Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Ақпарат танымдық порталы

Сәрсенбі, 15.05.2024
Главная » Файлы » Білім және ғылым » Экономика, Қаржы, Бухгалтерлік іс, Банктік іс, Салық!

Қолма-қолсыз есеп айырысу сапасын жетілдіру және тиімді банктік қадағалау жүргізу
09.07.2011, 23:36
Қолма-қолсыз есеп айырысу сапасын жетілдіру және тиімді банктік қадағалау жүргізу
 Қазақстан Республикасының 1995 жылдың 31 тамызындағы № 2444 «Қазақстан Республикасындағы банк және банктік қызмет туралы» Заңында және 1997 жылғы коммерциялық банктерді қадағалаудың Базельдік стандарттарына сәйкес қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ететін комплекстік механизмдерінің құрамдас бөлігі сияқты банктік реттеу мен қадағалауды тиімді жүзеге асыру банктің қолма-қолсыз есеп айырысу сапасының жоғарылауында ерекше орын алады.
 Шетел тәжірибесінде банктердің қызметін реттеудің негізгі мақсаттары:
 - Бәсекелестік талаптардың гармонизациясы;
 - Несиелік ұйымдардың модернизациясы;
 - Банктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
 - Клиенттермен қатынасты жақсарту, оның ішінде олардың қызығушылығын қорғау.[34.83б.]
 Қолма-қолсыз есеп айырысуды басқарудағы жоғарыда көрсетілген мәселелер қолма-қолсыз есеп айырысу саясаттың маңыздылығын көрсетеді және банктердегі қолма-қолсыз есеп процестің методикалық ұйымдастырылуына, ережелеріне, нормативтеріне сәйкес келеді.
 Банктік қызметтің пруденциалдық нормалары Орталық банкпен бекітіледі, оларға:
 - Ұйымдарымен қабылданатын тәуекелдің шекті көлемі;
 - Жоғалтуларды жабу мүмкіндігі мен қолма-қолсыз есеп айырысу ұйымдарының өтімділігін қамтамасыз ететін резервтер нормасын құру;
 - Несиелік ұйымдардың қолма-қолсыз есеп айырысу жағдайына немесе олардың қаржылық қызметін нақты бағалауына кері әсер етуіне әкелетін талаптарды орындамауы жатады.[35.]
 Несиелік ұйымдардағы есептің айқындылығын Орталық банк бірінші рет тексергенде, оның қолма-қолсыз есеп айырысу айқындылығы қарастырылады, яғни қолма-қолсыз есеп, алған қарыздың пайда болған кездегі тәуекелдерін анықтайды, сонымен қатар ссуда бойынша жоғалтуларға резервтер құрады.
 Банктік қадағалау жүйесін құратын 1997 жылғы банктік қадағалаулағы Базельдік стандарттарына сәйкес, банк қызметін тиімді қадағалауына келесі қағидалар жатады:
 - Банк қызметінің мәні туралы қадағалау органдарының дұрыс ұсынысы және банкпен қабылданатын тәуекелдерді басқарудың мамандырылуын қамтамасыз ету;
 - Жекелеген банктер өзіне қосатын тәуекелдер мінезі мен көлемін қадағалау органдарының бағалауы;
 - Есеп және қадағалау жүйесінің тиімділігіне, мамандырылған басқарушылыққа, капиталдың жеткіліктілігіне сәйкес келетін тәуекелдерге банк ресурстарының бар болуын қадағалау органдарымен бекіту;
 Банктік қызметке қадағалаудың Базельдік стандарттары банктер өзіне қабылдайтын тәуекелдерді шектеуіне бағытталған пруденциалдық нормалар мен ережелерді қарастырады.
  капиталдың жеткіліктілігі (бағалаудың банктік механизмнің болуы, нарықтық бағалардың ауытқуымен байланысты тәуекелдерді тиімді бағалау – 12 қағида);
  несиелік тәуекелдерді басқару (7 – 11 қағида);
  нарықтық тәуекелдерді басқару (12 қағида);
  басқа тәуекелдерді басқару.[36.]
