Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Ақпарат танымдық порталы

Дүйсенбі, 20.05.2024
Главная » Файлы » Білім және ғылым » Психология,педагогика

Ерте ғасырдағы ойшылдардың этнопсихология ғылымына қатысты негізгі ойлары
17.07.2011, 11:46
Ерте ғасырдағы ойшылдардың этнопсихология ғылымына қатысты негізгі ойлары

 Антикалық заманнан бастап, әр заманның философтардың, тарихшылардың, қолбасшылардың, саясаткерлердің көптеген еңбектерінен әр түрлі халықтардың психологиялық ерекшеліктерін кездестіруге болады. Бірақ ғылыми этнопсихологияның пайда болуы екі неміс ғалымдарынан бастау алды философ Мориц Лацарус (1824-1903) және тіл зерттеуші Химан Штейнталь (1823-1899). Шетел этнопсихологиясы – антропология, этнография, психология, әлеуметтану ғылымдарының түйіскен жерінен пайда болды, бұл Батыстағы ғылымның пән аралық тармағы.

 Батыстағы ерте заманның ғылымдары Геродот пен Тациттен бастап алыстағы мемлекеттер және сол мемлекетте тұратын халықтар туралы жазған, олардың мәдениеттеріне, өмір сүру барысын, әдет-ғұрыптарын, салттарын, әдеттерін бейнелеуде көп көңіл бөлді. Әр түрлі этностардың өкілдерінің сыртқы бейнесіндегі, мәдениетіндегі, салт-дәстүріндегі айырмашылықтарды көрсетіп, ерте грек ойшылдары осы айырмашылықтардың табиғатын анықтамақшы болды. Мысалы, Гипократ әртүрлі халықтардың физиологиялық және психологиялық өзгешеліктерін, олардың гографиялық орналасуымен және климаттық жағдайымен түсіндірді. Ең алғаш рет халықты психологиялық бақылаудың пәні ретінде қабылдауды XVIII талаптанды. Француз ғалымдары «халық рухы» деген түсінікті енгізді және оның географиялық факторы мен байланысынң мәселесін шешуге әрекеттенді. «Халық рухы» ойы неміс философиясында XVIII ғасырда енді. Неміс философиясының өкілдерінің бірі И.Г. Гердер халық рухын тәнсіз нәрсе ретінде қарастырған жоқ, ол «халық рухы» және «халық мінезі» түсініктерін білген жоқ, халық рухын оның сезімі, сөйлеу мәндігі, ісі, яғни бүкіл өмірін зерттегеннен кейін ғана тануға болады. Бірақ бірінші орынға ауызша халықтың шығармашылығын қояды, өйткені оның ойынша қиял әлемі халық мінезін бейнелейді деген. XIX ғасырдың 50 жылдарының аяғында «халық рухы» термині этнопсихологияның ерекшелігін анықтау үшін негізгі түсінік болып табылды. Ол Фихте мен Гегель еңбектерінде жарық көрді.

 Фихте «Адамның қызметі» еңбегінде жалпы адамзат бірлігі ойын дамытты. «Адамзат тұқымының қызметі – барлық бөліктері бірдей құрылып, бір денеге қосылу...» деп айтқан. Табиғат ең басынан бастап адамзатты осы мақсатқа әкеледі. Осы мақсатқа жетпегенше бір ұлт басқа ұлтты тосу керек, жалпыға бір жолда әлемнің бір бөлігі келесісін тосу керек. Осы мақсатқа жеткеннен кейін ғана адамзат бірігіп бір күшпен көтеріліп, бір қадаммен тоқтаусыз біз түсінбейтін білім шыңына жетеді.

 Этнопсихологиялық зерттеулер үшін Гегелдің нәсілдік айырмашылықтар және адамзаттың пайда болуы жайлы ойлары ерекше орын алды. Гегелдің ойынша адамдар бір жұптан немесе бірнеше жұптан пайда болған ба, ол ешқандай мәнге ие емес. Бұл тезис, Гегелдің айтуы бойынша, бір халықтардың басқалардан жоғары екенін көрсетуге түсіндіреді. «Адам өз бетімен ақылды болып есептелінеді»; адамдардың бәрі тең құқылы. Артық дәрежелі және құқығы жоқ адамзат түрлерін табанды қорғау түкке «тұрғысыз»,-дейді Гегель.

 Гегель жазған ағылшындардың, немістердің, италяндықтардың, испандықтардың ұлттық психологиялық қырларының мінездемесі ерекше орын алады.

 Гегелдің ойынша, индивидуалдылық италяндықтар мен испандықтардың мінездерінің негізгі қыры. Бірақ италяндықтарда өзіндік қозғалғыштығы басымырақ, ал испандықтарда – ойлаудың тұрақтылығы.

