ретiнде таңдап алдым.
 Ι-ТАРАУ. Ақша қаражаттар операцияларын есепке алудың мәнi мен мақсаты.
 Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлiгi жанындағы «Бухгалтерлiк есеп және аудит әдiстемесi департаментiнiң» №4 № «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп»- деп аталатын бухгалтерлiк есеп стандартының бiрiншi бабында: «Кәсiпорындар мен ұйымдардың, яғни субьектiлердiң ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебi осы деректi пайдаланушыларды түрлi операциялық және инвестициялық қаржы қызметi бойынша есептi кезеңдегi ақша қаражаттарының келiп түсуi, кiрiстелуi ол қаржылардың жұмсалуы туралы ақпараттармен қамтамасыз етiп және оларға осы заңды тұлғаның, яғни субъектiнiң қаржы жағдайындағы үзгерiстерiн бағалауына мүмкiндiк бередi» делiнген. Ал осы стандарттың екiншi бабында:« Заңды тұлғалар, субьектiлер (банктер мен бюджеттiк мекемелерден басқа) ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептi осы стандарттың талаптарына сай жүргiзедi және есептi кезеңдегi қаржы нәтижелерi есептемесiнiң құрамында (яғни сонымен бiрге) тапсырады» делiнген.
 Барлық шаруашылық жүргiзушi субьектiлерде үндiрiлген үнiмдi сату барысында, сондай-ақ материалдық құндылықтарды, негiзгi құралдарды, тауарларды сатып алғанда немесе бюджеттен тыс басқа да мекемелерге әртүрлi төлемдердi түлеуге байланысты түрлi операциялар пайда болады. Әрбiр кәсiпорын, ұйым, мекеме немесе фирма әдетте бiр уақытта үндiрiлген үнiмiн сатып немесе қызмет күрсетiп, жабдықтаушы ретiнде болатын болса, екiншiден сол үнiмдердi үндiрiп шығару үшiн қажет болатын шикiзаттар мен материалдармен жавбдықтайтын жабдықтаушылар алдында сатып алушы болып табылады.
 Осындай кәсiпорындар мен ұйымдардың, фирмалардың арасында алашақ және берешек операциялар күбiне қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз түлеу жолы арқылы жүргiзiледi. Қолма қол ақшамен есеп айырысу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк мекемесi белгiлеген ережелер мен тәртiпке сәйкес жүргiзiлуi тиiс. Ақшаларды сақтау және қолма қолсыз ақшасыз есеп айырысуды жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының банк мекемелерi:
 1) ҚР Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден үткен заңды тұлғаларға есеп айырысу шоттарын ;
 2) Шетелдiк валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есепке алу үшiн заңды тұлғаларға валюталық шоттарды;
 3) Бюджеттiк мекемелерге, олардың бюджеттен тыс қаражаттары бойынша, қоғамдық ұйымдарға, үндiрiстiк, коммерциялық қызметпен айналысатын жеке тұлғаларға ағымдық шоттарды;
 4) Республикалық бюджетте тұрған мекемелерге бюджеттiк шоттарды;
 5) Ұлттық банк мекемелерiндегi екiншi деңгейдегi банктерге корреспонденттiк шоттарды ашады.
 Ақшалай қаржылармен есеп айырысу операцияларының бухгалтерлiк есебiн жүргiзу мен оны ұйымдастырудың мақсаттары мыналар болып табылады:
 1) Ақшамен есеп айырысу операцияларын толық және уақтылы дер кезiнде есептеу.
 2) Субьектiдегi ақшалай қаржылардың түгелдiгiн және оларды дұрыс, тиiмдi пайдалануды бақылау.
 3) Есеп айырысу, түлеу тәртiбiн бақылау, кәсiпорынның, ұйымның немесе фирманың ақшалай кiрiстерi мен шығындарын дұрыс есептеу.
 Ақша қаражаттарының бухгалтерлiк есебiнiң мiндеттерi:
 1) Қолма қолсыз ақша аудару жолымен және қолма қол ақшамен қажеттi есеп айырысуларды уақтылы және дұрыс жүргiзу.
 2) Ақша қаражаттарының қолда бары мен қозғалысын және есеп айырысу опрацияларын есептiк тiркелiмдерде толықтай және жедел түрде күрсету.
 3) Бүлiнген лимиттерге, қорларға және сметаларға сәйкес ақша қаражаттарын мақсаты бойынша жұмсаудың қолданыстағы ережелерiн сақтау.
 4) Белгiленген мерзiмдерге ақша қаражаттары мен есеп айырысудың жағдайына түгендеудi ұйымдастыру және жүргiзу. Мерзiмi кешiгетiн дебиторлық және кредиторлық берешектердiң туындауын болдырмаудың мүмкiндiктерiн iздестiру.
 5) Кассадағы, есеп айырысу шотындағы және банктегi басқа шоттардағы ақшалардың бар жоғы мен сақталуына бақылау жасау.
