Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Ақпарат танымдық порталы

Бейсенбі, 16.05.2024
Главная » Файлы » Білім және ғылым » Экономика, Қаржы, Бухгалтерлік іс, Банктік іс, Салық!

«Қазақстан Халық Банкі» Акционерлік қоғамы қалыптасуы мен қаржылық жағдайына талдау
13.07.2011, 14:17
«Қазақстан Халық Банкі» Акционерлік қоғамы қалыптасуы мен қаржылық жағдайына талдау
 "Қазақстан Халық жинақ Банкі” АҚ- өз клиенттерінің игілігі үшін 80 жылдан астам уақыт табысты қызмет етіп келе жатқан Қазақстан Республикасындағы аса ірі әмбебап коммерциялық банк, еліміздегі ең сенімді әрі қызметі барынша сараланған қаржылық құрылымдардың бірі.
 2001 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Банктің активі 384,9 млрд теңге, жарғылық капиталы 16млрд теңге, меншік капитал мөлшері 34,3 млрд теңге, тапқан пайда көлемі – 7,7 млрд теңге шамасында болды.
 2001 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша шетелдің қатысуымен 14 банк және екінші деңгейдегі банк болып табылмайтын "Қазақстан Даму банкі” АҚ жұмыс істейді. Екінші деңгейдегі 25 банктің филиалдық желісі бар, банк филиалдарының жалпы саны- 380, оның ішінде филиалдарының саны: "Қазақстан Халық жинақ Банкі” АҚ - 147, "Банк Каспийский” АҚ - 39,
 23 банктің өзі орналасқан жерін тыс жерде есеп айырысу- касса бөлімшелері бар. Банктердің Е- ның жалпы саны – 1174, оның ішінде Е- нің саны: "Қазақстан Халық Банкі” АҚ-391, "ТұранӘлем Банк” АҚ – 194.Республикада резидент емес банктердің 17 өкілдігі қызмет етуде.
 Есепті күнгі жағдай бойынша 27 аудиториялық ұйымның және 56 аудитордың банктерге аудит жүргізу құқығына лицензиясы бар.
 «Қазақстан Халық Банктің» акционерлік қоғамы екінші деңгейлі тез дамып келе жатқан қазақстандық банкілердің бірі болып табылады. Егер «Қазақстан Халық Банк» АҚ 2010 жылғы қаржылық көрсеткіштеріне көз тастасақ, есеп беру жылы банктік қызмет көрсету және ұсынылған банктік өнімдер нарығына ену жылы болды.
 «Қазақстан Халық Банкі» Акционерлік қоғамына тиесілі еншілес компаниялардың тізімі 2-ші кестеде бейнеленген.

 Банктің негізгі клиенттері ірі өндірістік компаниялар, шағын және орта бизнес субъектілері, жеке тұлғалар және т.б. Халық Банктің негізгі қызметтері: несие беру, заңды және жеке тұлғалардың салымдарын қабылдау, бағалы қағаздармен операциялар жасау, шетел валютасымен операциялар, аударым операциялары, ақша қаражаттарымен операциялар, төлем карточкаларымен операциялар және өзге де банктік қызметтер.
 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ - ның деректері бойынша оның 2008 – 2011 жылдардағы қаржылық – шаруашылық қызметінің нәтижесі 3 – ші кестеде көрсетілген.

 Кесте 3 – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ – ның 2008-2011 жылдардағы қызметіне талдау

