Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Ақпарат танымдық порталы

Сәрсенбі, 15.05.2024
Главная » Файлы » Білім және ғылым » Экономика, Қаржы, Бухгалтерлік іс, Банктік іс, Салық!

Әлеуметтік экономикалық дамуды жоспарлау [2 бөлім]
09.07.2011, 22:37
II БӨЛІМ
 АУМАҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫН ЖОСПАРЛАУ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ

 2.1 Қазақстан Республикасының 2002-2003 жылдарға әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау

 Мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттық аймақтық аспектісі бүгінгі күні ғылыми зерттеулердің ең әлсіз зерттелінген объекті болып табылады.
 Мемлекеттің аймақтык саясатын қалыптастыруда түрлі аудандар халқының өмір сүру деңгейімен сапасын теңестіру мүдделерінің ірг елі (тиянақты) маңызы бар. Осы мүдделер қазіргі жағдайда бірінші орында түр, өйткені түрғындар тығыздығы (адам/км2), қалалық және ауылдық түрғындардың ара-қатынасы, олардың кірісті бір жанға шаққанда деңгейі, түтыну бағаларының індексі, жұмыссыздардың саны мен жұмыссыздың деңгейі, индустриалды әлуеті деңгейі және т.б. көрсеткіштерге байланысты Қазақстанның аумақтық-әкімшілік аудандары бір-бірінен тым өзгеше. Сонда, жұмыссыздар саны бойынша республика облыстарының үлес салмағы 1,8%-дан (Қарағанды облысы) 20,3%-га дейін (Оңтүстік Казақстан облысы) ауытқиды. Ал облыстар арасында халықтар кірісінін бір жанға шаққанда максималды деңгейі минималды деңгейінен 4 есе үлкен. Сонымен қатар халықтың 60%-ға жуығы Багін кедейшілік шегінен тыс өмір середі. Халық тығыздығының орта республикалық деңгейінде (шаршы км-ге 5,8 адам) бүл көрсеткіш 17 адамнан (Оңтүстік Қазақстан облысы) 2 адамға (Маңғыстау облысы) дейін ауытқитын облыстарда бар.
 Сондай-ақ, Қазақстанның Орталық және Оңтүстік аймақтарының ғылыми және ғылыми-техникалық әлуеті деңгейі тым жоғары және он солтүстік-шығыс және батыс аймақтардың үйлес көрсеткіштерімен салыстыруға болмайды.
 Осындай жағдайларды есепке Ала отырып, аумақтық әлеуметтік-экономикалық даму жоспарлары, аймақтық шаралары республиканың стратегиялық және жалпы мемлекеттік мүдделерді ескеретін, оң жақтарын айқындайтын, облыстар мен аудандардың әлеуметтік-экономикалық өмірінің деңгейін бірте-бірте теңестіруге алып келетіндей болуы тиіс.

 Ауыл шаруашылығы. 2003 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі ағымдағы бағалармен 566,5 млрд. теңге болып, 2000 жылмен салыстырғанда 31,6 % артты. 2003 жылы барлық шаруашылық санаттарында өткен жылмен салыстырғанда малдың барлык түліктері мен күс басы өскен. Бүган негізінен халық пен шаруа кожалыктарының есебінен қол жеткізілді. Барлық облыстардың ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілері - мүйізді ірі қара, кой мен ешкі басын, 12 облыс - шошқа мен жылқы, 11 облыс - қүс басын көбейтті. Сонымен қоса аталған кезеңде Маңғыстау облысында шошқа 33%-Fa, күс 65%-Fa, жылқы 3%-ға, Қызылордада шошқа мен күс 5%-ға, Атырауда қүс 5%-ға кеміді.
 2003 жылы республиканың барлық облыстарында мал шаруашылығының негізгі өнім түрлерін өндіру өскен.
 Шағын бизнес. 2003 жылдың 1 желтоқсанында тұиастай алғанда Республика бойынша 189,0 мыңнан аса заңды тұлғалар тіркелген, оның жұмыс істеп тұрғандары -75 пайызды құрады. Республика бойынша жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың 91,8 пайызы шағын кәсіпорындар, 7,0 пайызы орта, ірі кәсіпорындар- 1,3 пайыз құрады. Тіркелген заңды тұлғалардың көбі Алматы қаласында- жалпы санының 29,6 пайызы, Оңтүстік Қазақстанда 8,9 пайыз, Шығыс қазақстанда 7,5, Қарағандыда 7,0, Астанада 6,4. Республика бойынша заңды тұлғалардың 31,4 пайызы негізгі қызмет түрі сауда, автомобильдер мен үйде қолданылып, пайдаланатын зат бұйымдарды жөндеу, 12,8 пайы -, қозғалмайтын мүліктермен операциялар жасау, 9,3 пайыз - өнеркәсіп, 8,2 пайыз – білім беру, 5,9 пайыз- ауылшаруашылығы кәсіпорындары.