 6) Есеп айырысу – төлем тәртiбiнiң сақталуына, материалдық құндылықтар мен қызметтер үшiн сомалардың уақтылы аударылуына, сондай – ақ несие тәртiбiнде алынған ақша қаражаттарының қайтарылуына бақылау жасау.
 ΙΙ-ТАРАУ. Кассадағы және есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі
 2.1 Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі
 Ақша қаражаттарын сақтау, қабылдау мен беру үшін әрбір шаруашылық жүргізуші субъектінің кассасы болады.
 Кассир – материалдық жауапты адам. Ол касса операцияларын жүргізу тәртібімен таныс болуға тиіс. Осыдан кейін ғана оның материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы онымен шарт жасалынады. Егер еңбек ақы мен басқа да төлемдерді беру үшін субъекті басшысының жазбаша бұйрығы бойынша басқа адамдар тартылатын болса, онда бұлардың материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы олармен де шарттар жасалынады.
 Кассадағы операциялар есебі 45-"Кассадағы қолма-қол ақша” бөлімшесінің активті жинақтаушы шоттарында:
 451- "Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақша” және 452- "Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақша” шоттарында жүргізіледі.
 "Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшаның” есебі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі бекіткен кассалық операцияларды жүргізу тәртібіне сәйкес жүргізіледі (24 БЕС).
 Кассаға ақша қабылдау кассаның кіріс ордерлері бойынша жүзеге асырылады, оған бас бухгалтер мен кассир қол қояды. Кассаға ақша салған жеке немесе заңды тұлғаларға бас бухгалтер мен кассир қол қойған ақшаны қабылдағаны туралы түбіртек беріледі. Төлемдерге ақшаны қабылдаған кезде кассир "Төлем таңбаларын анықтау тәртібін” басшылыққа алуға міндетті.
 Кассадан ақша беру кассаның шығыс ордерімен немесе басшы мен бас бухгалтер қол қойған тиісінше рәсімделген төлем тізімдемелерімен ақша беруге жазылған өтінішпен, шоттармен және басқа да құжаттамен рәсімделеді. Егер касса шығыс ордерлеріне қоса тіркелген құжаттарда субъект басшысының рұқсат берілген қолы болса, ордерге оның қол қоюы міндетті емес. Жекелеген адамға кассаның шығыс ордері бойынша ақша берген кезде кассир алушының төлқұжатын немесе жеке басының куәлігін көрсетуді талап етеді. Оның атауы мен нөмірін, оны кімнің және қашан бергенін ордерде көрсетіледі.
 Сенімхат бойынша берілген ақша жағдайында касса шығыс ордерінде ақшаны алуға сенім білдірілген адамның тегі, аты мен әкесінің аты көрсетіледі. Егер ақша төлем тізімдемесі бойынша жүргізілетін болса, ол тізімдемеге: "Сенімхат бойынша” деген жазу жазылады. Бұл жазуды касса шығыс ордеріне немесе ведомостьқа қоса тіркейді.
 Жалақы, уақытша еңбекке қабілетсіздігі жөніндегі жәрдемақылар мен сыйлықтар төлем тізімдемесі бойынша таратылады, оның қас бетінде ақша беретін мерзімі мен оның жалпы сомасы көрсетіледі және оған басшы мен бас бухгалтер қол қояды.
 Банктен ақша алғаннан кейін үш күн өткен соң, кассир төлем тізімдемесіне еңбек ақысы бойынша тиесілі сомасын алмаған адамдардың аты-тегінің тұсына мөртабан соғады немесе '' Депозитке салынды” деп қолымен жазып белгі соғады, берілмеген сома төленбеген жалақы тізіміне енгізіледі; тізімдемеде нақты төленген сома мен депозитке салынуға тиісті сома жөнінде жазылады. Егер төлемді кассир емес, уәкілдік алған адам жасайтын адам болса, төлем тізімдемесінде:”Тізімдеме бойынша ақша таратқан” деген жазу жазылады.Касса ордерлерінде өшіріп жазуға, бүлдіруге және түзетуге жол берілмейді.
 Касса операцияларының есебін кассир Касса кітабында жүргізіледі, ол нөмірленуге, тігілуге және оған сүргі салынуға тиіс; ондағы парақтар санын басшы мен бас бухгалтер қол қойып куәландырады.
 Касса кітабының әрбір парағы тең екі бөліктен тұрады. Олардың бірін кассир бірінші дана ретінде толтырады және ол кітапта қалады.; екіншісі көшіргі қағаз арқылы бергі және сыртқы бетін толтырады. Ол кассирдің есебі ретінде парақтың жыртпалы бөлігі болып табылады. Касса операцияларының жазбалары парақтың жыртпалы емес бөлігінің бет жағынан басталады. Алдын ала парақтың жыртпалы бөлігі кітапта қалатын бөлігіне сай келетіндей етіп парақты қиылатын сызық бойымен қойғаннан кейін жазу үшін жыртылатын парақтың бөлігін жыртылмайтын бөлігінің бет жағына салып, парақтың жыртылмайтын бөлігінің сыртқы жағының көлбеу сызығы бойымен жазуды одан әрі жалғастырады.
