Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Ақпарат танымдық порталы

Сәрсенбі, 15.05.2024
Главная » Файлы » Білім және ғылым » Экономика, Қаржы, Бухгалтерлік іс, Банктік іс, Салық!

Әлеуметтік қорғау
09.07.2011, 22:17
Кіріспе

 Кеңес өкіметі ыдырағаннан кейінгі аз ғана уақыт ішіндегі экономиканы реформалау мен шаруашылық жүргізудің нарықтық моделіне өту жөніндегі кең көлемді шараларды жүзеге асыру нәтижесі – мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық процестерге араласуы – объективті қажеттілік екендігін түпкілікті түсінуге мәжбүр етті. Оның объективті халықтың өмірлік жағдайын реттеу қажеттілігімен, экономикалық дамудың тепе-теңдігін сақтау мүдделері мемлекеттік реттеудің объектісі болып табылатындығымен, макроэкономикалық үрдістердің сандық және сапалық көрсеткіштері өзгерісін тұрақты түрде зерттеп отыруды қажет ететіндігімен және халықтың нысаналы топтарын әлеуметтік қорғау жүйесінің мемлекет тарапынан реттеліп отыруымен де түсіндіріледі. Себебі, қазіргі таңда еліміздің экономикалық, саяси, демографиялық, әлеуметтік дамуының басты шешуші факторы адам, яғни ел азаматы танылады. Сонымен қатар ол адамдардың белгілі тобы еңбекке тағы басқа жарамсыз болуымен түсіндіріледі.
 Елбасымыз айтқандай еліміздің дамуының көзі – бұл халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайының жоғарылауымен сипатталады. Сондықтан кейбір адамдар әлеуметтік қорғауды қажет етеді. Яғни, мемлекет, кәсіпорындар және тағы басқа субъектілер арнаулы шараларды қолдануды талап етеді. Бұл жөнінде олар бағдарламаларды стратегиялық жоспарларды әзірлеп, тиісті жұмыс жүргізуге араласу қажет.
 Әлеуметтік қорғау – бұл әлдебір жағдайларға (кәрілік, мүгедектік, денсаулық жағдайы, асыраушысынан немесе жұмысынан айрылуы) және өзге де заңды негіздерге байланысты экономикалық белсенді бола алмайтын әрі лайықты ақы төленетін еңбекке қатысу жолымен өзін табыспен қамтамасыз ете алмайтын азаматтар үшін өмірлік қажетті игіліктердің және әл-ауқаттың белгілі бір деңгейін қамтамасыз етуге арналған жүйе.
 Қазақстан мүше болып табылатын Халықаралық еңбек ұйымының анықтауы бойынша әлеуметтік қорғау жүйесі мынадай шаралар кешенін қамтиды:
  тұрақты, ақылы еңбекке ынталандыру;
  негізгі әлеуметтік қателардің алдын алу, ал ол туындаған жағдайда әлеуметтік сақтандыру тәсілдері арқылы сол қатердің салдарынан айрылған табысының бір бөлігін қалпына келтіру;
  халықтың әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспайтын әлсіз топтарына арналған әлеуметтік көмек тәсілдері;
  азаматтардың білім және медициналық көмек сияқты негізгі құқықтар мен қызметтерге қол жеткізуі.
 Әлеуметтік қорғау жүйесінің сандық көрсеткіштері экономикалық даму деңгейімен анықталса, ал адамдар арасындағы ынтымақтастық, мемлекеттік институттардың қатысу дәрежесі мен еңекке ынталандыру деңгейі таңдалған әлеуметтік-экономикалық модельмен өзара байланыста болады.
 Даму деңгейі бірдей мемлекеттердің өзінде де тарихи, мәдени, саяси және өзге де факторларға байланысты, әлеуметтік қорғау жүйесінде ынтымақтастықтың және мемлекеттік институттардың қатысуының әртүрлі деңгейі орын алуда.
 Толық ынтымақтастыққа негізделген жүйеде жарна мен төлемнің арасында өзара байланыс болмайды. Және төлем алу құқығы қатерлі жағдай орын алған сәттен туындайды да, оның деңгейі адамның жүйеге қосқан үлесіне тәуелді болмайды. Қаржыландыру бүкіл салық төлеушілер мойнына түседі де, әлеуметтік қорғау жүйесінен төлем алу құқығына барлық азаматтар ие болады. Мұндай жүйеде табыстарды қайта бөлу тетігі және қаржыландырудың бірден бір көзі мемлекеттік бюджет болып табылады, ал реттеуші ретінде мемлекет әрекет етеді. Толық ынтымақтастыққа негізделген жүйеде барлық азаматтарға әлеуметтік қорғаудың бірдей, әдетте, ең төменгі деңгейін ұсынады.