 Бұл кестеден көріп отырғанымыз, барлық көрсеткіштер жыл сайын өсіп келеді:
 - 2008 жылға қарағанда банктің меншікті капиталы 2009 жылы 187,18 пайызға өскен, ал 2010 жылы 2009 жылға қарағанда бұл көрсеткіш 133,49 пайызға өсті. Ал 2011 жылы 2010 жылмен салыстырғанда 118,65 пайызға өсті. 2009 жылы 2,09 есе, яғни 2009 жылдың 1-ші қаңтарында жарғылық капитал 970905778 жай акциялардан, 24742000 конверттелмейтін артықшылығы бар акциялардан және 80215187 конверттелетін артықшылығы бар акциялардан құрылды.2011 жылы меншікті капитал 191,06 млрд. тг құрап, 18,65 пайызға өсті.;
 - банктің міндеттемелері де жыл сайын өсіп келеді. 2009 жылға қарағанда 2008 жылы 175,83 пайызға өскен, ал 2009 жылы 2008 жылға қарағанда 164,69 пайызға,2011 жылы 2010 жылдан қарағанда 101,29 пайызға өсті,;
 - банк активтері 2009 жылы 2008 жылға қарағанда 177,13 пайызға өсті,2010 жылы өткен жылмен салыстырғанда 160,09 пайызға өсті,2011 жылы 103,52 % өсті ;
 - 2008 жылы банктің табыстары 191,92 пайызға өсті, ал келесі жылы бұл көрсеткіш 183,83 пайызға өсті, 2010 жылы 143,76 пайыз өсті;
 - банктің шығындары 2009 жылы 2008 жылға қарағанда 2,38 есе өскен, ал 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда 126,07 пайызға өсті;
 - банктің таза табысы 2009 жылы өткен жылға қарағанда 171,59 пайызға өсіп, 27,16млрд. теңгені құраса, 2010 жылы осы көрсеткіш 149,19 пайызға өсіп, 40,52 млрд.теңгені,ал 2011 жылы 35,91 % құрады.
 4-ші кестеде біз банктің 2008-2011 жылдарға арналған балансының деректерін көре аламыз.

 Кесте 4 – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ – ның 2008-2011 жылғы активтері мен пассивтерін талдау.