  Базельдік стандартқа сәйкес қолма-қолсыз есеп айырысу тәуекелдердін басқару келесі қағидаларды ұсынады:
  Стандартты несиелендіру және несиелердің мониторингі (7 қағида);
  Күмәнді қарызды жабу үшін қамтамасыз етудің жеткіліктігі және активтер сапасының бағалауы (8 қағида);
  Тәуекелдерді және ірі тәуекел позицияларын концетрациялау (9 қағида);
  Банкпен байланысты тұлғаларға несие беру (тәуекелдерді минимизациялаудағы қадағалауды қолдану және несиелендіру шарттарын тиімді қарау – 10 қағида);
  Мемлекеттік немесе трансферттік тәуекелдер (бұл тәуекелдерді жабу үшін резервтердің бар болуындағы халықаралық ссудалық және инвестициялық операцияларды жүргізгендегі трасферттік және мемлекеттік тәуекелдерді бақылау).
 7 қағида. 1997 жылғы Базельдік стандарттың «стандартты несиелендіру және несиелердің мониторингі» банктік қадағалау жүйесінің негізі болып табылатындықтан, «несиелендіру мен инвестицияларды орналастырумен және сонымен қатар займ портфелін ағымдық тексерумен байланысты банктің тәжірибесі, бағалау саясатының тәуелсіздігі» анықталады.
 Банктік қызметке қадағалаудың Базельдік стандарты банктің несиелендіруге жақындығы объективті және рационалды болуымен сәйкес стандартты несиелендірудің нормалары мен ережелері бекітіледі.
 Несие операцияларын басқарудың бірден – бір элементі – несие бергендегі әкімшілік келісімі және оған сәйкес құжаттары бар, жазбаша түрде рәсімделген несиелендіру методикасы болып табылады. Несиелендіру кепілдеменің пруденциалды стандарттарында негіз алады, олар банк кеңесімен қадағалануы тиіс және несиелендірумен айналысатын барлық қызметкерлердің мәлімет-теріне жеткізілуі тиіс.
 Несие берудегі банктің қолма-қолсыз есеп айырысу шешімі үшінші тұлға жағынан қысым мен қызығушылық қақтығысы болмауымен жүзеге асырылуы тиіс.
 1997 жылғы Базельдік комитеттің хатына сәйкес «Банк қолма-қолсыз есеп айырысу қызметіне тиімді қадағалау қағидаларының базасы» банктерде «қолма-қолсыз есеп айырысу қарыз алушылардың қаржылық жағдайын қосатын несиелік қатынастардың мониторинг жүйесінің болуы керек».[37.]
 Кез келген ақпараттық жүйенің басқарушылық элементінің негізі – несиелердің классификация жүйесін және ішкі рейтинг туралы ақпаратты қосатын, банктің несие қолма-қолсыз есеп айырысу жағдайы туралы керекті ақпараттар базасы болып табылады.
 Қазақстан Республикасының тиімді қадағалауы екінші деңгейлі банктердің болашақтағы өз міндеттерін орындауын анықтау үшін бағытталған және келесі банктік басқарудың төмен деңгейінің себептерінде айқындалады:
 -банктегі бірлескен банк саясатының жоқ болуы;
 -негативті жағдайларды жасыру мақсатындағы есеп пен есептілікіті үйкеліске бағыттылуындағы банктің әсер етуі;
 -несие және басқа қарыздың жоқтығы.
 Қорыта келгенде, банктік несиелік портфельдің сапасын жоғарылатуда 1997 жылғы коммерциялық банктерді бақылаудың Базельдік стандарттарымен және 1995 жылдың 31 тамызындағы №2444 "Қазақстан Республикасындағы банктер мен банктік қызметтер туралы” Қазақстан Республикасының Заңымен сәйкес тиімді банктік бақылау және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің және банктердің өздерінің қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету механизмдерінің мақсатты кешенінің маңыздылығы ретінде қадағалауы ең маңызды болып табылады.Бұл жүйедегі қауіпсіздік.