 Есеп бланкісі операциялар аяқталғанға дейін бір күн бойы жыртылмайды. "Соның ішінде жалақыға” деген жолдың бойында касса бойынша шығысқа есептен шығарылмаған жалақыға арналған төлем тізімдемелері бойынша сомасы да көрсетіледі.
 Касса операциялары шағын болса, онда касса есебі 3-5 күнде бір рет жасалуы мүмкін. Касса кітабында ақшаның кімнен алынғаны және кімге берілгені жөніндегі құжаттың нөмірі, корреспонденцияланған шоты, сомасы көрсетіледі. Күн сайын, жұмыс күнінің аяғында кассир берілген ақшаның жиынтығын шығарады және күн аяғындағы қалдықты есептейді. Өшіру мен ескертілмеген түзетулер енгізуге кітапта жол берілмейді. Түзетулерге кассир мен бас бухгалтердің қол қойылуы керек.
 Кассирдің есебінде корреспонденцияланатын шоттарға белгі жасалады, содан соң оның деректері 451 – "Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақша” шотының дебеті мен кредиті бойынша машинограммаға немесе есеп регистрлеріне көшіріледі.
 Касса бойынша операциялардың, яғни 451 шоттың кредиті мен дебеті есебін кассир жүргізеді. Регистрлерге жазулар бухгалтерияға кассир есебінің түсуіне қарай жүргізіледі. Бірыңғай корреспонденцияланған шоттардың сомалары біріктіріледі. Айдың аяғында есепті айдан кейінгі бірінші жұлдызына регистрлердегі қалдық шығарылады, ол кассирдің есебіне және Бас кітаптағы 451 шоттың қалдығына сәйкес келуге тиіс.
 Касса бойынша жүргізілетін бухгалтерлік есеп операцияларының негізгі корреспонденциясы
 1
 Өндірілген өнімдерді сатудан қолма-қол келіп түскен ақша қаражаттары 451 701
 2 Алынуға тиісті жал төлемі кассаға келіп түсті 451 334
 3 Келіп түсуге тиісті жолдағы ақша қаражаттары кассаға келіп түсті 451 411
 4 Тауарларды сатудан қолма-қол келіп түскен ақша қаражаттары 451 702
 5 Артық тұрған материалдарды сатқаннан қолма-қол келіп түскен ақша 451 727
 6 Жұмысшы қызметкерлерге артық төленген еңбекақы сомасы кассаға қайтарылды 451 333
 7 Есеп беруге тиісті адамдардың бұрын аванс ретінде алып,жұмсамаған сомасы кассаға қайтарылды 451 333
 8 Жарғылық қорды толтыру үшін үлес қосушылардан қолма-қол келіп түскен ақша 451 511
 9 Заңды тұлғалар мен жеке адамдардың берешек қарызы кассаға қабылданды 451 333,334
 10 Енщілес, тәуелді серіктестіктердің берешек сомасы кассаға келіп түсті 451 321-323

 11 Кассаға банк және банктен тыс мекемелердің несиелері келіп түсті 451 601-603
 12 Алынған материалдық емес активтердің құны кассадан төленді 101-106 451
 13 Алынған құнды қағаздардың құны кассадан төленді 401-403 451
 14 Сатып алынған материалдық құндылықтардың құны кассадан төленді 201-208 451
 15 Өнімдерді сату және әкімшілік шығындары кассадан төленді 811,821 451
 16 Келіп түскен тауарлардың құны кассадан төленді 222 451
 17 Кассадан есеп айырысу немесе валюталық шотқа ақшалай түскен түсімдер аударылды 441,431 451
 18 Субъектінің сатып алған өз меншігіндегі акциясын қайта сатудан түскен табыс кассаға қабылданды 451 521
 19 Акционерлер мен үлес қосушыларға есептелінген дивидендтер сомасы кассадан төленді 621-622 451
 20 Жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелінген еңбекақы сомасы кассадан төленді 681 451
 21 Субъектінің лауазымды тұлғалар алдындағы борышы кассадан төленді 682 451
 22 Құнды қағаздарды сатуға байланысты шығындар кассадан төленді 843 451
 23 Есеп беруге тиісті адамдарға кассадан төленген сома 333 451
 24 Субъектінің кассасынан жұмысшы қызметкерлерге берілген несие сомасы 333 451
 25 Кассадан жұмысшы қызметкерлердің депонеттелген(уақытында алмаған) еңбекақы сомасы төленді 687 451
 26 Банк немесе банктен тыс мекемелерден алынған несиелер сомасы кассадан қайтарылды 601-603 451
 2.2 Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақшаның есебі.
 Шетел валютасымен есеп айырысуды жүргізген кезде субъектілер 452 шотын ашады. Валюта кассасындағы есеп субъект кассасындағы операцияларға ұқсас жүргізіледі, тек оның айырмашылығы мынадай: кіріс және шығыс касса ордерлеріне, касса кітабында қаражаттар сомалары шетел валюталарымен және теңгеге айналдырылған түрінде көрсетіледі.
