Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Ақпарат танымдық порталы

Жұма, 10.05.2024
Главная » Файлы » Білім және ғылым » Психология,педагогика

Балалар бақшасындағы тәрбие
17.07.2011, 12:46
Балалар бақшасындағы тәрбие

 Адамды - жер бетіндегі тіршіліктің заңды жалғасы және оның өркендей өзгеріп жетілген биік шыңы деп қарастыратыны орынды. Алуан түрлі қоғамдардың дамуына ықпалын тигізген әртүрлі бағыттағы ілімдердің өзі адам мен табиғат болмысының терең талдануына мүмкіндік берген.
 Адам шыққан тіршілік көзінің ғымырына жарты миллиондай уақыт өтіпті. Осындай уақыт мұнараларын басып өткен тіршілік өзгерістерін адамға тән құрылысындағы жаратылыстардың жұмбақ сырларын ұғынуға ерекше мән бермесе болмайды.
 Ата-бабалармыздың ұрпағына - тәлім ретінде өз мерзіміндегі (өз уақытында) ұсынып отырған бағдарламасының сырын ашатын және адам мен оның айналасын қоршаған тірі табиғаттың тетігі бар екенін бұлтартпайтын мына бір ғылыми дәлелге көңіл бөлейік:
 - Адам ұрығы өзінің ана құрсағындағы даму кезеңінде, сонау 500 мил-лион жылды басып өткен тіршілік әлемінің сатыларын түгелдей қабылдап шығады екен. Алғашқы пайда болғанда сәтінен бір клеткалық тірі белоктың сипатын танытса, одан кейін қарапайым тіршілік иелерін бейнелейді, ал мөлшермен жарты айдан кейін (15 күннен асса) балық шабақтарына ұқсап оның желбезекке ұқсас саңылаулары көрініп, қол аяқтары орнында буынды қанаттар жетіледі. Осыдан кейін ана құрсағында мүлде басқа сипатқа ауысып, қос мекенді бақаның қалпына, содан соң балық, қос мекенді кесірткіге ұқсайды. Ана құрсағында бір жарым айдай жатқанда ол кәдімгі маймыл қалпына келеді. Сондықтанда адамның осы заманда (әрине үнемі емес) кейде құйрықты бала, жүнді адам тууы заңды құбылыс.
 Ұлы Әл-Фараби: "Адам пайда болғанда оның бойына ең алдымен бітетін нәрсе - күш (яғни қабілет), ол - осы күш арқылы қоректенеді. Қоректендіргіш күш бір үстем күштен және қызмет ететін күштерден құралады. Күш атаулы мүшеде болады, сондықтан оның қызметі тәннің қызметімен қатар жүреді. Мүшелері ішінде тұңғыш рет жүрек пайда болады, бұдан кейін - ми, содан соң - бауыр, одан кейін -көк бауыр, содан кейін басқалары пайда болады. Бәрінен соң барып жыныс мүшелері. Жүрек - басты мүше, мұны тәннің басқа ешқандай мүшесі билей алмайды. Одан кейін - ми келеді, бұл да басты мүше. Жүрекке, күллі мүшелер оған қызмет етеді" - деп адам тәрбиесіне қатысты ғажайып сырдың кілтін ашады.
 Біз адамның адам денесінде (ана құрсағында) пайда болған күнінен бастап ғылыми медициналық, физиологиялық, биологиялық, химиялық өзгерістерді зерттесек нақты даму заңдылықтарын меңгере, түсіне аламыз.
 Біздің зерттеу мақсатымыз мектепке дейінгі кезеңдері "еңбек тәрбиесі" болғандықтан осы кезеңдегі бала тәрбиесімен ұрпаққа деген қамқорлық. Ғылыми дәлелдерге қарағанда бала дүниеге келгеннен кейін, анасының бақылауында бағуында болатыны анық. Оны емізеді (ол табиғи инстинкт), жуындырады, киімін ауыстырады, қол аяғын созады, мұның бәрі табиғи құбылыс. Керек нәрсе. Осы кезде немесе бала төрт айдан асқан соң, қозғалысқа келе бастайды, аунайды, ал бес айлығында шалқасынан жатқызса аунап түседі, қолына берген зат түсіп келсе оны іздейді, алты айлығында аунау мүмкіндігіне ие болады. Тіпті еркін қозғалысқа келіп талпынады. (Әрине бұл қозғалыс әлтерпес).
