Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Ақпарат танымдық порталы

Сенбі, 27.04.2024
Главная » Файлы » Білім және ғылым » Психология,педагогика

В категории материалов: 165
Показано материалов: 161-165
Страницы: « 1 2 ... 15 16 17

Сортировать по: Күні
Қожа Ахмед Иассауи еңбектеріндегі халықтық педагогика мәселелері
Енгізген: ERbol | күні: 14.07.2011

Қожа Ахмед Иассауи еңбектеріндегі халықтық
 педагогика мәселелері

 Ұлы ұстаз Қожа Ахмет Иассауидің өз халқына қызмет етуге ұмтылысы оның мәні өшпес, ойгілі мұрасы "Диуани хикмет" (Ақыл, даналық кітабы) атты жинағынан айқын көрініс берді. Ол халық даналығы мен оған түсінікті тәрбие туралы идеяларды қорытыңдылай келе, оларды ерекше бейнемен өзгертті және халықтың өзіне кайтарды. Мүнда халықтың болашаққа мазасыздықпен қарауы, адамгершілік сабақтары қызметін атқарған сол тарихи зерденің өзі, орындалуы бүгінгі күні де мағыналылығын жоймаған келешек ұрпаққа өсиеттер бар. "Көшпелі жартылай көшпелі қыпшақ, оғыздардың тұрмыс-тіршілігін, көзқарас-танымын ескере отырып, сол жұрттың өз тілінде төгілте жырлаған, араб тіліңдегі кұран мен шариғат заңдарын өлеңмен сипаттап берген"13 бұл шығарма, сонымен бір мезгілде педагогикалық аса көрнекті туынды екендігі күмән туғызбайды.

Қазақтың халық педагогикасының даму кезеңдері
Енгізген: ERbol | күні: 14.07.2011

Қазақтың халық педагогикасының даму кезеңдері

 Мазмұны:

 1. Алғашқы қауымдық құрылыс кезiндегi тәрбие.
 2. Сақтар мен ғұндар империяларының мәдени-жауынгерлiк тәрбие дәстүрлерi.
 3. Ұлы Түркi қағанаты және оның тәлiмдiлiк-танымдық мұрагерлерi (VI-IХ ғ. ғ.).
 4. Араб-шығыс мәдениетiнiң қазақ даласына тарауы, Орта ғасыр оқымыстыларының тәлiмгерлiк ой-пiкiрлерi (X-XV ғ.ғ.).
 5. Қазақ хандығы тұсындағы ұлттық тәлiм-тәрбие (Жыраулар поэзиясындағы тәлiмдiк ойлар).
 6. Ресей отаршылдығына қарсы қазақ даласындағы ұлт-азаттық қозғалыстар және ағартушылық-демократиялық идеялардың өркен жаюы
 7. Кеңестiк дәуiрдегi қазақ педагогикасының ғылым ретiнде дамып қалыптасуы
 8. Ресей империясының құрамына кірген Қазақстанның білім жүйесі.
 9. Халық педагогикасы жөніндегі ғылыми-зерттеулер.

Қазақтың ақындарының тәлім-тәрбиелік идеялары
Енгізген: ERbol | күні: 14.07.2011

Қазақ ақын-жырауларының тәлім-тәрбиелік идеялары.

 Қазақ хандығы көптеген тайпалардың – қаңлылар, үйсіндер, қыпшақтар, арғындар, наймандар, дулаттар және т.б. негізінде құрылды. Қиын тарихи жағдайда қалыптаса отырып, қазақ хандығы бірде (ХҮІ ғ.бас кезінде) нығайды, бірде әлсіреді. ғасырдың аяғында Қазақ хандығында үш жүз деп аталатын көшпелі тайпалардың ірі одақтары – Ұлы жүз Оңтүстік Қазақстанда, Орта жүз қазақ даласының орталық бөлігінде және Кіші жүз батыс аймағында ұйымдасты. Әрқайсысының өз басқару әкімшілігі болды. Оларды біріктіру туралы әртүрлі әрекеттер болғанымен, қазақ халқы осындай жағдайда ХҮІІІ ғасырдың ортасына дейін өмір сүрді.

Қазақ этнопедагогикасының ғылыми негізін қалаушы педагог-ойшылдар
Енгізген: ERbol | күні: 14.07.2011

ҚАЗАҚ ЭТНОПАДАГОГИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГIЗIН ҚАЛАУШЫ ПЕДАГОГ-ҒАЛЫМДАР.

 ХХ. ғ. басындағы этнопедагогика негізін салушылардың идеялары.

 Жоспар:
 1. Әбубәкір Диваев, Шәкәрiм Құдайбердиевтың мұралары.
 2. Ахмет Байтұрсынов, Хәлел Досмұхамедов Мiржақып Дулатовтың тәлімдік идеялары.
 3. Нәзипа Құлжанова, Жүсiпбек Аймауытов, Мағжан Жумабаевтардың этнопедагогикалық ой-пікірлері.

Қазақ этнопедагогикасының ерекшелiктерi
Енгізген: ERbol | күні: 14.07.2011

Қазақ этнопедагогикасының ерекшелiктерi.

 1. Ұлттың өзiне тән тiршiлiк кәсiбi, тарихы мен мәдениетi.
 2. Халық педагогикасының негiзгi мақсаты.
 3. Қазақтың ұлттық философиясының танымдық ерекшелiгi.

 Ұшы-қиырсыз жазира дала тұрғындары өздерiнiң сан ғасырлар бойғы тарихында жас ұрпаққа тәрбие берудiң бай тәжiрибесiн жинақтап, ұлттың өзiндiк салт-сана мен әдет-ғұрып, дәстүр рәсiмдерiн туғызды. Көшпелi халық өзi өмiр сұрген қоғамның әлеуметтiк-экономикалық жағдайына, мәдениетiне, тарихына орайлас жас буынға тәлiм-тәрбие берудiң айрықша талап-тiлектерiн дұниеге әкелдi. Мәселен, жас адамның жұртқа танымал моральдық-психологиялық өлшемi белгiлендi, оның мәнi "сегiз қырлы, бiр сырлы” шынайы, отаншыл, азамат тәрбиелеу едi. Мiне, осы қағида сан ғасырлық дала тұрғынадарына қойылатын моральдық талаптарды айқындады. Ол талаптар көшпелi мал шаруашылығын жете игеру, еңбек сүйгiштiк, қиыншылыққа төзе бiлу, ел намысын қорғау, жаудан бетi қайтпау, ата тегiн жадында сақтау, сөз асылын қадiрлеу, тапқырлық пен алғырлық, ат құлағында ойнау, ата салтын бұзбау (жасы үлкендi, ата-ананы сыйлау, құдайы қонақтың меселiн қайтармау, көршi хақын жемеу, қайырымды, iзгi жүректi, бауырмал болу т. б.). Осындай қоғамдық қатынастарды кiшкентайынан көрiп-бiлiп өскен адамдарда мүдделестiк, өмiрге көзқарастың сәйкестiгi кiсiлiк қарым-қатынаста айқындалып, жеке бастың бұра тартуына мүмкiндiк қалдырмаған, психологиялық жағынан "бiрауызды қауымдасқан жандар” үнемi өзiнiң рулық одағына етене сiңiскен салттар мен дәстүрлердi ұстанды. Ал бұл принцип ұлттық психология мен ұлт мәдениетiнiң сипатын айқындайтын факторлар болды.

1-10 11-20 ... 141-150 151-160 161-165