 Шектеулі ынтымақтастыққа негізделген жүйеде төлемдерді алу құқығы адамның жарнасына байланысты болады. Әдетте, мұндай жүйе еңбеккерлер мен жұмыс берушілердің аударымдары есебінен қаржыландырылады, ал жарнасына қарай төлемдерді алу құқығына аударымдар жасаған (немесе олар үшін жұмыс беруші аударым жасаған) азаматтар ғана ие болады. Мұндай жүйелер, әдетте, халықтың белгілі бір тобын, мысалы, ресми жұмыс істейтін еңбеккерлерді немесе белгілі бір еңбек ұжымының еңбеккерлерін әлеуметтік қорғаудың қосымша көзі болып табылады.
 Бұдан басқа, ынтымақтастық белгісі жоқ, әр азамат өмірдегі қатер жағдайына қаражатты дербес жинайтын әлеуметтік қорғау жүйелері де бар.
 Халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, әлеуметтік қорғаудың неғұрлым тиімді және кешенді жүйелері, әдетте:
 1) мемлекеттік жәрдемақылар;
 2) міндетті әлеуметтік сақтандыру;
 3) жинақтаушы зейнетақымен қамсыздандыру;
 4) әлеуметтік көмек сияқты негізгі элементтерді қамтиды деген қорытынды жасауға болады.
 Мемлекеттік жәрдемақылар әлеуметтік қорғауға жататын жағдайлар туындаған кезде барлық азаматтарды кепілдікті төлемдермен белгілі бір деңгейде қамтамасыз етуге арналған.
 Жұмыс берушілер мен еңбеккерлер аударымдарының есебінен қаржыландырылатын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі төленген жарна деңгейіне сай ресми жұмыс істейтін еңбеккерлерді қосымша қорғауға арналған.
 Жинақтаушы зейнетақы жүйесі әр азаматтың зейнетақы жинақтарын жасау процесін реттеуге арналған.
 Әлеуметтік көмек азаматтардың жекелеген санаттарын бюджеттің қаражаты есебінен қосымша қорғауға арналған.
 Бұдан басқа, азаматтың әлеуметтік қатерлерден өзін өзі ерікті сақтандыруға құқығы бар.
 Осындай аралас жүйе ынтымақтастыққа негізделген және дербестендірілген жүйелердің артықшылықтарын үйлестіруге мүмкіндік береді.
 Қазақстанда нарықтық экономикаға көшу аяқталып келеді. Әлеуметтік қорғаудың жүйесі өзгерген экономикалық қатынастарға сәйкес болуы қажет.
 Өтпелі кезеңнің бастапқы кезінде мемлекет инфляция, бюджет тапшылығы, өндірістің құлдырауы, экономиканың бейресми секторының өсуі жағдайында әлеуметтік қорғаудың ағымдық мәселелерімен айналысуға мәжбүр болды. Жинақтаушы зейнетақы жүйесін енгізу мен заттай жеңілдіктерді ақшалай төлемдермен ауыстыруды қоспағанда, әлеуметтік саладағы реформалардың нәтижесі ағымдық мәселелерді шешуге арналған жауап қадамдар болды.
 Жүргізілген қайта құруларға қарамастан, қазіргі кезде әлеуметтік қорғау жүйесі күрделілігімен және заңнаманың жүйелілігінің жеткіліксіздігімен, жүйеге қатысуға ынталандырудың төмен деңгейімен сипатталады.
 Соңғы жылдарда экономикадағы қолайлы өзгерістер және тұрақты өсуді қамтамасыз ету жөнінде қабылданып жатқан шаралар әлеуметтік қорғаудың кешенді жүйесін құруды қолға алуға мүмкіндік беріп отыр. Осыған байланысты Қазақстанның қазіргі және болашақтағы басымдықтары мен мүмкіндіктерін ескере отырып, халықты әлеуметтік қорғаудың жаңа тұжырымдамасын әзірлеу қажеттігі туындады.
 Азаматтардың білім және медициналық көмек саласында қызметтер көрсетуге қол жеткізуі бұл Тұжырымдаманың шеңберінде қаралмайды, өйткені олар басқа бағдарламалық құжаттармен айқындалады.
 Мемлекеттің әлеуметтік саясаты. Мұнда нарықтық экономикасы қалыптасқан мемлекеттердің әлеуметтік саясатымен қатар рынокқа көшіп жатқан біздің еліміздің әлеуметтік саясатының ерекшеліктерін қарастырамыз.