 Жук тасымалдау. 2003 жылы жүк тасымалдаудың жалпы көлемі (көлік емес үйымдар және коммерциялық тасымалдаумен шұғылданатын кәсіпкерлер тасымалдаган жүк көлемінің бағалауын есепке алғанда) 1540,1 млн. тоннаны кұрап, 2002 жылмен салыстырғанда 9,6% артты.
 Инвестициялар. Негізгі капиталға инвестициялардың көлемі 1037,6 млрд. теңгені кұрады, бұл 2002 жылмен салыстырғанда 9,8% көп.
 2003 жылы инвестнция көлемінің өскені республиканын 13 аймағында банкалды. Инвестицлялык қызметтің ең қолайлы жағдаиы Жамбыл (2,9 есеге), Қостанай, Ақтобе, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы облыстарында (1,2-1,4 есеге), Қарағанды облысында және Алматы қаласында (10-14%) байқалды.
 2003 жылы салынған үйлердің көлемі республиканың барлық аймақтарында 2002 жылдың тиісті кезеңіне артты. Тұрғын үй құрылысы белсенді түрдеСолтүстік Қазақста және Жамбыл облыстарында жүруде, онда тұрғын үйлерді іске қосу көлемі 2002 жылмен салыстырғанда тиісінше 4,0 есе және 3,6 есе өсті.
 Сауда және өзге де қызметтер Жедел деректер бойынша 2003 жылы бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 838,3 млрд тенгені құрап, 2002 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 9,9 пайыз өсті. 2003 жылдың қарашасында 84,1 млрд тенгенің тауарлары өткізілді, бұл тұрақты бағамен есептегенде 2002 жылығы қарашадағы деңгейден 9,9 пайыз жоғары.
 Бағалар Қазақстанның бірқатар аймақтарында 2003 жылдың желтоқсан айында 2002 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда тұтыну тауарлары мен қызметтерінің бағалары өсті. Осы кезеңде Оңтүстік Қазақстан облысында тұтыну бағалары 6,9 пайызға өсті. Бағалардың ең жоғары өсімі Ақмола 8,7 пайыз, Жамбыл- 8,6 пайыз, Қызылорда – 8,1, Маңғыстау 7,3, облыстарында Алматы қаласында 8,5 пайызға өсті.
 Әлеуметтік сала
 Жұмыссыздық және жұмыспен қамту. Республикада 15 жас және одан аскан экономикалық түрғыдан белсенді халықтын саны 7,5 млн. адамды күрайды. Республика экономикасында 6,9 млн. адам жұмыспен қамтылган. Жалдамалы қызметкерлердің саны 4,3 млн. адам, олардың мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда – 80,7 пайыз , жеке тұлғаларда – 12,8 пайыз., шаруа қожалықтарында – 0,8 пайыз жұмыспен қамтылған.
 Жұмыссыздар саны 2000-2001 жылдармен салыстырғанда 57 мың адамға көбейіп, 2003 жылы 673,4 мың адам болды.
 2003 жылы 137,4 мың адам жұмыспен қамтылды, оның ішінде -2,9 мыңы - ауыл тұрғындары.

 Халықтың табыстары. 2003 жылы халықтың жан басына орташа атаулы ақшалай табыстары 93975 теңгені күрап, 2002 жылмен салыстырғанда 14,5%, ал нақты акшалай табыстары 7,7% артты. Республиканың әр аумақтарында халықтың табыстары өзгеше: ең жоғары Астана қаласында - 14184 теңге, ең төмені - Қызылорда облысында - 4219 теңге және олардың арасындағы айырма - 3,4 есе. Кедейшілік көбінесе ауыл жерлерінде шоғырланған, соның ішінде Манғыстау облысының 83,6% ауыл түрғындарының табыстары күнкөріс мөлшерінен төмен.
 Еңбекке ақы төлеу. 2003 жылы атаулы жалақы 22697 теңге болды, бұл 2002 жылмен салыстырғанда 14,2% өсті. Оның деңгейі күнкөрістің ең төмен деңгейінің шамасынан 4,6 есе, еңбекке ақы төлеудің ең төменгі мөлшерінен 5,1 есе асты. Ең жоғары еңбекке акы қаржы кызметкерлерінде - 55126 теңге, көлік жіне байланыста - 54356 теңге, мейрамхана және қонақүй қызметкерлерінде 40056 теңге сақталды. Ең аз және жоғары еңбек ақы төлеу мөлшері арасындағы айырма 5,8 есені құрады.

 Демографиялық процестер. Еліміздің халық саны – 14935,2 мың адамды құрайды, соның ішінде 8484,9 мыңы (56,8%) - қалалықтар және 6450,5 мыңы (43,2%) - ауыл тұргындары. Халықтың табиғи өсімі 84452 адам болды.
 Халыктың көші-қон айырымының шамасы 2002 жылмен салыстырғанда 4,7 есе кеміп, 11697 адамды күрады. Республикадан тыс жерлерге 104436 адам көшіп кетті, соның ішінде 74192 - ТМД елдеріне, 30244 - ТМД елдерінен тыс жерлерге көшті.
 Қазакстан экономикасының соңғы үш жылдағы дамуын талдау республиканың әр аумақтарында өмір сүрудің әлеуметтік-экономикалық деңгейіндегі айырмашылыктардын елеулі екендігін көрсетеді. Оның негізгі себебі, даму жоспарларын дайындау барысында аумақтық ерекшеліктер ескерілмеген, облыстардын, бастапқы мүмкіндіктері есепке алынбаған. Сондай-ак, салалық және аймақтық деңгейдегі шаралардың сәйкессіздігі де аймақтардағы халықтың түрмыс деңгейі көрсеткіштерінің түрлі болуын арттырады.

 2.2 ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ 2003 ЖЫЛҒЫ ҚОРЫТЫНДЫСЫ.

