Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Ақпарат танымдық порталы

Сәрсенбі, 15.05.2024
Главная » Файлы » Білім және ғылым » Экономика, Қаржы, Бухгалтерлік іс, Банктік іс, Салық!

Әлеуметтік экономикалық дамуды жоспарлау [3 бөлім]
09.07.2011, 22:27
Ill БӨЛІМ

 ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ 2005-2010 ЖЫЛДАРҒА ДЕЙІН ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

 Қоғам дамуын болжаудың негізгі бір бағыты болып экономикалық болжау танылады. Экономикалық болжау объектісі -қоғамдық ұдайы өндіріс процесі, ал зерттеу заты - экономикалық объектілердің даму заңдылықтары, болашақ жай-күйі және экономикалық божамдар жасау, әзірлеу әдістері. Экономикалық болжау дегеніміз экономикалық прогностиканың барлық әдіс-тәсілдерін, құралдарын қолдануға және экономикалық құбылыстарды зерттеудің ғылыми әдістемелеріне негізделген экономикалық божамдар жасау процесі.

 3.1 Оңтүстік Қазақстан облысының 2005 жылға дейін әлеуметтік-экономикалық дамуы

 Аймақ экономикасының дамуы
 Өнеркәсіптің даму басымдықгары
 Облыстың өнеркәсіп өндірісіндегі негізгі басымдықтар мүнай өңцеуді, өнеркәсіптің тау-кен және өндеу салаларын дамыту болып қалады. Химия және мұнайлы химия салаларының, энергетика, машина жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсіптерінің, көлік және байланыстың дамуы қарастырылатын болалы.
 Болашағы. 2003-2005 жылдары өнеркәсіптің дамуын бүрынғысынша мүнай өндеу мен металлургия өнеркәсібі анықтайтын болады.
 2005 жылы өнеркәсіптік өнім көлемі 2002 жылмен салыстырғанда 129,6% артып, 163,6 млрд.теңгені қүрайды.
 Өндеу өнеркосібінде өндіріс көлемі негізінен тоқтап түрған "ИнтерКомШина" ААҚ косіпорынын іске қосу, "Южполиметалл" ЖАҚ жаңа металды мырыш өндірісін іске қосу, тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары мен "Химфарм" ААҚ-да жаңа технологияларда енгізу есебінен өсетін болады.
 Макта өңдеу саласында жаңа кәсіпорныдарды іске қосу есебінен мақта талшығын шығаруды алдыңғы жылдың деңгейімен салыстырғанда 2004 жылы 1,7%-ға, 2005 жылы — 2,7%-ға арттыру қарастырылуда.
 2005 жылы өндеу саласындағы өндіріс көлемі 131,6 млрд. теңгеге жетеді.
 Тау-кен саласындағы негізгі міндет пайдалы қазбалар алу, кең байыту көлемінің, экспортталатын өнімнің бәсекеге қабілеттігі өсімін қамтамасыз етуге жағдай жасау болып табьглады. Уран алу көлемінің өсімі "Инкай" және "Катко" БК қуатты толық пайдалану жолымен, "Теріскей" ЖШС алтын кенін пайдалану есебінен қарастырылады. 2005 жылы бұл саланың өсімі 2003 жылмен салыстырғанды 21,2%-ға жететін болады.
 "ШНОС" ААҚ-ның колда бар өндірістік куатын арттыру қарастырылуда, 2003 жылы мүнай өнімдері өндірісінің көлемін 3392 мың тоннаға дейін, 2005 жылы - 3612 мың тоннаға дейін жеткізу көзделуде, бұл - автобензршнің 4 маркасын — 830,6 мың тоннаға, керосинді — 76?2 мың тоннаға, мазутты 1612,2 мың тоннаға жеткізуге мүмкіндік береді.
 "ИнтерКомШина" ААҚ қызметін қалпына келтіру мен оның жүмысын тұрақтандыруды камтамасыз ету қарастырылуда. Әр түрлі үлгідегі шиналар шығару көлемін инвестиция тарту арқылы 2005 жылы үш еседен аса арттыру жоспарлануда.
 "Южполиметалл" ЖАҚ ("Южполиметалл" ЖАҚ КБК қоса есептегенде) тазартылған коргасын шығару көлемін 2005 жылы 2003 жылмен салыстырғанда 60%-ға, металды мырыш, бояу, қүбыр, қосып-ажыратқыштар цехтарын іске қосу есебінен металды мырышты - 6 есеге дейін арттыру қарастыруда.
 Машина жасау кешенін дамыту бағдарламасы номенклатураны үлғайтуды, жаңа цехтарды, қосалқы бөлшектер шығаруды, жана машиналарды жинау желілерін ашу, мүнай газ секторы, тау-кен кешені мен "Қазақстан темір жолы" РМК үшін жабдықтарды өндіру арқьиіы өндіріс көлемін арттыруға бағытталған.
 Тоқымда және тігін өнеркәсібін дамыту бәсекеге қабілетті өнім өндіру көлемін арттыру, тоқтап түрған өндірісті іске қосу, технологияларды жаңарту, цехтарды реконструкциялау негізінде қүрылатын болады. "Восход" ААҚ-да жабдықтарды жаңарту жөніндегі бизнес жоспар әзірленген, "Эластик" ААҚ-да әйелдер шүлығын шығаратын машиналар орнату қарастырылуда. "Сенім фабрикасы" ЖШС фабриканы кеңейтуді карастыруда.
 Тартылатын инвестицрія бірқатар өндірістерді реконструкциялауға, кеңейту мен ашуға, жаңа өнім түрлерін игеруге бағытталатын болады, 73
 бұл импорт алмастыру деңгейін арттыруды, тауарлы өнімнің бәсеке қабілеттілігін қарастырады.