 Аталған жүйедегі деректерді қауіпсіздендіру үшін аса жылдамдатылған кпиртографиялық процессорлық модуль қолданылады. Онда DES пен RSA стандарты қолданылады. Криптографиялық процессор мұқамдау (шифрлеу) операциясын өндірумен айналысады. Соның көмегімен Smart City картасындағы ақпартты қорғау ақша шығарушы банкте жүйе құрып жатқанда-ақ басталып кетеді. Сол тұста криптографиялык процессор әрбір берілген карточкада тамаша кілт береді. Егер де қарапайым жүйеде карточканы ашып, ондағы ақпаратты оқи алатын болса, онда Smart City жүйесінде бұзушы тек бір ғана картаға ене алады. Сонымен қатар, кез-келген жүйеде жүйеге ену кілті шифрленіп беріледі. Ол кілтті жолдан қағып алудың алдын алады.[38. 4006.]
 Соңғы жылдар кезеңінде төлем карточкалары нарығы жоғарғы қарқынмен даму үстінде. Бүгінгі күні қазақстандық банктер шығарған айналымдағы карточкалар саны 3,98 млн. данаға жетті. Осы карточкаларды ұстаушылардың саны 3,81 млн. адамды немесе еліміз халқының экономикалық белсенді бөлігінің 46,5%-ын құрады. Демек, қазіргі уақытта республиканың әрбір 4-ші тұрғыны төлем карточкасына ие болып отыр.
 2006 жылдың 9 айы ішінде қазақстандық банктердің шығарған төлем карточкаларын қолдану арқылы сомасы 860,7 млрд. теңге болатын саны 47,3 млн. транзакция жасалды. Бұл ретте, төлем карточкалары арқылы жасалған барлық операциялар көлемінің 11%-ын қолма-қол ақшасыз төлемдер құраса, басым көпшілігін 89%-ын банкоматтар мен банк кассалары арқылы төлем карточкаларын пайдалана отырып қолма-қол ақша алуға байланысты транзакциялар құраған. Бұл көрсеткіштер, әлі де болса халықтың төлем карточкаларын басым түрде қолма-қол ақша алу құралы ретінде қолданып отырғандығын көрсетсе керек.
 Бөлшек сауда мен қызмет көрсету саласында төлем карточкаларын қолдану арқылы жасалатын қолма-қол ақшасыз төлемдердің көлемін арттыру мақсатында Ұлттық Банк пен Үкімет бірлесе отырып, бірқатар жаңа қадамдарға барған болатын. Қабылданған шаралардың қатарында елімізде төлем карточкаларымен тауарлар мен қызметтер үшін есеп айрысу жасау үшін қабылдайтын сауда ұйымдарының дамыған инфрақұрылымын қалыптастыру мақсатында төлем карточкаларын қабылдауға міндетті сауда және қызмет көрсету ұйымдарының санаттары бекітілген 2004 жылдың 15 желтоқсанында қабылданған Үкіметтің №1328 қаулысын бөлек атап кеткен жөн. Бұл шара қолма-қол ақшасыз төлемдердің артуы мен төлем карточкаларына қызмет көрсететін инфрақұрылымның дамуына айтарлықтай әсер еткенімен, күткендегідей нәтижелерге алып келген жоқ.
 Көптеген сауда және қызмет көрсету кәсіпорындары бұл қаулының талаптарын орындауға, өздерінде төлем карточкаларын қабылдауға арналған терминалдарды (құрылғыларды) орнатуға асығар емес. Бүгінгі күні Қазақстан аумағында сауда және қызмет көрсету орындарында орнатылған төлем карточкалары арқылы қолма-қол ақшасыз төлемдер жасауға арналған терминалдар саны 7 985 дананы құрайды. Ал, төлем карточкаларын өздерінің тауарлары мен қызметтері үшін төлем құралы ретінде қабылдайтын сауда және қызмет көрсету ұйымдарының саны бар болғаны 5 мыңға жетіп жығылады. Бұл көрсеткіштер төлем карточкалары нарығының бұдан әрі тиімді түрде дамуына мүлде жеткіліксіз.