 Өнеркәсіп: 2003 жылы 120,4 млрд. тенгенің әнеркәсіп өнімі өндірілді. Физикалық көлем индексінің өсімі 2002 жылмен салыстырғанда 109,8 пайыз құрады. Қаржылық емес корпорация секторы бойынша 2003 жылда өнеркәсіп өндірісінің физикалық көлемі өткен жылмен салыстырғанда 10,7 пайыз артты, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде – 10,7 пайыз, тау-кен өнеркәсібінде-11,5 пайыз, электр қуатын өндіру мен газ бен суды тарату саласы 5,2 пайызға төмендеді.
 Өнеркәсіп өндірісінің негізгі өсімі , өңдеу саласының артуы арқылы қамтамасыз етілді, жалпы көлемінің 88 пайзы өңдеу өнеркәсібінің үлесінде. 2003 жылы 85,8 млрд. Тенгенің өнімі өндірілді. Өңдеу өнеркәсібі көлемінің маңызды өсуімен мұнай өнімінің 115,4 пайызға артуы көмегін тигізді, оның саладағы көлем үлесі 43,4 пайызды құрайды. 2003 жылы мұнай өнімдерінің негізгі түрлерінің өндіріс көлемі : бензин-872,6 мың тонна, дизель отыны-1233,8 мың тонна,мазут-1359,3 мың тонна, авиакерасин-213,3 мың тоннаны құрады. Өткен 2002 жылмен салыстырғанда металургия өнеркәсібіндегі өнім көлемінің құлдырауы жалғасуда 25,2 пайыз. Өндіріс көлемінің төмендеуінің негізгі себебі шикізаттың жеткіліксіздігі болып табылады. Тоқыма және тігін өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 2002 жылмен салыстырғанда 97,7 пайыз құрады, бұл ұзын және қысқа жемпірлердің 87,7 пайз , ерлердің жұмысшы киімі 43,1 пайыз, шұлық 67,2 пайыз, мақта талшығы 3,9 пайыз орындалуына байланысты төмендеп отыр. Химия өнеркәсібінде өндіріс көлемі 2002 жылмен салыстырғанда 17,9 пайыз артты. Өсім дәрі дәрмек тауарлар түрінің ұлғаюына байланысты болды. Ол 2002 жылмен салыстырғанда 12 пайызды құрады. Өңдеу өнеркәсібінің жағдайы, оның даму деңгейі облыс экономикасын дамыту мен азық түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты элементтерінің бірі. 2003 жылы азық түлік өндірісі , сусындар мен темекі өнімдерін қоса алғанда ақшалай көрсеткіште 16633,8 млн. Тенгені құрады, бұл 2002 жылмен салыстырғанда 14,7 пайыз артық. Ауыл шаруашылық өнімін өңдеу көлемінің өсімі келесідей азық- түлік өнімдерінің түрі бойынша байқалуда: ет 0,3 пайыз, құс еті 5 есе, шұжық өнімдері 2,2 есе, өсімдік майы 25,3 пайыз, өндірілген көкөністер немесе консерванттар 59,3 пайыз, жүзім шарабы 55,1 пайыз,сыра 20,9 пайыз, ішкілікке жатпайтын сусындар 2 есе, минералды су 17,9 пайызға.
 Құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорындар саласында өндіріс көлемінің өсуіне қол жеткізді. Құрылыс материалдарының өсімі19,9 пайызды құрады немесе кәсіпорындармен 3176,4 млн. Тенгенің өнімі өндірілді. Цемент өндірісі 27,3 пайыз, әк өндірісі 34,8 пайыз артты. Облыс кәсіпорындары бойынша тауарлы бетон өндірісі өткен жылмен салыстырғанда 52,2 пайыз артты немесе 83,5 мың тонна, бетоннан жасалған жиынтық құрылыс конструкциясы2,3 есеге немесе 34 мың тоннаға артық өндірілді.
 Машина жасау асласында өндірістің өсім тенденциясы қалыптасуда. 2002 жылмен қарағанда өндірілген машина және жабдықтар 20,8 пайыз артты, бұл өндіріс өнімінің артуымен, импорт алмастыру шеңберіндегі отадық ірі тұтынушылармен, әсіресе темір жол көліктері үшін жабдықтар жасауда. 2003 жылы 10,6 млрд. Тенгенің импорталмастыру өнімі жіберілді, бұл 2002 жылдағыдан 8,2 пайыз артық.
 Өнеркәсіп кәсіпорындарындажаңа жұмыс орындары ашылуда. Жылдың басынан облыстың 41 кәсіпорындарында жаңа кәсіпорындарды іске қосу, әрекеттегілерін ұлғайту, жаңа өнім түрлерін шығару есебінен қосымша 3217 жұмыс орны ашылды. Сайрам ауданында тоқтап тұрған шарап және шарап өнімдерін шығаратын ЖҮЗІМ ЖШС кәсіпорны 51 жұмысшы орынмен іске қосылды. Шымкент қаласындағы РФС ЖАҚ мұнда 130 адам жұмысқа тартылды және Фоском ЖАҚ кәсіпорындарын 30 жұмысшы орынмен іске қосуға байланысты дайындық жұмыстары жүргізілуде, КиТ Со ЖШС 189 жұмысшы орнымен спирт шығаратын өндіріс, құрылыс материалдарын өндіретін 164 жұмысшы орынмен Бритекс Лайн ЖШС іске қосылды жәнет.б.

 Ауыл шаруашылығы: Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2003 жылы ағымдағы бағада 83,1 млрд. Тенгені құрады, бұл 2002 жылмен салыстырғанда 3,5 пайыз артық , оның ішінде мал шаруашылығы өнімі 24,4 млрд. Тенге немесе 5,1 пайыз, егін шаруашылығы 58,6 млрд. Тенге немесе 2,8 пайыз артық. 2004 жылғы 1 қаңтарда облыста 53295 ауыл шаруашылық тауар өндірушілер әрекет етсе, оның 541815 шаруа қожалықтары және 1480 шаруашылық субьектілері. Облыстағы құрылған 14 ауылдық несие серіктестіктерінің 7 жұмыс істейді, оның ішінде Агронесие Ордабасы ЖШС АНС, Сайрам несие ЖШС АНС, Шардара несие ЖШС АНС, Асыката несие ЖШС АНС, Сарыағаш несие ЖШС АНС, Қазығұрт несие ЖШС АНС және Түркістан несие ЖШС АНС. Ауылдық несие серіктестіктерінің құрылғандарынан бері өзінің құрылтайшыларына мал мен егін шаруашылықтарын дамытуға 932,6 млн тенге несие бөлінді, соның ішінде 2003 жылы 564,8 млн тенге.
 Облыстағы өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы өсімі