 Бала төрт айлығында-ақ қолына ұстаған ойыншықтарының түрі мен түсін ажырата алатын қалге жетеді. (Оған көптеген адамдар сенбеуі де мүмкін. Бірақ солай). Ол өзіне ұнаған ойыншыққа көзінің қиығын (қиығын деген жету бағытына қарай қарау) салып қолымен ұстауда тырысады, оны ұстай-ды, қолымен аузына апарады, жалайды да. Одан кейін тастай салуы да мүмкін.
 Ғылыми деректерге сүйенсек ана құрсағында жақсы дамыған, қозғалысқа келген, ананың көңіл-күйі жоғары болып туған балаларда ерте қозғалады, ата-аналарына өздерінің сезімдерін байқатады. Өздері қозғалысқа келе бастады. (Бұл алты ай мерзімде байқалатын белгілер).
 Біздің мақсатымыз мектепке дейінгі баланың даму, жетілу, қозғалу ерекшелігін зерттеу болғандықтан (баланың жеті айлығынан бастап дыбыс шығаруы, тіл шығару әрекеті байқалады). Ал - 9-10 айлығында бала жеке сөздерді "апа", "ата", "ат", "дала", "мам" деген сөздерді анық айта бастайды. Содан келіп бала мен ата-ана арасындағы қарапайым қатынас-қозғалыстарды бастайды. Оны тек жақсылық деу керек. Қолындағы ойыншыққа қызығады, көзін шұқиды, аузын сипайды, лақтырады, қайта алады.
 Осы кезден бастап баланың ойын ойлауға, сөйлеуге, еңбектенуге деген талпыныс деп атауға болады. Ойыншықтармен күрделі ойын ойнауы, қозғалуы, лақтыруы, сындыруы әдепке айналуы да мүмкін, кейде оны әдейі сындыруы да мүмкін (әзіл ғой).
 Бізде қалыптасқан әдет бойынша мектепке дейінгі балалар тәрбиесін екі жасқа дейін (ясли), екі жастан жоғары (бақша) деп бөліп алып тәрбиелейміз. Біз енді сол бақшадағы "Еңбек тәрбиесіне" талдау жасайық:
 1) Екі жасар бала осы кезде оның дене бітімі балғадай болып, аса ықшам сергек болып өсе бастайды. Ойлау қабілеттері ерекше қуантатынын, айналадағы заттарды тыным таппай түсінуге, өзінің қатынас жасап талпынады. Екі жасарлар тәрбиесі кезінде оларды өте қатігез, қозғалмалы қозғалысқа келтіру, жүйесін өзгерту, олардың қабілеттері мен психологиясын өзгертуге себепші болады. Өйткені осы кезде кез келген нәрсені ұстауда көбірек көңіл бөледі. Қолдарына қуыршақ берсе оларды киіндіріп, қайта шешіндіреді, өзара қол ұстасып секіріп билеуге де икемді болады. Басқа тәрбие түрлері емес біз осы кезде еңбектің қандай түрлері мен айналыстыру керек соған тоқталайық:
 - Екі жасар балалар біраз нәрселерді өздері де істеуге жарап қалады. Мәселен: өздері киімдерін киіп-шешінеді, алдарына қойған тамақты жеу алдында қолды жууды, оны орамалмен сүртуді, алдарындағы қойылған тамақты рет-ретімен ішуді, алдарында ойнаған ойыншықты басқа орынға қоя тұруды меңгереді. Ата-аналарына көмектесуге деген ынта-ықыласы да арта бастайды. Осы кезде жасалған сабақ кестесіне сәйкес ойын элементтерін пайдаланып баланы еңбекке баулуда пайдасыз әдістер емес, өзіне, ата-анасына, қоғамға пайдалы нәрселерді үйрету керек. (Оны бақша орналасқан жердің ерекшелігі ескеріледі).