 Ауыл шаруашылығын дамыту басымдықгары
 Мақта, көкөніс, жеміс-жидек, жүзім, сүт пен ет өндірістерін арттыру
 Болашағы. Елбасының 2003-2005 жылдарға арналған Қазақстан халқына Жолдауында анықталған міндеттерге сәйкес, Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған аграрлық азық-түлік бағдарламасын іске асыру шеңберінде облыста қабылданатын шаралар:
 - өңдеу кәсіпорындарын олардың өзіндік айналым қаржысын бюджеттік несиелермен толықтыру есебінен дамыту жөніндегі;
 - ауылдық округтерге ақпараттық - макетингтік жүйені қалыптастыру жөнінлегі;
 -ауылдық несие серіктестіктерін құру арқылы қаржы проблемасын шешу жөніндегі;
 - блыс аудандарында "ҚазАгроҚаржы" ЖАҚ желісі бойынша МТС қүру.
 Межеленген мақсаттарға жетуге облыстагы әзірленген мақта және жүзім шаруашылықтарын дамыту бағдарламасы, 2005 жылға дейінгі агроазық-түлік бағдарламаларды іске асыру ықпал етеді.
 2003 жылғы деңгейге өсімді 104,6%-ға үлғайта отырып, көрсетілген шараларды іске асыру есебінен 2005 жылы жалпы өнім көлемін 70,8 млрд теңгеге жеткізу межеленуде.
 Өсімдік шаруашылығы. Өсімдік шаруашылығының жалпы өнім көлемін 2002 жылғы 37 млрд. теңгеге қарсы 2005 жылы 41,8 млрд. теңгеге дейін жеткізу көзделуде.
 2003-2005 жылдар аралығында 2003 жылы 340 мың тоннадан 2005 жьтлы 350 мың тоннаға дейін астық өндіруді біртіндеп арттыру қарастырылуда немесе өсім 2,9%-ды қүрайды. Астық өндірісінің өсімі егіс көлемінің артуынан қалыптасады.
 2003-2005 жылдары майлы дақылдар егіс көлемін біршама арттыру қарастырылды немесе 51 мың га-дан 53 мың. га-ға дейін, негізінен мақсары егісін үлғайту есебінен.
 Шитті мақта өнімділігінің 2003 жылы 19 ц/га-дан 2005 жылы 20 ц/га-ға дейін артуы есебінен жалпы жиын 335 мың тоннадан 345 мың тоннаға дейін немесе 3%-ға артады.
 Көкөністің жалпы жиыны 2003 жылы 352 мың тоннадан 2005 жылы 360 мың тоннаға дейін артады.
 2003-2005 жылдары датацияның артуы, жеке капиталды тарту есебінен асыл түқымды шаруашылықты одан әрі дамыту жоспарлануда.
 Аграрлық сектордағы генқорын сақnау, өсімдіктерді аурудан қорғай мақсатында асыл түқым шаруашылығын субсидиялау, жаппай зиянкештерден келетін өсһщік ауруынан қорғау бағдарламалары іске асатын болады.
 Егін өсіру технологиясын жетідціру проблемасын шешу, жердің өнімділігін қалпына келтіру мен суармалы жерлердің тйімділігін арттыру бағдарламаларын іске асыру қарастырылуда.
 Мал шаруашылығы. Сүтті және етті мал шаруашылығы, биязы жүнді, жартылай қылшық жүнді және қаракөл қой шаруашылығы, құс шаруашылығы мен асылданлыру жұмысы дамитын болады.
 2003-2005 жылдары жыл сайын 2,5 - 2,8 млрд.теңге көлемінде ауылшаруашылық өндірісін, жерді суландыруды дамытуға, ауылшаруашылық технрікасын алу мен ауыл инфрақұрылымын дамытуға жұмсалатын қаржылар инвестицияланатын болады.
 Ауылшаруашылық мал басы ханын селекциялық асылдандыру жүмысын дамыту, ветеринарлық қызмет пен жем базасын жақсарту есебінен арттыру қарастырылуда.
 Экономикасы тоқыраған Созақ және Отырар ауылды аудандарында шағын кәсіпкерлік субъектілерін дамыту, ауылшаруашылық өнімді өндеу жөніндегі шағын өндірісті жоне ХТТ дамыту жөніндегі шаралар қабылданатын болады. Инвестициялық қызмет ауыл шаруашылығын, әлеуметтік саланы, қызметті дамытуға багытталатын болады.
 2005 жылы мал мен құс етінің өндіріс көлемі 60,7 мың тоннаға жетеді немесе 2003 жылғы деңгейден 104,1%-ға жоғары, сүт 461,2 мың тонна немесе сәйкесінше 107,2%, жүмыртқа — 155,9 млн. дана немесе 110,2% және жүн 4111 тонна немесе 107,2% болады.
 2005 жылы 2002 жьомен салыстырганда мал шаруашылығының жалпы өнім көлемі 24,4%-ға артады.