 Франзцуздардың ұлттық психологиясын бейнелеген кезде Гегель Кантқа жақын келді. Оның ойынша француздықтарға қулық, жұғушылық ары қарай энтузиазмге айналады, ал бір жағынын – ақылдылық тән.

 Немістерді алатын болсақ оларда ақылдылыққа, төзімділікке, парасаттылыққа, ұқыптылыққа қарағанда сезім көбірек дамыған. Сонымен қатар өмірлерінде жиі көрінетін формализм, педантизм тән.

 Гегелдің ойынша ұлттық айырмашылықтар нәсілдік айырмашылықтар сияқты өзгермейтін және себепті. Дәлелдеу ретінде арабтардың ұлттық мінезінің ерекшеліктерін көрсетті. Ұлттың психикалық күйде және мінезді анықтайтын негізгі факторлар, ғалымның ойынша климат және табиғат жағдайларының өзгермейтіндігімен Гегель ұлттық рухтың тұрақты табиғатын түсіндіреді.

 Сонымен Гегель ұлттық мінезге қарсы шығады. Ол ұлттық мінезді географиялық, табиғи, әлеуметтік-мәдениет әсеріне ұшыраған әлеуметтік құбылыс деп анықтайды.

 XIX ғасырдың екінші жартысында ұлттық психология мәселесіндегі теориялар және методология аймағында жаңа құрылыммен байланысты этнопсихологиялық ойдың дамуында жаңа кезең басталды. Осы кезеңнен бастап этнопсихологиялық ойдың дамуында жаңа кезең басталды. Этнопсихлогиялық ой ғылыми пән статусына ие болады, өзінің зерттеу пәнін анықтайды, өзінің міндеті мен әдіснамасын анықтайды.

 Жаңа ғылымның қалыптасу және даму кезеңдері Г.Штейнталь, М.Лацарус, В.Вунд және Г.Лебон есімімен байланысты.

 1859 жалпы Берлин университетінің профессоры Г.Штейнталь философ М.Лацаруспен бірге «Этникалық психология және тіл білімі журналын» шығара бастайды. Г.Штейнталь – неміс философы және тіл танушы, тіл психологиясы мен оның негізі жайлы жұмыстармен танылады. М.Лацарус – швейцар ғалымы, «ұлттар психологиясы» теориясының негізін қалады. Олар «жан» және «рух» түсініктері талдауға және зерттеуге берілетінін дәлелдеді. Штейнталь тілдік талдау материалдарымен дәлелдеді, Лацарус - әр түрлі ұлттардың діндерін, салттарын, аңыздарын, ойлауын зерттеу тәжірибесімен дәлелдеді.

 Олардың ойынша этнопсихология адамзаттың рухани табиғатын зерттеп қоймай, адамзат рухының заңдылықтарын ашу керек.

 «Ұлт рухы» - ішкі рухани іс-әрекеттің дамуы және заңды қозғаушы болып табылады. Оның құрамындағы ядро тек қана мінезді анықтап қоймай, ұлттың тағдырын да анықтайды. Салттарды, дінді, тілді, аңыздарды, өнерді ұлттық рухтың өнімдерін зерттеу арқылы ұлттық рухты танып, оның қозғалу заңдылықтарын ашуға болады.

 Штейнталь мен Лацарус этнопсихология ғылым ретінде екі бөліктен тұру керек деген.

 Бірінші – дерексіз, ұлттық рух не деген сұраққа жауап береді, қандай жағдайда ол өмір сүреді және қалай әрекет жасайды, заңдары мен элементтері қандай деген сұраққа жауап береді. Екінші бөлім – нақты ұлттын ұлттық рухтарын зерттейді. «Біріншісі – барлық ұлттарға керекті заңдылықтарды қояды, екіншісі – бөлек ұлттардың іс-әрекет барысындағы заңдылықтардың көрінуін, ұлттарды бейнелейді», - дейді олар.

 Сонымен Г.Штейнталь мен М.Лацарус ұлттық психологияның ғылым ретінде қалыптасуына бүкіл жүйесін құруға әрекет жасады. Бірақ олардың ойлары іске аспады. Олардың концепциялы модельдері нақты психологиялық зерттеулерде іске аспады, қозғаған ойлары түсіндіруші кесте деңгейінде қалды.

 Неміс психологы В.Вундтың этнопсихологиялық концепциясы маңызды болып есептелінеді. Оның ойынша психология екі бөлімнен тұруы керек физиологиялық психология және ұлттар психологиясы. Физиологиялық, оның ойынша, эксперименталды бөлім, бірақ ол сөйлеуді және ойлауды зерттей алмады. Осы жерден ұлттар психологиясы басталды.

 В.Вунд «ұлттық психологияны» дамытып және жүйелендірді. Ол неміс психологы, физиологы, философ, 1879 жылы ең алғаш рет әлемде психологиялық лабараторияны ашты. 1881 жылы әлемде алғаш рет психологиялық журнал «Психологиялық зерттеулер» шықты.