 Валюта кассасы үшін жеке касса кітабы ашылады. Валюта операциялары үлкен көлемде жүргізілген кезде жеке машинограммалардың және басқа да есеп регистрлерінің жүргізілуі мүмкін.
 Валюта түскен кезде 452-шоты дебеттеледі де және мына төмендегі шоттар кредиттеледі:
 431-"Ел ішіндегі валюталық шоттағы қолма-қол ақша” шоты – валюта шотынан валюта түскен кезде;
 301-"Алынуға тиісті қарыздар” шоты – кассаға алынған валюта түсімінің сомасына;
 725-"Бағам айырмашылығынан түскен табыс” шоты – тиісті шетел валюталарына қатысты теңге бағамының құлдырауы жағдайындағы бағам айырмашылықтарының сомасына;
 333-"Қызметкерлер мен басқа да адамдардың қарыздары” шоты – есеп беретін адамдардың кассаға өткізілген валюта түріндегі сомаларына.
 Валюта кассасынан валюта берген кезде – 452-шот кредиттеледі және мына төмендегі шоттар дебеттеледі:
 333-"Қызметкерлер мен басқа да адамдардың қарыздары” шоты – есебіне берілген шетел валютасының сомасына;
 431-"Ел ішіндегі валюталық шоттағы қолма-қол ақша” шоты – валюта шотына өткізілген валюта сомасына;
 844-"Бағам айырмашылығы бойынша шығыстар” шоты – тиісті валюталарға қатысты теңге бағамының көтерілуі нәтижесінде болған бағам айырмашылықтары сомасына.
 2.3 Субъектінің оперативтік кассасындағы қолма-қол ақшаның есебі.
 Қоғамдық тамақтандыру мен бөлшек сауда кәсіпорындарының ерекшелігіне байланысты олардан түсетін түсімнің басым көпшілігі қолма-қол ақша қаражаттары бойынша түсетіндіктен, оларға оперативтік кассасының есебін жүргізуге тура келеді. Оперативтік касса, әдетте, сауда залында орналасады.№1034 6 тамызда шыққан Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысына сәйкес, қолма-қол ақшамен есеп айырысатын барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің Ережесі бекітілген. Аталған ережеде тыңшылық жадысы бар бақылаушы кассалық машинасын (ТЖБКМ) енгізуді ұсынған болатын.
 Кассалық аппараттарды міндетті түрде салық органдарында тіркеуден өткізеді.Оны тіркеуден өткізу үшін келесідей құжаттарды ұсыну керек: арыз, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуден өткені туралы куәлігінің көшірмесі, БКМ (бақылаушы кассалық машина) поспорты, қолма-қол ақшаны тіркейтін журналы т.б. Салық органдары арыз бланкісінің дұрыс толтырылғанын және БКМ-ның белгіленген талапқа сәйкес келетіндігін тексеріп есепке қояды, сосын ТЖБКМ-на карточкасын береді. БКМ-ның пайдалану мерзімі біткен соң салық органына қайтарылады. БКМ қондырған кезде салық органының өкілетті инспекторы тыңшылықты жадында сақтайтын қондырғыға пароль енгізеді. Пароль шаруашылық жүргізуші субъектінің тіркеуден өткен салық органдарында сақталады.
 Ақша операциялық кассаға түскен кезде 451”Операциялық кассадағы қолма-қол ақша” аралық шоты дебеттеледі және мына шоттар кредиттеледі:
 701-"Дайын өнімдерді сатудан түскен кіріс”, 704-"Көлік ұйымдарының жүктер мен жолаушылар тасымалы жөніндегі қызметтерінен түскен табыс” шоттары және басқа да шоттар-кассаға алынған түсімнің сомасына;
 301- "Алынуға тиісті қарыздар” шоты – сатып алашылар мен тапсырыс берушілердің кассаға алынған сомаға.
 Кәсіпорын кассасына түскен түсімді өткізгенде – 451 шоты дебеттеледі де, ал 451 шотының "Операциялық кассадағы қолма-қол ақша” субшоты кредиттеледі.
 2.4 Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі
 Банкі шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де ашылуы мүмкін. Банк келісім бойынша ағымдағы немесе корреспонденттік шоттарын ашқан кезде, шот иесінің пайдасына келіп түсетін ақшаны қабылдауды, оның өзіне немесе үшінші тараптарға тиесілі ақша сомаларын аудару жөніндегі ұйғарамын орындауды және басқа да қызмет түрлерін көрсетуді өз міндетіне алады. Банк шоттары бойынша жасалған келісім-шарты келесі мәліметтерден тұрады: реквизиттері, келісім мәні немесе келісім-шарттың жасалған нәрсесі, салық қызметі органдары берген салық төлеуші-шот иесінің тіркеме нөмірі, банктің көрсететін қызметінің шарты және оларды төлеу тәртібі. Келісімде жақтар тарапынан келісілген басқа да жағдайлар қарастырылуы мүмкін.