 Экономиканың накты секторының негізгі көрсеткіштерін
 болжау

 75
 Инфрақұрылым дамуы
 Болашағы. Кешенді дамыту мақсаты - сыртқы нарыққа шығуды, коммуникация мен жылжымалы қүрамның техникалық жағдайын жақсартатын тиімді көлік-коммуникациялық жүйе мен транзиттік дәлізді қалыптастыру. Көлік және телекоммуникация жолдарын дамыту төмендегілерді қарастырады:
 2005 жылы 2002 жылмен салыстырғанда темір жол көлігімен жүк тасымалдау көлеімі 106,3%-лы қүрайды;
 2005 жылы жолаушы тасымалдау көлемі 2002 жылғы деңгеіімен салыстырғанда 13%-ға артады.
 Жеке кәсіпкерлер мен көлікке жатпайтын мекемелердің жүк тасымалдау көлемін 'бағалауды қоса есептегенде 2002 жылмен 2005 жылдар аралығында автокөлікпен тасылған жүк 104,4%-ды күрайды. Тиісінше көліктің осы түрлерімен жүк айналымы едәуір артады немесе өсім 61%-ды құрайды.
 Автомобиль жолдарының үзындығы 2005 жылы 2001 жылғы деңгейде қалады. 2003 жылы республикалық дәрежедегі жолдарды күрделі жөндеу үзақтығын 15 км дейін жоне орташа жөндеуді 124 км дейін арттыру күтілуде, 2004 жылы күрделі жөндеу үзақтығын 20 км жоне орташа жөндеуді 123 км арттыру жоспарлануда. Республикалық дорежедегі жолдарды орташа жөндеуден өткізу үзақтығы 2005 жылы 2002 жылмен салыстырғанда 300 км дейін артады, ал күрделі жөндеу үзақтығы 20 км қүрайды.
 Одан басқа, жергілікті жолдар бойынша 2003 жылы 222 км> 2004 жылы — 252 км, 2005 жылы — 300 км жолды орташа жөндеуден еткізу жоспарлануда.
 Күтілетін саяхат саласының дамуы мен. Түркістан қаласының мүсылман әлеміндегі маңызына байланысты облыстың әуе көлігімен жолаушыларды тасымалдау көлемі біршама өсетін болады.
 Телефон байланысының уақыттық төлемге өтуіне сәйкес байланыс саласындағы қызмет көрсету көлемі 2005 жылы 2002 жылмен салыстырғанда 17,1%-ға артады.

 Сыртқы сауда қызметі
 Болашағы. 2003-2005 ж.ж. сыртқы экономикалық қызметтің негізгі бағыттары экспорттық олеуетті арттыру, импорт ауыстырушы өнім шығару, шетелдік әріптестермен ынтымақтастықты нығайту, сыртқы сауда активтік сальдосын қалыптастыру болып табылады.
 2005 жылы 2001 жылмен салыстырғанда тауар айналымы 6,7 пайызға өсуі күтілуде және оның көлемі 368,5 млн.АҚШ долл. қүрайды, экспорттық жеткізулер 23,3 пайызға өседі, импорт 22,2 пайызға төмендейді, сауда балансының жағымды сальдо - 173,1 млн. АҚШ долл. қүрайды.
 "ШНОС" ААҚ, "Южполиметалл11 ЖАҚ, "Химфарм" ААҚ, "Шымкентмай" ААҚ-ында экспортқа бағытталгән өндірістердің дамуы, тоқыма өнеркәсібінде жаңа кәсіпорындарды іске қосу, машина жасау кәсіпорындарында, жеңіл өнеркосібінде жаңа тауардың түрлерін шығару, минеральдық өнімдердің мүнай және мүнай өнімдерінің, қорғасын, мақта, мал және өсіхщік өнімдерінің, тоқыма заттарының экспортының өсуіне мүмкіндік жасайды.
 Импорт ауыстыру өнімдерінің игерілуіне, "ИнтерКомШина" ААҚ-ының іске қосылуына. ауыл шаруашылық салаларының өнімдерін кайта ө-ндеуінің, шағын косіпорындарының дамуына байланысты шина, машина және қондырғылар, темекі өнімдері, азық-түлік тауарларының кейбір түрлерінің: майлар және жануарлар майлары және өсімдік майлары, сусындар, кондитерлік өнімдердің импортарының төмендеуі күтілуде.

