Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Ақпарат танымдық порталы

Дүйсенбі, 20.05.2024
Главная » Файлы » Білім және ғылым » Психология,педагогика

Мектепішілік бақылау және басқаруды реттеу-жалпы ережелер
17.07.2011, 11:42
Мектепішілік бақылау және басқаруды реттеу Жалпы ережелер

 Жете зерттелгеніне қарамастан мектептен тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастырушының (мектеп директорының орынбасары құқында) міндеттерінің аясына балалар шығармашылығының сарайлары, жас натуралистер, жас техниктер станциялары, балалар бірлестіктері мен клубтары сияқты қосымша білім беретін мекемелермен байланыс орнату; сынып жетекшісінің жұмыс мазмұнын жақсарту, оларға әдістемелік көмек көрсету, оқушылардың тұрғылықты жері бойынша жұмыс жүргізу Б¥¥ Конвенциясының талаптарына сай балалардың қоғамдық ұйымдарына қолдау көрсету сияқты өзекті мәселелер жатады.
 Демек, бақылау процесінде жинақталған нақты материал педагогикалық талдауға негіз болады. Сондық-тан мектепішілік бақылау мен педагогикалық талдау мектеп қызметінің бір бағыты деп есептелінеді.
 Мектепішілік бақылаудың ерекшелігі оның бағалау қызметімен байланысты. Ол бағалау мұғалім тұлғасының ерекшелігін ескеруге бағытталады. Егер бақылаушы жас мұғалім болса, бағалау оның кәсіптік қалыптасуына, еңбек өтімі мол мұғалім болса оның кәсіпқойлық позициясы-ның нығаюы немесе әлсіреуі және мектептегі беделіне байланысты болмақ. Сондықтан тексеру барысында тексерушінің кәсіпқойлылығы мен ісін жете білуінің маңызы зор. Тексерушілік қызметті орындайтын қазіргі инспектор немесе мектеп директоры кісілік келбеті мығым тұлға болуы қажет.
 Олардың міндеті мұғалімдерді қорқытып, үркіту емес, қайта істің жағдайына әділ баға беріп, педагогика-лық қызметті ынталандырып, қолдап, әдістемелік көмек көрсету болуы тиіс. Осы тұрғыдан алып қарағанда мектепішілік бақылауды бірқатар кемшіліктерді атауға болады. Біріншіден, директор мен оның орынбасарлары арасында тексеру нысандарының бөлінбеуі, тексерудің есеп үшін немесе өзара сабаққа енудің санын анықтау мақсатында ұйымдастырылуы байқаудың жүйесіздігі. Екіншідін, бақылауды ұйымдастырудағы немқұрайлылық. Ол жүргізілген тексеру мақсатының анық қойылмауы, бағалаудың әділ критерийлерінің болмауы немесе қолданылмауы түрінде көрінеді. Үүшіншіден, тексерудің педагогикалық процесстің бір ғана бағытын, бір ғана қырын қамтудан көрінетін мектепішілік бақылаудың біржақтылығы. Мысалы, тек оқу процесі немесе қазақ тілі мен математика ғана тексеріледі. Төртіншіден, тексеруге тек лауазымды адамдар қатыстырылып, оның есесіне тәжірибелі мұғалімдер мен әдіскерлердің тыс қалуы.
 Мектепішілік тексеруді ұйымдастыруда осындай және бұдан басқа да кемшіліктер мен түсінбеушіліктерді болдырмау үшін бірқатар жалпы талаптарды білу қажет. Ондай талаптарға мыналар жатады: жүйелілік - бұл талап мектептегі оқу процесінің бүкіл барысын басқаруға мүмкіндік беретін бақылау жүйесін құрып, бақылау мен тексеруді тұрақты жүргізуге бағытталады; әділдік - бұл талап бойынша мұғалімнің немесе педагогикалық ұжымның әрекеті мемлекеттік стандарт және білім бағдарламалары талабына сай жасалынған және келісілген критерийлермен бағалануы тиіс; ықпалдылық - тексеру нәтижелері анықталған кемшіліктерді жойып, оңды өзгерістер жасауды талап етеді; тексерушінің өз ісін жетік білуі - тексеретін тақырыпты білу, тексеру әдістемесін меңгеру, тексеру нәтижесінің дамуын болжай алуды талап етеді.