 Басқа банктің қызмет түрлеріне қарағанда, болашақта төлем карточкалары нарығы ерекше қарқынмен және жаңа сипатпен дамиды деген ойдамыз, өйткені төлем карточкалары жеке тұлғаларға ең тартымды және банктік көптеген қызмет түрлерін пайдалануға жол ашатын өте оңтайлы құрал.
 Валюталық қаражаттарды пайдалану тиімділігін жоғарылату, инвестициялық мүмкіншіліктерді кеңейту және валюталық реттеу мен бақылаудың нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру мақсатында, 2003 жылдан бастап ҚР Ұлттық банкі валюталық режімді ырықтандыру саясатын жүргізіп келеді.
 Бұл саясат валюталық шектеулерден біртіндеп бас тарту және операцияны жүргізген кезде артық тосқауылдарды төмендету жолдары бар екі кезеңнен тұрады.
 Қостанай облысы 14 екінші деңгейдегі банктердің 32 филиалымен, оның ішінде 13 аудандық филиалымен, қолма-қол шетел валютасымен айырбас операцияларын жүргізуге лицензиясы бар 40 уәкілетті ұйымдармен (уәкілетті ұйымдар) ұсынылған.
 Ұлттық банктің Қостанай филиалы облыс аумағында орналасқан валюталық бақылау агенттеріне отызға тарта жоспарлы және бірнеше жоспардан тыс тексеріс жүргізді.
 "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы” жаңа Заңның қабылдануымен резидент емес заңды тұлғалар шетел валютаны уәкілетті банктер арқылы шектеусіз сатып алуға мүмкіндіктері бар. Резидент заңды тұлғалардың шетел валютасын сатып алу негіздері кеңейтілді.
 Қолма-қол шетел валютасын банктік шоттан алып қою негіздері қысқартылды.
 Жаңа Заңда валюта операцияларын қолма-қол түрде жүргізу тек мынадай жағдайларда ғана қарастырылған: қолма-қол шетел валютаға бөлшек сауда жүргізу және қызмет көрсетуге лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар арасындағы төлемдер, сондай-ақ өз қызметін Қазақстан Республикасының кедендік аумағында кедендік бақылауда жүргізетін резидент емес заңды тұлғалардың төлемдері; Қазақстан Республикасы аумағында 4000 айлық есептік көрсеткішке баламалы теңге сомасына қызметін жүргізетін резидент және резидент емес заңды тұлғалар арасындағы төлем; резидент заңды тұлғалардың резидент емес жұмысшыларына еңбекақы төлеу, сондай-ақ резидент емес заңды тұлғалардың резидент және резидент емес жұмысшыларына еңбекақы төлеу; заңды тұлғалардың жұмыскерлерді Қазақстан Республикасынан тыс жерге іссапарға жіберуіне байланысты туындаған шығындарды төлеу.
 Жаңа заңның қабылдануымен лицензиялаудың тәртібі өзгерген жоқ.
 Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 маусымдағы "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы” жаңа Заңы Қазақстан Республикасындағы 2005-2007 жылдарға арналған валюталық тәртіпті ырықтандыру бағдарламасын іске асырудың құқықтық негіздерін және 2007 жылдан бастап ұлттық валютаның толықтай айырбасталу принциптеріне көшуді бекітті. Бұл заң валюталық операцияларды жүргізуге қойылған, 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылатын, тосқауылдарды нақты анықтайды. Валюталық реттеу және бақылау жүйесі валюталық операцияларды тіркеу және хабарлаумен негізделеді.
