Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Ақпарат танымдық порталы

Жексенбі, 12.05.2024
Главная » Файлы » Білім және ғылым » Психология,педагогика

Білімді бақылау және бағалаудың түрлері, әдістері мен формалары
17.07.2011, 12:51
Білімді бақылау және бағалаудың түрлері, әдістері мен формалары

 Педагогика ғылымы саласында білім, білік, дағдыны бақылаудың көптеген түрлері кең тараған. Мысалы, ғалым-педагогтар Ю. К. Бабанский, Н. А. Сорокин бақылауды күнделікті, оқтын-оқтын, қорытынды деген пікірлер айтады. Ал Г. И. Щукина - күнделікті, тақырыптық, оқтын-оқтын, қорытынды және емтихан деген көзқарастарын білдіреді. Е. А. Дмитриев -күнделікті, тақырыптық және қорытынды, нәтижесі деген тұжырымға келген.
 Профессорлар Ж. Б. Қоянбаев, Р. М. Қоянбаевтың ''Педагогика'' оқулығында ол тақырыптық, тараулар бойынша, оқтын-оқтын және қорытынды бақылау деп бөлінген.
 Күнделікті бақылау оқыту процесінде күнделікті қолданылады және сабақ барысында оқушылардың оқу-танымдық әрекетіне басшылық жасайды. Ол ішкі және сыртқы байланысты жан-жақты жүзеге асырауға мүмкіндік туғызады, соның негізінде оқушылардың келесі оқу әрекетіне ықпал етеді.
 Күнделікті бақылау мұғалімнің жалпы немесе жекелеген оқушылар жұмысына жүйелі түрде бақылау жасау көмегімен жүргізіледі. Бақылаудың бұл түрі оқушылардың сынып немесе үй тапсырмаларын өз бетінше орындауға деген ниеттері мен берілген тапсырманы орындауға деген олардың қызығушылығы және жауапкершілдік сезімін ынталандыруда үлкен манызға ие болады.
 Тақырыптық бақылау - оқу бағдарламаларындағы белгілі тақырыптар бойынша өткізіледі. Сабақтың тақырыбы және әрбір кезеңдері негізінде оқушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны игеруі тексеріледі. Сонымен бірге, мұғалім жаңа тақырыптың кейбір басты мәселелерін өткен сабақтардағы оқу материалдарымен толықтырады, кейбір ұғымдарды, анықтамаларды, ғылыми ережелерді оқушы-лардың есіне салады.
 Қорытынды бақылау - барлық пәндер бойынша жыл аяғында өткізіледі. Бақылау процесінде тақырыптық және тарау бойынша бақылау нәтижелері есепке алынады. Оқушылардың жыл бойында алған теориялық және тәжірибелік білімдері анықталады. Сондықтан қорытынды бақылаудың негізі емтихан және оқушылардың жылдық үлгерім бағалары болады. Емтихан мен жылдық үлгерім бағаларынан педагогикалық кеңестің шешімі бойынша қорытынды бағалар шығарылады. Бақылау әдістері арқылы оқушылар жұмысының тиімділігі мен мазмұны туралы кері байланыс қамтамасыз етіледі. Бақылау әдістеріне ауызша, жазбаша және графикалық бақылау әдістері жатады. Бұл әдістерге қарағанда бағдарламалап бақылау әдістерінің өзіндік ерекшелігі бар. Олар машинасыз және машиналы бағдарламалап бақылау әдістеріне бөлінеді.
 Машинасыз бағдарламалап бақылау әдістері бойынша перфокарталар және бақылау карталарын қолданып, оқушылардың теориялық және практикалық білімдерін анықтайды. Мұғалім оқыту және білім беру мазмұны бөлімі бойынша 20-25 сұрақтар дайындап, әрбір сұраққа 4 вариантты жауаптың мазмұнын жазады. Олардың ішінен бір сұраққа ғана дұрыс жауап беріледі.
 Қалған сұрақтар варианттары: дәл емес, толық емес немесе басқа тектес ұғымдарға сәйкес келеді'' (1, 269 бет).
 Бақылаудың тағы бір бөлігі, кейбір жағдайда, тапсырмалар түрі деп ұғынылады (жазбаша бақылау жұмысы, тесталық жұмыс, зертханалық-тәжірибелік жұмыс, зачет, шығарма, диктант т.б.) немесе оқушылар әрекетінің түрі болып (баяндама, хабарлама, оқушы әңгімесі, мұғалім сұрағына жауап беру т.б.).
 Білімді бақылау және бағалау ғылыми дәлелденген, тәжірибеде қолданылған принциптер негізінде жүргізіледі: әділдік, жан-жақтылық, жүйелік, жеке-даралық, диф-ференциалдық және тәрбиелік.
 Әділдік, шындық (білім сапасының нақтылығы, баға өлшемі мен ережесі нормасына қатысты) - бұл субъек-тивтік факторларды болдырмауды көздейді.
 Жүйелік, бірізділік - әрбір сабақ, тақырып бойынша оқушылар оқу әрекетінің басқа буындарымен байланыстыра қаралып, оқыту процесінің барлық кезең-дерінде бақылау жүргізуді көздейді: түйінді сұрақтар бойынша оқыту нәтижесін қорытындылау, тақырыптық бақылау, сабақтар бойынша балл қою т.с.с.)
 Жеке-дара қатынас - әрбір оқушының ерекшелігін бағалау (оның қабілеті, бейімділігі, денсаулығы, оқу әрекеті т.б.) қарастырады.
 Жан-жақтылықта - бақылау оқу бағдарламасының барлық бөлігін қамтиды, оқушылардың теориялық білімдерін, интеллектуалдық және практикалық білік пен дағдысын бақылауды қамтамасыз етеді.