 Табыс құрылуының нарықтық механизмі және әлеуметтік саясат.
 Табысты нарықтық бөлудің бір ғана әділетті жолы бар, ол өндіріс факторлары иелерінің табыстары сұраныс пен ұсыныс заңының шекті пайдалылық негізінде анықталады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, мысалы, жоғары маманданған еңбек иелерінің егер оған сұранысы болмаса, табыстары төмен болуы әбден мүмкін. Ал астық бағасының динамикасын дәл болжап көрсете білген брокердің табысының жоғары болуы да әділетті. Рыноктың механизм әл-ауқаттың дәрежесіне кепілдеме бере алмайды. Дегенмен, ХХ ғасырда Батыстың өнеркәсібі дамыған елдерінде мемлекеттен адамдар үшін әл-ауқат стандартын талап ететін тұжырымдамалар мен доктриналар кеңінен тарай бастады. Әсіресе теория мен тәжірибеде «берекелі мемлекетє деген ұғым, яғни ауқымды әлеуметтік шараларды, ең алдымен, әлеуметтік қамсыздандыру шараларын жүзеге асыратын мемлекет деген ұғым қалыптасты. Нарықтық экономикасы қалыптасқан елдерде табысты бөлу тек рыноктық күштердің еркін ойынының нәтижесінде ғана емес, түрлі табыстар ағындарын мемлекеттік реттеу, қайта бөлу негізінде де бөлінетінін байқадық.
 Мемлекеттің әлеуметтік саясаты – оның қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын реттеу жөніндегі қызметінің бір бағыты. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының мәні қоғамдағы әділеттілік қатынастарды қолдау немесе қоғамдағы әлеуметтік таптардың арасындағы қатынастарды реттеу, қоғам мүшелерінің тұрмыс дәрежесін, әл-ауқатын көтерудің жағдайларын қамтамасыз ету, қоғамдық өндіріске қатысу үшін экономикалық ынталандырудың әлеуметтік кепілдіктерін жасау. Мемлекеттің қоғамдық өндірісі реттеу мақсатында жүргізетін шаралардың құрамды бөлігі ретінде мемлекеттің әлеуметтік саясаты елдегі бүкіл экономикалық ахуалмен тығыз байланысты болады.
 Елбасымыздын жолдауы бойынша, әлеуметтік мәселелер мемлекет үшін басымдықтар қатарында болып келді және болып қала да береді. 2005 жылдан бастап «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралыє Заң қолданысқа енгізілуі тиіс. Келесі жылдан бастап зейнетақының ең төмен мөлшерін 6200 теңге етіп белгілей отырып, зейнетақы мөлшерін инфляция деңгейінен ілгері оза индексациялау қажет. Зейнетақының орташа көлемі жоғарылатудан кейін 9252 теңгені құрайтын болады.
 Зейнетақымен қамтуға 2005 жылы қосымша 10,5 миллиард теңге бөлінеді.
 Жоғарыда айтқандай, мемлекеттің қастерлі борышы жұмыс істеу немесе табыс табудың бірдей жағдайына ие болу мүмкіндігі шектеулі адамдарға деген қамқорлығы болып табылады.
 Бұл азаматтарға көмектесу – біздің қоғамымыздың ізгілену мен кемелдену дәрежесінің көрінісі, сіздер мен біздің борышымыз. Осынау борышымызды атқаратын мезгіл мен мүмкіндік туды.
 Келесі жылдан бастап бұл мақсатқа 15,8 миллиард теңге жұмсай отырып, мүгедектігіне және асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды едәуір көбейту қажет. Бұл негізінен 680 мыңнан астам адамда қамтиды.
 Мынадай жәрдемақылар:
 47 мың бірінші топтағы мүгедектерге – 3 айлық есептік көрсеткішке /2757 теңгеге/, /АЕК – 919 теңге/;
 193 мыңнан астам екінші топтағы мүгедектерге – 2,5 айлық есептік көрсеткішке ұлғайтылады /2297 теңгеге/;
 125 мыңдай дерлік үшінші топтағы мүгедектер 2 айлық есептік көрсеткішке ұлғайтылған жәрдемақы алады /1838 теңгеге/;
 50 мыңнан астам 16 жасқа дейінгі мүгедектер 3 айлық есептік көрсеткішке ұлғайтылады /2757 теңгеге/;
 асыраушысынан айырылған 262 мың отбасы бір айлық есептік көрсеткішке ұлғайтылатын жәрдемақылар алады.