 Инвестициялық қызмет
 Болашағы. 2003-2005 жылдары инвестицияны тартылуының көлемі жылдан-жылға 8 пайызға өсуі күтілуде. 2005 жылы инвестицияның көлемінің негізгі каражаты - 30,3 млрд. теңге болып, 2001жылға шаққанда 137,7 пайызын күрайды.
 2003-2005 жылдардың аралығында 17075 окушы орны бар 56 жалпы білім беру мектебінің, 21 спортзалдың, 15 аурухана мен емхананың, 47 коммуналдық максаттағы объектілердің, соның ішінде Кентау-Түркістан су құбырларының (51км). Түркістан қаласының сумен жабдыктау қүбырларын (143 км), Сарыағаш қаласының (33,8), Арыс қаласының (12км), Шардара каласының су қүбырларының (30 км), Кентау қаласындағы сумен жабдықтауды қайта жаңартуының (187 км) қүрылысы және косымша жаңарту жұмыстары жоспарлануда. Шымкент қаласындағы 3000 орынға арналған спорт кешенінің және мүз алаңдарының қүрылысы, Түркістан қаласындағы "Өнер орталығы" үйі мен драмтеатрдың іске косылуы қарастырылған. Ипотекалық несие тетіктерін 1162,7 мың. шаршы метр түрғын үйге пайдалану күтілуде.

 Шағын кәсіпкерліктің дамуы
 Болашағы. 2003-2005 ж.ж. шағын кәсіпкерлікті дамытудың басымды бағыттары ауыл шаруашылықты дамыту, ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу, өнім шығару өндірістерін дамыту, туризм және қонақ үйлік қызмет көрсетуді дамыту болып қала береді.
 2005 жылы кәсіпкерлік құрылымдарының саны 89,5 мың бірлікті қүрайтын болады, бүл 2002 жыддан 8,2 мың бірлікке немесе 16,9 пайызға көбейеді және ол 292,4 мың адамды құрайды.
 Шағын бизнес өкілдері төрт жыл ішінде 222,1 млрд.теңге сомға өнім өндіреді және қызмет көрсетеді, сонымен қатар 2005 жылы өндіріс көлемі 60 млрд.теңгенң құрайды, бұл көрсеткіш 2002 жылдан 16,9 пайызға жоғары.
 Болжамдық мәліметтер бойынша 2003 жылы облыс және аймақгық бюджеттерден шағын және орта бизнес кәсіпкерлік күрыльімдарьш дамытуға 335 млн.теңге, ал 2005 жылы 400 млн.теңге бөлінетін болады.

 Әлеуметтік қоргау және кедейшілікті төмендету
 Болашагы. Кедейшілікті тудыратын жағдайлардың көп факторлығы және онымен күресу әдістері мен амалдарын кеңейтуді ескеріп, 2003-2005 жылдарға арналған кедейшілікті төмендету жөніндегі аймактық бағдарлама іске асырылады. Негізгі басымдықтар аймақтың еңбек әлеуетін толық пайдалануға, олеуметтік шектелген адаімдарды колдау, экологиялық, инфрақүрылымдық жоне демографиялық факторлардың келеңсіз әсерін төмендетуге, халықтың денсаулық сақтау, білім, модениет, спорт қызметтеріне қолын жеткізуге бағытталатын болады.
 Кріктеу және түрғындардың мақсатты топтарын жүмысқа орналастыруға ықпал ету шараларын қамтамасыз ету арқылы, еңбекпен айналыспайтын халықты жүмыспен камтуға қолғабыс етілетін болады. 2003 жылы — 9,0 мың адам, 2004 жылы - 10 мың, 2005 жылы — 11,0 мың адамның жүмысқа орналасуы болжамдануда.
 Еңбек нарығындағы шиеленісті жағдай, әсіресе орта мектепті, колледждер мен кәсіптік мектептерді бітірушілер арасында, кадрларды даярлау, қайта даярлауды үйлестіруде облыстық бағдарлама іске асатын болады. Осы бағдарлама шеңберінде «Жастарды кәсіби бағдарлау және жүмысқа орналастыру барысында оқу орындары мен еңбекпен камту органдарының өзара әрекеттестігің пилоттық жоба, сондай-ақ «Еңбекке бейімделуң және «Нақгы өмір" атты бағдарламалар әзірленді.
 2003-2005 жылдар аралығында 3800 жүмыссыз кәсіби окуға, кайта оқуға және біліктілікті арттыруға жіберіледі. «АИСТ-еңбекпен камтуң автоматтандырылған бағдарламасы қолданылады, еңбек рыногының мәліметтері бойынша бірынғай банкі жасалынды, еңбекпен камту мәселелері бойынша әлеуметтік әріптестік жүмысы жалғастырылды. Кедейшілік күйінен халыктың жекелеген топтарын алып шығару үшін, облыста Аймақтық микронесиелеу бағдарламасы іске асырылады және жыл сайын осы мақсаттар үшін 60-70 млн. теңге бөлінеді. Осы шараларды іске асырған жағдайда ең төменгі. еңбек ақы деңгейінен төмен өмір сүретіндердің саны 2002 жылғы 168,9 мың адамнан 2005 жылы 142,8 мың адамға дейін төмендейді. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің орташа айлық мөлшері 2002 жылғы 893 теңгеден, 2005 жылы 713 теңгеге дейін төмендейді.
 Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке жергілікті бюджеттен 2003 жылы — 2,9 млрд. теңге, 2004 жылы — 3,3 млрд, 2005 жылы — 3,7 млрд. теңге жұмсалады.