 Елдің төлем балансының және сыртқы қарызының жағдайын анық және уақытында талдау және статистикалық есептеу мақсатында, филиал капитал қозғалысымен байланысты валюталық операцияларды және шетелде шот ашуды тіркеу жөнінде жұмыс жүргізіп жатыр. Заң әрекет еткен уақыттан бастап, тіркеуге алынған операциялардың саны айтарлықтай қысқарды.
 Берілген Заң шегіндегі өзгертулер мен толықтырулар қолданыстағы (экспорттық-импорттық мәмілелерге, айырбас операцияларын ұйымдастыруға, жеке тұлғалармен шетел және ұлттық валютаны ресми мәлімдеуге және т.б. қатысты) құқықтық-нормативтік актілерге өз ықпалын тигізді, жаңа актілер шығарылды.
 Астана бас қала мәртебесін алған сәтінен бастап қала банктерінің кассалық айналымдары жылдан-жылға кіріс жағынан әрі шығыс жағынан да серпінді түрде өсе бастады. Бірінші кезекте осы көрсеткіштің өсуіне аймақтың әлеуметтік-экономикалық өрлеу қарқыны себеп болған, алайда бұл жерде басқа да фактор маңызды рөл атқарды.
 Астана қаласы қолма-қол ақша эмиссиясының деңгейі жоғары аймақтардың бірі болып табылады. Астанада эмиссияның өсуіне қолма-қол ақшаның Қазақстанның басқа аймағына орын ауыстыруы, Астана қаласының дамуының және жалақының жоғары деңгейіне қатысты мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру сияқты фактор ықпалын тигізеді. Осы барлық фактор соңғы бірнеше жылда өзгеріссіз қалып, екінші деңгейдегі банктердің касса айналымының өсуіне себепші болды.
 Астана қаласы банктерінің айналым кассасы 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда кіріс бойынша 53%-ға, шығыс бойынша 47,1%-ға өсті. Банктердің түсімінің негізгі үлесі (бұл ретте оларға 32%-дан келеді) тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетуді сату түсімінен болады. 2005 жылғы түсімдердің өсу қарқыны 2004 жылмен салыстырғанда 51,6%-ға өсті. Шығыс жағынан тауар, жұмыс, және қызмет көрсету үшін ақы төлеумен байланысты сома беру басымырақ, бұл жердегі өсу қарқыны 29,1% болды.
 Қолма-қол ақша айналымында маңызды орын алатын жағдай — валюта операциясының және депозиттік шоттың түсімдері мен оларға берілген сомалар. Егер 2004 жылы валюта операциясының түсімдері мен оларға берілген сомалар үлесі бойынша депозиттік шоттан асып түскен болса, 2005 жылы теңгенің алдыңғы қатарлы шетел валютасының, ең бастысы АҚШ долларына позициясының нығаюымен және халықтың республиканың банк жүйесіне деген сенімінің арта түсуімен байланысты болды. Ал депозиттік шоттар түсіміне келетін болсақ, 2006 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жалпы салымдар көлемі өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 9,5%-ға өсті. Салымдардың жалпы сомасындағы ұлттық валютадағы депозиттер үлесі 17 %-ға көбейіп, 52,5% болды.
 Жалпы көлемінен 13,6% орын алатын, банктердің айналым кассасының шығыс бөлігінің тағы бір бабы банкоматтарды қосымша нығайтуға берілетін сомалар болып табылады. Өткен жылмен салыстырғанда осы бап бойынша өсу қарқыны 52,7% болды, бұл төлем карточкаларын пайдаланушылар санының өсуімен және банкоматтар тораптарының көбеюімен байланысты. 01.01. 2006 ж. жағдай бойынша қала банктері 230,0 мың. төлем карточкасын шығарды, оларды ұстаушылар саны 218,7 мың адам. Астана 1 төлем карточкасына келетін халық санының ара қатынасы бойынша неғұрлым қолайлы жағдай қалыптасқан Қазақстанның біраз аймағының бірі болып табылады. Астананың екі тұрғынына бір төлем карточкасынан келеді.