 Нәтижесінде 2005 жылы 415 мыңнан астам мүгедектер үшін мемлекеттік жәрдемақының орташа мөлшері 6700 теңгеге немесе 50 пайызға жоғарылайды.
 Асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттік жәрдемақының орташа көлемі 20 пайызға, 6500 теңгеге дейін өседі.
 Бірақ бұл ұлғайтулар бұған дейін жәрдемақының ең жоғары мөлшерін алып жүрген мүгедектердің бәріне бірдей қатысты емес. Олар үшін бағаның өсуін ескере отырып индексациялау жүзеге асырылатын болады.
 Сіздер мен біздің әкелеріміз және аталарымыздың алдындағы парызымыздың тағы бір мәселесі бар, бұл біздің тарихи зердеміздің мәселесі.
 Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 60 жылдығына байланысты Үкіметке 2005 жылы соғыс мүгедектері мен соғысқа қатысушыларға берілетін арнайы мемлекеттік жәрдемақының мөлшерін 15 айлық есептік көрсеткішке дейін өсіруді және ардагерлерге 30 мың теңге көлемінде біржолғы материалдық жәрдем көрсетуді тапсырылды.
 Бұл іс-шараларға 6,5 миллиард теңге бөлу қажет.
 Тұтастай алғанда, әлеуметтік қамсыздандыруға 2004 жылы бюджет есебінен 217,2 миллиард теңге бөлінді, ал 2005 жылы бұл мақсаттарға арналған ығыстарды көбейту шамамен 33 миллиард теңгені құрайтын болады.
 Тұрмысы төмен азаматтарды әлеуметтік қолдау жөніндегі өзге де шаралармен қатар 2005 жылдың соңына қарай 2003 жылдың басымен салыстырғанда күнкөрісі кедейшілік деңгеінен төмен азаматтар саны екі еседен астамға азаюы тиіс.
 Біз сондай-ақ елімізге халықтың одан әрі көп келуін ынталандыруға тиіспіз, сондықтан оралмандар иммиграциясының квотасын 2005 жылы 15 мың отбасына дейін көбейту керек. Олардың қайта қоныстануы мен тұрғын үй алуы үшін 9,8 миллиард 800 миллион теңге бөлу көзделіп отыр.
 Біз еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі заңнаманы жетілдіре береміз, Еңбек кодексінде заңдастырылған еңбекпен қамтылуды ынталандыруды көздейміз, еңбекпен қамтудың қазіргі заманғы үлгісін қалыптастырамыз.
 Адам дамуының басым міндеттерін шешудің маңызы аса зор.
 Сондықтан облыстарды дамытудың барлық бюджеттері тек қана білім беру, денсаулық сақтау, сумен қамтамасыз ету жүйелерін дамыту мақсаттары мен тұрғын үй құрылысы инфрақұрылымына пайдаланылуы тиіс.
 2005 жылы ауылдық жерде білім беру, денсаулық сақтау және сумен қамтамасыз ету нысандарын салуға мемлекеттік бюджетте 15 миллиард теңге, ал облыс орталығы мен қалалардағы ерекше маңызды объектілер үшін 5 миллиард теңге қарастыру қажут.
 Әлеуметтік сала мен адам ресурстарын дамыту Қазақстан үшін шешуші ұзақ мерзімді басымдық болып табылады.

 Халықты әлеуметтік қорғаудыє кең және тар мағыналарына сәйкес функциялары. Кең мағынада әлеуметтік қорғау мына функцияларды жүзеге асырады: экономикалық, әлеуметтік, талдамалық, технологиялық, ақпараттық және еңбек.
 Тар мағынада: құндылықты, өтемақылы, ынталандырушы, бейімделуші (сурет*)
 Экономикалық функция - өмірлік деңгейін көтеру үшін тұрақты экономикалық өсуге бағытталған.
 Әлеуметтік функция - адамның өмірлік деңгейін жақсы тұрмысын жоғарылатуға әлеуметтік қорғауды бағыттау, халықтың әлеуметтік осал бөлігін өмір сүру кепілдігін қамтамасыз ету.
 Талдамалық функция - халықтың өмірлік деңгейін жүйелік талдауды және аштық пен өзге де әлеуметтік салдарлар үшін әлеуметтік көмекке мұқтаж топтарды, аумақтарды анықтау мақсатында қолданылады.
 Технологиялық функция - барлық еңбек сияқты әлеуметтік қорғау белгілі бір кезеңдерден, операциялардан құралатын технологиялардан тұрады.