 Халықты әлеуметтік қорғау

 Халық, еңбекпен қамту және еңбек ресурстарын дамыту.
 Болашагы. Орта мерзімді болашақта халық саны өсіп, 2005 жылы 2060,0 мың адамға дейін жетеді. Көші-қон процестерінің оң жағдайы қалыптасып, халықтың көші-қон процесі жалғасады.
 2003-2005 жылдары көші-қон сальдосы 400-500 адамды құрайды. Осы жылдарда 34 мың отбасының көшіп келуі жобалануда, оның ішінде оралмандар отбасына аса назар бөлінеді.
 Әлеуметтік саясатты, оның ішінде кедейшілікті жоне жұмыссыздықты жою мәселелерін жетілдіру бойынша жүмыстар жүргізіледі.
 Экономикалык белсенді халық саны 3,1 пайызға көтеріледі деген болжам бар. Ірі кәсіпорындар мекемелерін іске қосу арқылы, шағын және орта бизнестің және жеке кәсіпкерліктің дамуы есебінен экономика салаларында жүмыс істейтіндер саны 4,4 пайызға көтеріледі. Номиналдық еңбекақы көтерілу тенденциясы сақталып, 2002 жылғы 12329 теңгеден 2005 жьшы 16203 теңгеге дейін көтеріледі. Еңбекақы қоры 2005 жылы болжам бойынша 44,1 млрд. теңгеге дейін, немесе 34,7 пайызға көтеріледі.
 Халықтың ақшалай кірісі 2003 жылдың 60000,2 теңгеден, 2005 жылы 70000 теңгеге дейін өседі, бұл тұтынуға жұмсалған табыстары күнкөрістің ең төменгі шама шегінен төмен халық үлесін 33,9 пайыздан 30,2 пайызға азайтуға мүмкіндік береді. Ақшалай кірістің негізгі көзі — еңбек ақы және халықгың өзінше табыстары болып сақталады.
 Халықтың ақшалай шығындары ақшалай табысқа сәйкес өседі. Жан басына шаққандағы ауыл түрғындарының ақшалай шығынының ара қатынасы қала түрғындарының 42 пайызын құрайды.