 Мектептану әдебиетінде (М. Л. Портнов, Т. И. Шамова, Н. А. Шубин және т.б.) мектепішілік бақылау мазмұнына мынадай бағыттарды қосады:
 жалпыға бірдей білім берудің ұйымдық-педаго-гикалық мәселелерін орындау;
 оқу бағдарламалары мен мемлекеттік білім стандартының орындалу барысы және сапасы;
 білім сапасы, оқушылардың ептілігі мен дағдысы;
 оқушылардың тәрбиелілігінің деңгейі;
 білім, тәрбие және оқытудың дамытушылық қызметін іске асыратын оқу пәндерінің берілу
 жайы;
 сабақтан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың жайы мен сапасы;
 педагог кадрлармен жұмыс;
 оқушыларды тәрбиелеудегі мектептің, отбасылық және жұртшылықтың бірлескен әрекетінің тиімділігі;
 нормативті құжаттар мен қабылданған шешімдердің орындалуы.
 Тексеруші органның немесе мектеп әкімшілігін арнайы дайындағын естелік, нұсқау, ұсыныстарды тексерудің аталған бағыттары нақтылана түседі.

 Мектепішілік бақылаудың құрылымы, түрлері мен әдістері
 Қазіргі кезде мектепішілік бақылаудың құрылымы, түрлері мен әдістерін жіктеу мәселесі пікірталас деңгейін-де қалып отыр. М. Л. Портновтың ''Мектеп басшысының еңбегі'' деп аталатын кітабында тексерудің үш түрін бөліп көрсетеді: алдын-ала, ағымдағы, қорытынды. Ал Н. А. Шубин түр мен әдісті бірге топтастыра отырып былайша үйлестіреді: алдын-ала шолу, дербес, тақырып-тық, жан-жақты және топтық, жинақтаушылық.
 Педагог - теоретиктер мен практиктердің арасында Т. И. Шамова ұсынған мектепішілік бақылаудың құрылымы мен түрлері кең қолдау тапты. Ол жіктеу құрылымдық жағынан тыңғылықты, қисынды, практика-лық қолданымға қолайлы және ең бастысы бақылаудың құрылымы мен түрлері тұтас педагогикалық процесстің табиғатына толық жауап бере алады.
 Ол ұсынған тексерудің түрі - жан-жақты және тақырыптық болып бөлінеді. Тақырыптық тексеру - педагогикалық ұжымның мұғалімдер тобының немесе жекелеген мұғалімнің қызмет жүйесіндегі белгілі бір нақты мәселені тереңдей зерттеуге бағытталады. Тақырып-тық тексерудің мазмұны педагогикалық процестің түрлі бағыттары, жекелеген мәселелерді қамтығанымен ол терең және мақсатты зерттеледі. Ол мазмұн мектептегі инновация, озық педагогикалық тәжірибені енгізу мәселесін де қамтиды.
 Жан-жақты тексеру - педагогикалық ұжымның, әдістемелік бірлестіктің немесе жекелеген
 мұғалімнің қызметін жан-жақты тексеруге бағытталады. Көп еңбек сіңіруді және тексеруге көп адам
 тартуды қажет ететіндіктен жаппай тексеруді жылына екі-үш рет қана жүргізу тиімді. Жекелеген
 мұғалімнің қызметіне жан-жақты тексеру жүргізгенде, мысалы, аттестациялау барысында оның
 жұмысының барлық бағыттары - оқу, тәрбие, қоғамдық-саяси, басшылық әрекеттері түгел
 зерттеледі. Ал мектепті жан-жақты тексеру кезінде білім беру мекемесіне тән қызметтің
 барлық аспектілері қамтылады, ол жалпы білм беру заңын, білім беру процессін ұйымдастыру, ата-аналармен жұмыс, қаржы-шаруашылық қызметі және т.б.
 Тексеру кімнің жүргізетіндігі және нені тексеретін-дігіне байланысты мынадай түрлерге бөлінеді.