 Ақпараттық функция - азаматтарға өзінің қызығушылығын қорғау бойынша адамның құқықтары мен мүмкіндіктері туралы, Қазақстанның және оның аймақтарының әлеуметтік-экономикалық жағдайы, олардың нәтижелері туралы толық және сенімді ақпараттарды ұсыну кепілдігінің жүйесін құруға бағытталған.
 Еңбек функциясы – бұл нақты мақсаты, заты және құралы болатын нақты еңбек. Әлеуметтік қорғау функциясын орындайтын әлеуметтік институттар жоғары біліктілікті еңбек ресурстарымен қамтылуы тиіс.
 Әлеуметтік қорғау функциясы - нақты әлеуметтік, экономикалық, саяси жағдайларға байланысты өзгеруі мүмкін. Қазақстанда өтпелі кезеңде ең алдымен әлеуметтік қорғаудың құндылықты функциясы өзіндік күшке бағытталды. Нарықтық қатынастарды халыққа қойылған жағдайды жанға бататындай бастап кешіруге мүмкіндік беретін ерекше қызметті өтемақы функциясы алады. Көптеген өркениетті елдерде белсенділікті ынталандыру функциясы орындайды. Ынталандыру барлық әлеуметтік топтар және азаматтар өзіндік экономикалық жағдайларын жасауға бағытталған. Сонымен бірге, бейімдеуші функциясы жаңа қоғамдық нақтылыққа халықтың әрқилы санаттарын бейімдеуді қамтамасыз етеді.
 Мысалы, дәрігерлік көмекті жұрттың барлығы емес, тек ауыратын адамдар ғана сұрайды, мектеп мекемелерінің қызметі тек мектеп жасындағы балалары барларға ғана керек. Басқаша айтқанда, қоғамдық тұтыну қорлары еңбекке байланысты емес табыстар айырмашылығын жұмсартуға тиіс. Сонымен қатар олар еңбек қабілетін қалыптастыру, жоғары білім алу мен мәдениетті қолдау, денсаулықты сақтау, зейнеткерлерді қамсыздандыру сияқты маңызды қажеттіліктерді қанағаттандырулары тиіс. Бірақ бөлудің бұл түрі бүкіл қоғам және оның жеке мүшелерінің мүддесін қамтығандықтан, денсаулық, білім, тұрғын үй және т.б. саладағы саясат мемлекеттің назарында болуға тиіс.
 Елдің экономикалық даму деңгейі тұтынудың көлемі мен дәрежесін анықтайды. Әлеуметтік қорғау жүйесі тек халықтың табыссыз топтары мен өндіріске қатыспағандарды (оқушылар, зейнеткерлер, мүгедектер) ғана қамтымайды, ол сонымен қатар қоғамдық өндіріске қатысушыларды да, ең алдымен жалданып істейтіндерді де қорғайды. Мұны еңбекті заңдастырудан (жұмыс аптасының ұзақтығы, демалыстың мерзімі, еңбекті қорғау және т.б.) және оған ақы төлеуден (жалақының төменгі ставкасын тағайындау) жұмысшыларды жұмысқа алу мен босату жөніндегі ережелерден көреміз.
 Кедейшілік сияқты өткір әлеуметтік проблемаларды шешу – мемлекет жұмысының басты бір бағыты. Бұл әл-ауқатты өмірді қамтамасыз ете алмағанымен экономикалық тұтқалар арқылы ең төменгі тіршілік деңгейін жасап, тұрмысы нашар адамдардың санын азайтуға көмектеседі. Кедейленген топты азайту – рыноктың экономикаға көшкен мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі міндеті. Тұтынудың әр түрлі деңгейінің еңбек пен жұмысшы күші факторларымен байланыстылығын атап өту керек. Ондай факторлар: отбасының көлемі, ондағы жұмыс істейтіндер мен масылдардың арақатынасы, денсаулық жайы, географиялық, табиғат жағдайлары және т.б. Мемлекеттің ұлттық табысты қайта бөлу қызметінің негізгі мақсаты – осы айырмашылықтарды азайтып, қоғамның барлық мүшелерінің өмір сүруіне қолайлы материалдық негіз жасау. Мұндай мақсатты жүзеге асырудың түрлеріне қызмет пен өнімдерді трансферттік төлемдер арқылы бөлу немесе табысты тұрақтандырудың мемлекеттік бағдарламасы жатады.
 Біздің елімізде қоғамдық тұтыну қорлары экономикалық категория ретінде бүкіл қоғам мен еңбек ұжымдарының, оның мүшелерінің арасындағы өмір сүру қорының бөлінуі жөніндегі қатынасты білдіреді. Олар белгілі дәрежеде бұрынғы немесе қазіргі еңбекті есепке ала отырып бөлінеді.