 Білім беру.
 Болашағы. «Мектеп алдынғы тәрбие», «Дарын», «Орта білім жүйесін ақпараттандыру». «Ауыл мектебің бағдарламалары» іске асыру арқылы білім жүйесінің ойдағыдай дамуына ықпал етеді. Осыған байланысты жаппай оку, ақпараттандыру, окулықтардың жетілген жаңа түрлерін шығару, ауыл мектебін дамыту бағдарламаның келешектегі негізгі мәселелері бола бермек. 2003 жылы «Ауыл мектебің бағдарламасы бойынша мектепке дейінгі мекеме саны 4 бірлікке көбейеді. 2004-2005 жылдары тағы 6 мекеме қүрылысы жоспарлануда, сонымен олардың жалпы саны 107 болады. 2005 жылы ондағы балалар саны 13,8 мың болады. Білім үйымдарында 5-6 жасар балаларды мектепке дейінгі міндетті дайындау жүмыстары жалғасады.
 Мектеп алды оку ұйымдастырған мектепке дейінгі мекеме саны 2001 жылы 70 бірліктен, 2005 жылы 86 бірлікке дейін, мектепте 865 бірліктен 882 бірлікке дейін жетеді.
 Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауына сопкес, ауылды жерлерде оку жағдайын жақсарту, 3 аусымда окдтын мектептердің санын азайту және мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында, білім беру жүйесін одан әрі қаркынды дамыту қарастырылуда. 2002-2005 жылдар аралығында облыстың аудандары мен қалаларында 15 мектеп құрылысы жоспарланды. Мемлекеттік орта білімберу жүйесі, жаппай орта білім беру, кешкі мектептер, басқа ведомствалық мектептер және республикалық мектеп-интернаттар, коррекциалы мектеп-интернаттарды қоса есептегенде мемлекеттік мекемелердің саны 2005 жылы 1029 данаға дейін өседі.
 Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2002 жылғы 26 наурыздағы «Ауыл мектептерінің жағдайы және даму болашағы туралың отырысының 6 хаттамасына сәйкес, ауыл мектептерінде күрделі жөндеу жүргізу үшін 2003-2005 жылдар аралығында 17,5 млн.теңге бөлінеді.
 2005 жылы балалар мектеп алды дайындықпен 100 пайызға қамтылатын болады. Жалпы білім беру мектептері оқушыларының саны 2005 жылы 550,9 мың адамға өседі.
 2004 жылы облыстың барлық мектептерінде ақпараттандыруды аяқтау жоспарлануда.
 2003 жылы Түлкібас ауданында 1 мемлекеттік косіби мектеп ашылуы жоспарланды, сонымен бірге окушылар саны 2002 жылы 9,1 мың адамнан 2005 жылы 9,4 мың адамға дейін өседі.
 Колледждер бойынша, оқушылар саны 2002 жылғы 17,08 мың адамнан, 2005 жылы 17,56 мың адамға дейін өседі, оның ішінде бюджет есебінен — 4,63 мың адам. өсу қарқыны 11,6 пайыз болады.
 2003-2005 жьищары 6 мемлекеттік, мемлекеттік емес және 13 филиал жоғары білімді косіби мамандарды дайындайтын жоғары оку орындары болады.
 Мемлекеттік жоғары оқу орындарының студенттерінің жалпы саны 2002 жылы 37,1 мың адамға, 2005 жылы 40,5 мың адамға дейін жетеді.

 Денсаулық сақгау
 Болашагы. Казақстан Республикасы Президентінің халыққа Жолдауын іске асыру, медициналық көмектің аз шығынды нысандарына ауысу, медициналық және дәрі-дәрмектік көмекке қолға жетімділікті қамту, Денсаулық жылына байланыста іс-шаралар бойынша жүмыстар жалғасады.
 Осы мақсатта мынштар көзделеді:
 - аймактық бағдарламаны іске асыру арқылы халықгың ауру-сырқаттылығын, соның ішінде олеуметтік маңызды ауруларды төмендету жөнінен шаралар қолдану:
 - ауылдық жерде денсаулық сақтау жүйесін дамыту мақсатында, медикалық-санитарлық көмек беретін жүйелерді қайта құруды жүргізу, соның нәтижесінде амбулаториялық-емханалық мекемелер саны 2003 жылдың 185 бірлігінен, 2005 жылы 194 бірлікке дейін, отбасылық-дәрігерлік амбулаторііялар саны 2003 жыдцың 142 бірлігінен, 2005 жылы 146 бірлікке, емханалар тиісінше - 151-154 дейін өседі;
 - емдеу-профилактикалық мекемелерді, әсіресе ауылдық жерлерде кадрлармен қамтамасыз ету;
 -материалдық-техникалық базаны нығайту, медицинаяық жабдыкден және сашггарлық көлікпен қамту, күрделі құрылысқа қаржыны көтеру бойынша шаралар қабылдау;
 - 2005 жылға дейін дәріхана мекемелерін 728-ге дейін жеткізу, оның ішінде 5 доріхана - ауылдық жерлерде, «Химфармң ААҚ-ның ондіріс көлемін және дорілер түрлерін көбейту;
 Түркістан, Кентау қалаларында, Сарыагаш, Шардара аудандарында су қүбырларының қүрыльгсы жоне қайта жөндеу;
 - халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, өзінің денсаулығына жауапкершілігі бойынша жүмыстарды күшейту, денсаулық сақтау, білім беру, спорт, модениет жоне ақпарат шараларын үйлестіру.
 Мәдениет, спорт.
 Болашагы. Кітапхана және клубтары жоқ, халық саны 1000 асатын ауылдық жерлерде 2003-2005 жылдары 46 кітапхана, 28 ауылдық клубтар ашылуы жоспарланды. Кітапханалар әлеуметтік маңызды, әсіресе балалар және мемлекеттік тіл әдебиетімен қамтылады. Ауылдық клубтардың, кітапханалардың материалдық-техникалық базасын одан әрі нығайту бойынша жұмыс жүргізіледі, олар-күрделі және ағымды жөндеуцен өткізіледі, жас таланттарды қолдау және тарихи-мәдени мүралық ескерткіштерді сақтау үшін демеушілер қаражаты есебінен, жергілікті бюджеттен қаржы тартылады. Барлық аудан орталықтарында кино көрсету көзделді, сол мақсатта 14 кинозал ашу жоспарланды.
 Салауатты өмір салтын насихаттау, спорт ғимараттарын пайдаланудың тиімділігін арттыру және оларды барлық халықтың қолын жеткізуге қамту 2003-2005 жылдардың басым бағыттары болып табылады. Осы мақсатта қоғамдық пайдалану жерлерде, түрғын массивтерде, азаматтардың демалыс орындарында жаңа спорт алаңдарының қүрылысы жоне жабдықтауы көзделген.
 2003-2005 жылдары Түркістан қаласының О.Жарылқапов атындағы стадионы, Түркістан жоне Кентау қалаларының жүзу бассейндері, Шымкент қаласында «Денсаулық" спорт кешені, Кентау қаласындағы С.Құралбаев атындағы стадионы қайта жөндеуден өтеді. Ордабасы ауданының Темірлан ауылында балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің қүрылысы көзделуде.
 2003 жылы Түлкібас ауданында балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі және Шымкент каласында спортсмендерді дайындайтын спорт мектебін ашу жоспарланды.