 Облыста құрылған 52 МТС-тың қазіргі кезде 46 жұмыс істейді, олармен 59,4 мың га алқапта 102,5 млн. Тенгенің қызметін көрсетті. Ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне көмек көрсету үшін 305 дайындау пункті, оның ішінде 212 шитті мақта дайындауға арналған, 50 ауылшаруашылық тауар өндірушілер қауымдастығы, 21 көтерме азық түлік нарығы қызмет етеді. Ауылдық тауар өндірушілерін техникамен қамтамасыз ету деңгейін жақсарту мақсатында облыста құрылған Жәрдем МКК, облыс бюджетінен 150 млн тенге бөлінді. Тендерді жеңіп алған МТЗ Азия сервис ЖШС- тік МТЗ-80 маркалы 84 трактор сатып алды. Облыста алынған техникалар ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне ұзақ мерзімге лизинг негізінде сатылады.
 Егіншілік: Облыстық статистика басқармасының жедел мәліметі бойынша 2003 жылы 497,4 мың тонна астық жиналды немесе өткен жылмен салыстырғанда 90,4 пайыз. Майлы дақылдар 76,4 мың тонна жиналды,немесе өткен жылмен салыстырғанда 78,9 пайыз артық, мақта 387,7 мың тонна тиісінше 7,6 пайыз, көкөніс 418,3 мың тонна немесе 4,7 пайыз, картоп 137,7 мың тонна немесе 19,6 пайыз. Өткен 2002 жылмен салыстырғанда бақша дақылдары 16 пайызға кеміп немесе 244,6 мың тоннаны құрады, жеміс жидек 4,6 пайыз, немесе 45,7 мың тонна, жүзім 2 пайызға немесе 19,3 мың тоннаны құрады. 2004 жылдың өніміне күздік дақылдарды 180 мың гектарға орналастыру көзделуде. Облыс тауар өндірушілері қажетті көлемде күздік бидаймен толық қамтылған. Күздік егіс 162,1 мың га егелде немесе тапсырманың 90 паызы. 240,9 мың гектар жер жыртылды немесе межеленген тапсырманың 64 пайыз.
 Мал шаруашылығы: Облыс бойынша 2003 жылы шаруашылықтың барлық санаты бойынша мал шаруашылығы өнімі өндірісінің өсімі және мал мен құстың барлық түрлері бойынша өсімі байқалды.
 2003 жылы шаруашылықтың барлық санаты бойынша мал өнімдерінің негізгі түрлері төмендегідей көрсеткіштермен сипатталады: тірі салмақтағы ет өндірісі – 112,3 мың тонна немесе 103,5 пайыз, сүт – 428,5 мың тонна немесе 106,6 пайыз, жұмыртқа – 187,6 млн. дана немесе 2002 жылмен салыстырғанда 121,6 пайыз.
 Сонымен қатар , облыс бойынша мал мен құстың барлық түрінің саны өсті, бұл төмендегідей көрсеткіштермен сипатталады:
 - ірі қара мал басы 520,3 мың бас немесе өткен жылмен салыстырғанда 112,6 пайыз;
 - шошқа – 30,5 мың бас немесе 136,2 пайыз;
 - қой мен ешкі - 2457,7 мың бас немесе 109,5 пайыз;
 - жылқы – 108,1 мың немесе 108,7 пайыз;
 - түйе – 12,7 мың немесе 106,0 пайыз;
 - құс – 1953,7 мың бас немесе 105,7 пайыз.
 Облыста сиырды қолдан ұрықтандыратын 193 пункт жұмыс істейді, онда 50,6 мың бас сиыр ұрықтандырылды немесе 2002 жылға қарағанда 11 мың сиырға артық.
 Мал дәрігерлік қызметін жақсарту үшін , облыстың барлық аудандары мен қалаларында індет аурулурына қарсы іс – шаралар ұйымдастыруға 15 «Мал дәрігерлік қызметі» мекемесі құрылды, онда 263 мал дәрігерлері жұмыс істейді.

 Көлік
 2003 жылы облыста барлық көлік түрлерімен 13870,2 мың тонна жүк тасылды немесе өткен жылға қарағанда 112,9 пайыз , оның ішінде теміржол көлігімен – 12745,8 мың тонна (109,3 пайыз) , автомобиль -1124,4 мың тонна (179,8 пайыз). Жеке меншік пен көліктік емес ұйымдармен тасымалданатын жүк көлемін есепке алғанда облыс бойынша барлығы 70465,2 мың тонна жүк (120,9 пайыз) тасылды.
 Көліктін барлық түрімен 2003 жылы 39,2 млн. Жолаушы тасылды немесе 2002 жылмен салыстырғанда 105,7 пайыз. Жеке меншік пен көліктік емес ұйымдармен тасымалданған жолаушы көлемін есепке алғанда облыс бойынша барлығы 701,3 млн. Жолаушы тасылды, бұл 2002жылмен салыстырғанда 1,1 пайыз жошғары.
 Жалпы тасылған жүк көлемі (мың тонна)

 Тұтыну нарығы
 2003 жылы облыс бойынша кәсіпкерлік қызметпен айналысатын физикалық тұлғалардың, сатушы кәсіпорындардың айналымы 98,4 млрд. Теңгені және 2002 жылмен салыстырғанда 8,4 пайыз құрады.
 Бөлшек сауда айналымы (қоғамдық тамақтануды есепке алмағанда)32,8 млрд. Теңгені құрады және 2002 жылмен салыстырғанда 11,0 пайыз артты. Бөлшек сауда айналымы көлемі негізінен тауарларады киім - кешек , аралас және азық – түлік нарық орындарынан алу есебінен қалптасты , ондағы жеке кәсіпкерлер әрекетінің айналымы 19,7 млрд. Тенгені құрады, бұл көрсеткіш 2002 жылмен салыстырғанда 14,5 пайыз артты. Жалпы тауар айналымының ішінде нарық орындарындағы сауда көлемінің үлгесі 59,6 пайыз құрады.
 Сауда кәсіпорындарының бөлшек сауда айналымы көлемі 13,2 млрд. Теңге құрады, олардың айналымы 6,1 пайызға артты.
 Облыстың көтерме нарығында өткен кезеңде сауда көлемі 64,6 млрд. Теңгені (2002 жылмен салыстырғанда 7,2 пайыз) құрады.
 Қоғамдық тамақтандыру секторы 714,14 млн. Теңгенің қызметін көрсетті, жалпы тауар мен қызмет айналымының ішінде қоғамдық тамақтандырудың үлес салмағы 0,7 пайызды құрады.
 Шағын кәсіпкерлік
 Шағын кәсіпкерлік тіркелген субьектілер саны 2004 жылғы 1 қаңтарына 105,5 мың бірлікті құрады. Өткен жылмен салыстырғанда облыстағы кәсіпкерлік субьектілерінің санының өсімі 9,5 пайызды құрады.

 Шағын бизнес дамуы


 Облыс азаматтарына заңды тұлға құрмай жеке кәсіпкерлікпен айналысу мен шаруа шаруашылықтары өте қолайлы. Жеңілдетілген тіркеу мен салық салу шағын бизнестің осы саласына 2004 жылдың 1 қаңтарына жұмысшы саны 57,4 мың адамды құрайтын 44,6 мың субьектіні тартты және шаруа шаруашылығына 174,7 мың адам немесе 49,7 мың субьект. Заңды тұлға құра отырып тіркелген шаруашылық субьектілерінің саны 11,2 мың бірлік. Оның әрекет ететіні 7,9 мың бірлік жұмысшылар саны 56,8 мың адам. Шағын бизнестің салаларында барлығы 296,5 мың адам немесе 32 пайызы жұмысқа тартылған. 2003 жыл басынан бері облыстың шағын кәсіпкерлік субьектілерімен 101,3 млрд. Тенгенің өнімі өндірілді (2002 жылы 68,5 млрд тенге). Заңды тұлға ретінде құрылған әрбір кәсіпорынға 7689,5 мың тенге көлемінде өнімі өндіріліп қызметі көрсетілді. Шағын кәсіпкерлік субьектілерінен жыл басынан бюджетке 4423,7 млн тенге (2002 жылы 3411,1 млн тенге) төленді. Заңды тұлғалар 3960,0 млн тенге салық төледі. Әрекет ететін әрбір заңды тұлғаға 555,6 мың тенгеге дейін бюджетке төлемнен келеді. Салалар бойынша шағын және орта бизнестің бүгінгі күні жағдайы келесідей: ауыл шаруашылығында шағын кәсіпкерлік субьектілерінің 49,5 пайызы айналысады, саудада 36,5 пайыз, көлік пен байланыста 2,5 пайыз , өнеркәсіп өндірісі мен ауыл шаруашылығында 1 пайыз, қонақ үй саласында 1,2 пайыз, құрылыста 0,7 пайыз, кәсіпкерліктің басқа түрлерімен 8,1 пайыз. Шағын бизнес обьектілерін тұрғын үйлерде ашу үшін пәтерді қайта жобалауға 1825 рұқсат берілді.