 Қоғамдық тұтыну қорларының бір бөлігі мемлекеттік бюджет арқылы құралып, орталықтан бөлінеді. Оның басқа бөлігі кәсіпорындардың, кооперативтердің пайдасынан және қоғамдық ұйымдардың есебінен жиналады. (Бұрынғы мемлекеттік социализм елдерінде ҚТҚ 70 пайызға дейін мемлекеттік бюджеттен, тек 25-30 пайызы ғана кәсіпорындар пайдасынан құралатын.) Мемлекеттік көмек бағдарламасы бойынша қоғамның жаңа мүшелерін тәрбиелеу, қарттарды және еңбекке жарамсыздарды қолдау, білім алу, денсаулық сақтау қажеттіліктері өтеледі.
 Қоғамдық тұтыну қорларын бөлу үш бағытта жүреді.
 Бірінші бағыт халыққа берілетін төлемдер. Олардың көлемі еңбекшілердің бұрынғы және қазіргі жалақысына байланысты. Бұлар алдымен әлеуметтік қамсыздандыруға, ауырған кездегі төлемдерге, ақылы демалысқа, мүгедектігі мен қартайғандығына байланысты зейнетақы, жұмыссыздыққа байланысты көмек және т.б. қатысты. Стипендияға да осы тұрғыдан қараған жөн. Өйткені стипендия ынталандыру сипатында болғандықтан жұмсалған еңбекпен өлшенеді.
 Қоғамдық тұтыну қорды бөлудегі екінші бағыт – адамның еңбегіне байланысты түрлі төлемдер. Мұндай төлемдерге көп балалы ата-аналарға, жалғыз басты аналарға, арнайы емдеуге берілетін көмектер, мемлекеттің мектепке дейінгі балалар мекемелерін, мектеп-интернатты қаржыландыруға жұмсайтын дотациялар жатады. Жетім балалар, белгілі жағдайда көп балалы, табысы аз отбасылардың балалары да толық мемлекеттік қамқорлықта болады.
 Қоғамдық тұтыну қорлардан берілетін төлемдердің үшінші бағытының ерекшелігі – жеңілдіктер халыққа өндірістік емес сала мекемелері арқылы натуралды-заттай түрінде беріледі. ҚТҚ-ның бұл бөлігі «қосымшає табыстар, олар отбасы бюджетіне түспейді, оны өз қалауынша пайдалуға болмайды. Мұндай табыстар жеке дара еңбектің мөлшерімен бөлінбей, қоғамның нақтылы тарихи жағдайымен және мүддесімен анықталады. Қоғамдық қорлардың бұл бөлігін тұтынушылар барлық еңбекшілер емес, тек осыны тұтынуға тиіс қоғам мүшелері және сол қажеттіктің шеңберінде ғана болады. Табысты бөлудегі теңсіздіктер мен мемлекеттің әлеуметтік саясаты 70-жылдардың соңы мен 80-жылдардың басында мемлекеттік реттеудегі жаңа кейнсиандық қозғалыс тұсында тағы да қызу теориялық таластар туғызды. Проблеманың мәні мынада: қайта бөлу процестеріне мемлекеттік араласудың шегі бар ма? Трансферттік төлемдер көлемі өскенде жалпыэкономикалық қызметтің тиімділігі төмендемей ме? Үдемелі салық ставкасының өсуі кәсіпкерлікке деген ынтаны жоймай ма? Әлеуметтік бағдарламалардың көбеюі әлеуметтік масылдар тобын өсірмей ме?
 Жоғарыда аты аталған американ экономисі П.Хейне мынаны көрсетеді: желкенді қайығы барлар шынында да бай адамдар, қоқыс салынған жәшікті ақтарғандар жарлы адамдар. Бірақ егер жаңа ереже бойынша желкенді қайықтың иесіне қоқыстағы мүсәпірлер қоры үшін деп жылына 10 мың доллар арнайы салық салынса және әлгі қордан әрбір жарлы адам жылына 2000 доллар көмек алатын болса, онда мынадай жағдай туады: тіркелген желкенді қайықтар иелерінің саны азаяды, өзін «қоқыстанмынє, жарлымын дегендердің саны жедел өседі.
 Табыстағы теңсіздік едәуір дәрежеде құн заңының объективті әрекетінен туындағанын ұмытпау керек. Табыс дифференциясын түгел жоюға тырысу рыноктық механизмді қиратумен тең.