 Банк пен Қазақстан Республикасының резиденті – заңды тұлға мен оның жекелеген құрылымдық бөлімшесі арасында келісім жасау үшін: қойылған қол үлгілері және мөр таңбасы бар құжаты клиенттің салық есебіне қойылғанын растайтын, салық қызметі органдары берген, белгіленген үлгідегі құжаты, аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қолдау бөлімі берген шаруашылық жүргізуші субъектінің Қазақстан Республикасының Зейнеткерлік қорына жарналар төлеуші ретінде тіркелгендігі жөніндегі фактісін растайтын белгіленген үлгідегі құжаты, мемлекеттік тіркеуден өткендігін растайтын, өкілетті органдар берген белгіленген үлгідегі құжаттың көшірмесі немесе оған теңестірілген құжаттың көшірмесі, ҚР заң тәртібімен бекітіліп, куәландырылған құрылтайшылық құжаттың көшірмесі тапсырылады.
 Банкте жинақ шоттарын ашқан кезде, банктер салымдарды салушылардан қабылдауға келісім-шартта көрсетілген тәртіпте, оларға марапаттау төлеуге және әрекет етіп тұрған заң актілері мен келісім-шартта қарастырылған тәртіпте және келісілген жағдайында салымдарды қайтаруға өз міндетіне алады.
 Егер де банкте шот иесінің пайдасына жаңылыс аударылып кеткен ақша қаражаттарының фактісі анықталса, онда ол сол қаражаттарды шот иесіне хабарламай-ақ қатесін жөндеуге құқылы. Бірақ бұл жағдай келісім-шартта қарастырылғаны жөн.
 Банктегі шоттардың көшірмесін беру келісім-шартқа сәйкес банктер арқылы жүзеге асырылады. Банк шот иесіне олардың есеп шоттарының көшірмелерін беру қызметін электрондық тәсілмен, егер бұл келісімде қарастырылған болса, арнайы адам жұмсау арқылы жүзеге асырылады. Банк шот иесіне олардың есеп шоттарының көшірмелерін беру қызметін электрондық тәсілмен, егер бұл келісімде қарастырылған болса, арнайы адам жұмсау арқылы атқаруға құқылы. Банктердегі есепшоттары бойынша операцияларды тоқтату Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, шот иесінің ақша қаражаттарының жұмсалынбауына немесе алуға тыйым салу құқығы бар өкілетті органдардың тиісті шешімдерінің негізінде жүзеге асады. Банкідегі есепшоттары бойынша операциялардың жаңартылуы осы шешімдерді қабылдаған тиісті органдардың жазбаша хабарландыруының немесе қаулыларының негізінде жүзеге асырылады.
 Жаңадан ашылатын заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жарлық капиталын төлегенін қуаттайтын құжаттарды ұсынуы тиіс, ол үшін банк келісім-шарттың негізінде оларға уақытша жинақ шоттарын ашады. Ал мемлекеттік тіркеуден өткен соң заңды тұлғаға ағымдағы шоттар ашады.
 Банкі шоттары оның иесінің өтініші бойынша жабылады.
 Заңды тұлға – шот иесін тарату немесе қайта ұйымдастыру кезінде, немесе заңды тұлғаның шотын бір жылдан астам, ал жеке тұлғалардың шотына үш жылдан астам кезеңде ақша келіп түспеуіне байланысты банкі шоттары жабылады, ал басқа жағдайда оны жабуға тыйым салынады.
 Банкідегі есепшот жабылғаннан кейін субъект осы жөнінде он күндік мерзім ішінде шот иесінің банкідегі есепшоты жабылғандығы туралы хабарлама жасалуы тиіс.
 Есепшоты жабылған кезде сондай-ақ иесінің аты немесе есепшоттың нөмірі өзгергенде – шот иесі қолдарындағы пайдаланбаған чектерді банкіге қайтаруы керек.
 Есеп айырысу шоты бойынша жүргізілетін бухгалтерлік есеп операцияларының негізгі корреспонденциясы
 1 Есеп айырысу шотына субъектінің жарғылық қорын толтыру мақсатымен үлес қосушылардан келіп түскен сома 441 511
 2 Сатып алушылардан жіберілген өнім, көрсетілген қызмет, істелген жұмыстар үшін келіп түскен сома 441 301,321-323
 3 Есеп айырысу шотына вексельден келіп түскен сома:
 - негізгі берешектердің қарыз сомасы;
 - есептелінген пайыздар.