 Бюджет саласы
 2003 жылы мемлекеттік бюджеттің кірісі контингент бойынша 43743,8 млн. Тенгені құрады, немесе жоспар 104,1 пайыз бен орындалып, өткен жылмен салыстырғанда 31,9 пайызға өсті. Бұл сомманың қомақты бөлігі (56,1 пайыз) республика бюджетіне бағытталды, ол өткен жылдан 1,6 есе артық немесе 24520,4 млн тенгені құрады. Жергілікті бюджеттің кіріс бөлігінің жоспары 105,8 пайызбен орындалып, 19223,5 млн тенгені құрады. 2002 жылмен салыстырғанда жергілікті бюджетке кірістер 8,7 пайызға өсті. Жергілікті бюджеттің кіріс бөлігінің жоспары Бәйдібек ауданы (96,7) мен Түркістан қаласынан (99,9) басқа барлық аудандар мен қалалар бойынша орындалды. Республикадан облыс аумақтары бюджетін қаржыландыруға жоспарланған 19072,3 млн тенге субвенция алынды. Жергілікті бюджеттің кірісі әдеттегідей жеке тұлғалардың табыс салығы, әлеуметтік салық, акциздің есебінен құралады, олардың жалпы кірістер құрылымындағы үлесі 83 пайыз. 2002 жылмен салыстырғанда бюджетке әлеуметтік салықтан – 1,2 есе , мүлік салығынан 1,3 есе, құмар ойын бизнесіне салынатын акцизден 3,3 есе артық кірістер болды. Бір жолғы талондар арқылы қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалардың жеке табыс салығының жоспары орындалмады. Жоспардың орындалмауының негізгі себептерінің бірі Шымкент қаласының көптеген базарларында және сауда қатарларында 2-3 ай бойы құрылыстың жүруі, бүгінгі таңда бұл жұмыстар Құлтай ана , облыстық муниципалды базар, Алтын орда, Әсет және т.б базарларда жалғасуда. Өткен 2002 жылмен салыстырғанда заңды тұлғалардың көлік салығының бюджетке түсімі 2 млн тенгеге кемуінің себебі 2002 жылмен салыстырғанда заңды тұлғаларға қарасты жеңілдік алған автокөліктердің 232 автокөлікке көбеюі және ТМД мен алыс шет мемлекеттерде шығарылған қолдану мерзімі 6 жылдан 15 жылға дейінгі жеңіл және жүк таситын автокөлік санының көбеюі. 2003 жылы мақтаның кеш пісуіне байланысты көптеген шаруа қожалықтары өнімін өткізе алмағандықтан, уақтылы біріңғай жер салығын төлеуге жағдайы болмады. Сол себептен бұл салық бойынша түсімдер өткен жылмен салыстырғанда 1,6 млн тенгеге кеміді. Бюджетке мезгілінде төленбеген берешек жыл басымен салыстырғанда 2,2 есе кеміп,1,01,2004 ж 1732,7 млн тенгені құрады. Жыл басымен салыстырғанда контингет бойынша бюджетке мерзімінде төленбеген берешек Қазығұрт (3,1 млн тенге) ауданында өскендігі байқалды, облыстың басқа аймақтарында бұл көрсеткіш кеміді.
 Инвестициялық сала
 2003 жылда негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 30284,3 млн тенгені құрап , өткен жылмен салыстырғанда 125 пайызы болды. Инвестиция көлемі жасырылған және формальды емес қызметтерді есептемегенде барлық мекемелер мен ұйымдар меншігіндегі негізгі капиталдың орындалуы 24318,5 млн тенгені құрады, бөл өткен жылдан 127,7 пайызға артық, оның ішінде:
 Республикалық бюджеттің есебінен 2003 жылы игерілген инвестиция 3759,98 млн тенге немесе өткен жылмен салыстырғанда 4,9 есеге көп, бұл облыс бойынша орындалған қаржы көлемінің 15,4 пайызын құрады.
 Әлеуметтік сала кешендерінің құрылысына 1649,8 млн тенге қарастырылған, оның ішінде:
 - білім беру кешендері , 2003 жылдағы игерілгені 955,5 млн тенге немесе 99,1 пайыз, жылдық көлемдегі қаралған 964,6 млн тенге, немесе 86,2 пайыз 2004 жылдың 1 қаңтарындағы бөлінген қаржының , оның ішінде:
 2003 жылы жергілікті бюджеттің қаржысының игерілгені – 2874,4 млн тенге немесе 2002 жылмен салыстырғанда 132,0 пайызды құрап, бұл жалпы атқарылған жұмыс көлемі мен игерілген қаржы көлемінің 11,8 пайызы, оның ішінде:
 - жоспардағы тұрғын үй салу құрылысы 124,2 млн тенге болса, нақты игерілгені 124,2 млн тенге немесе 100 пайыз;
 - коммуналдық кешендерге 772,9 млн тенге, игерілгені 776,9 млн тенге немесе 100,5 пайыз;
 - денсаулық сақтау кешендеріне 240,5 млн тенге, игерілгені 248,9 млн тенге немесе 103,5 пайыз;
 - білім беру кешендеріне 462,4 млн тенге, игерілгені 462,1 млн тенге немесе 99,9 пайыз;
 - коммуналды меншік кешендерін күрделі жөндеуге 61,2 млн тенге, игерілгені 61,0 млн тенге немесе 99,7 пайыз;
 - ауыз сумен қамтамасыз ету кешендерінің құрылысын салуға 114,7 млн тенге, игерілгені 114,7 млн тенге немесе 100,0 пайыз;
 - автокөлік жолын салу құрылысына 256,3 млн тенге, игерілгені 357,6 млн тенге немесе 139,5 пайыз орындалды.
 Ұйымдар мен мекемелердің және халықтың өз қаржысы бойынша – 21023,12 млн тенге немесе өткен жылмен салыстырғанда 103,9 пайызды құрап, бұл жалпы орындалған қаржы көлемінің 69,4 пайызы. Қаржылардың басым бөлігі негізгі қорларды құруға және іске қосуға жұмсалды, кокс өнімдері және мұнай өңдеу өндірісі – 1754,4 млн тенге, көлік және байланыс – 3415,7 млн тенге, электр қуатын газ бен су өндіру және бөлу – 2901,4 млн тенге, тағамдық азық түлік бүйымдарын өңдеу – 2412,7 млн тенге, қозғалмайтын мүлікпен операцияларға, мекемелердің жалға алуы мен қызметіне -2274,8 млн тенге, 2034,5 млн тенге, ауыл шаруашылығы және балық аулау – 1845,4 млн тенге, және әлеуметтік қызмет – 1793,2 млн тенге, білім – 1727,2 млн тенге, басқа да қызметтер түрлеріне -859,9 млн тенге, тоқыма және тігін бұйымдарын өңдеуге – 665,1 млн тенге, металлургия өнеркәсібіне – 547,9 млн тенге, қонақжайлар мейрамханалар және ресторандар – 524,0 млн тенге өзге де минералдыметалл емес өнімдерді өндіруге – 384,2 млн тенге. Инвестицияны игеру облыс бойынша өткен жылмен салыстырғанда 25,0 пайызға көбейгенімен, бірақ инвестицияның төмендеуі тау кен өндіру өнеркәсібінде – 8,6 , тоқыма мен тігу өнеркәсібінде, өзге де минералды өнімдерді өндіру, денсаулық сақтау -21,5 пайызға төмендеп кеткендігі байқалды. Инвестицияның негізгі капиталға игерілуіне Сайрам – 9,9 пайыз, Түлкібаста – 33,8 пайыз, және Шардарада – 77,1 пайызға аудандары бойынша төмендеген.
 Шетел инвестициясы – 2626,8 млн тенге немесе 2002 жылмен салыстырғанда 88,3 пайызды құрап, бұл облыс бойынша орындалған қаржы көлемінің 10,8 пайызын құрады. Шетел инвестициясы:
 - ауыл шаруашылығы және балық аулау -941,9 млн тенге;
 - тау кен өндіру өнеркәсібі – 816,1 млн тенге;
 - өңдеу өнеркәсібі – 108,6 млн тенге;
 - білім – 7,6 млн тенге;
 - денсаулық сақтау -752,6 млн тенге салаларына жұмсалған.