 Қайта бөлу процестерінің көлемі әр түрлі елдерде түрліше, бірақ Швецияда оның шеңбері кең. Мысалы, егер бұл елдегі өндіріс факторлары бойынша табысты бөлуді алып, үй шаруашылығының 10 тобына топтастырғанда (сурет), онда мынадай қорытынды шығады: үй шаруашылығының жалпы табысы жоғары 10 %-тік топта халықтың төменгі 10%-іне қарағанда шамамен 100 есе көп болды. Бірақ қолдағы табысты алсақ, онда үй шаруашылығының жоғары және төменгі топтарының айырмасы едәуір аз көлемде, артығы 100 есе емес, 4 есе болды. Мұндай қайта бөлудің көлемі көлемі швед экономистерінің белгілі күмәнін туғызды, жүргізілген зерттеулер нәтижесінде жалақыдағы айырмашылықтардың азаюы еңбек рыногының динамикасын төмендетті.
 Сонымен рынок шаруашылығындағы мемлекеттің әлеуметтік саясаты өте нәзік құрал болуға тиіс, бір жағынан, ол әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға және әлеуметтік шиеленісті жұмсартуға көмектессе, екінші жағынан кәсіпкерлік пен жоғары тиімді еңбекті ынталандыруға салқынын тигізбеуі қажет.
 Қазіргі әлеуметтік қорғау жүйесінде толық ынтымақтастық және мемлекеттік институттардың қатысу деңгейі басым да, ынталандыру деңгейі төмен.
 Мүгедектігіне, асыраушысынан айрылуына байланысты, жұмыссыздығы мен жасы бойынша әлеуметтік қорғау жүйесі толық ынтымақтастық қағидатына негізделген. Барлық жеке тұлғалар - Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар (бұдан әрі – азаматтар) өмірдегі қатерлі жағдайлар туындаған кезде еңбек қызметіне қатысуына және жарнасына қарамастан, егер заңдар мен халықаралық шарттарда өзгедей көзделмесе, бірдей деңгейде мемлекеттік жәрдемақылар алады. Бұдан басқа, әлеуметтік төлемдерді есептеудің экономикалық негізделген нормативтері мен еңбекақы жүйесінде өзара байланыс болмауының салдарынан жұмыс істейтін халықтың табыс деңгейі мен әлеуметтік төлемдер арасында тиісті байланыс болмай отыр. Соның салдарынан, жұмыс істейтін халықтың бір бөлігі әлеуметтік жүйеге үлесі болмаған азаматтардың алатын әлеуметтік жәрдемақы мөлшерінен де аз жалақы алады.
 Жұмыс істейтін азаматтарды әлеуметтік қатерлер туындаған жағдайда аударымының мөлшеріне қарай қосымша қорғаудың шектеулі ынтымақтастыққа негізделген жүйесі республикада жоқ.
 Азаматтың еңбек үлесі ынтымақтастықты зейнетақы жүйесінде ішінара ғана ескеріледі. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі – қартайған шақтағы қамсыздандырудың қатысушылар арасында ынтымақтасусыз, жинақтау қағидатына негізделген жүйеге қатысуға пәрменді ынталандыратын бірден бір түрі.
 Қолданылып жүрген заңнамада әлеуметтік қатерлар туындаған жағдайда ерікті сақтандыруды жүзеге асыру көзделген, ол бірқатар факторларға байланысты тиісті деңгейде дамымай отыр.
 Әлеуметтік қорғау жүйесінің негізгі қаржыландыру көзі мен жалпы реттеушісі мемлекет болып табылады. Заңнамаға сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына мемлекет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек көрсетіледі. Жинақтаушы зейнетақы жүйесін қоспағанда, әлеуметтік қорғау жүйесінде ынталандыру деңгейі төмен.
 Қазіргі әлеуметтік қорғау жүйесінің тиімділігін шектейтін негізгі кемшіліктер мыналар:
 жетілдірілмеген заңнама - әлеуметтік саланы реттейтін заңнама әлеуметтік қатерлар мен төлемдерге негізделмей, төлемдер түрлері бойынша қалыптастырылған;
 әділдігі жеткіліксіз және ынталандыру деңгейі төмен - әлеуметтік жәрдемақылар алу құқығын іске асыру кезінде салықты төлеп, азаматтық борышын атқарып жүрген еңбеккерлердің салық аудармайтындардың алдында артықшылығының болмауы;
 айқындықтың жеткіліксіздігі - әлеуметтік төлемдерді алу процесін қадағалауға арналған дербес сәйкестендіру жүйесінің қалыптасу сатысында болуы.