 441
 441
 302
 332
 4 Есеп айырысу шотына жалға алушылардан пайдаланғаны үшін түскен қаржы 441 724,332
 5 Жалға алушылардан жалға алып пайдаланғаны үшін есептелінген пайыз сомасы есеп айырысу шотына келіп түсті 441 724
 6 Есеп айырысу шотына кассадан келіп кіріске алынған сома 441 451
 7 Басқа да берешектерден қарызын өтеу үшін келіп түскен сома 441 334
 8 Есеп айырысу шотына келіп кірістелген банк несиесі 441 601
 9 Есеп айырысу шотына банктегі арнайы шоттан келіп түскен сома 441 423
 10 Есеп айырысу шотына келіп кірістелген банктен тыс мекемелердің несиесі 441 602
 11 Есеп айырысу шотына келіп түскен акциялардың дивидендтері 441 724
 12 Есеп айырысу шотына облигациялардан пайыз түрінде келіп түскен табыстар 441 724
 13 Есеп айырысу шотына келіп түскен ұзақ мерзімді инвестициялар дивидендтер сомасы 441 724
 14
 Есеп айырысу шотына құнды қағаздарды сатқаннан келіптүскенсома
 441
 723
 15 Кәсіпорынның өз акциясын қайта сатудан есеп айырысу шотына келіп түскен табысы 441 521

 16
 Жолдағы деп есептелінген ақша қаражаттарының есеп айырысу шотына келіп түсуі
 441 411
 17 Бюджетке төленген салық сомасының артығы есеп айырысу шотына қайтарылды 441 631,633,634
 18 Есеп айырысу шотына келіп түскен атқарушы органдардың субсидиялары 441 726
 19 Бағасы есеп айырысу шотынан төленіп кіріске алынған материалдық емес активтер 101-106 441
 20 Құны есеп айырысу шотынан төленіп кіріске алынған негізгі құралдар 121-125 441
 21 Құны есеп айырысу шотынан төленген монтаждауды қажет ететін бөлшектерді кіріске алу 126 441
 22 Негізгі табынды толтыру үшін жас малдарды бағып өсіруге кеткен шығындар есеп айырысу шотынан төленді 126 441
 23 Ағымдағы айдың қысқа мерзімді жалдық міндеттемесі есеп айырысу шотынан төленді 811,821,
 937,947,
 687 441
 24 Материалдарды қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін алдын ала аванс ретінде есеп айырысу шотынан төленген сома 351 441
 25 Қызмет көрсетушілерге, орындаушыларға істейтін жұмыстары үшін алдын ала аванс ретінде есеп айырысу шотынан төленген ақша қаражаттары 352 441
 26 Алынған құнды қағаздардың құны есеп айырысу шотынан төленді 401-403 441
 27
 Банк және банктен тыс мекемелерден алынған несиелер есеп айырысу шотынан қайтарылды
 601-603
 441
 28 Үлес қосушыларға, акционерлерге есептелінген дивиденд сомасы есеп айырысу шотынан төленді 621-622 441
 29 Заңды тұлғалар мен жеке адамдардан ұсталынған табыс салығы есеп айырысу шотынан бюджетке аударылды 631,634 441
 30 Қосылған құнға салынған салық сомасы есеп айырысу шотынан бюджетке аударылды 633 441
 31 Сақтандыру компаниясына сақтандыру төлемі есеп айырысу шотынан аударылды 651 441
 32 Әлеуметтік салық сомасы есеп айырысу шотынан бюджетке аударылды 634 441
 33 Жабдықтаушылардан алынған тауарлар үшін берешек сома есеп айырысу шотынан аударылды 671 441
 34 Ұзақ мерзімді жал төлемі есеп айырысу шотынан аударылды 683 441
 35 Құнды қағаздарды сатуға байланысты кеткен шығындар сомасы есеп айырысу шотынан төленді 843 441
 36 Еңбекақы,зейнетақы және тағы да басқа төлемдерді төлеу үшін есеп айырысу шотынан кассаға ақша алынды 451 441
 ΙΙΙ-ТАРАУ. Ақшасыз есеп айырысудың нысандары
 Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары: төлем тапсырмалық , аккредитивтік, чекпен есеп айырысу, төлем-талап тапсырмалық нысандары.
 1. Төлем тапсырмалық нысан.
 Қазіргі жағдайда қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың ең кең тараған нысаны. Төлем тапсырмасы дегеніміз – төлеушінің өзіне қызмет көрсететін банкіге өз есеп шотынан тиісті соманы ақша алушының есеп шотына аударуға беретін бұйрығы. Төлем тапсырмасы арқылы кейінгі төлемнің операциясын жүргізудің дәйектілігі төмендегідей:
 1. Тауар жеткізуші келісім шартқа сәйкес тауарын жөнелткеннен кейін төлеушінің атына фактура шот ұсынады.
 2. Сатып алушы тауарды алғаннан кейін төлем тапсырмасының жинақтамасын толтырып, оған фактура шотын қосып, өзіне қызмет көрсететін банкіге тапсырады.
 3. Құжаттарды тиісті тексеруден өткізгеннен кейін банк көрсетілген соманы сатып алушының есеп шотынан шығарады да : а. Тауар жеткізушінің есеп шотына түсіреді. Егер олардың шоттары сол банкте болса.
 б. Басқа банктегі тауар жеткізушінің есеп шотына аударады.