 3.2 Оңтүстік-Клзақстан облысының 2010 жылға дейін стратегиялық жоспарды іске асыру бойынша іс-қимыл
 стратегиясы
 1. Әлеуметтік даму
 Мақсат: Халық санын көбейту

 1.1 Туу деңгейін көтеру және сақтау мақсатында, халықтыц туу бағытып дамъту мен сақтау

 Тууға жағдай жасау біріншіден төлемдерді орындау қатаң саясаты арқылы жүргізіледі - бала туғанға жәрдемақы, аз қамтылған отбасылардан 1 жасқа дейінгі баланы сапалы тегін тамақпен және бастапкы сыныпта оқу кезінде тегін тамақпен қамту. Халық үшін сапалы білім берідің барлық деңгейін қол жетерліктей камту, жұмыста денсаулық сақтай үшін барлық жағдай жасау.
 Отбасылық қарым-катынас қүру, отбасы құруға қолайлы жағдай жасау бойынша жүмыстар жалғасады. Мекемелерде демография жөнінде білім беру енгізіледі.
 Мынадай шаралар колданылады:
 - жастардың түрғын үй мәселесіне жәрдемдесу;
 - кадрларды даярлау және қайта даярлау бағдарламасын іске асыру арқылы жастарды еңбекпен қамту саясаты жүргізіледі;
 -профессионалдық білім алу және өз ісін ашу үшін жастарды несиелендіру жұмыстары жалғасады;
 -жүкті және басанғалы түрған әйелдерді нақты медицина қызметімен тегін қамту,,босану мекемелерінің материалдық-техникалық базаларын нығайту?
 Оңтүстік Қазакстан облысында республика бойынша туу деңгейі ең жоғары, сондықтан, 2001-2005 жылдарда халық саны 2133,5 мың адамға көбеюі жоспарлануда.

 1.2 Халықтың туу денсаулығын жақсарту мен сақтау

 Бала туу және емізу, қауіпсіз ана болу сұрақтары бойынша, барлық әйелдер және қыздар жоғары сапалы санитарлық коммерциялық емес білім алуы қамтамасыз етіледі. Ерте бала жасынан әйелдер және еркек бедеулігін алдын алу бойынша шаралар жүргізіледі.
 Отбасына жоспарлау сұрақтары бойынша кеңес қызметтері кең енгізіледі. СПИД және де басқа жыныс жолдарымен таратылатын ауруларды төмендету максатында қаржы бөліну жоспарлануда.

 1.3 Көшіп-қону процесстерін реттеу

 Еңбекке қабілетті халықтың тиісінше табыс табуына мүмкіндік беретін экономикалык жағдайлармен қамтамасыз ету жөніндегі шараларды эммиграциялық процесстерді тежеу ісінде өзекті шаралар деп есептеуге болады. Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі, шағын несие беруді қоса алғанда, несие беру жүйесінің әр түрлі нысандарын дамыту жөніндегі арнайы бағдарламалар кеңейтілуге және тиімді іске асыруға тиіс.
 Эммиграциялык саясатта көшіп келушілердің әлеуметтік және түрғын үй-тұрмыстык мәселелерін шешу, көшіп-келушілердің әлеуметтік және экономикалық жүйесіне тезірек кіруі үшін жағдай жасау жөнінде нақты колдау көрсету жөнінде шаралар қолдану қажет.
 Халықтың ішкі көшу-қонуды реттеудің аймақтык саясатын жургізу керек, оның мақсаты халықтың өзгеруіне тез бейімділуіне бағытталған, халыктың көші-қон оңтайлығын арттыру болуға тиіс.