 - Үш жасар баланың өсу ерекшелігінде, сүйкімділігінде шек жоқ. Оның қиялдары - қызық, тілдері бал десе де болады. Он екі мүшесі толық жетіліп, мың бұралып қозғалысқа келгенін былай қойғанда, өздері далдырақтап жүгіреді де бастайды. Бұл жастағы сәбилердің де жүріс-тұрысының бәрі де сән! Айналадағы табиғатты тануы - қандай тамаша болса, көрген-білген-дерін айтып берер тілі де -сондай шұрайлы бастайды. Оның психологиясындағы аңғарғыштығы мен сезінгіштігі соншама нәзік күйіне ауысады. Тәрбие үстінде сонау бір ғажайып қасиетті барынша сәтті пайдаланса, оның берер жақсылығы көп. Үш жастағы баланың дене салмағы бұрынғысынан 2 кг артып, түрқының (ұзындығы) бойы 7-8 см өседі. Сөйтіп үш жасар бала-ның бойы - 93-95 см, салмағы 14-15 кг. Ол күндіз бір мезгіл (2-2,5 сағаттай) ұйқыға кетіп, қалған уақыттарын үнемі қозғалыста өткізеді.
 Еңбекке баулу - баланың алуан түрлі ойындары - оның қызықты да қиын еңбегі. Ол өзін ойын арқылы еңбекке баулайды және еңбек етуге жаттығады.
 Ойыншықтарын күтуі (қыздар мен ұлдар үйдегі) қуыршағын киіндіріп және шешіндіруі, ойнап болған соң, ойыншықтарын жинап орын-орындарына қоюы, тәрбиешілердің айтқанын істеп, өз істерін ретіне қарай тәртіпті жасауға тырысады. Ол осының бәрін саналы түрлі (ойланып) жасауға тырысады. Өзінің ісін бітірмеседе басқаға көмектесуге өте құштар болады. Ол ол кезде "еңбек" деген сөзді түсінеді. Сондықтанда олар өздерінің әрбір іс-әрекетін "еңбек еттік" деп жариялайды. Үш жасынан бастап ұл бала - әкесіне, қыз бала - шешесіне көмектесуге ыңғайлы тұрады. Қалайда, олардың талаптарын қайтармау керек. Ол үшін әке де, шеше де осы жастағы баланың қозғалысын ерекше бақылап өзі қалаған (бұл өте ескеретін іс, тек өзі қалған) жұмысты істеуге көмек беру керек. Қазір өткендегі мерзімдей балалар бақшасының жоқтығын ескерсек (Шыңғыс Айтматовтың ұсынысы сияқты, бұл жастағы бала тәрбиесін әжесі жанында еркін тәрбиеге жіберу керек. Бала өз қалауын өзі тауып алады).
 Бұл жастағы баланың тағы бір ерекшелігі айнала қоршаған табиғат көркіне құмартумен қоса, ондағы толып жатқан құбылыстардан (гүл, топырақ, су, ағаш, т.б.) көргендерін тауып содан әр түрлі заттар жасауға құмартуы, (сурет салуға, топырақтан үй жасауға, ағаштар әр түрлі заттар жасауға) өте көп болады. (Әрине олар таза ауаның не екенін түсінбесе де, ескен желді, самалды, боранды, жаңбырды, қарды ұстау). Ән айтып, би билеуге де құмар, ою-өрнек, ұлттық ойындар т.б. Сонда бала психологиясының бұрын соңды болмаған, ашылмаған көріністері дами бастайды.
Категория: Психология,педагогика | Добавил: anonim02
Просмотров: 3263 | Загрузок: 0 | Комментарии: 8 | Рейтинг: 3.5/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]