 4. Тауар жеткізушіге қызмет көрсететін банк түскен соманы соның есеп шотына есепке жатқызады.
 2.Аккредитивтік нысан
 Аккредитивтік нысанды қолданғанда құжаттардың айналымы келесі түрде өткізіледі:
 1. Жасалған шартқа сәйкес тауар өндіруші өнлірілген тауарының жөнелтуге дайын екенін сатып алушыға хабарлайды және одан аккредитив ұсынуын талап етеді.
 2. Сатып алушы бұл хабарды алғаннан кейін өзіне қызмет ететін банкке белгіленген тәртіп бойынша аккредитивтік өтініш береді.Ол өтініште аккредитивті қандай жағдайда пайдалануға болатынын көрсетеді.
 3. Сатып алушыға қызмет ететін банк көрсетілген ақшаны сатып алушының есеп шотынан шығарады да, оны аккредитивтер деген шотқа жатқызады.
 4. Тауар жөнелтушінің банкісі аккредитивті сомасын "төленетін аккредитивтер”деген шотқа есепке алады және бұл жөнінде тауар жөнелтушіге хабарлайды.
 5. Тауар жөнелтуші шартта көрсетілген талаптарға сәйкес дайындалған өнімін сатып алушыға жөнелтеді. Сонымен қатар тауардың жөнелтілгенін дәлелдейтін барлық құжаттарды өз банкісіне тапсырады.
 6. Бұл банк тиісті соманы тауар жөнелтушінің есеп шотына түсіреді.
 3. Чекпен есеп айырысу нысаны
 Бұл қай жағынан алып қарағанда да өте ыңғайлы нысан. Осы нысанмен есеп айырысу үшін тауар сатып алушы өтініш беріп, өзіне қызмет ететін банктен 10,25,50 чегі бар чек кітапшасын сатып алады. Чектің бұдан былай қозғалысы мынадай:
 1. Сатып алушы алмақшы болған тауарды іріктеп алады да, оның сомасына чек жазып береді.
 2. Чек ұстаушы сол чекті келесі күні ( тәртіп бойынша 10 күннің ішінде ) сатып алушының банкісіне төлеуге ұсынады.
 3. Сатып алушының банкісі бұл чектің сомасын тауар жіберушінің есеп шотынан есепке алады.Егер оның есеп шоты басқа банкіде болса, тиісті соманы сол банкке аударады.
 Банк чек берушіден ( немесе чек ұстаушыдан ) чекті қабылдамауына болады, егер де мынадай жағдайлары анықталса:
 - егер де жазумен жазылған сомасы цифрмен көрсетілмеген болса;
 - чектің мерзімі өтіп кетсе;
 - төлем құжаттарында жасанды жазулардың белгілері бар болса;
 - чек әртүрлі қолмен және әртүрлі сиямен жазылған болса;
 - чектің қорғалу деңгейі оның талабына сай келмесе;
 - чекте көрсетілген реквизиттер қате болса;
 - чектегі қойылған қолда үлгі ретінде қабылданған құжаттардағы қолымен сәйкес келмесе;
 - чектің жабу сомалары жеткілікті болмаса;
 - чектің басқа да дефектілері бар болса.
 4. Төлем-талап тапсырмалық нысаны
 Есеп айырысудың төлем-талап тапсырмалық нысаны былай жүзеге асырылады:
 1. Тауар жөнелтуші тауарын жөнелткеннен кейін шарт бойынша төлем-талап тапсырмалық нысанға сәйкес құжаттың жинақтамасын толтырады. Содан кейін сол құжатты тауар, көлік, жүк құжаттарымен бірге сатып алушының банкісіне жібереді.
 2. Ол банк бұл құжаттарды төлеуге келісім беру үшін сатып алушыға береді.
 3. Банктік 3 күннің ішінде сатып алушы ұсынылған төлемді не толығымен, не ішінара төлеуге келісімін береді.Өзінің шешімін сатып алушы құжаттың керек бөлігіне жазып, қайтадан банкке тапсырады.
 4. Бұл банк тиісті соманы сатып алушының шотынан шығарып, тауар жөнелтушінің банкісіне аударады.
 5. Ол банк түскен соманы тауар жөнелтушінің есеп шотына есепке алады.
 ΙV-ТАРАУ. Банктердегi арнайы шоттардағы ақшалай қаржылар есебi
 Кәсiпорындар ұйымдар, фирмалар үздерiнiң ақшалай қаржыларын сақтауға банк мекемесiнен арнайы шот ашуына болады. Бұл шотта ашылған аккредетивтердегi ақшалай қаржылар, чек кiтапшаларындағы ақшалай қаржылар, банктердегi арнайы шоттардағы ақшалар және басқа да ақшалай қаржылыр есептелiнедi.