 Дербес тексеру жекелеген мұғалім, сынып жетекшісі, тәрбиешілік жұмысын қамтиды. Ол тақырыптық та, жан-жақты да болуы мүмкін. Педагогтар ұжымының жұмысы оның жекелеген мүшелерінің жұмысынан құралатындық-тан дербес тексеру өзін-өзі ақтайды. Мұғалім қызметінде дербес тексеру педагогтың өзін-өзі басқару құралы, кәсіпқой болып қалыптасуының стимулы ретінде аса маңызды.
 Сыныптық-жинақтаушылық тексеру оқу және оқудан тыс әрекет процессінде сынып ұжымын қалыптас-тыруға ықпал жасайтын факторлар жиынтығын зерттеуде қолданылады. Тексеру түрлерінің арттарында ''жинақ-таушылық'' ұғымының жиі қайталануы педагогикалық процесті басқаруға бақылау- тексеру қызметінің дәлелді, әділ, жинақтаушы ақпаратпен қамтамасыз етумен байланысты. өйткені, осындай ақпарат педагогикалық талдау, мақсат қою, шешім қабылдау және оны іске асыру кезеңінде қажетті шынайы ақпарат алуды қамтамасыз етеді. Мектеп құжаттарын зерттеу, бақылау, әңгімелесу, ауызша және жазбаша тексеру, анкеталау, озық педаго-гикалық тәжірибені зерттеу, хронометрия, болжамдау сияқты әдістер де қолданылады. Ол әдістер бірін-бірі толықтырып отырады. Егер істің шынайы жағдайын білгіміз келсе онда мүмкіндігінше түрлі әдістерін қол-данып көру қажет.
 Оқу-тәрбие процесінің сандық және сапалық сипаттамасын жасау үшін мектеп құжаттарын зерттеу әдісін қолдануға болады. Мектептің оқу-педагогикалық құжаттары мыналар; оқушылардың алфавиттік тіркеу кітабы, оқушылардың жеке іс қағаздары, сынып жор-налдары, факультативтік сабақ құралдары, ұзартылған күн тобының жорналы, білім туралы аттестат беру және бланкыларды есепке алу кітабы, педагогикалық кеңестің және мектеп кеңесі мәжілісінің хаттамалар кітабы, оқушылар қозғалысының бұйрық кітабы, жалпы мектептік бұйрық кітабы, мектеп педагог кадрларының есеп беру кітабы және т.б.
 Мектеп құжаттарының қатары аса мол, ал олардан алынатын ақпараттар да сан-салалы, мазмұны бай болып келеді.
 Мектеп құжаттары бірнеше жылдық ақпараттарын жинақтайды, қажет болған жағдайда мұрағаттың көмегіне сүйенуге болады. Осылайша жинақталған ақпарат салыстырмалы талдау жасауға, әсіресе педагогикалық әрекетті болжамдауға мүмкіндік береді.
 Мектеп практикасында ауызша және жазбаша тексеру барынша жиі қолданылады. Қолдануға жеңіл әрі оңай болғанымен тексерудің тек осы түрімен шектеліп қалуға болмайды. Сонымен бірге мектеп практикасында ақпарат жинаудың социологиялық әдістері - анкеталау, сұрау салу, интервью алу, әңгімелесу, эксперименттік бағалау да қолданылады. Олар тексеруші қажетті ақпаратты тез алуға мүмкіндік береді.
 Хронометриялық әдіс мектептің жұмыс тәртібін, сабақ және сыныптан тыс оқу уақытын тиімді ұйымдас-тыру, оқушылар мен мұғалімдердің жұмыс бастылығын, оның сабағын, үй тапсырмасының көлемін, оқу жылдам-дығын анықтауға қолданылады.
 Мектепішілік тексерудің түрі мен әдістерін таңдау оның мақсаты, міндеттері, тексеру нысаны, уақыт жағдайына тікелей байланысты. Ал тексерудің түрлері мен әдістерін тиімді етіп қолдану жоспарлауға және тексеруге әкімшілік, мұғалімдер, білім беруді басқару органдарының өкілдерін кеңінен тарта отырып іске асырғанда нәтижелі болмақ.
Категория: Психология,педагогика | Добавил: anonim02
Просмотров: 9645 | Загрузок: 0 | Комментарии: 6 | Рейтинг: 2.2/5
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]