 - 2009 жылы банктің жалпы активтері 177,13%-ға өсіп, 991.36 млрд. теңгені құраса, 2008 жылы бұл көрсеткіш 559.66 млрд. теңгеге, ал 2010 жылы 160,89 пайызға 1,595,075 млрд. теңгеге өсіп, тең болған. Бұл көрсеткіштің осындай қарқынмен өсуіне негізгі әсер еткен операциялар: несиелік және инвестицияланатын бағалы қағаздар портфелінің өсуі.
 - 2009 жылдың соңында несиелік портфель 145,03%-ға өсіп, 596.22 млрд. теңгені құрады, оған негізінен жеке тұлғаларды және шағын, орта бизнесті несиелендіру өз септігін тигізді.
 - Банк өзінің инвестицияланатын бағалы қағаздарын 2009 жылы 123.34 млрд. теңгеге дейін өсірді. Банк сонымен қатар өзінің ақша қаражаттарын және мемлекеттік қысқа мерзімді облигацияларын 127.80 млрд. теңгеге дейін көтерді.
 - Жалпы несиелік портфельдің 31% үлесі тек несиелік портфельге тиесілі, ол өткен жылмен салыстырғанда 2009 жылы 151%-ға өсіп, 197.18 млрд. теңгені құрады. Жеке несиелендіру портфелінің 56%-ы ипотекалық несиелендіруге тиесілі, 2009 жылы банк өткен жылмен салыстырғанда ипотекалық несиені 40%-ға артық берсе, тұтыну несиесінің мөлшері 67%-ға өсті. Жеке несиелік портфельдің табысы жалпы пайыздық табыстың 41%-ын құрайды.
 Меншікті капитал 2009 жылдың соңында банктің меншікті капиталы 120,63 млрд. теңгеге тең, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 187,18%-ға өскен. Бұл банктің жарғылық капиталының, бөлінбеген табыстық және өзге де резервтердің көбеюіне өз септігін тигізді. Банктің жарғылық капиталы 2,09 есе өсіп, 60,68 млрд. теңгені құрады. Банк жылдың басында Лондонның Қор Биржасында 2009 жылы шығарылған 55000000 жай акция және 2009 жылдың қыркүйегінде шығарылған 30000000 жай акцияны орналастырды
 2010 жылғы «Қазақстан Халық Банк» АҚ активтері 168 % өсті, 2010 жылдың 1 қаңтарына 22 млрд.теңгеге жетті. Абсолюттік сандар өсімі 13,8 млрд.теңге құрады. Өсудің негізгі қайнар көзі - 2008 жыл мен 2009 жылдар арасында 2,3 есеге ұлғайған, жылдың соңына үлесі 73% құраған несие портфелі болды. Банк активтерінің өсуіне ықпал еткен тағы бір маңызды фактор - үлесі 7%-дан 18% өсіп, 3,9 млрд.теңгеге жеткен құнды қағаздар портфелі болды. Осы жылға көрсеткіш 6,4 есеге ұлғайды. 2008-2011 жылдар арасындағы банк міндеттемелері 2,9 есеге өсіп, 2009 жылдың 1 қаңтарына-19,9 млрд. Теңгені құрады.
 2009 жылы банк 2008 жылғы көрсеткішті 936,8 млн.теңгеге(74%) көтеріп, банк кірісі 2,2 млрд.теңгені құрады. Кесте 1-де банк кірістері көрсетілген, 2009 жылғы негізгі кірістер бойынша өсуі: сыйақы алу мен байланысты кірістер-82 %, дилингтік операциялар бойынша кірістер-17%; комиссиялық кірістер-26% құрады.
 2010 жылы банк 2009 жылғы көрсеткішті 936,8 млн.теңгеге(74%) көтеріп, банк кірісі 2,2 млрд.теңгені құрады. Кесте 1-де банк кірістері көрсетілген, 2010 жылғы негізгі кірістер бойынша өсуі: сыйақы алу мен байланысты кірістер-82 %, дилингтік операциялар бойынша кірістер-17%; комиссиялық кірістер-26% құрады.[18, 115б.]
 Банктің 2009 жылғы шығындары 2008 жылғы ұқсас көрсеткішті 907 млн.теңгеге (73% өсімі) көбейтіп, 2,15 млрд, теңгені құрады. Осымен бірге клиенттер мен несиелік ұйымдардың депозиттері мен пайыздық шығындары, яғни төленген жарналары бойынша пайыздары барлық шығындардың 49 % құрады. Шығындар категориясына мына баптар кіреді: жедел депозиттер және кепіл депозиттер, ағымдағы есеп-шоттар мен алдын ала алуды талап ететін депозит, ХҚИ банктерінен алынған несиелер, басқа да міндеттемелер. Банк Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі екінші деңгейдегі банктер үшін бекіткен пруденциалдық нормативтерді орындайды.
 - сыйақы алумен байланысты кірістер
 - басқа кірістер
 - дилингтік операциялар бойынша кірістер
 - комиссиялық кірістер

 Сурет 2 - «Қазақстан Халық Банк» АҚ негізгі баптар тұрғысында (пайыз)

 Ағымдағы өтімділік еселігін есептеу үшін төмендегідей баланс баптарын пайдалану қажет: касса, ҚР Ұлттық банкіндегі есеп-шот, басқа да банктердегі есеп-шоттар, құнды қағаздар, алдын ала алуды талап ететін депозиттер, жедел депозиттер, ҚР Ұлттық банкі алдындағы қарыздар, басқа банктер алдындағы қарыздар, ҚР Үкіметі алдында қарыз, өтелмеген акцептер бойынша міндеттемелер, басқа да қарыздар мен міндеттемелер. Есеп айырысу үшін қолданылатын баланстың негізгі баптары кесте 5-те көрсетілген. Сараптама жүргізу үшін, 2 жылдың, дәлірек 2009, 2010, 2011 жылдардың мәліметтері қолданылады. Салыстырмалы түрде, №2 кестеде пайыздық қатынаста көрсетілген өзгеру қарқынының ұласпалы есептері енгізілген.[18, 54-55бб.]
Категория: Экономика, Қаржы, Бухгалтерлік іс, Банктік іс, Салық! | Добавил: anonim02
Просмотров: 3810 | Загрузок: 0 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 2.0/3
Всего комментариев: 1
почему я не могу изпользовать эту работу?
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]