 Диффериенциалдық қатынас - әрбір пәннің ерекше-лігін, жекелеген бөлімдерін, сонымен бірге оқушылардың жеке-дара қасиетін ескеріп, соған сәйкес бақылаудың әртүрлі әдістері мен мұғалімнің педагогикалық әдеп сақтауын талап етеді.
 Жоғарыда айтылған талаптарды орындау, ең алдымен бақылаудың сенімділігін және оқыту процесінде өздерінің алдында тұрған міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді, бақылауда әр түрлі қателіктер мен сәтсіздіктердің болмауына кепілдік жасайды.
 Оқушылардың білім, білік және дағдыларын бақылау, бағалау педагогика ғылымы мен практикасында белгілі бір әдістерді қолдану негізінде жүзеге асады. Олар мыналар:
 ауызша баяндау (әңгіме, жеке-дара, топтық, фронтальдық сұрақ).
 жазбаша бақылау (диктант, шығарма, таблица, схема, суреттер құрастыру).
 практикалық бақылау (лабораториялық жұмыстарын, еңбек операцияларын орындау, тәжірибе жүргізу).
 машиналы бағдарламалап бақылау (перфокарталар, бақылау карталарын, дұрыс жауаптарды, диафильмдерді қолдану).
 өзін-өзі бақылау, бағалау (қателерді болдырмау, оларды түзеу, оқудағы өз жетістіктерін бағалау, соған сәйкес балл қою).
 Оқыту процесінде бақылаудың фронтальдық, топтық және дербес формалары қалыптасқан. Оның тиімділігі - мұғалімнің оларды дұрыс ұйымдастыруына байланысты.
 Фронтальдық (жаппай) бақылау жағдайында барлық оқушыларға сұрақтар немесе мазмұны бірдей тапсырмалар беріледі. Оларды орындау барысында оқушылар арасында ынтымақтастық, жолдастық сезім пайда болады, бір-біріне сұрақтар қойып, жауаптарын толықтырады, орындалған жұмыстарды өзара тексеріп, іске асырады. Демек, бірігу іс-әрекетінде әлеуметтік құнды мотивтер қалыптасады.
 Топтық бақылауда белгілі оқушылар тобы сабақ барысында мұғалімнен тапсырмалар алып орындайды. Кейде, кейбір оқушылар түрлі себептерге байланысты (сабақ жіберу, нашар үлгеру, ауыру т.б.), қосымша көмекті қажет етулері мүмкін. Сондықтан, олардың жұмысын ерекше еске алған жөн.
 Бақылаудың дербес формасы әрбір оқушының білімін, іскерлігін және дағдысын терең, жан-жақты анықтауға мүмкіндік береді. Дербес бақылау бағдарламалап және дифференциялы оқыту барысында жақсы нәтиже береді. Дербес бақылауда оқушылар жауабының логикалық бірізділігі, олар өз пікірлерін қалай байымдайды, қалай дәлелдейді, міне, осы мәселелерге аса көңіл аудару керек.
 Оқыту процесінде оқушылардың өзін-өзі бақылауы өте қажет. өзін-өзі бақылау, олардың оқу бағдарламасы материалы мен игерген іскерлігі және дағдысының беріктігі жайлы ақпарат алуын қамтамасыз етеді. өзін-өзі тексеру арқылы оқушылардың алған біліміне сенімі артады, орындаған жаттығу, есеп шығару және тәжірибе жұмыстарының нәтижесін бағалайды.
 Баға білімді есепке алу ғана емес, ол тәрбиелік құрал. Сондықтан, оқушы білімін
 бағалауда немқұрай-лылыққа салынуға болмайды.
 Баға ''балл'' есебінде көрсетіледі. Келесі кезекте баға және оның өлшемі қандай, соған тоқталамыз. Қазіргі кезде білім беру саласының барлық құрылымында оқу-таным әрекетінің сапасын анықтайтын дәстүрлі ''5'' балдық жүйелер қолданылады.
 ''5'' бағасы - оқу материалын толық, дәл логикалық, бірізділікпен айтылған жауапқа қойылады;
 ''4'' бағасы - оқу материалын толық біледі, бірақ болар-болмас кемшілігі бар жауапқа қойылады;
 ''3'' бағасы - жауабы негізінен дұрыс, бірақ толық емес, білімінде кейбір проблемалар еске алынбаған жауапқа қойылады; ''2'' бағасы - оқушы жауабында қателер, білімінде елеулі кемшіліктер бар жауапқа қойылады;
 ''1'' бағасы - тексерілген оқу материалы бойынша білімі жоқ, толып жатқан өрескел қателер үшін қойылады.
 Зачет (сынақ) - қорытынды бақылаудың айрықша түрі, ол белгілі бір тарау немесе тақырып бойынша атқарылған оқу жұмыстарының бүкіл өн бойында мұғалім қолданған тексерудің барлық түрлерін ескере отыра қойылады. Ол (1959 жылдан енгізілген) оқу бағдарламасы-ның негізгі бөлімдері және тақырыптардағы білім, білік, дағдыларды жүйеге келтіру, тереңдету міндеттерін шешеді.
 Емтихан - оқушылардың білімін қорытынды тексеру-дің және бағалаудың арнаулы формасы. Ол (1944 жылдан енгізілген) оқушылардың білімін жинақтауға және бір жүйеге келтіруге, оларды оқу жылы бойынша оқуға ынталандырады, оқу жұмысының сапасын арттыруға көмектеседі.
 Емтихан мен жылдық үлгерім бағаларынан педагогикалық кеңестің шешімі бойынша қорытынды бағалар шығарылады.
Категория: Психология,педагогика | Добавил: anonim02
Просмотров: 31290 | Загрузок: 0 | Комментарии: 7 | Рейтинг: 3.3/14
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]