 Аккредитивтермен есеп айырысу. Шаруашылық субъектiлер 421- «Аккредитивтердегi ақшалай қаржылар» - деп аталатын шотта жабдықтаушы және басқа да кәсiпорындар мен ұйымдардың, фирмалардың аттарына ашылған аккредетивтегi ақша қаражаттарын есептейдi. Негiзiнен есеп айырысудың бұл түрi басқа қаладағы (субъектi орналасқан жерден басқа жерде тұратын) жабдықтаушылармен қолма қол ақшасыз есеп айырысу үшiн қолданылады. Есеп айырысудың бұл түрi басқа қолма қол ақшасыз есеп айырысуға ұқсас болып келедi. Бұл есеп айырысу құжаты бойынша сатып алушы үзiне қызмет күрсететiн банк мекемесi арқылы жабдықтаушының шоты ашылған, яғни оған қызмет күрсететiн банктен аккредетив ашады. Есеп айырысудың бұл түрi 1931 жылдан қолданылып келедi. Аккредитивтердегi ақшалай қаржылар бойынша есеп айырысу жабдықтаушыларға төлемнiң дер кезiнде түленуiн қамтамасыз етедi.
 Аккредитив-сатып алушыға қызмет ететiн банк мекемесiнiң осы кәсiпорынды немесе ұйымды жабдықтайтын шаруашылық субъектiсiне қызмет күрсететiн банк мекемесiне тауарларының жiберiлгендiгiн немесе қызметтерiнiң күрсетiлгендiгiн дәлелдейтiн құжаттар бойынша төлем түлеу жайлы тапсырмасы.
 Аккредитив тек бiр ғана жабдықтаушымен есеп айырысуға арналады. Ал аккредитивтiң мерзiмi жабдықтаушы мен сатып алушының арасындағы келiсiм-шартқа сәйкес бекiтiледi. Бұл шартта мыналар күрсетiлуi қажет:
 1. Түлеушiнiң тапсырмасы бойынша аккредитивтi ашқан банктiң (банк имитенттiң) аталуы
 2. Аккредитивтiң түрi және оның орындалуы мен пайдалануының әдiсi мен тәсiлi
 3. Аккредитив бойынша қаржы (ақша) алу үшiн жабдықтаушының үзiне қызмет ететiн банкке тапсыруға тиiстi құжаттардың толық тiзiмi және нақты сипаттары
 4. Тауарларды, материалдарды тиеп-жүнелткеннен немесе жұмыстарды, қызметтердi орындағаннан кейiн құжаттардың банк мекемесiне тапсырылу мерзiмi және олардың орындалуына қойылатын талаптар. Жабдықтаушыларға аккредитив жайлы, яғни оның ашылғандығы туралы хабарлау.
 5. Басқа да керектi құжаттар мен шарттар.
 Аккредитивтердiң «үтелiнген» (депоненттелген) және «үтелiнбеген» (депоненттелiнбеген) - деп аталатын түрлерi ашылуы мүмкiн. Аккредитив сонымен қатар «керi шақырылатын» және «керi шақырылмайтын» болып екi түрге бүлiнедi.
 Тапсырыс берушiнiң үзiнiң шотындағы ақша қаражаты есебiнен немесе оған күрсететiн банкiнiң берген несиесiнiң есебiнен жабдықтаушы кәсiпорынға қызмет күрсететiн банкке келiсiм - шарт бойынша алдын ала аударылған қаржысы - «Өтелiнген аккредетив (депоненттелген)» болып есептеледi.
 Ал сатып алушы кәсiпорын мен жабдықтаушы кәсiпорындарға қызмет күрсетушi банк мекемелерi арасында аккредитивте күрсетiлген қаржы сомаларын аударуға тек қана келiсiм-шарт жасалынып келiсiлген, яғни ақша әзiрге аударылмаған болса онда бұл - «Өтелiнбеген аккредитив» түрi қатарына жатқызылады.
 Аккредитив ашу жайлы келiсiм-шартта қарастырылған келiсiмдердi үзгертуге, жоюға тек сатып алушы, яғни қаржы түлеушi шаруашылық субъектiнiң ғана құқы болса, ондай аккредитив - «Керi шақырылатын аккредитив» болып саналады.
 Аккредитивтi ашу үшiн төлем түлеушi кәсiпорын үзiне қызмет күрсететiн банк мекемесiне арыз бередi және сонымен қатар мына құжаттарды күрсетулерi қажет:
 1. Жабдықтаушы шаруашылық субъектiсiнiң аты.
 2. Аккредитив ашылатын келiсiм-шарттың күшiрмесi.
 3. Аккредитив ашылатын банктiң аты.
 4. Аккредитивтiң орындалатын уақыты және жерi.
 5. Аккредитивтен төлем түлеуге қажет болатын құжаттардың толық және нақты аты.
 6. Аккредитивтiң түрi.
 7. Аккредитивтiң қандай тауарға, затқа немесе орындалатын жұмысқа төлем түлеуге арналғандығы және оны түлеу үшiн банк мекемесiне табыс етiлетiн құжаттардың тiзiмi.
Категория: Экономика, Қаржы, Бухгалтерлік іс, Банктік іс, Салық! | Добавил: anonim02
Просмотров: 1782 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]