 Шымкент, Түркістан қалалары мен Созақ пен Мақтаарал аудандарынан басқа көп аудандар мен қалаларда шетел инвестициясын тартылуына қажетті жағдай туғызылмаған. 2003 ж басынан бері әлеуметтік кешендер және тұрғын үй құрылысына 2274,9 млн тенге бағытталды. Оның ішінде тұрғын үй құрылысына – 7858,4 млн тенге жұмсалып, былтырғы жылмен салыстырғанда 189,8 пайызды құраған. 4801,9 млн тенгеге 2003 жылдың есепті мерзімінде негізгі қаржы игерілді. 2994 ғимараттар пайдалануға беріліп, жалпы көлемі 412,3 мыңшаршы метр көлемі игеріліп, оның ішінде тұрғын үйлер тиісінше 2748 бірлігі 313,1 мың шаршы метр, өткен 2002 жылдың деңгейінен 53,1 пайызға жоғары. Тұрғын үйдің жалпы облыс бойынша (309,5 мың шаршы метр) халықтың қаржысы есебінен пайдалануға берілгені 98,9 пайызды құрайды. 2003 жылы облыстың барлық өңірінде , Сайрам Ордабасы және Созақ аудандарынан басқа сәйкесіше іске қосу көлемдері 62,6, 16,5, және 5,4 пайызға төмендеген, өткен жылдың деңгейінен салынған тұрғын үйлер қөлемі артқан. Шымкент қаласы 3,6 есе, Шардара ауданында 2,4 есе пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемі артты. Республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен 23,11,2003 ж бекітілген 2003 жылдың күрделі құрылыс жоспары бойынша 49 кешенді пайдалануға беру көзделген. Олардың есепті мерзім кезінде пайдалануға берілгені 31 кешен, олардың ішінде:
 - Астана қаласы ОҚО өкілдігіне ғимарат сатып алу мен оны жаңадан жөндеу;
 - Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданының Құлан поселкесіне қос пәтерлі тұрғын үй құрылысын салу;
 - Төлеби ауданы Көксәйек с 25 төсектік инфекциялық бөлім;
 - Түлкібас ауданы Т. Рысқұлов аудандық тері мерез диспансері;
 - Шардара ауданы , Қазақстан аулында 50 төсектік селолық ауырухана, жылыту пеші;
 - Ордабасы ауданы Бадам с Қажымұқан атындағы толдық емес ОМ қосымша құлысы;
 - Сарыағаш ауданы Бағыс 240 оқу орын ОМ мектебінің құрылысын аяқталуы;
 - Сарыағаш ауданы Бағыс ОМ қосымша спорт залының құрылысы;
 - Шардара қ 2 м/ аудан Әуезов атындағы 8 сыныптық оқу блогы;
 - Бәйдібек ауданы Жиенқұм с Жиенқұм ОМ спортзалы;
 - Шымкен қаласы Самал м/ауд 1200 оқушыға ОМ құрылысы;
 - Төлеби ауданы Ленгер қ Болашақ мектебінің аумағындағы 198 оқұшы орынды Дарын мектебінің оқу блогы;
 - Шымкент қаласы Иляев көш 69 үйдің 65 пәтерлік тұрғын үй;
 - Шымкен қаласы Отрар м/ ауд 13-1 үйінің 30 пәтерлік тұрғын үй және тағы басқалары.