 Қолданылып жүрген жүйені сақтау орын алған кемшіліктердің одан әрі тереңдеуіне, жүйеден төленетін төлемдер мен салымдар көлемі арасындағы байланысты босаңсытуға, соның салдарынан салықтар мен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне міндетті жарналарды төлеуден жалтаратын адамдардың көбейіп кетуіне апарып соқтыруы мүмкін.
 Оңтүстік Қазақстан облысы – республикада ірі аймақтардың бірі және халқы тығыз орналасқан облыстардың бірі. Сондықтан, әлеуметтік саладағы мәселелерді шешу аз қамтамасыз етілген азаматтарға көмек көрсетуде кешенді шараларды қажет етеді. Осыған байланысты негізгі жағдайларды, бағдарламалық іс – шаралардың тізбесін, қаржыландырудың болжамды көлемін және облыстың департаменттері мен басқармалары ішінен орындаушылар құрамын анықтау қажет.
 Облыстағы экономикалық жағдайдың жақсаруына қарамай, халықтың жекелеген санаттары әлеуметтік көмекті қажет етеді. 2003 жылдың 1 қаңтарына 117 мың кедей азамат облыс халқының 5,7 пайызын құраған болса, олардың саны 23,5 пайызға кеміп, биылғы 1 қаңтарға 89 мың адамды немесе облыс халқының 4,2 пайызын құрап отыр.
 Бұл халықтың 16061 мыңы соғыс ардагерлері, мүгедектері мен оған теңестірілген тұлғалар, 666 мың жасы 80-ге жеткендер және одан асқан зейнеткерлер, 4 және одан да көп балалы аналар, еңбек мүгедектері мен мүгедек - балалар, олар халықтың жалпы санының 2,7 пайызын құрайды. Облыста отбасы саны 391962, олардың құрамы орташа есеппен 5,2 адам. Атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж болып отырған 24273 кедей отбасы, оның ішінде тұрғын үй жәрдемақысын 2040 отбасы алады.
 Өндірістің ыдырауы 200-ден астам кәсіпорынның тоқтауына ілесіп, ресми жұмыссыздықтың 26 мың адамға, жасырын жұмыссыздықтың да осы дәрежеге өсуі, 800 мың адамның тұрмыстық жағдайының кедейшілік деңгейінен төмен болуы 1998 жылға дейін жалғасты.
 Жүргізілген талдау нәтижесі облыс халқының әлеуметтік ахуалының әлі де болса күрделі екендігін көрсетеді. Жаппай жұмыссыздық пен материалдық жағдайдың нашарлығының себебі өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының барлық дерлік саласында өндіріс потенциалын пайдаланудың күрт төмендеуіне, көптеген кәсіпорындарды бөлшектеу, қайта құру мен банкроттық рәсімдерін жүргізуге әкеліп соққан экономикалық дағдырыста.
 Өнеркәсіп өнімін өндіру көлемінің күрт кемуі мен шынайы жалақының төмендеуі, құнсызданудың асқақтауы мен жұмыссыздықтың тоқтаусыз өсуі тұрмыс деңгейінің жалпы төмендеуі мен аз қамтамасыз етілген, әлсіз топтардың пайда болуына әкеліп соқты. Кедейшілік деген ұғымның өзі қоғам үшін айқын да қауіпті бола бастады. Сонымен қатар, кедейшілік – тек мұқтаждықтың емес, әлеуметтік шиеленіс пен қылмыстың көзі. Кедейшілік ауру мен өлім деңгейінің өсуіне жол береді. Сондықтан халықтың тұрмыстық жағдайының оңалуы тек тұрақтандыру мен экономикалық өсуге бағытталған ұзақ мерзімді мақсаттың орындалуына байланысты.
 Кедейлер санының динамикасы, адам

 Еңбек рыногында жүргізілген талдаудың нәтижесінде 1999-2002 жылдары облыс халқының 91,3 мың адамға өсуінің арқасында экономикалық белсенді халықтың да саны 68,6 мыңға өсті. Соның салдарынан еңбек рыногында да біршама жақсы өзгерістер болып, халықты жұмыспен қамту деңгейі көтеріліп, кедейлікті жеңудің бірден-бір мәселесі шешілді. Жалпы жұмыссыздық 48,5 мың адамға, ал ресми тіркелген жұмыссыздардың деңгейі 2,2 пайыздан 1,6 пайызға төмендеді. Кедейлердің саны 1999 жылғы 353,1 мың адамнан, 2002 жылы 117,2 мың адамға дейін төмендеді.
Категория: Экономика, Қаржы, Бухгалтерлік іс, Банктік іс, Салық! | Добавил: anonim02
Просмотров: 5373 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 1.3/3
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]