 Қолма-қол ақша берудің жалпы көлемі 2,7 есеге ұлғаюы несие беруден байқалады. Сонымен бірге банктердің кредиттері бойынша қаланың экономикасына қарыз сомасы 2005 жылдың аяғында өткен кезеңмен салыстырғанда 84,3% көбейді.
 Тұтастай алғанда, қолма-қол ақша айналымының өсіміне кіріс жағынан да, сол сияқты шығыс жағынан да мынадай себептер ықпалын тигізеді: тауар айналымының және көрсетілген қызметтің көлемінің 21,4%-ға, орташа айлық атаулы жалақының 21,6%-ға (нақты көрінісі — 13,5%-ға) өсуі, осы деңгей бойынша Астана республика көлемінде Атырау және Маңғыстау облыстарынан кейін үшінші орын алады.
 Сөйтіп, елорданың қолма-қол ақша айналысының өсуі оның экономикасының, қала халқы санының өсуіне және еңбекақының көтерілуіне байланысты, бұл тікелей тауарларды, жұмысты және қызмет көрсетуді сату көлемдерінің өсуіне ықпал етеді. Қолма-қол ақша айналымында ақшаның басқа елдің басқа аймақтарына орын ауыстыруы маңызды рөл атқарады. Алайда, Ұлттық банктің қолма-қол ақша айналымын реттеу саласындағы қызметінің басты бағытын ұстана отырып, Орталық филиал қала экономикасы субъектілерінің қажеттілігін уақтылы және толығымен қанағаттандыруға ынталы.
 Елбасының халыққа Жолдауында мемлекеттің ақша-кредит саясатының негізгі бағыттарының қатарында – инфляцияны тежеу және қаржы нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету міндеті белгіленген. Сонымен қатар, инфляцияны тежеу жауапкершілігі Ұлттық банкпен қатар, алға қойған міндеттерді орындау мақсатында өкілеттік берілген еліміздің Үкіметіне де жүктеледі деп көрсетілген.
 Ұлттық банк 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап тұтынушылық нарықтағы бағалардың тұрақтылығын өзінің негізгі мақсаты ретінде белгілеп, инфляциялық таргеттеуге өту туралы хабарлаған болатын. Инфляция деңгейінің көрсеткіші ретінде тұтынушылық бағалар индексі қолданылады. Ол белгілі бір тұтынушылық тауарлар мен қызметтердің бағаларындағы салыстырмалы өзгерістерді көрсетеді.
 Өтіп бара жатқан жылда Ұлттық банк инфляцияны тежеуге бағытталған мынадай қадамдар жасады: қысқа мерзімді ноталарды ұсыну көлемін ұлғайтты, ең төменгі резервтік талаптар есебі базасының, оның сыртқы міндеттемелері бөлігін кеңейтуге өзгерістер енгізді. Нәтижесінде, осының барлығы ақша көлемінің азаюына, демек, инфляцияның төмендеуіне алып келуі тиіс. Сонымен қатар, Ұлттық банктің ақша-кредит саясатын қатаңдату жөнінде қолданған шаралары белгілі бір уақыт өткеннен кейін әсер ететінін ескерген жөн.
 Инфляцияға монетарлық факторлармен қатар, монетарлық емес, яғни: мерзімділік, әкімшілік реттеу, монополист кәсіпорындардың бағалары, монополияға қарсы заңнама, бәсекелік ортаның дамымауы сияқты факторлар әсер етеді.