 Сыртқы экономикалық қызмет
 Қазақстан Республикасының Үкіметінің Бағдарламасына сәйкес, сыртқы сауда айналымының негізгі бағыты сыртқы нарықтардың конюктурасына тәуелділікті төмендетіп, экспорттық шикізаттық бағыттан кету мақсатында отандық өнеркәсіптердің бәсекелік қабілеттіктерін көтеру негізінде сауда айналымының құрылымын өзгерту болып табылады. 2003 жылы экспор импорттық операциялар әлемнің 65 елімен жасалынды. Облыстың сыртқы сауда айналымы 481,0 млн АҚШ долларын құрады, бұл 2002 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 42,2 пайызға артты оның ішінде экспорт-288,3 млн АҚШ доллары – 41,0 пайызға, импорт – 192,7 млн АҚШ доллары- 43,9 пайызға сәйкесінше артқан. Нәтижесінде экспорт импорттан артып сыртқы сауда балансы 95,6 млн АҚШ доллары мөлшерінде оң сальдо болып жасақталды (2002 жылы – 70,5 млн АҚШ доллары болған).

 Сыртқы сауда айналымының динамикасы


 Есепті кезеңде сыртқы сауды айналымының негізгі бөлігі экспорттың (59,9 пайыз) үлесіне тиді. Импорттық түсімдердің үлесі облыстағы жалпы сыртқы сауда айналымының 40,1 пайызды құрады (2002 жылы 39,5 пайыз болған).
 Сыртқы сауда айналымында ТМД елдеріне жалпы көлемнің 49,1 пайызы, Европа елдеріне – 31,0 пайыз, Азия елдеріне – 18,6 пайызда сәйкесінше Америка және Африка елдеріне – 1,3 пайыздан келеді. Экспорттық жеткізулер бойынша әлемнің 36 еліне жүзеге асырылады. Облыс өнімдерінің негізгі тұтынушылары, Латвия (барлық экспорттық тапсырыстың 26,3 пайызын құрайды), Ресеи федерациясы (22,2), Қытай (10,0), Қырғызстан (8,7), Өзбекстан (7,7), Иран (5,1), Ауғаныстан (4,5), Тәжікістан (2,9), Германия (2,7), Туркия (2,5), Украина және Беларусь (1,3), Дания (0,5), Нидерланды (0,4), Литва және Түркменістан (0,3) болып табылады. Облыстың экспорттық жалпы көлемінің басым бөлігін : тоқыма мен тоқыма бұйымдары 49,3 пайыз, өткен жылдың осы кезеңінен 1 пайызға кем, өнеркәсіптің металургиялық өнімдері 12,6 пайыз немесе 7,6 пайызға аз, минералды өнімдер 18,2 пайыз, 8,8 пайызға тиісінше артық, мал мен өсімдіктен жасалынған өнімдер, дайын азық түліктік тауарлар 13,7 пайыз немесе өткен жылдың деңгейден 4,4 пайызға көп. Пропан , сығымдалған бутан қоспасы, реактивті отын, бензин жеткізіп беру жалғасты, құндық бағада дизельді отын 22,4 есеге, мазут 10,7 есеге, бензин 1,9 есеге, реактивті отын 1,2 есеге, өнеркәсіптің ұн жарма өнімдері- 6,1 есеге, мақта талшығының линті 4,7 есеге, қара металдың сынықтары мен қалдықтары – 1,2 есеге сыртқа экспорттау артты. Облысқа 64 елдердің тауарлары импортталады. Импорттық тауар құрылымының едәуір бөлігін жабдықтар мен механикалық бейімделген құралдардың ұлесіне тиесілі, жер бетіндегі көлік, темір жол құрамынан басқа, жабдықтар (импорттық жалпы көлемнің 35,4 пайызы), химиялық және өнеркәсіптің осы саласымен байланысты өнімдер (21,3), мал немесе өсімдіктен жасалынған азық түліктік дайын тағамдық тауарлар (13,7), минералды өнімдер (9,6), металургия өнеркәсібінің өнімдері (6,7), құрылыс материалдары (4,3), ағаш, целллюлоза қағазы бұйымдары (4,2) болды. Облысқа негізгі өнімдермен жабдықтаушылар Ресей федерациясы (жалпы импорттық көлемнің 39,7 пайыз), Германия (12,9), Өзбестан (7,9), Украина (5,2), Бельгия (5,0), Қытай (3,0), Италия (2,8), Туркия (2,4), АҚШ және Иран (1,7), Қырғызстан және Корея (1,5), Малазия (1,3), Жапония (1,1), Франция (1,0), Беларусь (0,8) Австралия (0,2) болып саналады.
 Бағалар
 Әлеуметтік экономиклық тұтыну секторында тарифтердің , тауарлардың және көрсетілген қызметтердің бағалары 2003 жылдың желтоқсан айында 2002 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,9 пайызға , соның ішінде азық түлік тауарлары 7,2 пайызға, азық түлікке жатпайтын тауарлар 5,9 пайызға, халыққа көрсетілетін ақылы қызметтер 7,2 пайызға артты.
 Әлеуметтік сала
 Еңбек нарығы: 2000 жылдан бастап өндірістің өсуіне және экономика салаларында жаңа жұмыс орындары ашылуына байланысты , жұмыссыздықтың төһмендеу тенденциясы байқалады. 2000 жұмыссыздар саны өткен жылмен салыстырғанда 12,4 пайызға төмендеп, 16,4 мың адамды құрады, 2001 жылы тиіңсінше 13 пайызға және 14,3 мың адамды құрады, 2003 жылы жұмыссыздар саны былтырғы жылдың тиісінше кезеңімен салыстырғанда 2311 азайып 10000 адамды құрады.


 Жалпы облыс бойынша , 1,01,2004 жылға жұмыссыздық деңгейі 1,02 пайызға төмендеді . Қала және аудан әкімдерінің мәліметтері бойынша , облыста 11868 жұмыс орны ашылды, соның ішінде орта бизнес саласында 3690, өнеркәсіпте- 3271, уақытша немесе маусымды – 1389. Сонымен қатар жаңа жұмыс орнын ашу қарқыны халықтың жұмыспен қамтуының өсуіне сәйкес келмейді және еңбекпен қамту көрсеткіштеріне әсерін тигізбей тұр. Мәселен, Сайрам ауданында 1239 жаңа жұмыс орындары ашылды, Түркістан қаласында 1164, Сарыағаш ауданында 1260. Осы аудандарда еңбекпен қамтылғандар тиісінше: 758 адам, 956 және 1060 адам. 2003 жылдың 12 айында еңбекпен қамту органдарымен 11213 жұмыссыз жұмысқа орналыстырылды, былтыр осы кезеңде олардың саны 11029 адамды құраған. Жалпы облыс бойынша , еңбекпен қамту деңгейі , жұмыссыз деп келгендердің 50,7 пайызын құрайды. Ақылы қоғамдық жұмыстарда 9530 жұмыссыз қатысты (2002 жылы 9504 адам болған). 01,01,2004 жылы кәсіби оқуға және квалификациясын көтеруге 1147 жұмыссыз жіберілді. 2002 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 261 адамға көбейген.

