Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Ақпарат танымдық порталы

Жексенбі, 12.05.2024
Главная » Файлы » Білім және ғылым » Психология,педагогика

Этнопсихологияның ғылым ретіндегі міндеттері
16.07.2011, 18:19
Этнопсихологияның ғылым ретіндегі міндеттері

 Нақты этникалық қауымдастық өкілдерінің ұлттық-психологиялық ерекшеліктерінің қалыптасуының факторлары мен шығу көздері туралы мәліметтерді жан-жақты түсіну, жалпылау. Осының негізінде ұлттар мен халықтардың әлеуметтік-саяси, экономикалық, тарихи және мәдени дамуының ерекшелігін анықтау;

 Адамдардың ұлттық психикасының мотивациялық сферасын, оның көрінуіне талдау және жалпылау мақсатында, ерекшеліктерін зерттеу мотивациялық осыған ұқсас қасиеттер іскерлік, инициативтілік, күш салу деңгейі бұл ерекшеліктер нақты этникалық қауымдастық өкілдерінің мінез-құлық ерекшеліктерінің және іс-әрекеттерінің маңызды көрсеткіштерін анықтайды;

 Еңбек барысындағы логика ептілігінде, терең ойлы жалпылауында, ойлау операцияларының жылдамдығында, интелектуалды процестерді ұйымдастыруында, қабылдау көлемімен, зейіннің тұрақтылығында көрінетін адамдардың интелектуалды – танымдық белсенділіктерінің ұлттық салыстырмалы сипатын зерттеу;

 Ұлттық сезім, оның динамикасы мен мазмұнының функциялардың заңдылықтарын анықтау, талдау; эмоцияларының және эмоционалды мінез-құлықтарының көріну ерекшеліктерін зерттеу және алынған нәтижелерді олардың эмоционалды өмірлерінің заңдылықтарын тұрақтау мақсатында жалпылау;

 Ұлттық психикадағы ерік белсенділіктерінің өзіндік ерекшеліктерін зерттеу. Осының негізінде ерік процестерінің тұрақтылығын, ерік күштерінің өзіндік көрінуін анықтау;

 Өзара әрекет, қарым-қатынас және қатынас формасында көрінетін адамдардың ұлттық психикасындағы коммуникативті сферасын зерттеу. Бұл топтар мен ұжымдағы әлеуметтік психологиялық процестерде көрінеді;

 Ұлттық психиканың көрінуі мен неғұрлым жалпы заңдылықтарын анықтау мақсатында әлемдегі әр-түрлі халықтардың этнопсихологиялық ерекшеліктерін салыстырмалы зерттеу. Психологиялық сипаттама берудегі әдістемелердің мазмұнын өңдеу;

 Нақты бір мемлекеттегі қоғамда кездесетін әр-түрлі кластардың, конфессионалды топтардың психологиясындағы айрықша ұлттық сипаттарын анықтау, олардың заңдылықтарын ( ұлттық, саяси, әлеуметтік, мәдени, жалпылау);

 Этникалық сана және өзіндік сананың, адамдардың ұлттық-психологиялық ерекшелігіне, дүниетанымына, әлеуметтік позициялары мен құнды бағдарларына әсер етуін зерттеу;

 Саяси, тәрбиелік, ағартушылық, әлеуметтік, мәдени массалық, консультативті-коррекциялық жұмыстардың тиімділігін жоғарлату барысында адамның ұлттық психологиялық ерекшеліктерін қолдану және маңызды бағыттарын есепке алуы;

 Еңбектік, оқу, әскери және басқа да қызмет түрлерін жасағандағы ұлттық психологиялық алғышарттарды зерттеу;

 Көпұлтты еңбектік, өндірістік және оқу ұжымдарымен жұмыс жасап, басшылық ететін мекеме басшыларына әкімшілік-шаруашылық кадрлеріне, педагогтарға практикалық ұсыныстарды өңдеу;

 Еліміздегі көптеген ұлттардың психологиялық ерекшеліктерін, әлеуметтік-психологиялық жағдайларын, әр-түрлі аймақтағы ұлтаралық қатынастарын, ұлттар арасындағы экономикалық, саяси және мәдени бірлестіктерінің формаларын жан-жақты зерттеуі;

 Еліміздегі әртүрлі аймақтарда және басқа мемлекеттерде саяси, ұлттық т.б процестердің дамуына әлеуметтік, психологиялық болжам жасау.

 Этнопсихология ғылымының алдында тұрған бұл міндеттерді шешу, әр-түрлі тәсілдермен жүзеге асады.

 § Біріншіден Осы аймақтағы теориялық және методологиялық мәселелерді өңдеу, бар ақпараттарды жалпылау, дамыту қажет.

 § Екіншіден Еліміздегі этнопсихологтардың зерттеу жұмысына кең мүмкіншіліктер беру.

 § Үшіншіден Этнопсихологияның кейбір міндеттері басқа ғылымдармен бірлесе отырып іске асырылады, олар бір-бірімен тығыз байланысты.
Категория: Психология,педагогика | Добавил: anonim02
Просмотров: 3737 | Загрузок: 0 | Комментарии: 7 | Рейтинг: 3.0/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]