 Оңтүстік Қазақстан облысына келетін болсақ, тұтынушылық бағалар жөнінде Ұлттық банктің Оңтүстік Қазақстан филиалы жүргізіп отырған мониторинг анықтағандай, мына факторлар өңірдегі инфляция деңгейінің өсуінің негізгі себептері болып табылады:
 – мерзімділік, көбінесе көкөністер бойынша, себебі, сұранысы мол жемістердің (алма, апельсин, банан, мандарин) көбі импортталады, сондықтан, бұл жемістердің ұсынысы, мерзімге қарамастан, тұрақты болып қалуда. Өзбекстаннан әкелінген өнімдерді қадағалау және кедендік ресімдеу процедурасын жеңілдету туралы Үкіметтің қаулысы қабылдағанына қарамастан, көкөністердің бағалары өткен жылдағымен салыстырғанда жоғары;
 – тауарлар мен қызметтер өндірісінің көлемімен және еңбек өнімділігімен салыстырғанда, халықтың табысы озық қарқынмен өсуі;
 – банктердің несие беру саласындағы белсенділік саясаты.
 Тағы бір қарқынды дамып келе жатқан бағыттың бірі сауда-саттық пунктіндегі қорғаныс. Мұнда негізгі үш шешім болуы мүмкін. Кішігірім қаржылық жүйесінде смарт-карточканың өзі бір немесе бірнеше парольмен қатыса алады. Қорғаудың бірнеше түрін пайдалану жүйенің жан-жақтылығын көрсетеді. Және ең соңғысы, жоғары сапалы сенімділікті қорғау үшін аппаратты құралдарды пайдалану болып табылады. Smart City жүйесінде сату пунктерінде кассалық терминалдар пайдаланылады. СМ4450 құрылғысына микро-бақылау мен шифрға арналған модуль орнатылған. Онда ақпараттар сақталынып, ішкі жағынан кілтті қорғап тұрады. Кілтерді аппаратты түрде кришографикалық процессордың көмегімен жасайды. Кілтті мұқамдап қойғаннан кейін оны бөгде біреуге оқу мүмкін болмайды. Ал жадында сақталған ақпараттар өшіріліп, немесе қайта қосқан кезде жоғалып кетеді.[39. 3206.]
 Бір күнде жасалынған есеп айырысулар туралы деректер сатып алушының смарт-картасында орналасқан кілттің көмегімен жасалған электронды қолтаңбамен жабдықталады. Бұл дүкендерде шаруашылық операциялар кезінде алаяқтық жасаудың алдын алады. Одан кейін, кешке қарай, шаруашылық операциялар туралы деректер төлем жүйесінде жүргізілген операциялар туралы ақпаратты өңдеу орталығына жіберілетін кезде де, бар сәлемдеме тағы да электронды колтанбамен жабдықталады. Төлем жүйесінде жүргізілген операциялар туралы ақпаратты өңдеу орталығында әрбір шаруашылық мәмілесінің жасанды емесін тексеру үшін тағы да электронды қолтанбаны тексереді. Әр кезеңде шаруашылық операцияларды жалған электронды қолтаңбалармен салыстырады. Әр шаруашылық операцияны нақты карточкалар негізінде тек қана сол карточканы берген банк қана тексере алады. Себебі, олардың өздерінің кілттері болады. Сонымен қатар, барлық банкоматтар туралы ақпараттар да сол сияқты қорғалады. Телекоммуникациялық желі болмаған жағдайда, ақпараттарды сыйымдылыгы жоғары, үлкен смарт-карталармен тексере алады. Оны жұмыс күні біткеннен кейін банкке жеткізеді. [40. 9-136.]
 Барлық шаруашылық операцияларының POS-терминалда жазылып, банкке беріп жіберетіндіктен, ұрланған немесе жоғалған карточка жоғалған сәтте болған сома мөлшерімен қайта қалпына келтіріледі.
 Жүйеде жарамсыз деп табылған карталардың тізімі үнемі жүргізіліп, сақталады. Мұндай тізім күнделікті банкоматтарға жергілікті есептеу желісі бойынша, ал сату терминалдарына модемдік байланыс арқылы немесе көлік смарт-карталары арқылы жеткізіледі.
Категория: Экономика, Қаржы, Бухгалтерлік іс, Банктік іс, Салық! | Добавил: anonim02
Просмотров: 2208 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]