 Облыстың аудан және қалаларында бос жұмыс орындар жәрменкесі тұрақты өтіп тұрады. Онда 8,1 мыңнан астам адам 877 жұмыс берушілер қатысты. 3,6 мың бос жұмыс жұмыс орындар ұсынылды, нәтижесінде 2,1 мыңнан астам жұмыссыз еңбекпен қамтылды. Сонымен қатар 254 жұмыссыз ақылы жұмыстарға 197 қайта оқытылуға жіберілді.

 Еңбек қатынасы: 2003 жылы берушілермен еңбек заңдылықтарын сақтау бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 1102 тексеру өткізді. Тексеру барысында 7441 заң бұзушылық айқындалды, соның ішінде еңбек заңдылықтарын бұзу бойынша 2961, еңбекпен қамту бойынша 254, еңбекті қорғау бойынша4226. Тексеру қорытындысы бойынша жалпы соммасы 4,9 млн тенгеге 434 айып пұл салынды, 4,2 млн тенге өндірілді. 2003 жылдың 12 айында өндірісте зардап шекендер саны 104 адамды құрады, соның ішінде 7 адам өлімі тіркелді.
 Еңбекақы төлеу саясаты: 2002 жылдық 1 қаңтарына енгізілген мемлекеттік қызметкер болмайтын , бюджет саласы қызметкердлерінің еңбекақы жүйесі мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақы жүйесіне сәйкестендірілген, ол бюджет саласының барлық қызметкерлерінің еңбекақысын реттеуде біріңғай негізін қалады, оның тұрақтануын қамтыды және мамандығы бойынша жұмыс істей беруге ынталандырды. 2003 жылдың қаңтар-қараша айында ірі және орта кәсіпорындарындағы жалдамалы қызметкерлердің орташга еңбек ақысы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 16,3 пайызға өсіп 14998 тенгені құүрады. Қызметкерлердің еңбекақысы құрылыс қызметінде 28,6 пайыз, көлік және байланыс 20пайыз және қаржы қызметі саласында 18,1 пайызға көбейді. Сонымен қатар өнеркәсіп саласындағы қызметкерлердің еңбекақысы өсіп жалпы 5,1 пайыз құрады. Ең көп орташа айлық жалақы 29659 тенге қаржы қызметінде, ең азы 5639 тенге ауыл шаруашылығында сақталды және олардық арасындағы айырма 4,7 есе. 1,01,2004 жылы шаруашылық субьектілері еңбекақы бойынша қарызы алдын ала мәліметтер бойынша өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 40,7 пайызға төмендеп 261,5 млн тенгені құрады.
 Әлеуметтік қорғау: Халықты әлеуметтік қорғау жұмысы жақсартылып жатыр. Ел президенті Н.А Назарбаевтың Қазақстан халқына «2004 жылға арналған ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары» жолдауына сәйкес зейнетақының ең төмен деңгейі 2003 жылдың 1 шілдесінен 5,5 мың тенгеге дейін көтерілді. Облыс бойынша зейнеткерлер саны 154,3 мың адамды құрайды, 2003 жылы зейнетақы бойыншга қажеттілік 12,4 млрд тенгені құрады. Зейнетақының орташа мөлшері 7177 тенгені құрады.


 Халықты әлеуметтік қорғау бойынша басқа да шаралар жүргізілуде. 2002 жылдың 1 қаңтарынан , Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы Заң күшіне енді. Заң татаулы әлеуметтік көмек алуға құқұғы бар азаматтарды айқындады-олар, кедейшілік шегінен төмен табыстары бар республика азаматтары.
 Облыстың барлық аудан және қалаларында, атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың материалдық жығдвйын зерттейтін участкелік комиссия құрылды. Әр мұқтаж отбасыға әлеуметтік карта ашылады. Бұл аз қамтылғандардың құрылымын анықтауға және оларды жұмысқа орналастыру, ақылы қоғамдық жұмысқа тарту, микронесие беру, жер бөлу және атаулы әлеуметтік көмек беру арқылы, солардың өмір сүру деңгейін көтеруге нақты шара жасауға мүмкіндік береді. 2003 жыл жағдай бойынша жергілікті бюджеттен әлеуметтік көмекке 919 млн тенге қаржы бөлінді. Оның ішінде 120,6 мың азаматқа жалпы соммасы 824 млн тенгеге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып толық төленген. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы » Заңын іске асывру бойынша тұрақты бақылау жасалып отырады, соның нәтижесінде аз қамтылған азаматтар үлесі 2003 жылдың басындағы 5,7 пайыздан, қазір 4,2 пайызға дейін төмендеп 89,6 мың адамды құрады.

 2003 жылың 12 айында 1207 аз қамтылған адамдарға 7,5 млн шефтік көмек көрсетілді, 2245 аз қамтылғандарға 7,5 млн қайырымдылық тамақ ұйымдастырылды, тегін еммен және дәрі дәрмекпен 7,3 млн тенгеге қамтылды. 2000 адам жалпы соммасы 26,6 млн тенгеге қайырымдылық қорлардан әлеуметтік көмек алды . Всеобуч қорынан 4267оқушы 18,7 млн тенгеге көмек алды. Жалғыз басты қарт адамдарға көмек көрсету жұмыстары жылғасуда. 27 әлеуметтік көмек бөлімшелері 2,4 мың жалғыз басты қарт адамдарға үйлерінде қызметкөрсетеді, арзан бағамен сататын 58 дүкенге2273 адам жүктелге. Облыста киім жинайтын 158 пунк ашылыды. 2000 жылдан бастап, жасы 80нен асқан қарттарға облыс бюджетінен қосымша зейнетақы төленеді, 2003 жылы 600 зейнеткерлер 6,7 млн тенгег қосымша зейнетақы алды. Жылдың басынан «Ардагерлер үйінде»2897 және Сарығаш шипажайында 460 соғыс ардагерлері ақысыз ем
Категория: Экономика, Қаржы, Бухгалтерлік іс, Банктік іс, Салық! | Добавил: anonim02
Просмотров: 2680 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]