Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Ақпарат танымдық порталы

Жұма, 10.05.2024
Главная » Файлы » Білім және ғылым » Психология,педагогика

Балалар тұлғасының қалыптасуы
17.07.2011, 12:44
Балалар тұлғасының қалыптасуы

 Баланың алғашқы мектепке бару кезеңінде олардың әлеуметтік жағдайының дамуында үлкен өзгерістер болады. Бала оқушы бола бастаған соң, ол жаңа міндеттер, құқықтар ала бастап, алғаш рет қоғамдық мәнді іс-әрекеттермен айналысады, яғни іс-әрекетті орындау деңгейінен олардың қоршаған орта арасындағы орны мен өзара қатынастары байланысты болады. Бұл жаңа әлеуметтік жағдай - мектеп жасындағы балалардың тұлғалық ерекшеліктерінің қалыптасуын қамтамасыз етеді.
 Тұлғаның қалыптасуындағы орталық бөлім болып - адамның мотивациялық аймағының, яғни оның талаптарының, тілектерінің, ұмтылыстарының және ниеттерінің дамуы саналады. Қажеттіліктер қанағаттанылуы керек, ал бұл оларды қанағаттандыратын амалдарды іздеуге және табуға бағытталған әдістер мен құралдардың пайда болуын және оларды жетілдіруді қажет етеді. Сондықтан мотивациялық сфераның дамуына байланысты баланың танымдық қабілеттерінің, оның дағдыларының, қолынан келетін істерінің, әдеттері мен мінезінің дамуы жүзеге асырылады [3, 81 б].
 Адам қажеттілігін қанағаттандыру үшін шынайы қоршаған ортаға бейімделіп қана қоймай, онымен қатынас жасай білуі керек Осындай бейімделудің құралы болып - адамның уайымдары саналады. Олар адам қажеттілігінің қанағаттанылуының деңгейін ерекше әсерлі түрде көрсетеді. Уайымдар адамның қоршаған ортамен қарым-қатынастарға бейімделуінің бастапкы құралы болып, кейінірек өзіндік мағынаға ие болады және адам қажеттілігін сезіне бастайтын психологиялық шындық түрінде көрінеді. Осылайша адамның психологиялық дамуына шексіз мүмкіндік тудыратын қанықпайтындай көрінетін қажеттіліктер пайда болады. Тұлғаның қалыптасуындағы қажеттіліктерді жете түсіну үшін баланың өмір үрдісінде пайда болатын және дамитын жаңа әлеуметтік қажеттіліктерді ескеру қажет.
 Бұл жаңа қажеттіліктер баланың мотивациялық сферасын толықтырады және қиындатады, Осы жерде екі негізгі жолды атап көрсетуге болады. Біріншіден, баланың өмірдегі және оның қоршаған ортамен өзара қатынастарындағы орнын өзгерту жолы. Бұл әрбір жас кезеңіне сай келетін қажеттіліктерді тудырады. Осылайша, кіші мектеп жасындағы балаларда оқушының жаңа жағдайда болуына байланысты жеткіншектерде - құрдастар ұжымындағы орындарына байланысты: жоғары сынып оқушыларында - олардың келешектегі қоғам мүшелері ретіндегі орындарына қажеттіліктерін тұтас жүйесі пайда болады.
 Қажеттіліктердің пайда болуының мұндай жолы тек балаға ғана тән емес. Ересек адамның қажеттіліктері де оның өмірінде және өзіндегі өзгерістерден туындайтын өзгерістерге ұшырап отырады, Екіншіден, қажеттіліктердің қалыптасуы мінез-құлық пен іс-әрекеттің жаңа түрлерін меңгеруімен байланысты болады. Мұнын нақты мысалы ретінде әр түрлі әдеттерді, соның ішінде, мәдени әдеттерді де айтуға болады. Осылайша меңгерілген мінез-құлықтың әдістері адамды оларды жүзеге асыруға итермелейді. Бірақ адамның мотивациялық сферасында жағдайдың тікелей ықпалынан босататын, құрылысы бойынша жаңа, психологиялық кұрылымдардың пайда болуы - тұлға ретіндегі адам үшін аса маңызды. Оларға адамды қажетті бағытта іс-әрекет жасауға итермелейтін мақсаттар, шешімдер, рухани сезімдер және сенімдер жатады. Тұлғаны қалыптастыру үрдісінде адамның тек қажеттіліктері ғана емес, олардың ара- қатынасы да өзгеріп, дамып отырады. Басқаша айтқанда, мотивациялық аймағының бәрі дамиды. Біртіндеп, мінез-құлықтың не іс-әрекеттің тұрақты басым болып отыратын белгілі мотивтер пайда болады, олар басқаларды бағындырып, тұлғаның бағытын көрсетеді. Қандай мотивтер басым болғанына байланысты тұлғаның бағыты әр түрлі сипатта болады. Өзінің аман-саулығын қамтитын себептердің басым болуы - өзімшілдік бағытты, ал басқа адамдардың көзқарастарымен байланыста болатын себептердің басым болуы -имандылық бағытты сипаттайды. Тұрақты басым әдістер тұлға сипаттамасында жетекші мағынаға ие болады. Мотивациялық аймақтың көбірек жетілген иерархиалық құрылымы белгілі бір рухани құндылықтарды мінез-құлықтың басым себептері ретінде меңгереді. Осы құндылықтар үшін адам өзінің тікелей сенімдерін жеңеді, бұл оның тұлғасының ерікті мінезін анықтайды. Дұрыс тәрбие үрдісінде меңгерілген құндылықтар адамның басқа қажеттіліктері мен ұмтылыстарын бағындыратын тікелей сенімдердің күшіне ие болады. Мұндай адам өзіне төніп тұрған қауіп туралы ойламай, өзін тәуекелге ұшыратады. Нақ осы жағдайда адамның жоғары дамыған үйлесімді мотивациялық аймағы туралы және оның тұлғасының үйлесімді құрылымы мен жоғары деңгейі туралы айтуға болады.
 Л.С.Выготскийдің ілімі бойынша, онтогенетикалық даму кезінде бала санасының жүйелік құрылысы өзгереді. Осы теориялық пайымдауды жалғастыра отырып, біз адам тұлғасы да жоғары интерактивтік деңгейдегі тұрақты салыстырмалы психологиялық жүйе екенін мойындауымыз керек. Және бұл жүйенің де өзіндік даму кисыны мен заңдылықтары бар [4, 123 б].
 Біртұтас қайшылықсыз тұлғаны қалыптастыру тек оның саналы түрде өзін-өзі басқару қабілетімен ғана сипатталмайды. Бұл дамудың аса маңызды қисыны, бірақ жалғыз ғана емес. Сонымен қатар жоғарыда айтылған адамның себептік жүйелерінің де маңызы зор. Оларда адамның өзімен-өзі күресуінсіз қажетті мінез-құлықты қамтамасыз ететін мәжбүрлеуші күш болады. Ал бұл үшін тұлғаны қалыптастыру былайша болуы шарт: танымдық және жанға аффективті үрдістер өзара қандай да бір үйлесімді қарым-катынаста болуы қажет. Сонымен, тұлғаның қалыптасуы оның қандай да бір жағының - рационалдық, еріктік немесе эмоционалды – тәуелсіз дамуымен сипатталмайды, - деп есептеуге негіз бар.
Категория: Психология,педагогика | Добавил: anonim02
Просмотров: 2918 | Загрузок: 0 | Комментарии: 8 | Рейтинг: 2.5/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]