Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Ақпарат танымдық порталы

Дүйсенбі, 13.05.2024
Главная » Файлы » Білім және ғылым » Психология,педагогика

Этнопсихологияның ғылым ретінде методологиясы
14.07.2011, 00:54
Этнопсихологияның ғылым ретінде методологиясы

 Этнопсихология методологиясы – бұл ғылымның идеялық позициясы нақты этникалық қауымдастық өкілдерінің ұлттық-психологиялық ерекшеліктерін танудың негізгі заңдылықтары туралы неғұрлым жалпыланған мағыналары. Этнопсихология методологиясы біріншіден, оның пәнінің өзіндік мағынасымен анықталады, адамның ұлттық-психикалық ерекшеліктерін дұрыс зерттеу үшін мазмұнын, қалыптасу заңдылықтарын және функцияларын қоғамдық сананың басқа элементтерімен өзара қатынасын анық аша білу керек. Екіншіден, ұлттық психиканың даму ерекшеліктері мен заңдылықтарын анықтауға, тиімді зерттеуге мүмкіндік беретін әдіс пен әдіснамалар көмектеседі.

 Әдетте, этнопсихологияның методологиясының үш деңгейін айырады

 Жалпы методологиясы - объективті әлемнің жалпы даму заңдылықтарының нақты және дәл бейнесін береді. Оның компоненттері, этнопсихология зерттейтін құбылыстардың орыны туралы ақпараттардың нақты алынуын қамтамасыз етеді.

 Отандық психология ғылымының жалпы методологиясы мынадан туындайды

 § Бізді қоршаған әлем материядан тұрады;;

 § Материя бірінші, психика мен сана екінші;

 § Материяның әртүрлі бөлімдері, үнемі қозғалыста, дамуда, өзара әрекетте болады;

 § Материялардың қозғалысы мен өзара әрекеті бардық қоғамдық психологиялық ерекшеліктерді анықтайды ( соның ішінде ұлттық-психологиялық феномендерін, әлеуметтік белсенділіктерді);

 § Өзара әрекет- материалды жүйелердің, соның ішінде әлеуметтік топтардың болуы мен құрылымын анықтайтын даму мен қозғалыстың, әмбебап, объективті формасы;§ Материя бірінші, психика мен сана екінші;

 § Адамзат тарихында өзара әрекет пайда болуы мен дамуының алғашқы формасы болды;

 § Кейін филогенетикалық эволюция барысында адамның басқа индивидтермен өзара әрекеті толыққанды, реттелген, көпфункционалды, бірлескен әрекетке айналады;

 § Адамдардың өзара әрекет нәтижесінде барлық қоғамдық қатынастар (соның ішінде, ұлттық) туындайды;

 § Көптеген қоғамдық қатынастардың мазмұны мен сипаты өзара әрекеттің, осы процестегі нақты адамдардың мақсаты мен қоғамда алатын орындарымен негізделеді

 Арнайы методология-немесе этнопсихологияның өз методологиясы - өзі зерттейтін феномендердің дамуы мен қалыптасуына қатысты өзіндік заңдылықтарын қалыптастырады. Этнопсихология арнайы методологиясы – ұлттық-психологиялық феномендерді талдауда басшылыққа алатын психологиялық ғылымдардың принциптері арқылы жасалады

 § Детерминизм принципі – қандайда бір этникалық қауымдастықтың қалыптасу процесіне әсер ететін әлеуметтік, соның ішінде, жалпы психологиялық факторлар әсер ететін ұлттық-психологиялық ерекшеліктердің себепті негізі. Сондықтан, нақты бір этнопсихологиялық феноменді түсіну үшін, оны тудырған ерекше бір себептері мен жағдайларын түсіну қажет;

 § Сана мен іс-әрекет бірлігінің методологиялық принципі- мұнда этнопсихология қандайда бір іс-әрекет түрінің заңдылықтарына тәуелді. Этнопсихологиялық феноменнің көрінуін түсіндіреді. Бір жағынан, нақты бір іс-әрекеттің жалпы заңдылықтары психологиядағы субъектілердің ұқсастықтарын тудырады; ал екінші жағынан, ұлттық өзіндік сана, ол әр халықта қандай да бір бейнеде көрініп, іс-әрекеттің элементіне де, формаларына да айырмашылықтар әкеледі;

 § Тұлғалық тұрғы принципі – кез-келген ұлттық-психологиялық ерекшелікті зерттегенде, бірінші орынды, нақты бір тұлғаны, екіншіден, өзіне тән сезімі, ойы, уайымы бар этникалық қауымдастыққа тән нақты бір өкілді зерттейтінімізді ескерген жөн;

 § Ұлттық-психологиялық ерекшеліктерді талдауға арналған гносологиялық тұрғы бір ұлттың немесе халықтың әлеуметтік-тарихи процестердің дамуын басқалармен салыстыра отырып зерттеу. Адамдар психологиясындағы қандай да бір ерекшелікті өзімізге белгілі саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және психологиялық факторларының әсер етуінің нәтижесі екендігін анықтау;

 § Этнологиялық факторларды ескеру принципі – адамдардың материалды өмірі мен материалды тұрмысына қатысты.

 Жеке методология- этнопсихологияның бұл методологиясы- нақты бір ғылымның әртүрлі құбылыстарды зерттеуге арналған әдістердің, тәсілдердің, амалдардың, әдістемелер мен техникаларының бірлестігі. Әдіс қандай да бір құбылысты танудың негізгі жолы, ал әдістеме - осы әдісті өзіндік байланысымен, бірізділігімен анықтайтын әдістемелік-техникалық амалдардың бірлестігі. Әдістемелер, әдіске қарағанда, қандайда бір нақты феноменді зерттеуге бағытталады. Ал, техника қандайда бір әдістемені тиімді, оңтайлы қолдану үшін арналған арнайы амалдардың бірлестігі (статистикалық талдау, ақпараттың сенімділігін бақылау амалы).
Категория: Психология,педагогика | Добавил: anonim02
Просмотров: 3320 | Загрузок: 0 | Комментарии: 7 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]