Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Ақпарат танымдық порталы

Сисенбі, 21.05.2024
Главная » Файлы » Білім және ғылым » Қоршаған ортаны қорғау, Экология

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі
09.07.2011, 14:34
КАСПИЙ ТЕҢІЗІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ

 Қазақстан Республикасының Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне қатысты ұстанымы Каспийге БҰҰ-ның Теңіз құқығы жөніндегі 1982 жылғы конвенциясының теңіздің әртүрлі бөліктерінің режимдері мен еніне қатысты жеке ережелерін қолдану болып табылады.

 Жағалаудағы мемлекеттердің саяси және экономикалық мүдделерін тиімді қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан БҰҰ-ның көрсетілген Конвенциясының ережелеріне сәйкес Каспийде аумақтық теңіз, балық аулау аймағын және ортақ су кеңістігін орнатуды ұсынады.

 Сонымен қатар осы аймақтарда тиісті режимдерді анықтау қажет. Аумақтық теңіздің сыртқы шекарасы оның шегінде жағалаудағы мемлекет барлық егеменді құқықтарды толығымен пайдаланатын мемлекеттік шекара болып табылуы қажет. Бұл аумақтық тұтастық пен шекаралардың мызғымастығы аясында қауіпсіздіктің қосымша кепілдеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

 Балық аулау мен биоресурстарды пайдалануды тиісті аймақтарда және ашық теңізде кәсіпті лицензиялау мен аулаудың келісілген квоталары негізінде жүзеге асыру қажет.

 Балық аулау аймағын, оның ені мен режимін Каспий маңы мемлекеттерімен келісе отырып жеке санатқа бөліп шығаруды ұсынады.

 Осы мәселелер бойынша келіссөздер Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны әзірлеу жөніндегі Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейіндегі Арнайы жұмыс тобының аясында өткізілуде.

 Каспий теңізінің құқықтық мәртебесінің мәселелері екі және үш жақты консультацияларда да келісілуде.

 Сонымен қатар, келіссөздерде Каспийдің экожүйесін сақтап қалу мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кеме қатынасын дамыту, минералдық және биологиялық ресурстарды игерудегі өзара іс-қимыл да сөз болады.

 Салалық халықаралық шарттарды келісу үшін Тараптардың тиісті мемлекеттік органдарының уәкілдері деңгейінде Каспий маңы мемлекеттері сарапшыларының кездесулері өткізіліп тұрады.

 2003 жылдың 4 қарашасында Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға қол қойылды.

 1998 жылдың 6 шілдесінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы жер қойнауын пайдаланудағы егеменді құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізінің солтүстік бөлігі түбінің жігін ажырату туралы келісім және 2002 жылдың 13 мамырында оған Хаттама жасалды.

 2001 жылдың 29 қарашасында және 2003 жылдың 27 ақпанында тиісінше Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы Каспий теңізі түбін шектеу туралы Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасының арасындағы келісім және оған Хаттама жасалды.

 Сонымен қатар, Қазақстан, Ресей және Әзербайжан арасында 2003 жылғы 14 мамырда Каспий теңізі түбінің шектес учаскелерін межелеп бөлу сызықтарының түйісу нүктесі туралы келісім жасалды.

 Каспий теңізінің жағалауы мемлекеттері Басшыларының Екі Саммиті (2002 жылғы 23-24 сәуірде және 2007 жылғы 16 қазанда) және Сыртқы істер министрлерінің үш кеңесі (1996 жылғы 11-12 қарашада, 2004 жылғы 6 сәуірде және 2007 жылғы 20 маусымда) болып өтті.

 Каспий теңізінің жағалауы мемлекеттері Басшыларының Екінші кездесуі барысында Әзербайжан Республикасының, Иран Ислам Республикасының, Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының және Түрікменстанның бірлескен декларациясы қабылданып, ол Каспий теңізі жағалауы маңы мемлекеттерінің жетекшілерімен қол қойылған құжат. Бұл құжат Каспийдің құқықтық мәртебесінің, теңіздегі қауіпсіздік пен тұрақтылықтың негізгі мәселелері бойынша, сондай-ақ Каспий жағалауы мемлекеттерінің халықаралық қатынастардың жекелеген аспектілері (БҰҰ-ның, МАГАТЭ-ның рөлін нығайту, ядролық қаруды, халықаралық терроризмді таратпау) жөніндегі ұстанымдарына байланысты мәселелер бойынша қазіргі бар уағдаластықтарын саяси деңгейде бекемдеп берді.

 Каспий жағалауы мемлекеттері Басшыларының кезекті Саммитін дипломатиялық арналар арқылы келісілген мерзімдерде Әзербайжан Республикасында өткізу туралы шешім қабылданды.
Категория: Қоршаған ортаны қорғау, Экология | Добавил: anonim02
Просмотров: 1489 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]