 Вундтың ойынша ұлт жаны – ол тек қана индивидтер жинағы ғана емес, сонымен қатар олардың байланысы және өзара іс-әрекеті, осылар ұлттық психология обьектісіне әсер етеді.

 Ұлттық жан - ол көп индивидтердің бірге өмір сүруінде пайда болатын психологиялық процесс. Сонымен, ұлттық жан психологиялық құбылыстың байланысы болып табылады, жан уайымдауларын, талпыныстардың, сезімдердің мазмұнын жиынтығы.

 Психологиялық процестер, В.Вунд бойынша апперцепция ретінде немесе ұжымның шығармашылық іс-әрекетінен анықталып, жан белсенділігімен түсіндірілді.

 «Ұлттық рухтың» концепциясын ары қарай француз әлеуметтанушысы Г.Лебон жалғастырды.

 Лебон ұлттар психологиясын зерттеумен айналысқан кезде оның негізгі мақсаты нәсілдіктің жан дүниесін бейнелеу. Әрбір халық өзінің индивидуалды жан құрылысына ие, ол анатомиялық ерекшеліктер сияқты тұрақты.

 Лебонның ойынша ұлттың сезімі, ойы, өнері, сезімі жан құрылымынан пайда болады.

 Лебон өзінің бақылауларына негізделіп мынадай шешімге келеді ұлттық мінезді құрайтын, бір нәсілдіктің индивидтері бірдей психологиялық ерекшеліктерге ие болады.

 Лебон «нәсілдік жан» ұғымын еңгізді. Лебон адамзат нәсілдігін төрт үлкен топқа бөлді алғашқы, төмен, орта және жоғары. Алғашқы – мәдениеті жоқ, алғашқы қоғамдық құрылысында тоқтап қалғандар. Төменгі нәсілдік – цивилизацияның жаңа дамуында тұрғандар, мысалы, негрлер. Орта нәсілдік – оларға еуропа ұлттары жатады. Лебонның ойынша ассоциацияға қабілетті сын айта салады, нақты ойлай алатындар тек қана еуропалықтар. XIX ғасырдың аяғында екі этнопсихология құрылды этнопсихологиялық, казіргі кезде психологиялық антропология деп атайды және кросс-мәдени психология.

 Бұл екі зерттеу тәсілдердің еmіс және etic түсініктерімен түсіндіруге болады. Бұл орыс тіліне аударылмайтын екі терминді американ лингвисті К.Пай ұсынды. Еmіс – құбылысты түсінуге бағытталған; etic – зерттелінетін құбылыстарды түсіндіреді.

 Етіс негізгі ерекшелігі бір мәдениеттегі адамдардың психологиясын зерттеу. Еtіске негізделген психологиялық антропология пәні индивид қалай әрекет жасайды, ойлайды, сол мәдениетте өзін қалай сезінетінін зерттейді.

 Етicтің негізгі ерекшелігі кросс-мәдени психологияға тән, мұнда екі немсе бірнеше этностағы индивидттердің психологиялық өмірін зерттеп мәдениет арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты түсіндірді.

 Американдық этнопсихолог Г.Триандистің ойынша кросс-мәдени зерттеулерде кейде псивдо – etic кездеседі.

 Кросс-мәдениет психологиясының міндеттері – психологиялық теориялардың жан-жақтылығын зерттеу.

 Этнопсихологияның дамуына ұмытылған кезде оның үшінші бұтасы жайлы ұмытпау керек – этникааралық қатынас психологиясы. Әлеуметтік психология мен әлеуметтану ғылымдарының қиылысында пайда болған.

 Сонымен, этнопсихологиялық білім ғасырлардың терең тарамына кетіп жатыр, XIX ғасырдың екінші жартысында ғылыми пәнге айналды. Этникалық психологияның өзбетті ғылым ретінде қалыптасуына «Ұлттық психология» бағыты негізін салды.

 Негізгі бөлімнің бірінші жартысында XIX ғасырдың шетел этнопсихологиясының өкілдерінің ішінен В.Вундттың концепциясын қолдауға болады. Ол этнопсихологияның ғылым ретінде қалыптасуына көп үлес қосты. Ол халықтар психологиясы мен индивидуалды психология арасынан нақты шекара жүргізіп өтті

 Ал Лебонды алатын болсақ нәсілдік теориясын негізін қалаған француз әлеуметтік философ Гобинонның ізін басты. Батыс ғылымы Лебон ойларын ұлттық төтеше жағдайлар туралы тезисін құруға қолданды. Брақ бұл ұлтты басқа ұлтқа қарсы қоюға ұмтылады. Олардың негізгі мақсаты жақындау емес бөлу. Осы ай отарлық соғыстың пайда болуына әкелді.
Категория: Психология,педагогика | Добавил: anonim02
Просмотров: 5256 | Загрузок: 0 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]