 1.4. Өлім деңгейін төмендету және өмірдің ұзақтылығын көтеру

 Денсаулық сактау бағдарламаларының нәтижеліктігін қамтамасыз ету. Халықты сапалы медицина қызметіне қол жеткізуін жақсарту.

 2. Халықты экономикалық, экологиялық және әлеуметтік негізделген схема бойынша аймақта орналастыру

 Мақсат: Ауылды әлеуметтік-экономикалық дамыту бағдарламасын іске асыру, дамыған аудандарды, қала құрайтын кәсіпорындары бар елді мекендерді, кіші елді мекендерді дамыту арқылы аудандарда халыктың өмір сүру деңгейін көтеру.
 2.1. Ауылды әлеуметтік-экопомикалъщ дамытатыи нақты шаралар жасау

 Әлеуметтік-экономикалық жағдайы ескеретін "Ауылды әлеуметтік экономикалык дамыту" әр 5 жыл сайын қабылдаңады.
 Бағдарламаға өнімді тарату, ақпараттық маркетинптік жүйелер, машиналық технолгиялык бекеттер, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу бойынша накты шаралар кіреді. Мәдениеттік құрылыс бойынша мектептердің, аңудан ауруханаларының, ФП, ФАП, мәдениет объектілерінің жаңа күрылысы, күрделі жөндеуі, авто жолдарын қалпына келтіру жоспарлануда.

 2.2. Экономика стагисииясыиа байланысты тоқтап тұрған кәсіпорыпдарды жургізу және жаңа жұмыс орындарын құру- Орта және шағын бизнесті дамыту, бюджетке кәсіпкерлік субъектілерінен қаржы түсуі көбейеді.
 Кіші және дамыған аудандарда орта облыс көрсеткіштерінен 2 есе жоғары болған жүмыссыздық деңгейінің төмендеуі, жалпы отбасылар санынан 15-18 пайыз күрайтын кедейлік шегінде түратын отбасылар саны азаяды.

 3. Аймақта еңбек ресурстарын орнықты пайдалану және дамыту: жоспарланған үйлесімділік, еңбекпен қамту

 Мақсат: әдеттегі жағдайда өмір сүру үшін жағдай жасау, халықты өзін өзі қамту, жаңа жүмыс көздерін құру

 3.1. Жумыссыздарды қаііта даярлау бойынша мумкіндіктер іздестіру
 Жұмыссыздарды кайта мамандыруды ұйымдастырудағы нақты мақсат: олардың міндетті түрде еңбекке орналастырылуы көзделуге тиіс. Осыған байланысты жүмысқа орналастыру қызметтері іске асыратын жүмыссыздарды қайта даярлау бағдарламаларының тиімділігін арттыру қажет.
 Жұмыссыздарды кайта даярлаудың тиімділігін арттырудың бұдан басқа, неғұрлым оңтайлы жолы, ұзақ уақыт жұмыссыз жүргендер қатарындағы адамдарды жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша кәсіпорындардың жұмысқа орналастыру секторымен өзара іс-кимылы болуы мүмкін. Осыған байланысты, жұмыссызды алдаға уакытты аталған кәсіпорынға кайта даярлау курстарына жұмыссызды қайта мамандыруға мемлекет тарапынан қосымша ақы төлеу тетігін енгізу мүмкіндігін зерделеу қажет.
 3.2. Жұмыс берушілердіц бұрынғы жұмыс орындарын сақтауын және жаңаларын косуын ынталаныру мәселелерін пысықтау, шағын бизнес пен жеке кәсіпкерлікті дамытуга жәрдемдесу

 Бизнестің даму мүмкіндіктерін кеңейту - жүмыс берушілердің бүрынғы жүмыс орындарын сақтауын және жаңаларын күруын ыналандыру жолдарының бірі.
 Сонымен, өндірісті кеңейтуге, шағын және орта бизнестк жеке кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу бағдарламаларын өрістету кажет. Село үшін өзара байланысты мынадай қүрамдас бөліктері: ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында жүмыспен қамту және табыстарды үлғайтуға, шаруа (фермер) қожалығын, халықтың жеке косалқы шаруашылығын, селодағы ауыл шаруашылығына қатысы жоқ бизнесті, селоның әлеуметтік инфрақүрылымын дамытуға, шағын несие беруді кеңейтуге жәрдемдесу аркылы село халқын жүмыспен қамту және ауыл халқының табыстарын үлғайту жөніндегі бағдарламалар неғүрлым маңызды болады. Несиелік одақтардың дамуы үшін жағдайлар жасау қажет.
 Жастарға өз ісін ашу мақсатында арналған несие беру, кәсіби оқу мақсатында арналған гранттік немесе өзге қаржылык көмек көрсету бағдарламалары әзірленуге тиіс.
Категория: Экономика, Қаржы, Бухгалтерлік іс, Банктік іс, Салық! | Добавил: anonim02
Просмотров: 2050 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]